Астананың жаңа орталығы құрылысының кешенділігін қамтамасыз ету және оны жеделдете салу барысын бақылау мақсатында қаулы етемін:
1. Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия мынадай құрамда құрылсын:
Тасмағамбетов - Астана қаласының әкімі, төрағаның
Иманғали Нұрғалиұлы орынбасары
Комиссия мүшелері:
Досмағамбетов - "Астана қаласы бас жоспарының ғылыми-
Баир Фарденұлы зерттеу жобалау институты" мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорнының директоры
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Бақыт Тұрлыханұлы және бюджеттік жоспарлау министрі
Нокин - Қазақстан Республикасы Құрылыс және
Серік Кеңесұлы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігінің төрағасы
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы министрі
Фомичев - Қазақстан Республикасының Президенті Іс
Сергей Васильевич басқарушысының орынбасары
Жүнісов - «Астана қаласының Сәулет және қала
Сәрсембек Ендібайұлы құрылысы басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2002.02.06 N 800, 2003.08.28 N 1179, 2004.08.02 N 1412, 2006.12.29 N 232, 2007.04.03 N 305, 2007.10.10 N 422, өзгеріс енгізу көзделген 2009.12.28 № 909 Жарлықтарымен.
2. Комиссия объектілердің құрылысын Астана қаласында құрылыс салудың бекітілген бас жоспарына қатаң сәйкестікте қамтамасыз етсін.
3. Мемлекеттік комиссияның шешімдерін барлық құрылыс салушылардың, құрылыс мердігерлік компаниялары мен фирмалардың орындауы міндетті деп белгіленсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті