Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын, Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Президенті
ЖАРЛЫҚ Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі
Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы

      Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігімен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігі ретінде қайта құру жолымен Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясы қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев