1. Төтенше жағдайлар жөнiндегi республикалық автоматтандырылған
ақпараттық басқару жүйесiн (ТЖ ААБЖ) құру мен дамытудың берiлiп
отырған тұжырымдамасы бекiтiлсiн.
2. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi ТЖ
ААБЖ-сiн құрудың және дамытудың негiзгi мiндеттерiне сәйкес ТЖ
ААБЖ-сiнiң аумақтың буындарын құру жөнiндегi жұмыс бағдарламаларын
әзiрлеп, 1994 жылдың 30 қарашасына дейiн Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар жөнiндегi Мемлекеттiк комитетiне ұсынатын
болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
РҚАО-ның ескертуі: "Қызмет бабында пайдалану үшін" грифімен берілген
қосымша Деректер базасына енгізілмейді.