ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ АРХИВI ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 25 наурыз 1994 ж. N 298

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Архивiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 14 қаңтардағы N 1502 U941502_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қазiргi тарихының орталық мемлекеттiк архивi (ҚТОМА) негiзiнде құрылған Қазақстан Республикасы Президентiнiң Архивi орталық мемлекеттiк архивтiң функциясын атқаратын үкiметтiк мекеме болып табылады деп белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Архивiне әкiмшiлiк-ұйымдық басшылықты Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң Аппараты, ғылыми-әдiстемелiк басшылықты - Қазақстан Республикасының Архивтер мен құжаттама бас басқармасы жүзеге асырады деп анықталсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
               N 1031 қаулысымен. P961031_
      3. Архивтiң қалыпты жұмыс iстеуi және Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң қызметi туралы құжаттық текстiк, аудиторлық көру материалдары, баспалық басылымдар сақталуын қамтамасыз ету мақсатында:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      - Қазақстан Республикасының ҚТОМА-сын ұстауға арналып республика бюджетiнде көзделген қаражат Қазақстан Республикасының Архивтер мен құжаттама бас басқармасынан Қазақстан Республикасы Президентiнiң Архивiне берiлуiн қамтамасыз етсiн; <*>
      - 1994 жылға арналған бюджеттi дәлдей түсу кезiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Архивiне өртке қарсы дабыл көтеру құрылғысын ауыстыруға, кондиционерлiк қондырғы мен тоңазытқыш мәшинелердi күрделi жөндеуге, автоматты өрт сөндiру жүйесiн жобалау мен оны орнатуға; аудиторлық көру материалдарын сақтауға арналған екi архив қоймасын қайта жабдықтауға; қажеттi жабдықтар (ұйымдық техника, компьютерлер, лабораториялық техника) мен материалдар, қызметтiк бiр жеңiл автомобиль сатып алуға арналған қаражат, сондай-ақ қызметтiк бiр жеңiл автомобиль мен арнаулы мақсаттағы бiр автомобиль ұстауға арналған лимит бөлiнуiн көздейтiн болсын;
      Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп екi апта мерзiмде Архивтiң мәртебесiн және орталық мемлекеттiк архивтiң функциясын орындайтынын еске алып, ерекше еңбек жағдайы үшiн үстемеақыны сақтай отырып, Архив қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу схемасын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етсiн;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      - Қазақстан Республикасының бұрынғы ҚТОМА-сының материалдық-техникалық базасын Қазақстан Республикасы Президентiнiң Архивiне қалдырсын;
      - Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты үйiнiң бiрiншi қабатынан Архивке қажеттi мөлшерде қызметтiк кабинет бөлсiн;
      Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты инженерлiк желiлер мен тiршiлiктi қамтамасыз ететiн басқа да технологиялық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ Архивке бекiтiлген үй-жайларды пайдалануды және оларға жөндеу-профилактикалық күтiм жасауды қамтамасыз етсiн;
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Архивiн күзетудi қамтамасыз етсiн;
      Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Шаруашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Президентi Архивiнiң автокөлiгiне күтiм жасау туралы мәселенi шешетiн болсын;
      Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Iс басқармасы 1994 жылы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Архивiн ұйымдық техникамен, компьютерлермен, магнитофондармен, бейнемагнитофондармен және басқа қажеттi жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз етсiн.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
               N 1031 қаулысымен.
      4. Бұқаралық ақпарат және архив қызметiнiң органдары Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң қызметi туралы кино, бейне, фото, фоноқұжаттарды Архивте сақтауға беру тәртiбiн анықтап, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Архивiмен келiсiп алатын болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгi Архив қызметкерлерiне медициналық қызмет көрсету туралы мәселенi белгiленген тәртiп бойынша шешсiн.
      6. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының мәселелерi" деп аталатын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 977 қаулысы 11-тармағының екiншi абзацындағы

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiнiң 1992 жылғы 18 тамыздағы N 195 қаулысына N 1 қосымшасы
2б тармағы және" деген сөздер алып тасталсын.
     7.
<*>
 
     ЕСКЕРТУ. 7-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
              N 1031 қаулысымен.
     ЕСКЕРТУ. 7-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1997.04.28. N 672
              қаулысымен.  

P970672_

 
   
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi