Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығы

Жаңартылған

      Астананың жаңа орталығы құрылысының кешенділігін қамтамасыз ету және оны жеделдете салу барысын бақылау мақсатында қаулы етемін:
      1. Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия мынадай құрамда құрылсын:

Тасмағамбетов            - Астана қаласының әкімі, төрағаның
Иманғали Нұрғалиұлы        орынбасары

                          Комиссия мүшелері:

Досмағамбетов           - "Астана қаласы бас жоспарының ғылыми-
Баир Фарденұлы            зерттеу жобалау институты" мемлекеттік
                          коммуналдық кәсіпорнының директоры

Сағынтаев               - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Бахытжан Әбдірұлы         даму және сауда министрі

Нокин                   - Қазақстан Республикасы Құрылыс және
Серік Кеңесұлы            тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
                          істері агенттігінің төрағасы

Жәмішев                 - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы         министрі

Фомичев                 - Қазақстан Республикасының Президенті Іс
Сергей Васильевич         басқарушысының орынбасары

Жүнісов                 - «Астана қаласының Сәулет және қала
Сәрсембек Ендібайұлы      құрылысы басқармасы» мемлекеттік
                          мекемесінің бастығы

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2002.02.06 N 800, 2003.08.28 N 1179, 2004.08.02 N 1412, 2006.12.29 N 232, 2007.04.03 N 305, 2007.10.10 N 422, 2009.12.28 № 909, 2012.03.13 N 284 Жарлықтарымен.

      2. Комиссия объектілердің құрылысын Астана қаласында құрылыс салудың бекітілген бас жоспарына қатаң сәйкестікте қамтамасыз етсін.
      3. Мемлекеттік комиссияның шешімдерін барлық құрылыс салушылардың, құрылыс мердігерлік компаниялары мен фирмалардың орындауы міндетті деп белгіленсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті