Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 782 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 782 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 56, 620-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына:

Смайылов Əлихан Асханұлы

-

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      енгізілсін;

      мына:

"Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы

-

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі",

"Баттақов Ерлан Еркінұлы

-

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары"

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы

-

Астана қаласының әкімі, төраға орынбасары",

"Баттақов Ерлан Еркінұлы

-

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары";

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан Ә.Ө. Исекешев шығарылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 11, 125-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөніндегi комиссияның құрамында:

"Кəлетаев Дархан Аманұлы


Қазақстан Республикасының Дін істері жəне азаматтық қоғам министрі"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Кəлетаев Дархан Аманұлы


Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі".

      3. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның құрамына енгізілсін:

Сүлейменова Қарагөз Асқарқызы

-

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (келісім бойынша).

      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 625 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 332-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамына енгізілсін:

Әбділов Әлібек Сағидоллаұлы

-

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі коммуникациялар басқармасының жетекшісі (келісім бойынша)

Сарин Қалқаман Айымғазыұлы

-

ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, "Шалқар" радиосының директоры (келісім бойынша),

Споткай Максим Александрович

-

"НҰР-Медиа" ЖШС бас директорының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының "Жаңғыру жолы" республикалық жастар қозғалысының төрағасы (келісім бойынша),

Омаров Асқар Қуанышұлы

-

"ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры (келісім бойынша);

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі, Кеңес төрағасының орынбасары,

      Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі, Кеңес хатшысы",

      "Кеңес құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінен ұсынылған саяси партиялардың әрбір фракциясынан лауазымы бойынша бір өкілден (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры кіреді."

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі, Кеңес төрағасының орынбасары,

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Кеңес хатшысы",

      "Кеңес құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінен ұсынылған саяси партиялардың әрбір фракциясынан лауазымы бойынша бір өкілден (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы кіреді.";

      жоғарыда аталған Кеңестің құрамынан: Ж.А. Бұлғақов, Ю.О. Денисенко, Е.Д. Кочетов, О.П. Лоскутова, А.Р. Оралов, Е.Б. Сайыров шығарылсын.

      5. "Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудің қағидасы мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 76 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 442-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудің қағидасы мен шарттары:

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының жетекшілері, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының басшылары мәдениет саласындағы орталық уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) "Ұлттық" мәртебе беру туралы қолдаухат ұсынады.".

      6. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 823 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 33, 293-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңесте:

      "Жасыл Академия" ғылыми-білім беру орталығының директоры (келісім бойынша)"

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" басқармасының төрағасы (келісім бойынша)".

      7. "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 2, 6-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ережеде:

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдіктерге Қазақстан мәдениетінің дамуына ерекше бағалы үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік шығармалары үшін беріледі.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамында:

      әдебиет секциясында:

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамына енгізілсін:

Қамзабекұлы Дихан

-

әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (келісім бойынша);

      мына:

"Шаштайұлы Жұмабай

-

жазушы, "Қазақстан жазушылар одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің жанындағы "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы (келісім бойынша)"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Шаштайұлы Жұмабай

-

жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)";

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан Н.М. Оразалин шығарылсын;

      музыка, театр және кино секциясында:

      мына:

"Әубәкірова Жәния Яхияқызы

-

"Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры, профессор, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)",

"Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы

-

"Т.Қ. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)"

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"Әубәкірова Жәния Яхияқызы

-

профессор, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)",

"Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы

-

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)";

      бейнелеу өнері және сәулет секциясында:

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамына енгізілсін:

Жұмағалиев Мүслім Садықұлы

-

суретші-дизайнер, "Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің сән және костюм дизайні кафедрасының меңгерушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (келісім бойынша);

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан Т.Б. Сүлейменов шығарылсын.

      8. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 188 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 14, 52-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құрамына енгізілсін:

Кузнецова Надежда Николаевна

-

Қарағанды облыстық сотының судьясы;

      жоғарыда аталған Кеңестің құрамынан: Н.И. Мамонтов, В.В. Рычков шығарылсын.

      9. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі".

      10. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкімінде:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына енгізілсін:

Жақсылықов Тимур Мекешұлы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;

      мына:

"Смайылов Əлихан Асханұлы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі",

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Смайылов Əлихан Асханұлы

-

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі";

      мына жолда:

"Шигеру Ямазоэ

-

"Марубени Корпорейшн" компаниясының вице-төрағасы (келісім бойынша)"

      орыс тіліндегі мәтін өзгереді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан Б.Т. Сұлтанов шығарылсын.

      11. ҚБП.

      12. Күші жойылды – ҚР Президентінің 03.04.2021 № 544 Жарлығымен.

      13. "Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 266 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 7, 66-құжат):

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі".