Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 20 тамыз N 1031

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетiлдiру туралы" 1995 жылғы 19 қазандағы N 2541 Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлген қоса берiлiп отырған өзгертулер бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Министрлер Кабинетi Аппараты Басшысының арасында мiндеттердi бөлу туралы" 1995 жылғы 8 тамыздағы N 1103 қаулысының  күшi жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң            
1996 жылғы 20 тамыздағы     
N 1031 қаулысымен         
бекiтiлген             

           Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр
             шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер

     1. <*>
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.23. N 877 қаулысымен .
     2. <*>
     ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.02.12. N 203
қаулысымен .
     3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Өнертабыстарды, өнеркәсiптiк үлгiлер мен пайдалы модельдердi патенттеу,тауар таңбалары мен қызмет көрсету белгiлерiн тiркеу, тауарлардың шыққан жерiнiң атын пайдалану құқығын тiркеу және беру үшiн алынатын баж салықтарын төлеудiң тәртiбi мен мөлшерi туралы" 1992 жылғы 20 қазандағы N 889 қаулысымен  бекiтiлген Өнер табыстарын, өнеркәсiптiк үлгiлер мен пайдалы модельдердi патенттеу, тауар таңбалары мен қызмет көрсету белгiлерiн тiркеу, тауарлардың шыққан жерiнiң атын пайдалану құқығын тiркеу және беру үшiн алынатын баж салықтарын төлеу тәртiбi мен мөлшерiнiң 1-тармағындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 41, 605-бап) "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
      4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Каспий теңiзi жағалауының су басу мен су жайылу хаупi төнген аймағындағы тұрақты шаруашылық қызметтi және халықты қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" 1992 жылғы 30 қазандағы N 925 қаулысының  2-тармағындағы, 4-тармағының алтыншы абзацындағы, 5-тармағының бiрiншi абзацындағы "Мемлекеттiк комиссия", "Мемлекеттiк комиссияны", "Мемлекеттiк комиссияның" сөздерi осыған сәйкес "Мемлекеттiк комитет", "Мемлекеттiк комитеттiң" сөздерiмен ауыстырылсын.
      5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "КСРО-ның қорғаушы құжаттарымен қорғалған өнер табыстарына, өнеркәсiп үлгiлерiне, тауар белгiлерiне және қызмет көрсету белгiлерiне Қазақстан Республикасының қорғаушы құжаттарын беру тәртiбiн бекiту туралы" 1992 жылғы 11 қарашадағы N 949 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 44, 647-бап):
      3-тармағының екiншi абзацындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
      Жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген КСРО-ның қорғаушы құжаттарымен қорғалған өнер табыстарына, өнеркәсiп үлгiлерiне, тауар белгiлерi мен қызмет көрсету белгiлерiне Қазақстан Республикасының қорғаушы құжаттарын беру тәртiбiндегi "Министрлер Кабинетi жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
      6. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының Апаттық-құтқару қызметiн құру жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 19 наурыздағы N 222 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993ж., N 8, 102-бап) 6 және 11-тармақтарындағы "Мемлекеттiк комиссия", "Мемлекеттiк комиссияға" сөздерi "Мемлекеттiк комитет", "Мемлекеттiк комитетке" сөздерiмен ауыстырылсын.
      7. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының аумағындағы өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн қорғауға байланысты шетелдiк өнiм берушiлердiң заңдық маңызы бар әрекеттерi үшiн алынатын баж салығын төлеу тәртiбi мен мөлшерi туралы" 1993 жылғы 6 сәуiрдегi N 266 қаулысымен  бекiтiлген, Қазақстан Республикасының аумағындағы өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн қорғауға байланысты шетелдiк өнiм берушiлердiң заңдық маңызы бар әрекеттерi үшiн алынатын баж салығын төлеу тәртiбi мен мөлшерiнiң екiншi абзацындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 11, 134-бап) "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
      8. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Төтенше жағдайларда сақтандырудың және iс-әрекет жасаудың республикалық жүйесiн көлiк құралдарымен қамтамасыз ету және оның күштерi мен құрал-жабдықтарын тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" 1993 жылғы 16 сәуiрдегi N 315 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 13, 159-бап).
