Азиялық Даму Банкi Арнаулы көмегiнiң жобасы жөнiндегi кәдiмгi операция займын пайдалану туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 5 тамыз N 1083

      Азиялық Даму Банкi Арнаулы көмегiнiң жобасы жөнiндегi кәдiмгi операция займы қаражатын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 20,0 (жиырма) млн. АҚШ доллары займы туралы Келiсiмге қол қою сәтiнде жасалған 13472000 SDR (валюта пулы) сомасында тапшылығы алдын ала айқындалған импорт үшiн қаражат бөлу қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. SDR (валюта пулы) бағамы өзгерген сайын тапшылықты импорт құраластарының құны да өзгеретiнiн ескеру қажет.
      2. Займ қаражатының түсуi мен пайдаланылуы республикалық бюджет арқылы жүзеге асырылатын болып белгiленсiн. Бөлiнген қаражаттың орынды және тиiмдi пайдаланылуына, сондай-ақ оларды дер кезiнде өтеу жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi мен осы займ қаражатына тауар алушылар болып табылатын ұйымдарға жүктеледi.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен және займды сатуға қатысушы ұйымдармен бiрлесiп, займ қаражатын қайтару тетiгiн әзiрлеп, бекiтсiн;
      осы займды өтеу кестесiне сәйкес 1995 жылдың басынан бастап жыл сайынғы бюджет жобасында проценттер төлеуге, ал 2005 жылдан бастап - проценттер мен негiзгi борышты өтеуге қажеттi қаржы көздейтiн болсын;
      осы займ қаражатының мақсатты жұмсалуына қажеттi тексерулердi жүзеге асырсын.
      4. Қазақстан Републикасының Денсаулық сақтау министрлiгi:
      бiр ай мерзiм iшiнде займ қаражатына дәрi-дәрмектердi негiзгi алушыларды анықтау үшiн "Фармация" АҚ қатысушылары арасында тендер өткiзсiн, тендер нәтижесiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiссiн;
      займ сатуға қатысушы ұйымдармен бiрлесiп, келесi есептi айдың 10-күнiне дейiнгi мерзiмде займ қаражатын пайдалану барысы туралы тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет пен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне есеп беретiн болсын.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет: <*>
      займ сатуды жалпы үйлестiру мен Халықаралық Қайта жаңғырту және Даму Банкiнiң ережелерiне сәйкес тауарлар сатып алуға бақылау жасасын;
      займ қаражатын пайдалану есебiн жүзеге асырсын және осы мәселе бойынша есептеудi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Азиялық Даму Банкiне ұсынатын болсын.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.08.20.
               N 1031 қаулысымен. P961031_
      6. Қазақстанның мемлекеттiк Даму банкi займ бойынша төлемдердi жүзеге асырсын, ай сайын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қазақстан Республикасының сыртқы борышының жиынтық есебi үшiн займ қаражатын пайдалану туралы есеп беретiн болсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi


                                    Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 5 тамыздағы N 1083 қаулысына қосымша


             Азиялық Даму Банкi Арнаулы көмегiнiң жобасы

          жөнiндегi кәдiмгi операция займы қаражатын бөлу
   
___________________________________________________________________
   Жауапты ұйымдар       |   Мақсаты          |    Құны
                         |                    | (млн. АҚШ доллары)
____________________________________________________________________
  Денсаулық сақтау       |                    |
   министрлiгi           |                    |
                         |                    |
Алушыны Денсаулық сақтау |  Дәрi-дәрмектер    |       10,0
министрлiгi айқындайтын  |                    |
болады                   |                    |
"Медтехника" акционерлiк| Медициналық        |        9,5 
қоғамы                   | жабдықтар          |
"Техмед" акционерлiк     | Медициналық        |        0,5
қоғамы                   |жабдықтарға босалқы |
                         |бөлшектер           |
                         |                    |
                         |                    |                     
                         |     Барлығы        |         20,0