Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 сәуірдегі N 357 қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар Амангелдi газ кен орнын тәжiрибелiк-өнеркәсiптік пайдалануға уақытылы iске қосуды қамтамасыз ету қажеттiлігiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Амангелдi газ кен орнының кешендi газ дайындау қондырғысы мен инфрақұрылымы объектiлерiн пайдалануды iске қосуды қамтамасыз ететiн Амангелдi газ кен орнына жабдықтар берушi, оны жайластыру жөнiндегi құрылыс-монтаждау жұмыстарын берушi болып "Қазхиммонтаж холдинг" aшық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - "Қазхиммонтаж холдинг" AAҚ) белгiленсiн.

      2. "ҚазТрансГаз" жабық акционерлік қоғамына Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес бiр көзден сатып алу тәсiлiмен жабдықтар беру және жоғарыда көрсетiлген жұмыстарды орындау жөнiнде "Қазхиммонтаж холдинг" ААҚ-мен шарт жасасу ұсынылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі