Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығы

Жаңартылған

      Астананың жаңа орталығы құрылысының кешенділігін қамтамасыз ету және оны жеделдете салу барысын бақылау мақсатында қаулы етемін:
      1. Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия мынадай құрамда құрылсын:

Мәсімов                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Кәрім Қажымқанұлы         орынбасары, төраға

Жақсыбеков Әділбек      - Астана қаласының әкімі, комиссия
Рыскелдіұлы               төрағасының орынбасары

Досмұхамбетов Темірхан  - Қазақстан Республикасы Президентінің
Мыңайдарұлы               Іс Басқарушысы, комиссия төрағасының
                          орынбасары

Комиссия мүшелері:

Келімбетов              - Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші
Қайрат Нематұлы           вице-министрі

Шардарбеков Шәріпбек    - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда
                          министрлігінің Құрылыс ісі жөніндегі
                          комитетінің төрағасы

Рүстембеков Ақмырза     - Қазақстан Республикасы Сәулетшілер
Исаұлы                    одағының президенті

Лаптев Владимир         - Астана қаласының бас сәулетшісі
Александрович

      Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2002.02.06 N 800 Жарлығымен.

      2. Комиссия объектілердің құрылысын Астана қаласында құрылыс салудың бекітілген бас жоспарына қатаң сәйкестікте қамтамасыз етсін.
      3. Мемлекеттік комиссияның шешімдерін барлық құрылыс салушылардың, құрылыс мердігерлік компаниялары мен фирмалардың орындауы міндетті деп белгіленсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті