Астананың жаңа орталығы құрылысының кешенділігін қамтамасыз ету және оны жеделдете салу барысын бақылау мақсатында қаулы етемін:
1. Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия мынадай құрамда құрылсын:
Ахметов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Серік Нығметұлы Министрі, төраға
Тасмағамбетов - Астана қаласының әкімі, төрағаның
Иманғали Нұрғалиұлы орынбасары
Комиссия мүшелері:
Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақытжан Әбдірұлы бірінші орынбасары
Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақыт Тұрлыханұлы орынбасары - Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму
Болат Бидахметұлы министрі
Досаев - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрі
Фомичев - Қазақстан Республикасының Президенті Іс
Сергей Васильевич басқарушысының орынбасары
Силецкий - «Астана қаласының Сәулет және қала
Виталий Брониславович құрылысы басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Досмағамбетов - "Астанабасжоспар" ғылыми-зерттеу жобалау
Байыр Фарденұлы институты" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры" (келісім
бойынша)
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2002.02.06 N 800; 2003.08.28 N 1179; 2004.08.02 N 1412; 2006.12.29 N 232; 2007.04.03 N 305; 2007.10.10 N 422; 2009.12.28 № 909; 2012.03.13 N 284; 13.11.2012 N 427; 27.03.2013 N 533; 12.02.2014 N 750 Жарлықтарымен.
2. Комиссия объектілердің құрылысын Астана қаласында құрылыс салудың бекітілген бас жоспарына қатаң сәйкестікте қамтамасыз етсін.
3. Мемлекеттік комиссияның шешімдерін барлық құрылыс салушылардың, құрылыс мердігерлік компаниялары мен фирмалардың орындауы міндетті деп белгіленсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті