Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығы

Жаңартылған

      Астананың жаңа орталығы құрылысының кешенділігін қамтамасыз ету және оны жеделдете салу барысын бақылау мақсатында қаулы етемін:
      1. Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия мынадай құрамда құрылсын:

Ахметов                 - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Даниал Кенжетайұлы        төраға

Мамин                   - Астана қаласының әкімі, төрағаның
Асқар Ұзақбайұлы          орынбасары

                          Комиссия мүшелері:

Школьник                - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Владимир Сергеевич        сауда министрі

Досмағамбетов           - "Астанабасжоспар" КМК-ның директоры
Байыр Фарденұлы

Супрун                  - Қазақстан Республикасының Экономика және
Виктор Васильевич         бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Омаров                 - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Қайсар Оспанұлы          сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын
                         үй-коммуналдық шаруашылық істері
                         комитетінің төрағасы

Коржова                 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Наталья Артемовна

Фомичев                 - Қазақстан Республикасының Президенті Іс
Сергей Васильевич         басқарушысының орынбасары

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2002.02.06 N 800, 2003.08.28 N 1179, 2004.08.02 N 1412, 2006.12.29 N 232 Жарлықтарымен.

      2. Комиссия объектілердің құрылысын Астана қаласында құрылыс салудың бекітілген бас жоспарына қатаң сәйкестікте қамтамасыз етсін.
      3. Мемлекеттік комиссияның шешімдерін барлық құрылыс салушылардың, құрылыс мердігерлік компаниялары мен фирмалардың орындауы міндетті деп белгіленсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті