Тауарларды қайта экспорттаудың тәртiбiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 ж. 20 шiлде N 1003

      Жарғылық қоры екi миллион АҚШ доллары болатын Қазақстан-Голландия бiрлескен "Almaty Merchant Bank" банкiнiң құрылуына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Халықтық банкiне және "Тұранбанкке" құрылатын банктiң жарғылық қорынан 10 проценттен үлес иемдене отырып Қазақстан-Голландия бiрлескен "Almaty Merchant Bank" банкiнiң құрылтайшылар құрамына кiруге рұқсат етiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi