Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығы

Жаңартылған

      Астананың жаңа орталығы құрылысының кешенділігін қамтамасыз ету және оны жеделдете салу барысын бақылау мақсатында қаулы етемін:

      1. Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия мынадай құрамда құрылсын:

      Сағынтаев - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Бақытжан Әбдірұлы

      Исекешев - Астана қаласының әкімі, төраға

      Әсет Өрентайұлы орынбасары

       Комиссия мүшелері:

      Мамин - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

      Асқар Ұзақбайұлы бірінші орынбасары

      Қасымбек - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және

      Жеңіс Махмұдұлы даму министрі

      Сүлейменов - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика

      Тимур Мұратұлы министрі

      Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Бақыт Тұрлыханұлы

      Баттақов - Қазақстан Республикасы Президенті Іс

      Ерлан Еркінұлы басқарушысының орынбасары

      Жүнісов - "Астанабасжоспар" ғылыми-зерттеу

      Сәрсембек Ендібайұлы жобалау институты" жауапкершілігі

       шектеулі серіктестігінің директоры

       (келісім бойынша)

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2002.02.06 N 800; 2003.08.28 N 1179; 2004.08.02 N 1412; 2006.12.29 N 232; 2007.04.03 N 305; 2007.10.10 N 422; 2009.12.28 № 909; 2012.03.13 N 284; 13.11.2012 N 427; 27.03.2013 N 533; 12.02.2014 N 750; 11.04.2014 N 795; 17.09.2014 № 911; 08.02.2016 N 191; 09.06.2016 N 275; 07.09.2016 № 316; 14.03.2017 № 446 Жарлықтарымен.

       2. Комиссия объектілердің құрылысын Астана қаласында құрылыс салудың бекітілген бас жоспарына қатаң сәйкестікте қамтамасыз етсін.

      3. Мемлекеттік комиссияның шешімдерін барлық құрылыс салушылардың, құрылыс мердігерлік компаниялары мен фирмалардың орындауы міндетті деп белгіленсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті