Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығы

Жаңартылған

      Астананың жаңа орталығы құрылысының кешенділігін қамтамасыз ету және оны жеделдете салу барысын бақылау мақсатында қаулы етемін:
      1. Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия мынадай құрамда құрылсын:

Мәсімов                  - Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы          Министрі, төраға

Жақсыбеков               - Астана қаласының әкімі, төрағаның
Әділбек Рыскелдіұлы        орынбасары

                     Комиссия мүшелері:

Сағынтаев                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақытжан Әбдірұлы          бірінші орынбасары

Сұлтанов                 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Бақыт Тұрлыханұлы

Досаев                   - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика
Ерболат Асқарбекұлы        министрі

Баттақов                 - Қазақстан Республикасы Президенті Іс
Ерлан Еркінұлы             басқарушысының орынбасары

Силецкий                 - «Астана қаласының Сәулет және қала
Виталий Брониславович      құрылысы басқармасы» мемлекеттік
                           мекемесінің бастығы

Досмағамбетов            - "Астанабасжоспар" ғылыми-зерттеу жобалау
Байыр Фарденұлы            институты" жауапкершілігі шектеулі
                           серіктестігінің директоры" (келісім
                           бойынша)

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2002.02.06 N 800; 2003.08.28 N 1179; 2004.08.02 N 1412; 2006.12.29 N 232; 2007.04.03 N 305; 2007.10.10 N 422; 2009.12.28 № 909; 2012.03.13 N 284; 13.11.2012 N 427; 27.03.2013 N 533; 12.02.2014 N 750; 11.04.2014 N 795; 17.09.2014 № 911; 08.02.2016 N 191 Жарлықтарымен.

      2. Комиссия объектілердің құрылысын Астана қаласында құрылыс салудың бекітілген бас жоспарына қатаң сәйкестікте қамтамасыз етсін.
      3. Мемлекеттік комиссияның шешімдерін барлық құрылыс салушылардың, құрылыс мердігерлік компаниялары мен фирмалардың орындауы міндетті деп белгіленсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті