Бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қаржы-шаруашылық қызметiн ведомстволық бақылау туралы ереженi бекiту жайында

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 2 қыркүйек 1993 ж. N 773. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.30. N 1246 қаулысымен.(2005 жылғы 1 қаңтардан күшіне енеді)

      Энергия көздерiнiң бағасы өсуiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. 1993 жылғы 1 қыркүйектен бастап халыққа мемлекеттiк ресурстан бөлiнген астықтан өндiрiлетiн нан, нан-тоқаш өнiмдерiн, тары, ұнтақ жарма, пiсiрiлген нан орнына өткiзiлетiн ұн сату Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Нанның, нан-тоқаш өнiмдерiнiң, тарының және ұнтақ жарманың бағасы туралы" 1992 жылғы 16 қыркүйектегi N 767 қаулысымен  бекiтiлген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 35, 543-бап) қазiргi бөлшек сауда бағасына 5 арттыру коэффициентi қолданылып жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      2. Сауда кәсiпорындары мен ұйымдары осы қаулыда аталған өнiмдердiң 1993 жылғы 1 қыркүйектегi жағдай бойынша қалдықтарын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Бағаны ырықтандыруға байланысты өнiмдер мен тауарларға қайта бағалау жүргiзу туралы" 1992 жылғы 3 қаңтардағы N 4 қаулысында белгiленген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 1, 8-бап) тәртiппен түгендеме жасау және оларға қайта бағалау жүргiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiпке және осы қаулыға сәйкес мемлекеттiк реттелетiн баға бойынша нан, нан-тоқаш өнiмдерiн, ұнтақ жарма, тары және пiсiрiлген нан орнына өткiзiлетiн ұн өндiру мен сатуға байланысты кәсiпорындар шығынының орнын толтыру үшiн қаражат iздестiрсiн.
      4.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ күшiн жойды - ҚРМК-нiң 1993.11.12. N 1121 қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi