Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 20 мамырдағы N 851

      "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiне 15 мың тонна ақаулы бiрiншi дәрежелi дәндi процентсiз несие ретiнде бөлу туралы 1997 жылдың астығынан азық-түлiктiк бидайды босатылған ақаулы дән көлемiнiң баламды бағасымен, оның қызметiне кеткен шығындарды ескере отырып, қайтару жөнiндегi өкiмiн қабылдасын.
      "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы көрсетiлген дәндi банкiлердiң кепiлдiгiмен босатсын.

      Премьер-Министр