      2-тармағындағы "Мемлекеттiк комиссия" сөздерi "Мемлекеттiк комитет" сөздерiмен ауыстырылсын;
      жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген төтенше жағдайларда сақтандырудың және iс-әрекет жасаудың республикалық жүйесiн көлiк құралдарымен қамтамасыз ету және оның күштерi мен құрал-жабдықтарын тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбi туралы Ереженiң 2-тармағындағы, 3-тармағының бiрiншi абзацындағы, 9-тармағының екiншi абзацындағы "Мемлекеттiк комиссия", "Мемлекеттiк комиссияның" сөздерi "Мемлекеттiк комитет", "Мемлекеттiк комитеттiң" сөздерiмен ауыстырылсын.
      9. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қызметтiк тұрғын үй-жайлар берiлетiн қызметкерлер санаттарының тiзiмiн бекiту туралы" 1993 жылғы 3 маусымдағы N 455 қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993ж, N 21, 262-бап) бекiтiлген қызметтiк тұрғын үй-жайлар берiлетiн қызметкерлер санаттарының тiзiмiндегi 23-тармақтағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
      10. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Құрамында сирек, сирек ұшырасатын және шашыранды химиялық элементтер, олардың қосылыстарын қоса отырып және мемлекеттiк резервте сақталатын өнiмдi халық шаруашылығының мүддесiнде пайдалану туралы" 1993 жылғы 5 тамыздағы N 674 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 31. 366-бап) 2-тармағындағы бiрiншi абзацтағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
      11. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қаржы-шаруашылық қызметiн ведомстволық бақылау туралы Ереженi бекiту туралы" 1993 жылғы 2 қыркүйектегi N 773 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж, N 34, 398-бап):
      4-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiне" сөздерi "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетiне" сөздерiмен ауыстырылсын.
      аталған қаулымен бекiтiлген Бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қаржы-шаруашылық қызметiн ведомстволық бақылау туралы Ереженiң 5-тармағының екiншi абзацындағы, 14-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiмен" сөздерi "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы қаржы-валюталық бақылау комитетiмен" сөздерiмен ауыстырылсын.
      12. <*>
      ЕСКЕРТУ. 12-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.08.09. N 1116 қаулысымен .
      13. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Маңғышлақ аумақтық-өндiрiстiк кешенiн дамыту жөнiндегi шұғыл шаралар туралы" 1993 жылғы 22 қарашадағы N 1166 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 45, 541-бап) 24-тармағындағы "Мемлекеттiк комиссияға" сөздерi "Мемлекеттiк комитетке" сөздерiмен ауыстырылсын.
      14. <*>
      ЕСКЕРТУ. 14-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.28. N 672 қаулысымен
      15. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Ауыр заттарды қолмен көтергенде және тасығанда әйелдер үшiн жол берiлер салмақ шегiнiң жаңа нормалары туралы" 1994 жылғы 20 қаңтардағы N 89 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 5, 46-бап) 2-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
      16. <*>
      ЕСКЕРТУ. 16-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.04.27. N 482 қаулысымен
      17. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Архивi туралы" 1994 жылғы 25 наурыздағы N 298 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 15, 146-бап) 2-тармағындағы, 3-тармағының үшiншi абзацындағы, 7-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
      18. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Ұлттық патенттiк ведомствоның мәселелерi" 1994 жылғы 28 сәуiрдегi N 439 қаулысының  атауындағы, 1-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
      19. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Архивтердiң Халықаралық Кеңесiндегi Қазақстан Республикасының мүшелiгi туралы" 1994 жылғы 29 маусымдағы N 728 қаулысындағы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 27, 300-бап) "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
      20. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Төтенше жағдайлардан сақтандыру және ол жағдайлардағы әрекеттер бойынша ұзақ мерзiмдi бағдарлама туралы" 1994 жылғы 29 қыркүйектегi N 1081 қаулысының   (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 39, 435-бап) 1-тармағының үшiншi абзацындағы, 3-тармағындағы "Мемлекеттiк комиссияны", "Мемлекеттiк комиссиямен" деген сөздер "Мемлекеттiк комитетi", "Мемлекеттiк комитетпен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      21. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Төтенше жағдайлар жөнiндегi Республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқарушы жүйесiн құру туралы" 1994 жылғы 11 қазандағы N 1159 қаулысымен  бекiтiлген, Төтенше жағдайлар жөнiндегi Республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқарушы жүйесiн құру және дамыту тұжырымдамасының мәтiнiндегi (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 43, 467-бап) "Мемлекеттiк комиссияның", "Мемлекеттiк комиссияны", "Мемлекеттiк комиссия" деген сөздер "Мемлекеттiк комитет", "Мемлекеттiк комитеттiң", "Мемлекеттiк комитеттi","Мемлекеттiк комитет" деген сөздермен ауыстырылсын.
      аталған тұжырымдаманың кiрiспесiндегi:
      1, 3, 5, 6-тармақтарындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс штабы" сөздерi "ТЖМК" сөзiмен ауыстырылсын;
      4, 7, 8, 9, 10-тармақтардан "Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабы" сөздерi алынып тасталсын.
      22.
      Ескерту. 22-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.07.28. N 1154 қаулысымен
      23. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiн есепке алуды реттеу туралы" 1994 жылғы 16 қарашадағы N 1300 қаулысының  7-тармағындағы "және Қазақстан Республикасы Қаржылық бақылаудың мемлекеттiк комитетiне" деген сөздер "және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы қаржылық валюталық бақылау комитетiне" деген сөздермен ауыстырылсын.
      24. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Патенттiк баж салығы туралы" 1994 жылғы 5 желтоқсандағы N 1369 қаулысының  1, 2-тармақтарындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 1994 ж., N 46, 503-бап) "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
      25. <*>
      ЕСКЕРТУ. 25-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.20. N 851 қаулысымен
      26. <*>
      Ескерту. 26-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2004.01.30. N 119 қаулысымен .
      27. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Алматы қаласындағы, Алматы мен Талдықорған облыстарындағы болуы мүмкiн жер сiлкiнуден болған зиянды төмендету және оның зардаптарын жою жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1994 жылғы 30 желтоқсандағы N 1490 қаулысындағы :
      қаулының мәтiнiндегi "Мемлекеттiк комиссияның", "Мемлекеттiк комиссиямен", "Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабына", "Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабымен бiрге" деген сөздер "Мемлекеттiк комитетпен", "Мемлекеттiк комитетке", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрге" деген сөздермен ауыстырылсын.
      28. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнiндегi ведомствоаралық кеңес туралы" 1995 жылғы 11-қаңтардағы N 33 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 2, 17-бап) қосымшадағы "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау комитет", "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi", "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден басқармасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының өнеркәсiпте жұмыстарды қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi комитет", "Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi", "Қазақстан Республикасының Кеден комитетi" деген сөздерiмен ауыстырылсын.
      29. <*>
      ЕСКЕРТУ. 29-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1998.08.17. N 776
қаулысымен
      30. <*>
      Ескерту. 30-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2003.12.31. N 1378 қаулысымен .
      31. <*>
      Ескерту. 31-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.08.03. N 1176 қаулысымен
      32. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының аумағында стратегиялық шабуыл қаруларын тарату жөнiндегi Үкiметтiк комиссия туралы" 1995 жылғы 6 ақпандағы N 119  қаулысының  3-тармағындағы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi "Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң жанындағы" сөздерiмен ауыстырылсын.
      33. <*>
      Ескерту. 33-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2004.01.26. N 85 қаулысымен .
      34. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының кәсiпорындары мен ұйымдарында қаржы және материалдық ресурстардың пайдалануын және сақтауын қамтамасыз етудi тәртiпке келтiру туралы" 1995 жылғы 21 наурыздағы N 311 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 10, 116-бап) 4-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiмен бiрлесiп" сөздерi алынып тасталсын.
      35. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының оңтүстiк облыстарында жүгерi өсiрудiң ауыл шаруашылық технологиялық жобасын жүзеге асыру туралы" 1995 жылғы  24 наурыздағы N 328 қаулысының  мәтiнiндегi "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi "Қаржы министрлiгiнiң жанындағы" сөздерiмен ауыстырылсын.
     36. <*>
     ЕСКЕРТУ. 36-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1998.09.24. N 950 қаулысымен .
     37. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнiң қалпына келтiру заемына қатарлас Жапон Экспорт-Импорт Банкiнiң заемын пайдалану туралы" 1995 жылғы 13 сәуiрдегi N 470 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 12, 149-бап) 3-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi "Қаржы министрлiгiнiң жанындағы" сөздерiмен ауыстырылсын.
     38. <*>
     ЕСКЕРТУ. 38-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 62 қаулысымен .
     39. <*>
     ЕСКЕРТУ. 39-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.31. N 1749 қаулысымен.
     40. <*>
     ЕСКЕРТУ. 40-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.02.06. N 144 қаулысымен .
     41. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасына әкелiнетiн тауарлардың шыққан елiн анықтау туралы" 1995 жылғы 10 мамырдағы N 640 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17, 192-бап) 3-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
      42. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Таратуға ұсынылған мемлекеттiк кәсiпорындарды, мемлекеттiң қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерiн iрiктеудiң тәртiбi туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17, 193-бап) 1995 жылғы 12 мамырдағы N 652 қаулысымен  бекiтiлген Таратуға ұсынылған мемлекеттiң қатысуындағы шаруашылық серiктестiктердi мемлекет қатысуымен iрiктеу тәртiбi туралы Ереженiң 2-тармағындағы "Экономика министрлiгiнiң жанындағы" сөздерi "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы" сөздерiмен ауыстырылсын.
      43. <*>
      ЕСКЕРТУ. 43-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкіметінiң 2003.05.20. N 467 қаулысымен .
      44. <*>
      ЕСКЕРТУ. 44-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкіметінiң 2003.04.14. N 357 қаулысымен .
      45. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы аумағында стратегиялық және жай қару-жарақты қысқартуға байланысты шетелдiк инспекция топтарының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" 1995 жылғы 25 мамырдағы N 743 қаулысының  9-тарауындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
      46. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Шағын бизнес орталықтарының республикалық желiсiн құру және дамыту туралы" 1995 жылғы 20 маусымдағы N 849 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 22, 248-бап) 6-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетке" сөздерi "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетке" сөздерiмен ауыстырылсын.
      47. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы премьер-Министрiнiң 1995 жылғы наурызда Канадаға ресми сапары барысында қол жеткен келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" 1995 жылғы 22 маусымдағы N 857 қаулысымен  бекiтiлген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 22, 250-бап) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1995 жылғы наурызда Канадаға ресми сапары барысында қол жеткен келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспарындағы "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет" сөздерi "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет" сөздерiмен ауыстырылсын.
      48. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Конденсат" акционерлiк бiрлескен кәсiпорнының отын өндiру жөнiндегi Қарашығанақ шағын тоннажды қондырғысын салу" жобасын жүзеге асыру туралы" 1995 жылғы 26 маусымдағы N 878 қаулысының  8-тармағының "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi "Қаржы министрлiгiнiң жанындағы" сөздерiмен ауыстырылсын.
      49. <*>
      ЕСКЕРТУ. 49-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1999.03.17. N 251 қаулысымен
      50. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Венчурлiк фирмалар құру тәртiбi туралы" 1995 жылғы 3 шiлдедегi N 908 қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 23, 260-бап) бекiтiлген Венчурлiк фирмалар туралы Үлгi ереженiң 6-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
      51. <*>
      ЕСКЕРТУ. 51-тармағының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.28. N 449 қаулысымен
      52. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәсiпорындары мен салаларының өндiрiстiк кооперациясын дамытуды қолдаудың жауапты шарттары мен механизмi туралы келiсiм мен осы келiсiмдi жүзеге асырудың механизмi туралы хаттаманың орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" 1995 жылғы 4 шiлдедегi N 914 қаулысының  мәтiнiндегi "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
      53. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекеттiк қала құрылысының кадастры туралы" 1995 жылғы 6 шiлдедегi N 931 қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 23, 266-бап) бекiтiлген Мемлекеттiк қала құрылысының кадастрын құру және жүргiзу Тәртiбiндегi 21-тармақтың екiншi абзацындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
      54. <*>
      ЕСКЕРТУ. 54-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1998.05.27. N 483 қаулысымен
      55. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Тауарларды реэкспорттау тәртiбiн бекiту туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 25, 291-бап) 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 1003 қаулысының  2-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
      56. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "КАТЭП" Атом энергетика мен өнеркәсiбi жөнiндегi ұлттық акционерлiк компаниясының кәсiпорындары үшiн Техникалық қауiпсiздiк жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 26, 299-бап) 1995 жылғы 26 маусымдағы N 1022 қаулысының  2, 3, 5-тармақтарындағы "Министрлер Кабинетi жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
      57. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Биржалық тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы" 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 26, 302-бап) 5-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiне" деген сөздер, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетiне" сөздерiмен ауыстырылсын.
      58. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қайта жаңарту және даму халықаралық банкiнiң Қазақстан Республикасының қала көлiгiне арналған займын пайдалану туралы" 1995 жылғы 2 тамыздағы N 1062 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 27, 318-бап) 5-тармағының 3-абзацындағы, 6-тармағының 1-абзацындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" сөздерi "Қаржы министрлiгiнiң жанындағы" сөздерiмен ауыстырылсын.
      59. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Азиялық Даму Банкi Арнаулы көмегiнiң жобасы жөнiндегi арнайы операциялар займын пайдалану туралы" 1995 жылғы 5 тамыздағы N 1083 қаулысының  5-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздерi "Қаржы министрлiгiнiң жанындағы" сөздерiмен ауыстырылсын.
      60. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 27, 324-бап) бекiтiлген iзгiлiк көмек ретiнде тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелу тәртiбi туралы Ереженiң 2-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
      61. "1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2120 Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2371 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 14 тамыздағы N 1120 қаулысының  9-тармағының екiншi абзацындағы, 35-тармағының екiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетiне" деген сөздермен ауыстырылсын.
      62. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Жекешелендiрiлген кәсiпорындардың мемлекеттiк акциялар пакеттерiнiң бiр бөлiгiн қор биржасында сату туралы" 1995 жылғы 21 тамыздағы N 1154 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 29, 347-бап) 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң" сөздерiмен ауыстырылсын.
      63. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық авиатасымалдарын уақытша схема бойынша ұйымдастыру туралы" 1995 жылғы 23 тамыздағы N 1170 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 29, 352-бап) мәтiнiндегi "Кеден комитетi" деген сөздердiң алдындағы "Министрлер Кабинетi жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
      64. <*>
      ЕСКЕРТУ. 64-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.02.12.
N 203 қаулысымен.
      65. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Ақтау теңiз сауда порты инвестициялық жобасын жүзеге асыру туралы" 1995 жылғы 6 қыркүйектегi N 1236 қаулысының  3-тармағының екiншi абзацындағы, 4-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздер "Қаржы министрлiгiнiң жанындағы" деген сөздерiмен ауыстырылсын.
      66. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының аумағындағы стратегиялық шабуыл жасау қаулыларын жою жөнiндегi Үкiметтiк комиссия туралы Ереженi бекiту туралы" 1995 жылғы 25 қыркүйектегi N 1280 қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағындағы стратегиялық шабуыл жасау қаруларын жою жөнiндегi Үкiметтiк комиссия туралы Ереженiң 4,9-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздер "Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң жанындағы" сөздерiмен ауыстырылсын.
      67. <*>
      ЕСКЕРТУ. 67-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.01.29. N 70 қаулысымен.
      68. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "1995 жылы жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыруға бағытталған қаражатын бөлу туралы" 1995 жылғы 6 қазандағы N 1310 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 32, 404-бап) 5-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi" сөздерiмен ауыстырылсын.
      69. <*>
      ЕСКЕРТУ. 69-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.02.12.
N 203 қаулысымен .