Нұр-Сұлтан қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығы.

Жаңартылған

      Ескерту. Жарлықтың атауына өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 01.06.2019 № 57 Жарлығымен.

      Астананың жаңа орталығы құрылысының кешенділігін қамтамасыз ету және оны жеделдете салу барысын бақылау мақсатында қаулы етемін:

      1. Нұр-Сұлтан қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия мынадай құрамда құрылсын:

Мамин
Асқар Ұзақбайұлы

-

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

Сұлтанов
Бақыт Тұрлыханұлы

-

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, төрағаның орынбасары

      Комиссия мүшелері:

Смайылов
Әлихан Асханұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі

Скляр
Роман Васильевич

-

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

Дәленов
Руслан Ерболатұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі

Хорошун
Сергей Михайлович

-

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары

Жүнісов
Сәрсембек Еңдібайұлы

-

"Астанабасжоспар" ғылыми-зерттеу жобалау институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)".

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.06.2019 № 57 Жарлығымен.

      2. Комиссия объектілердің құрылысын Нұр-Сұлтан қаласында құрылыс салудың бекітілген бас жоспарына қатаң сәйкестікте қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 01.06.2019 № 57 Жарлығымен.

      3. Мемлекеттік комиссияның шешімдерін барлық құрылыс салушылардың, құрылыс мердігерлік компаниялары мен фирмалардың орындауы міндетті деп белгіленсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті