Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығы

Жаңартылған

      Астананың жаңа орталығы құрылысының кешенділігін қамтамасыз ету және оны жеделдете салу барысын бақылау мақсатында қаулы етемін:
      1. Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия мынадай құрамда құрылсын:

Ахметов                 - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Даниал Кенжетайұлы        төраға

Досмұхамбетов           - Астана қаласының әкімі, комиссия
Темірхан Мыңайдарұлы      төрағасының орынбасары

                          Комиссия мүшелері:

Жақсыбеков              - Қазақстан Республикасының
Әділбек Рыскелдіұлы       Индустрия және сауда министрі

Лаптев Владимир         - Астана қаласының бас сәулетшісі
Александрович

Досмағамбетов           - "Астанабасжоспар" КМК-ның директоры
Байыр Фарденұлы

Досаев                  - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Ерболат Асқарбекұлы

Исаев                   - Қазақстан Республикасының Экономика және
Батырхан Арысбекұлы       бюджеттік жоспарлау вице-министрі,

Омаров                  - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Қайсар Оспанұлы           сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі
                          комитетінің төрағасы

Сапарбаев               - Қазақстан Республикасы Кедендік
Бердібек Мәшбекұлы        бақылау агенттігінің төрағасы

      Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2002.02.06 N 800, 2003.08.28 N 1179 Жарлықтарымен.

      2. Комиссия объектілердің құрылысын Астана қаласында құрылыс салудың бекітілген бас жоспарына қатаң сәйкестікте қамтамасыз етсін.
      3. Мемлекеттік комиссияның шешімдерін барлық құрылыс салушылардың, құрылыс мердігерлік компаниялары мен фирмалардың орындауы міндетті деп белгіленсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті