Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 6 ақпандағы N 800 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 429 Жарлығымен

      1. Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның мынадай құрамы бекітілсін:

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы - төраға,

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы,

      Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі,

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі,

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі,

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша),

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 21.02.2018 № 642; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 17.04.2019 № 26; 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      2. "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы N 88 өкіміне N 1 қосымша алынып тасталсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті