Төтенше жағдайлардың алдын алу мен iс-қимыл жасау жөнiндегi ұзақ мерзiмдi бағдарлама туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 29 қыркүйек 1994 ж. N 1081. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекеттiк басқару органдары аппаратының санын және оны ұстауға жұмсалатын шығындарды қысқарту туралы" мемлекеттiк жастар саясаты, туризм және спорт саласындағы мiндеттердi iске асыру жөнiндегi 1994 жылғы 3 тамыздағы N 874 қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi орталық аппаратының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң саны 82-ден аспайтын етiп бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Жастар iсi, туризм және спорт

министрлiгiне Министрдiң 3 орынбасарын, соның iшiнде Министрдiң
бiр бiрiншi орынбасарын, сонымен қатар II адамнан алқа ұстауына
рұқсат етiлсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт
министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль
лимитi белгiленсiн.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                      1994 жылғы 8 қыркүйектегi
                                          N 1010 қаулысына
                                           Қосымша
            Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және
                 спорт министрлiгi орталық аппаратының
                            Құрылымы
     1. Жастар саясаты басқармасы (жетекшi)
     2. Туризм басқармасы (жетекшi)
     3. Спорттың олимпиадалық түрлерi басқармасы (жетекшi)
     4. Қаржы-экономика басқармасы (жетекшi)
     5. Ұйымдастыру жұмысы және халықаралық байланыс басқармасы
        (жетекшi)
     6. Олимпиадалық емес және халықтың спорт түрлерi бөлiмi
     7. Спорттық, туристiк базалар мен жастар кәсiпорындарын 
        техникалық пайдалану бөлiмi