Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 наурыздағы N 449 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Мемлекеттік қабылдау комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 1006  қаулысына   мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттік қабылдау комиссиясы Қазақстан Республикасының жоғарғы мемлекеттік органдарының қоса беріліп отырған тізбесіне сәйкес объектілерді пайдалануға қабылдап алу актісін Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің бекітуіне ұсынсын.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары