Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығы

Қолданыстағы

      Астананың жаңа орталығы құрылысының кешенділігін қамтамасыз ету және оны жеделдете салу барысын бақылау мақсатында қаулы етемін:
      1. Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия мынадай құрамда құрылсын:

Ахметов Даниал          - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Кенжетайұлы               бірінші орынбасары, комиссия төрағасы

Жақсыбеков Әділбек      - Астана қаласының әкімі, комиссия
Рыскелдіұлы               төрағасының орынбасары

Досмұхамбетов Темірхан  - Қазақстан Республикасы Президентінің
Мыңайдарұлы               Іс Басқарушысы, комиссия төрағасының
                          орынбасары

Комиссия мүшелері:

Есенбаев Мәжит          - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Төлеубекұлы

Шардарбеков Шәріпбек    - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда
                          министрлігінің Құрылыс ісі жөніндегі
                          комитетінің төрағасы

Рүстембеков Ақмырза     - Қазақстан Республикасы Сәулетшілер
Исаұлы                    одағының президенті

Лаптев Владимир         - Астана қаласының бас сәулетшісі
Александрович

      2. Комиссия объектілердің құрылысын Астана қаласында құрылыс салудың бекітілген бас жоспарына қатаң сәйкестікте қамтамасыз етсін.
      3. Мемлекеттік комиссияның шешімдерін барлық құрылыс салушылардың, құрылыс мердігерлік компаниялары мен фирмалардың орындауы міндетті деп белгіленсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті