КСРО-ның қорғаушы құжаттарымен қорғалған өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiлерiне, тауар белгiлерi мен қызмет көрсету белгiлерiне Қазақстан Республикасының қорғаушы құжаттарын беру тәртiбiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 11 қараша 1992 ж. N 949

      Өнер табыстары, өнеркәсiп үлгiлерi, тауар белгiлерi мен қызмет көрсету белгiлерi КСРО-ның қорғаушы құжаттарымен қорғалған, сондай-ақ осындай өтiнiмдерi. Ресей Федерациясының Патенттер мен тауар белгiлерi жөнiндегi комитетiнiң (Респатент) қарауында жатқан өнертапқыштар мен патент иелерiнiң хұқығын Қазақстан Республикасының аумағында қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Өнеркәсiп меншiгi объектiлерiне бұрын КСРО-ның берген қорғаушы құжаттарының оларға Қазақстан Республикасының қорғаушы құжаттары берiлгенге дейiн Қазақстан Республикасының аумағында күшi бар деп танылсын.
      2. Өтiнiш берушiлер және иелерiмен бiрге авторларға Қазақстан Республикасының аумағындағы өнеркәсiп меншiгi объектiлерiне Қазақстан Республикасының патенттерi мен куәлiктерiн бiр мезгiлде бере отырып, КСРО-ның қорғаушы құжаттарының күшiн жою туралы өтiнiш жасауға хұқық берiлсiн.
      3. КСРО-ның қорғаушы құжаттарымен қорғалған өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiлерiне, тауар белгiлерi мен қызмет көрсету белгiлерiне Қазақстан Республикасының қорғаушы құжаттарын беру Тәртiбi (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
      КСРО-ның авторлық куәлiктерi, куәлiктерi мен патенттерi, сондай-ақ Респатенттiң қарауында жатқан өтiнiмдер бойынша Қазақстан Республикасының патенттерi мен куәлiктерiн беру жөнiндегi материалдарға қойылатын талаптар мен өтiнiш жасау нысандарын Қазақстан Республикасы Ұлттық патент ведомствосы белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
               N 1031 қаулысымен.
 

     Қазақстан Республикасының

     Премьер-министрi



                                       Қазақстан Республикасы



                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                      1992 жылғы 11 қарашадағы

                                           N 949 қаулысымен

                                            Бекiтiлген



 
 
             КСРО-ның қорғаушы құжаттарымен қорғалған
            өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiлерiне, тауар
            белгiлерi мен қызмет көрсету белгiлерiне
               Қазақстан Республикасының қорғаушы
                    құжаттарын берудiң
                        Тәртiбi
 
      ЕСКЕРТУ. Тәртiптiң мәтiнiндегi сөздер алынып тасталды -
               ҚРҮ-нiң 1996.08.20. N 1031 қаулысымен.
 
      КСРО-ның қорғаушы құжаттары бойынша өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiлерiне, тауар белгiлерi мен қызмет көрсету белгiлерiне (бұдан әрi - тауар белгiлерi) Қазақстан Республикасының қорғаушы құжаттарын беру үшiн өтiнiштер Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосына (бұдан әрi - Қазпатент) жолданады:
      1. Автордың арыз иесiмен немесе патент иесiмен бiрге Қазақстан Республикасының патентiн беру туралы жасаған өтiнiшi қанағаттандырылып, есептiк көрсеткiшiнiң 1/2 бөлiгi мөлшерiнде баж салығын төлеген жағдайда, КСРО-ның куәлiктерiмен және патенттерiмен қорғалған өнеркәсiп үлгiлерiне Қазақстан Республикасының патенттерi, өтiнiм түскен күннен есептегенде, 20 жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.
      Автордың арыз иесiмен немесе патент иесiмен бiрге 1993 жылдың 1 желтоқсанына дейiн Қазақстан Республикасының патентiн беру туралы жасаған өтiнiшiн қанағаттандырып, есептiк көрсеткiшiнiң 1/2 бөлiгi мөлшерiнде баж салығын төлеген жағдайда, КСРО-ның куәлiктерiмен және патенттерiмен қорғалған өнеркәсiп үлгiлерiне Қазақстан Республикасының патенттерi, өтiнiм түскен күннен есептегенде (патенттiң қолдану мерзiмiн тағы да 5 жылға созу мүмкiндiгi болатын) 10 жылға берiледi.
      Өнертабысқа және өнеркәсiп үлгiсiне Қазақстан Республикасының патентi берiлген күннен бастап ерекше хұқық көрiнiс табады.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРМК-нiң 1994.01.10. N 52
               қаулысымен.
      2. Өнертабыс пен өнеркәсiп үлгiлерiне Қазақстан Республикасының патенттерiн беру туралы өтiнiшке баж салығын төлегенi туралы құжат пен әрбiр объектi бойынша КСРО-ның қорғаушы құжаттары қоса тапсырылады.
      Егер арыз берушi немесе патент иесi мен автордың (авторлардың) арасында өнертабысқа немесе өнеркәсiп үлгiсiне бiрлескен өтiнiш беру туралы келiсiмге келе алмаған жағдайда патент берiлмейдi.
      3. Респатентте қаралып жатқан, олар бойынша iс жүргiзу аяқталмаған және қорғаушы құжаттары берiлмеген өнертабысқа патенттер, өнеркәсiп үлгiлерiне куәлiктер немесе патенттер беру жөнiндегi өтiнiмдер бойынша арыз иелерi авторлармен бiрге бастапқы берiлген өтiнiмдер бойынша басымдықты сақтайтын Қазақстан Республикасының патентiн беру туралы өтiнiш жасауға хұқы бар.
      Өтiнiш 1993 жылдың 1-наурызына дейiн берiледi. Өтiнiштерге Респатенттiң мемлекеттiк патенттiк сараптау ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрi - МПСҒЗИ) расталған өтiнiм материалдарының көшiрмелерi, сондай-ақ есептiк көрсеткiшiнiң 1/2 бөлiгi мөлшерiнде баж салығының төленгенi туралы құжат қоса тапсырылады.
      4. Қазақстан Республикасының патенттiң беру туралы өтiнiш жасаған күнге дейiн, авторлық куәлiктер берiлген өнертабыс пен өнеркәсiп үлгiлерiн немесе куәлiктер берiлген өнеркәсiп үлгiлерiн пайдаланған немесе пайдалану үшiн қажеттi әзiрлеме жасаған Қазақстан Республикасының жеке адамдары мен заңды ұйымдары бұдан былай да оларды, патент иесiнiң еркiне қарамастан, көлемiн кеңейтпей пайдалана алады.
      5. КСРО-ның куәлiктерiмен қорғалған, қолданылып жүрген тауар белгiлерi, олардың иесiнiң 1993 жылдың 1-қарашасына дейiн түсiрiп, куәлiктiң көшiрмесi мен есептiк көрсеткiшiнiң 1/2 бөлiгi мөлшерiнде баж салығын төлегенi туралы құжат қосылған өтiнiшi бойынша Қазпатентте тiркелiп, 10 жыл мерзiмге (ұзарту мүмкiндiгiмен) Қазақстан Республикасының куәлiктерi берiледi.
      6. 1992 жылдың 1 желтоқсанына дейiн Респатентке тiркеуге жiберiлген тауар белгiлерi мәлiмдеушiнiң өтiнiшi бойынша сараптау шешiмiнiң басымдылығы ескерiлiп, Қазпатентте тiркеледi.
      МПСҒЗИ-дың сараптау шешiмi немесе ондай шешiм әлi алынбаған болса, өтiнiмнiң қарауға қабылданғаны туралы мәлiмдеу қағазы, сондай-ақ есептiк көрсеткiшiнiң 1/2 бөлiгi мөлшерiнде баж салығын төлегенi туралы құжат қосылған өтiнiш 1993 жылдың 1-қарашасына дейiн тапсырылады.
      ЕСКЕРТУ. 1,3,5,6-тармақтарындағы сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нiң
               1996.08.09. N 987 қаулысымен.
      7. Егер мәлiмдеушiнiң еркiнен тыс жағдайларға байланысты 1993 жылдың 1 желтоқсанына дейiн өнертабысқа және өнеркәсiп үлгiлерiне Қазақстан Республикасының патенттерiн беру туралы өтiнiштер, ал 1993 жылдың 1-қарашасына дейiн тауар белгiлерiне Қазақстан Республикасының куәлiктерiн беру туралы өтiнiштер жасалмаған болса, онда мерзiмдер екi айға созылуы мүмкiн.
      8. Қазақстан Республикасының тиiстi қорғаушы құжаттарын бергеннен кейiн Қазпатент ол жайында мәлiметтер жариялайды.