Астананың жаңа орталығы құрылысының кешенділігін қамтамасыз ету және оны жеделдете салу барысын бақылау мақсатында қаулы етемін:
1. Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия мынадай құрамда құрылсын:
Сағынтаев - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Бақытжан Әбдірұлы
Сұлтанов - Астана қаласының әкімі, төраға орынбасары
Бақыт Тұрлыханұлы
Комиссия мүшелері:
Мамин - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Асқар Ұзақбайұлы бірінші орынбасары
Қасымбек - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және
Жеңіс Махмұдұлы даму министрі
Сүлейменов - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика
Тимур Мұратұлы министрі
Смайылов - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Əлихан Асханұлы
Баттақов - Қазақстан Республикасы Президенті Іс
Ерлан Еркінұлы басқарушысының бірінші орынбасары
Жүнісов - "Астанабасжоспар" ғылыми-зерттеу
Сәрсембек Ендібайұлы жобалау институты" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2002.02.06 N 800; 2003.08.28 N 1179; 2004.08.02 N 1412; 2006.12.29 N 232; 2007.04.03 N 305; 2007.10.10 N 422; 2009.12.28 № 909; 2012.03.13 N 284; 13.11.2012 N 427; 27.03.2013 N 533; 12.02.2014 N 750; 11.04.2014 N 795; 17.09.2014 № 911; 08.02.2016 N 191; 09.06.2016 N 275; 07.09.2016 № 316; 14.03.2017 № 446; 30.10.2018 № 782 Жарлықтарымен.2. Комиссия объектілердің құрылысын Астана қаласында құрылыс салудың бекітілген бас жоспарына қатаң сәйкестікте қамтамасыз етсін.
3. Мемлекеттік комиссияның шешімдерін барлық құрылыс салушылардың, құрылыс мердігерлік компаниялары мен фирмалардың орындауы міндетті деп белгіленсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының |
Президенті |