Қазақстан Республикасының Премьер-министрi, Премьер-министрдiң орынбасарлары және Министрлер Кабинетi Аппараты Басшысының арасында мiндеттердi бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 8 тамыз N 1103. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.08.20. N 1031 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Кеден тарифi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 11 қаңтардағы N 1498 Жарлығының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Қазақстан Республикасы Кеден-тариф кеңесiнiң 1995 жылғы 19 шiлдедегi N 4 республиканың жиhаз өнеркәсiбiндегi кәсiпорындар үшiн импортталатын жиhаздардың бөлшектерi мен жинақтаушы бөлiктерiне (СЭҚ ТН 9403 60, 9403 90) баж салығының ставкаларын белгiлеу туралы шешiмiне келiсiм бiлдiрiлсiн.
      Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi