Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 қазандағы № 850 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 26 қазандағы
№ 850 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы", "Нотариат туралы", "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" және "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларында:

      16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мүлікті одан әрі пайдалану (республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына беру, оның ішінде балалар үйлеріне, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға), балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге өтеусіз беру, өткізу немесе жою) туралы шешімді уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Мүлікті одан әрі пайдалану (республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына беру, оның ішінде балалар үйлеріне, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға), балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге өтеусіз беру, өткізу немесе жою) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      29-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комиссия белгілеген ең төменгі бағамен өткізілмеген, пайдалануға жарамды мүлік балалар үйлеріне, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға), балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге (бұдан әрі – әлеуметтік қызмет субъектілері) өтеусіз беріледі.".

      2. "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 қаңтардағы № 82 қаулысында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидаларында:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ақшалай өтемақы алу құқығын растайтын құжат (прокуратура органдарынан немесе сот органдарынан Заңның 22-бабында көрсетілген орындарда болған кезеңі көрсетіліп ақталғаны туралы анықтама).

      Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары үшін қосымша – туу туралы куәлік не тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасынан үзінді көшірме, прокуратура органдарынан немесе сот органдарынан Заңның 22-бабында көрсетiлген орындарда болған кезеңі көрсетіліп ата-анасының біреуінің ақталғаны туралы анықтама.

      Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті ұйым жеке басты куәландыратын құжаттар, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.".

      3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақтың 432) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "432) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;".

      4. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақтың 211) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "211) мүгедектігі бар адамдарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жол жүрісі қауіпсіздігін олардың қажеттіліктерін ескере отырып қамтамасыз ету бөлігінде жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және басқаруға арналған нормативтік, жобалық және техникалық құжаттаманы келіседі;".

      5. "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) құрылсын.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі туралы ережеде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі туралы ереже";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

      2. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын іске асыру, олардың тыныс-тіршілігі мен қоғамға етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасау мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметін үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу Үйлестіру кеңесі қызметінің мақсаты болып табылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеті:

      1) "Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы" 2015 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияда көзделген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

      2) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;

      3) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және олардың құқықтарын іске асыру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, халықаралық және өзге де ұйымдармен, мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің құрамында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің құрамы";

      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі".

      6. "Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қарашадағы № 1061 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесінде:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Жолаушыларды және жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдауда пайдаланылатын автобустар салонының алдыңғы бөлігінде мүгедектігі бар адамдарға, зейнеткерлерге, жүкті әйелдерге және мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушыларға арналған орындар көзделеді. Осы орындардың тұсында олардың пайдаланылу мақсатын көрсететін ақпараттық тақташа орнатылады.";

      84 және 85-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Артқы есік арқылы отырғызу құқығын тек мүгедектігі бар адамдар ғана пайдаланады.

      85. Кезектен тыс отырғызу құқығын мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылар пайдаланады.";

      Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесіне қосымшада:

      реттік нөмірі 5-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аялдамаларды жариялауды жүзеге асыру нұсқалары:

      көлік бірліктері хабарлаушы құралмен 100 пайыз жабдықталған кезде;

      автоматтандырылған дауыс шығарғыш құрылғы арқылы;

      жүргізуші немесе кондуктор хабарлайды;

      кресло-арбаны пайдаланатын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға бейімделген жылжымалы құрамның болуы.";

      мына:

      "Комиссияның қарауына "Жолаушылар тасымалы жағдайларын жақсартатын қосымша ұсыныстар" деген 9-бағанға 6 баллға дейінгі бағамен қосымша өлшемдер (жылжымалы құрамды жуу мен жинауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жүйесі, диспетчерлік қызметі бар байланыс жүйесі, рейс алдындағы автобустарды техникалық бақылауды қамтамасыз ету, жол жүру тарифі) енгізілуі немесе тасымалдаушылардың жол үстіндегі сервистік қызметтер бойынша қосымша ұсыныстары 1 баллға бағалаумен ескерілуі мүмкін." деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комиссияның қалауы бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыруда реттік нөмірі 9-жолдың "Жолаушылар тасымалының жағдайларын жақсартатын қосымша ұсыныстар" деген 2-бағанына қосымша өлшемшарттар (жылжымалы құрамның шанағын автоматты түрде жуу, электр қозғалтқыштары бар автобустар, табиғи газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштары бар автобустар) енгізіледі.".

      7. "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар, мүгедектігі бар балалар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамдар ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы таңдалған білім беру бағдарламаларының тобы бойынша оқуға қарсы айғақтардың жоқ екені туралы медициналық қорытындыны береді.";

      13-тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдар.";

      15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, медициналық қорытындыға сәйкес таңдалған білім беру бағдарламаларының тобы бойынша оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар, кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар, кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар, бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін конкурс көрсетілген санаттар арасында бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен бекітілген квоталар бойынша өткізіледі.".

      8. "Төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға тұрғын үй-жайлар беру, материалдық залалды өтеу, қажетті көмек беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 860 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға тұрғын үй-жайлар беру, материалдық залалды өтеу, қажетті көмек беру ережесінде:

      2-қосымшада 6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұруына арналған арнайы көлік құралдары.";

      4-қосымшада 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мыналарды:

      тамақ дайындауға және зардап шеккен отбасылардың тұрғын үйін жылытуға арналған отынды;

      мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұруына арналған арнайы көлік құралдарын жеткізу.".

      9. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен "Самұрық-Қазына" әл-ауқат ұлттық қоры" акционерлік қоғамы арасындағы Өзара іс-қимыл туралы келісімді мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 178 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен "Самұрық-Қазына" әл-ауқат ұлттық қоры" акционерлік қоғамы арасындағы Өзара іс-қимыл туралы келісімде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кредиттер мынадай талаптарға сай келетін студенттерге ұсынылады:

      1) студенттің үлгерімі (өлшемшарттарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайды);

      2) әлеуметтік мәртебесі:

      жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер;

      мүгедектігі бар адам болып табылатын студенттер;

      ата-аналары мүгедектігі бар адам болып табылатын студенттер;

      көп балалы, табысы аз немесе толық емес отбасыдан шыққан студенттер;

      ата-аналары зейнеткерлік жасқа жеткен студенттер;

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайтын басқа да студенттер.".

      10. "Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      11. "Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 945-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларында:

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу бойынша капиталдандырылған төлемдердің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, капиталдандырылған сомаларды алуға құқықты растайтын сот актісі (актілері):

      капиталдандырылған төлемдер сомаларын мемлекеттен алған кезде – зиянды өтеу есебіне капиталдандырылған төлемдерді төлеу жөніндегі жауапкершілікті мемлекетке жүктеу туралы заңды күшіне енген шешім (қаулы, ұйғарым);

      капиталдандырылған төлемдер сомаларын таратылған заңды тұлғаның мүлкі есебінен алған кезде – материалдарында бірінші кезектегі әрбір кредитор бойынша толық жазба қамтылған конкурстық басқарушының қорытынды есебінің бекітіліп, конкурстық іс жүргізудің аяқталғаны туралы ұйғарым (шешім).

      Капиталдандырылған сомаларды алуға құқықты соттың не капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу жөніндегі капиталдандырылған төлемдер сомасы туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік архивтің архив құжатымен растауға болады.

      Зардап шеккен адамның мәртебесіне байланысты:

      денсаулыққа нұқсан келтірілген зиянды өтеу кезінде – әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама;

      жұмыскердің қайтыс болуы салдарынан зардап шеккен, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 940-бабының 3-тармағына сәйкес мүгедектік мерзіміне зиян өтелетін мүгедектігі бар адамға зиянды өтеу кезінде – өтініш берушіге мүгедектік белгілеу туралы мәліметтер "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – "МОДҚ" ААЖ) сұратылады.

      "МОДҚ" ААЖ-да мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мүгедектік немесе кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Сот актісінде не капиталдандырылған сомаларды алуға құқықты растайтын архив құжатында кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін немесе мүгедектік белгілеу туралы мәліметтер болған жағдайда жеке анықтама ұсыну талап етілмейді.

      Іс-әрекетке қабілетсіз, іс-әрекетке қабілеті шектеулі немесе қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамдарға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды олардың заңды өкілдері береді.

      Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтінішті үшінші тұлғалар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша береді.".

      12. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді беру және пайдалану қағидаларында:

      5-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент мүгедектігі бар балаларға қолданылмайды;"

      5-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-3. Мүгедектігі бар адамдарға, қарттарға, жүрек-қан тамырлары және басқа да ауыр дертке шалдыққан адамдарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай олардың тілегі ескеріле отырып, төменгі қабаттардан немесе лифтілері бар тұрғын үйлерден, ал тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға екіншіден жоғары емес қабаттан беріледі.

      Мүгедектігі бар адамдарға тұрғын үй-жайды ғимараттың түрін, абаттандыру дәрежесін және тұруға қажетті басқа да жағдайларды ескере отырып таңдау құқығы беріледі.";

      9-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар (мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қоспағанда) өтініш жасаудың алдында отбасының әрбір мүшесінің соңғы он екі ай ішінде табысы туралы қосымша мәліметтер (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде) тапсырады.".

      13. "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) интернаттық ұйымдарда тәрбиеленіп және (немесе) оқып жүрген даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедектігі бар адамдарға және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға;";

      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мүгедектігі бар адамдарға және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға – мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі;";

      11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мүгедектігі бар адамдарға және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға еңбек лагерьлеріне, пансионаттар мен профилакторийлерге, демалыс үйлеріне, студенттік сауықтыру лагерьлеріне, ал медициналық айғақтар болған кезде тиісті бейіндегі шипайжайларға білім беру ұйымының қаражаты есебінен тегін жолдамалар береді.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшерінде, көздерінде және түрлерінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедектігі бар адамдарды және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар балаларды, көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, интернаттық ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларды, кәмелеттік жасқа толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы балаларды тамақтандыру, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 4 және 8-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.";

      8-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедектігі бар адамдарды және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар балаларды, көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларды және интернаттық ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы), патронаттық тәрбиедегі және баланы қабылдайтын отбасыдағы балаларды, кәмелетке толмағандарды бейімдеу және өмірде қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарындағы балаларды киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары".

      14. "Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларында:

      7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) егер кететін адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісімді ұсынады. Келісімге қол жеткізілмеген кезде кететін адамдарға алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге тәсілмен төлеу не кететін адамның кетуі үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісін белгілеу туралы соттың шешімі беріледі.

      Ескертпе: Кодекске сәйкес алимент алушы отбасы мүшелеріне:

      кәмелетке толмаған балалар;

      ата-ана;

      еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайы (зайыбы);

      жүктілік кезеңінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы зайыбы, оның ішінде бұрынғы зайыбы;

      мүгедектігі бар ортақ баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң мүгедектігі бар ортақ балаға бірінші және екінші топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж жұбайы (зайыбы);

      неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған көмекке мұқтаж еңбекке жарамсыз бұрынғы жұбайы (зайыбы);

      көмекке мұқтаж кәмелетке толмаған аға-інілер мен апа-сіңлілер, қарындастар;

      көмекке мұқтаж кәмелетке толмаған немерелер;

      көмекке мұқтаж еңбекке жарамсыз ата-әжелер;

      кәмелетке толмаған балаларды іс жүзінде тәрбиелеген және асыраған еңбекке жарамсыз мұқтаж адамдар;

      өздерінің өгей ұлдарын немесе өгей қыздарын тәрбиелеген және асыраған, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж өгей әке мен өгей шеше жатады;".

      15. "Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту және "Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5), 22-2) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларында:

      15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедектігі бар адам болып табылатын адамдардың, сондай-ақ бос орынды ұсынған елді мекенде тұрақты тұратын, қорғаншы және қамқоршы болып табылатын адамдардың құқығы бар.";

      34-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;";

      35-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жұмыспен өтеу мерзімі ішінде бірінші және екінші топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда;".

      16. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 2-1), 3), 4), 5), 6), 8), 9), 11), 12) тармақшаларында көрсетілген, тұрғынжай беру туралы өтінішпен жүгінердің алдындағы соңғы он екі айда жиынтық орташа айлық кірісі отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын Қазақстан Республикасының азаматтары есепке қойылады. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент мүгедектігі бар балаларға қолданылмайды;";

      3-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

      5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;";

      8-тармақтың 4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар бұған қоса өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататынын растайтын құжатты, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне (мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелейтін отбасыларды қоспағанда) соңғы он екі ай ішіндегі табысы туралы мәліметтерді ұсынады;";

      11-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-3. Егер бірінші және екінші топтағы мүгедектік он сегіз жасқа толған, отбасы мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасы ретінде есепте тұрған мүгедектігі бар балаға белгіленсе, оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжай беру кезектілігі тұрғынжайды алғанға дейін сақталады.".

      17. "Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1597 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидаларында:

      5-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мертігу, жаралану (контузия алу), жарақаттану, ауыру нәтижесінде мүгедектік белгіленген кезде:

      бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға – отыз айлық ақшалай қаражат;

      екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – он сегiз айлық ақшалай қаражат;

      үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға – алты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтемақыға;";

      13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақта көзделген біржолғы жәрдемақы мөлшерін анықтау кезінде жәрдемақы алуға құқығы бар отбасы мүшелерінің қатарына:

      жасы мен еңбекке қабілеттілігіне қарамастан жұбайы (зайыбы);

      18 жасқа толмаған немесе бұл жастан асқан балалар, егер олар 18 жасқа толғанға дейін мүгедектігі бар адам болып қалса, асыраушысы қайтыс болған күні күндізгі оқу орындарының білім алушылары болса және 23 жасқа толмаған болса;

      қайтыс болған адамның асырауындағылар заңнамада белгіленген зейнетақы жасына жеткен не мүгедектігі бар адамдар болып табылатындар қосылады.".

      18. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Үлгілік қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне мынадай құжаттармен қоса өтініш береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;

      3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат.

      Құжаттар салыстырып тексеру үшін төлнұсқамен ұсынылады, содан соң құжаттардың төлнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды.";

      Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына 2-қосымша осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      19. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларында:

      7-тармақтың 2), 5) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бірінші және екінші топтағы мүгедек адамдар;";

      "5) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, басқа кезеңдерде әскери қызметтің өзге де міндеттерін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адам деп танылған әскери қызметшілер;";

      "9) күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сiңiрген ішкі істер органдарының қызметкерлері және теріс себептер бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, қызметтен шығарылған және күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сiңiрген қызметкерлер, сондай-ақ күнтiзбемен есептегенде он және одан да көп жыл еңбек сiңiрген және мүгедектігі бар балаларды асырап-бағып отырған қызметкерлер құқылы. Ішкі істер органдарының берілген қызметтік тұрғын жайды жекешелендіруге құқығы бар зейнеткері қайтыс болған жағдайда жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді;".

      20. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларында:

      8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Алушылар Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар болып табылған жағдайда БЖЗҚ мүгедектігі бар адамдарды есепке алу жүйесінің орталықтандырған деректер банкінен алушыға мүгедектік белгіленуі туралы мәліметтерді сұратады.".

      көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын және әдістеменің 3 және 4-тармақтарында көрсетілген айлар санын есепке алу үшін міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған, бірақ 60 айдан аспайтын кезең қабылданады.".

      21. "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерінде:

      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мүгедектігі бар адамдар және Салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген өзге де адамдар заттай нысанда немесе материалдық пайда түрінде алған табыстар мен төлемдерден ұсталмайды.

      Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 26) тармақшасында көрсетілген әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-тармағына сәйкес ұсталады.".

      22. "Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда осындай адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 70-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда осындай адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:

      7-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) мүгедектігі бар адамдар үшін – мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі және бар болса, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін/жәрдемақы алушының куәлігі.";

      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар алушының еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектігі бар адамдардың тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, уәкілетті мемлекеттік органдар "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 5-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне қосымша ақыларды белгілейді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Төлемдерді үйге жеткізіп беру алушылардың мынадай санаттарына:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға;

      2) сексен жасқа толған адамдарға;

      3) бiрiншi топтағы мүгедектігi бар адамдарға;

      4) бөгде адамның күтiмiне мұқтаж және денсаулық жағдайы бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға бара алмайтыны туралы медициналық қорытындысы бар адамдарға;

      5) пошта байланысының бөлімшелері (пункттері) болмаған жағдайда ауылдық жерде тұратын адамдарға жүргізіледі.".

      23. "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларында:

      2-тармақтың 12) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) велосипед – екі немесе одан да көп дөңгелегі бар (мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбалардан басқа) және үстіндегі адамның бұлшықет күшімен қозғалысқа келтірілетін көлік құралы;";

      "16) жаяу жүргінші – жолда көлік құралынан тыс жүрген және онда жұмыс жүргізбейтін адам. Жаяу жүргіншілерге мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбалармен қозғалатын, велосипед, мопед, мотоцикл жүргізетін, шана, арба, балалар арбасын алып жүретін жеке тұлғалар теңестіріледі;";

      "3. Жаяу жүргіншілердің міндеттері" деген бөлімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүргіншілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған кезде – жол жиегімен, сондай-ақ Қағидалардың 17-бөлімі 1 және 4-тармақтарының талаптарына сәйкес жүреді.

      Көлемі үлкен заттарды көтеріп немесе алып келе жатқан жаяу жүргіншілер, сондай-ақ қозғалтқышы жоқ кресло-арбалармен келе жатқан адамдар, егер олар тротуармен немесе жолды жағалай жүргенде басқа жаяу жүргіншілер үшін кедергі келтіретін болса, жолдың жүру бөлігінің жиегімен (бөлу жолақтары бар жолдарда – жолдың жүру бөлігінің сыртқы шетімен) жүре алады.

      Тротуарлар, жаяу жүргіншілерге арналған жол немесе жолдың жиегі болмағанда, сондай-ақ олармен жүру мүмкін болмаған жағдайда жаяу жүргіншілер велосипед жолымен немесе жолдың жүру бөлігінің шетімен (бөлу жолақтары бар жолдарда – жолдың жүру бөлігінің сыртқы шетімен) бір қатарда жүре алады.

      Елді мекендерден тыс жерлерде жолдың жүру бөлігімен жүрген кезде жаяу жүргіншілер көлік құралдарының жүрісіне қарсы жүруі тиіс.

      Жолдың жүру бөлігінің шетімен қозғалтқышы жоқ кресло-арбаларда келе жатқан, мотоцикл, мопед, велосипед жүргізуші адамдар көлік құралдары жүрісінің бағытында жолдың оң жағымен жүреді.";

      "5. Бағдаршамның және реттеушінің сигналдары" деген бөлімнің 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көру қабілетінен толық айырылған жаяу жүргіншілерді жолдың жүру бөлігін кесіп өту мүмкіндігі туралы хабардар ету үшін бағдаршамдардың жарық сигналдары дыбыстық сигналмен толықтырылуы мүмкін.";

      "14. Жаяу жүргіншілер өткелдері және маршруттық көлік құралдарының аялдамалары" деген бөлімнің 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Барлық жағдайларда, оның ішінде жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жерлерде де жүргізуші ақ түсті таяқпен сигнал берген көру қабілетінен толық айырылған жаяу жүргіншіні өткізеді.";

      "25. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін қамтамасыз ету" деген бөлімде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін және оларға қызмет көрсететін көлік құралдарының тұрағын ұйымдастыру:

      1) тірек-қимыл аппараты бұзылған жүргізушілер немесе тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға немесе көру қабілетінен толық айырылған адамдарға қызмет көрсететін көлік құралдарының жүргізушілері басқаратын көлік құралдарына 3.28, 3.29, 3.30 жол белгілерінің күші қолданылмайды;

      2) тірек-қимыл аппараты бұзылған жүргізушілер немесе тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға қызмет көрсететін көлік құралдарының жүргізушілері басқаратын көлік құралдары басқаруға арналған тиісті механизмдермен және (немесе) керек-жарақтармен жабдықталуға тиіс;

      3) 5.15 белгісіне қоса 7.17 белгісі орнатылған жағдайда 5.15 жол белгісінің күші "мүгедектігі бар адам" деген айырым белгісі орнатылған мотоколяскалар мен автомобильдерге ғана қолданылады;

      4) тыйым салатын немесе ұйғаратын белгілерге қоса 7.18 белгісі орнатылған жағдайда онда осы жол белгілерінің күші "мүгедектігі бар адам" деген айырым белгісі орнатылған мотоколяскалар мен автомобильдерге қолданылмайды.";

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Мүгедектігі бар адам" деген айырым белгісі бар көлік құралдарын басқаратын тірек-қимыл аппараты бұзылған жүргізушілердің:";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға немесе көру қабілетінен толық айырылған адамдарға қызмет көрсететін "мүгедектігі бар адам" деген айырым белгісі бар көлік құралдарының жүргізушілері тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарды немесе көру қабілетінен толық айырылған адамдарды отырғызу немесе түсіру үшін көлік құралын елді мекендерде тоқтауға тыйым салатын жол белгілері қолданылатын аймақта тоқтатады.

      4. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамға немесе көру қабілетінен толық айырылған адамға қызмет көрсететін, тірек-қимыл аппараты бұзылған адамның немесе көру қабілетінен толық айырылған адамды межелі жерге және кері қарай қолынан жетектеп жүретін, "мүгедектігі бар адам" деген айырым белгісі бар көлік құралының жүргізушісі елді мекендерде көлік құралын осы қаулының 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шарттарда тоқтатады.";

      Жол жүрісі қағидаларына 1-қосымшада:

      "3. Тыйым салатын белгілер" деген бөлімнің қырық жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. 2, 3.3, 3.28-3.30 – бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар басқаратын немесе осындай мүгедектігі бар адамдарды тасымалдайтын көлік құралдарына.";

      "7. Қосымша ақпарат белгілері (тақтайшалар)" деген бөлімнің 7.15, 7.17 және 7.18-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7.15 "Көру қабілетінен толық айырылған жаяу жүргіншілер". Жаяу жүргіншілердің өтпесін көру қабілетінен толық айырылған адамдардың пайдаланатынын көрсетеді. 1.20, 5.16.1, 5.16.2 белгілерімен және бағдаршаммен бірге қолданылады.";

      "7.17 "Мүгедектігі бар адамдар" 5.15 белгісінің "мүгедектігі бар адам" деген айырым белгісі орнатылған мотоколяскалар мен автомобильдерге ғана қолданылатынын көрсетеді.

      7.18 "Мүгедектігі бар адамдардан басқа". Белгілердің қолданылуы "мүгедектігі бар адам" деген айырым белгісі орнатылған мотоколяскалар мен автомобильдерге қолданылмайтынын көрсетеді.";

      Жол жүрісі қағидаларына 2-қосымшада:

      "1. Көлденең таңба" деген бөлімнің отыз үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.10 бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар басқаратын немесе осындай мүгедектігі бар адамдарды тасымалдайтын көлік құралдарына және таксометр қосылған таксиге қолданылмайды.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерде:

      9-тармақтың алтыншы және он екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Есту қабілетінен толық айырылған жүргізуші" – ішіне ұшы төменге қаратылған ойдағы тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштарында орналасқан диаметрі қырық миллиметр үш қара шеңбер жүргізілген жүз алпыс миллиметр диаметрлі сары шеңбер түрінде – сөйлеу және есту қабілетінен толық айырылған немесе есту қабілетінен толық айырылған жүргізушілер басқаратын механикалық көлік құралдарының алдынан және артынан;";

      "Мүгедектігі бар адам" – қабырғасы бір жүз елу миллиметр сары түсті шаршы түрінде және қара түсті 7.17 жол белгісінің рәмізі бейнеленген – бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар басқаратын немесе осындай мүгедектігі бар адамдарды тасымалдайтын механикалық көлік құралдарының алдынан және артынан.".

      24. "Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1176 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібі нақты шығындардың мөлшерінде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеуден мынадай әлеуметтік осал топтарға жататын ақпарат пайдаланушылар босатылады:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері және Ұлы Отан соғысы кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адамдар;

      2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және Ұлы Отан соғысы кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар;

      3) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

      4) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде көрсетілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;

      6) жасы бойынша зейнеткерлер;

      7) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, кәмелеттік жасқа дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған балалар (мұндай адамдар әскери қызметке шақыру кезінде жасы жедел әскери қызметті өткеру мерзіміне ұзартылады);

      8) қандастар;

      9) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

      10) көп балалы отбасылар;

      11) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару, әскери қызметте, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру, адам өмірін құтқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза болған (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

      12) толық емес отбасылар.".

      25. "Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасының мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі";

      4-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту техникасын (балдақтар, таяқтар, жасанды ағаш аяқтар, көтергіш құрылғылар мен механизмдер, телерадиоаппаратура) жеткізу, құрастыру, жөндеу және оған қызмет көрсету;";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мүгедектігі бар адамдардың демалысын және санаторий-курорттық емдеуді ұйымдастыру;".

      26. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 15-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жолдағы 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7)

Мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне мүгедектігі бар балалармен жұмыс істегені үшін


БЛА-дан 30 %


      ";

      көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:

      реттік нөмірі 3-жолда:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1)

Ұлы Отан соғысы кезеңінде жарақат алуы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға және соларға теңестірілген адамдарға аурухана құрамындағы арнаулы бөлімшелерге арналған госпитальдарда медициналық көмек көрсеткені үшін:
медицина қызметкерлеріне;
фармацевтика және басқа да қызметкерлерге


БЛА-дан 25 % дейін
БЛА-дан 20 % дейін


      ";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6)

Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде, үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшелерінде емдеу-профилактикалық іс-шаралары мен оңалтуды жүргізгені үшін:
қарттармен жұмыс істегені үшін;
мүгедектігі бар адамдармен, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалармен жұмыс істегені үшін;
психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалармен және он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдармен жұмыс істегені үшін;
белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдармен (әлеуметтік бейімдеу орталықтарында) жұмыс істегені үшін;
қатыгез қарым-қатынасқа ұшыраған адамдармен жұмыс істегені үшін;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен жұмыс істегені үшін


БЛА-дан 30 %
БЛА-дан 40 %
БЛА-дан 50 %
БЛА-дан 60 %
БЛА-дан 40 %
БЛА-дан 60 %


      ";

      көрсетілген қаулыға 6-қосымшада:

      реттік нөмірі 1-жолдағы 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1)

Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде, үйде қызмет көрсету ұйымдарында, зейнетақы төлеу орталықтарында әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айланысатын қызметкерлерден басқа:
қарттармен, оның ішінде зейнетақы мен жәрдемақы төлеген кезде жұмыс істегені үшін;
мүгедектігі бар адамдармен, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалармен жұмыс істегені үшін;
психоневрологиялық ауруы бар мүгедектігі бар балалармен және он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдармен жұмыс істегені үшін


БЛА-дан 30 %
БЛА-дан 40 %
БЛА-дан 50 %


      " .

      көрсетілген қаулыға 7-қосымшада:

      реттік нөмірі 1-жолдағы 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1)

Кітапханалар, клуб мекемелері және музейлер қызметкерлеріне:
дене бітімінің дамуында кемістігі бар азаматтармен жұмыс істегені үшін;
көру және есту қабілетінен толық айырылған азаматтармен жұмыс істегені үшін


БЛА-дан 30 %


      " .

      27. "Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 78 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балалары Кәмелетке толғанға дейін оларды тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз ету қағидаларында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бекітетін қызметкерлердің жекелеген санаттарына медициналық көмек Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында:

      1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

      2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы айқындайтын түрлер бойынша және көлемдерде бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      3. Қағидаларда қызметкерлердің отбасы мүшелері деп жұбайы (зайыбы), ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің кәмелетке толмаған балалары (асырап алынған, асырауындағы немесе қорғаншылығындағы); білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алып жатқан жиырма үш жасқа толмаған балалар (асырап алынған, асырауындағы немесе қорғаншылығындағы) және жұбайының (зайыбының) балалары; мүгедектігі бар балалар (асырап алынған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) және жұбайының (зайыбының) он сегіз жасқа дейін мүгедектік белгіленген мүгедектігі бар балалары; қызметкердің асырауындағы ата-анасы және жұбайының (зайыбының) ата-анасы түсініледі.

      Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан қызметкердiң балалары кәмелетке толғанға дейiн олардың ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз етілу құқығы сақталады.".

      28. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi туралы ережеде:

      13-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау;";

      15-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер, сондай-ақ өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіру және қызметін тексеруді жүзеге асыру;";

      70) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "70) мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      74) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "74) мүгедектігі бар адамның жұмыс орнының стандарттарын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 167-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "167-1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;";

      171), 172), 173) және 174) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "171) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      172) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      173) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      174) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      177) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "177) тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту;";

      179), 180) және 181) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "179) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектігі бар адамның қажеттіліктерін бағалау тәртібін әзірлеу;

      180) мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      181) мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және ұсынылатын қызметтердің сыныптауышын әзірлеу және бекіту;";

      189) және 190) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "189) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және оңалту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

      190) медициналық-әлеуметтік сараптаманы және мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 190-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "190-1) министрлердің, аудандар, қалалар, облыстық маңызы бар қалалар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің мүгедектік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшілерін тағайындау тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      191) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "191) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі мен шарттарын әзірлеу және бекіту;".

      29. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеде:

      13-тармақтың 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) жолаушылар тасымалын жүзеге асыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қоса алғанда, жаңа технологияларды, мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген құрылғылар мен технологиялардың ұтқырлығын жеңілдететін құралдарды пайдалану;

      9) жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын көлік жұмыскерлерін мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау және оларға қызмет көрсету дағдыларына, оның ішінде ымдау тіліне үйрету;";

      15-тармақтың 371) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "371) автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;".

      30. "Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 326 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      31. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақтың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;".

      32. "Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 156 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған жол картасында:

      реттік нөмірі 34-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

34.

Мыналарға:
- мүгедектігі бар балалар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
- әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту саласында қызмет көрсету мақсатында мүгедектігі бар балаларды және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың қажеттіліктеріне;
- осы санаттағы балалардың және олардың қажеттілігінің деректер базасына мониторинг жүргізу

ОМ-ге ақпарат

ЖАО

2020 – 2023 жылдар

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

      ";

      реттік нөмірі 57-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

57.

Көп балалы және аз қамтылған отбасылардың, мүгедектігі бар және өзге де санаттағы адамдардың тұрғын үйлерін:
- қатты отынды пайдаланатын өңірлер үшін – улы газ датчиктерімен;
- газдалған өңірлер үшін – газталдағыштармен жарақтандыру мүмкіндігін қарастыру

ОМ-ге ақпарат

ЖАО, ІІМ

2020 – 2023 жылдар

ЖБ көзделген қаражат шеңберінде

-

-

-

-

-

-

      " .

      33. "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті мен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 560 қаулысында:

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қабылдау жүгіну кезегі тәртібімен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдар, жүкті әйелдер, "Алтын Қыран" ордендерімен марапатталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы бар адамдар кезектен тыс қабылданады.".

      34. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      102) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "102) мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      124) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "124) қызмет ету мерзімі өткен лифтілерді, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштерді одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;".

      35. "Өнімнің өмірлік циклі сатыларында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарды айқындау және "Техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 296 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы № 718 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган

"Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 006/2011)

Пайдалану (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде белгіленген құзырет шеңберінде қауіпті өндірістік объектілердегі пиротехникалық құралдарды қолдану және сақтау)

"Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 010/2011)

Пайдалану (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде белгіленген құзырет шеңберінде қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын машиналар мен жабдықтарды, мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіш платформаларды, жолаушылар конвейерлерін (қозғалып тұратын жаяу жүргіншілер жолдарын), эскалаторларды (машиналар мен жабдықтарды, мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіш платформаларды, жолаушылар конвейерлерін (жүріп келе жатқан жаяу жүргіншілер жолдарын), әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі эскалаторларды қоспағанда)

"Лифтілердің қауіпсіздігі" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 011/2011)

Пайдалану (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде белгіленген құзырет шеңберінде (лифтілер мен лифт қауіпсіздігі құрылғыларын (әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі лифтілер мен лифт қауіпсіздігі құрылғыларын қоспағанда)

"Жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 012/2011)

Пайдалану (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде белгіленген құзырет шеңберінде қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықты)

"Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 016/2011)

Пайдалану (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде белгіленген құзырет шеңберінде қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттарды)

"Жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 028/2012)

Пайдалану (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде белгіленген құзырет шеңберінде қауіпті өндірістік объектілерде жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды қолдану және сақтау)

"Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 032/2013)

Пайдалану (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде белгіленген құзырет шеңберінде артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды (әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды қоспағанда)

"Сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдауға арналған магистральдық құбырларға қойылатын талаптар туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 049/2020)

Пайдалану (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде белгіленген құзырет шеңберінде қауіпті өндірістік объектілерде сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдауға арналған магистральдық құбырларды)

      ".

      36. "Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 773 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 79-4-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларында:

      2-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) бірінші санаттағы ӘКС – азаматтардың мынадай санаттарын:

      мүгедектігі бар адамдарды;

      мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді;

      зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл бойы);

      балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін;

      қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдарды – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде;

      белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды;

      аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды;

      наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдарды – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде;

      қандастарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін ӘКС, бұл ретте ӘКС қызметкерлерінің арасында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың орташа жылдық саны алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кемінде елу пайызды құрауы (бірақ осындай санаттарға жататын екі адамнан кем болмауы), ал еңбекке ақы төлеу шығыстарында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстардың үлесі кемінде жиырма бес пайызды құрауы шарт;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) үшінші санаттағы ӘКС – мүгедектігі бар адамдардың тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау мақсатында мүгедектігі бар адамдарға арналған, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысу үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында аталған өзге де адамдарға арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ӘКС, бұл ретте мынадай:

      тұрмыста тыныс-тіршілікті қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету жөніндегі;

      күтімді ұйымдастыру, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге жәрдем көрсету, азаматтардың денсаулық жағдайының өзгеруін анықтау үшін жүйелі түрде байқау арқылы денсаулықты қолдауға және сақтауға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтерді көрсету жөніндегі;

      әлеуметтік ортаға бейімдеу үшін психологиялық жай-күйін түзетуде көмек көрсетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі;

      мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың профилактикасына бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді көрсету жөніндегі;

      жұмысқа орналасуда және еңбекте бейімделуге байланысты өзге де проблемаларды шешуде көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету жөніндегі;

      коммуникациялық әлеуетті арттыруды, оңалту мен әлеуметтік бейімдеуді көздейтін қызметтерді, әлеуметтік қолдап отыру бойынша қызметтерді көрсету жөніндегі;

      аурулардың профилактикасы, мүгедектігі бар адамдарды оңалту, оның ішінде мүгедектігі бар балаларды медициналық абилитациялау үшін ғана пайдалануға болатын медициналық техниканы, протездік-ортопедиялық құралдарды, цифрлық денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалық қамтылымды, сондай-ақ техникалық құралдарды өндіру және (немесе) өткізу жөніндегі;

      мүгедектігі бар адамдар мен зейнеткерлердің демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі;

      қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі;

      мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектелген топтары үшін әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті, көлік құралдарын пайдалануды, ақпарат беру кезінде әмбебап байланыс қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау жөніндегі қызмет түрлеріне сәйкес алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауы, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құрауы шарт;";

      3, 4, 5 және 7-қосымшалар осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      37. "Мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, ұлттық даму институттарының және өзге де ұйымдардың әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын қолдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы № 795 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, ұлттық даму институттарының және өзге де ұйымдардың әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын қолдауды жүзеге асыру қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Тізілімге енгізілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің мүгедектігі бар адам; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ана және басқа да заңды өкілдер; зейнеткерлер мен зейнеталды жасындағы азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл бойы); балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың жиырма тоғыз жасқа дейінгі түлектері; босатылғаннан кейін он екі ай ішінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар; қандас болып табылатын жұмыскерлерді кәсіп игеру бойынша оқытуға, кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға немесе олардың біліктілігін арттыруға ақы төлеуге жұмсалған шығыстарын, бірақ салықтық кезең үшін бір жұмыскерге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 120 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде азайтуға құқығы бар.

      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көзделген жұмыскердің мәртебесі өзгерген кезде салық салынатын кіріс мөлшерін азайту жұмыскер мүгедектігі бар адам; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ана және басқа заңды өкіл; зейнеткер мен зейнеталды жасындағы азамат (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл бойы); балалар ауылдарының тәрбиеленушісі және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың жиырма тоғыз жасқа дейінгі түлегі; босатылғаннан кейін он екі ай ішінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адам; қандас болған салықтық кезеңдегі айлардың үлесі негізге алына отырып жүргізіледі.

      Жұмыскерге қатысты салықтық кезеңде салық салынатын кірісті азайту қолданылған кезде келесі салықтық кезеңдерге мұндай азайту қолданылмайды.".

      38. "Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы" кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 218 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы" кешенді жоспарында:

      реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

18.     

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастырудың тетіктерін жетілдіру, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының орындалуын бақылауды күшейту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2022 – 2023 жылдардағы желтоқсан

Еңбекмині, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2025 жылға қарай мүгедектігі бар адамдардың жұмыспен қамтылу үлесін 24,8 %-дан 30 %-ға дейін ұлғайту (мүгедектігі бар адамдардың жұмыспен қамтылуын 22 мың адамға ұлғайту)

талап етілмейді

      ".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен
толықтыруларға
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 наурыздағы
№ 330 қаулысымен
бекітілген

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі

      1. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі мына қызмет алушыларға ұсынылады:

      1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектігі бар балалар (бұдан әрі – балалар);

      2) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);

      3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар (бұдан әрі – 18 жастан асқан адамдар);

      4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдар);

      5) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдар (бұдан әрі – қарттар);

      6) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар (бұдан әрі – үйсіз адамдар);

      7) өмірде қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар).

      2. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі:

      әлеуметтік-тұрмыстық;

      әлеуметтік-медициналық;

      әлеуметтік-психологиялық;

      әлеуметтік-педагогикалық;

      әлеуметтік-еңбек;

      әлеуметтік-мәдени;

      әлеуметтік-экономикалық;

      әлеуметтік-құқықтық қызметтерді қамтиды.

      3. Тұрмыстағы қызмет алушылардың тыныс-тіршілігін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер мыналарды қамтиды:

      жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсету;

      ұйымдарда оңалтуға, емдеуге, білім беруге, мәдени іс-шараларға, паллиативтік көмекті ұйымдастыруға, діни әдет-ғұрыптарды өткізуге, емдеу-еңбек қызметін ұйымдастыруға, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларына, тұрмыстық бағдарлау негіздеріне үйретуге арналған жиһазбен және (немесе) арнаулы жабдықтармен жасақталған үй-жайлар беру;

      мүгедектігі бар адамдар мен 18 жастан асқан денсаулығының жағдайы бойынша жұмыс істеуге болатын адамдар үшін жұмыс орындарын ұйымдастыруға жағдай жасау;

      бөгделердің көмегінсіз тұрмыстық қажетін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бейімделген үй-жайлар мен құрылғылар беру;

      санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес тұру жағдайларын қолдау жөнінде қызметтер көрсету;

      құнарлы және диеталық тамақтануды ұсыну;

      тұрмыстық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету (кір жуу, кептіру, үтіктеу, ішкиімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау);

      қызмет алушылардың отбасы мүшелеріне жеке қызмет көрсету және санитариялық-гигиеналық сипаттағы практикалық дағдыларды үйрету;

      қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға және үйсіз адамдарға хат жазуда және оқуда көмек көрсету;

      түскі ыстық тамақ, күнделікті қажетті азық-түлік және азық-түліктен басқа тауарларды сатып алу және үйге жеткізіп беру;

      қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға тамақ пісіруге, кір жууға, пеш жағуға, ағаш, көмір және су әкелуге көмектесу;

      үйсіз адамдарды қабылдау және уақытша орналастыру;

      үйсіз адамдарға төсектік орын, жиһаз беру, төсек-орын жабдықтарымен, жеке гигиена заттарымен және ішкиіммен қамтамасыз ету;

      жүріп-тұруы қиын және өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың тұруына жағдай жасау;

      үйсіз адамдардың санитарлық-гигиеналық рәсімдерді (себезгі немесе ванна бөлмелері, санитариялық тораптар) жүзеге асыруы үшін жағдай жасау;

      жол жүру құжаттарын сатып алу және жол жүру кезінде тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету арқылы үйсіз адамдарды бұрынғы тұрған жеріне қайтаруға жәрдемдесу;

      тұратын жері бойынша тіркелу үшін құжаттарын ресімдеуге жәрдемдесу.

      4. Қызмет алушылардың денсаулығын қолдауға және жақсартуға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтер мыналарды қамтиды:

      медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу;

      дәрігер келгенге дейін көмек көрсету;

      медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;

      тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға жәрдемдесу;

      мүгедектігі бар адамның абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

      қызмет алушыларға техникалық көмекші (орнын толтырушы) және міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету;

      мүгедектігі бар адамдардың абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес протездік-ортопедиялық және естуді протездеу көмегін алуына жәрдемдесу;

      медициналық-әлеуметтік мәселелер жөнінде, оның ішінде жасына қарай бейімдеу мәселелері жөнінде консультация беру;

      денсаулығына байланысты рәсімдерді жүргізу;

      алғашқы медициналық тексеруді және алғашқы санитариялық өңдеуді жүргізу;

      қызмет алушыларға денсаулығының жағдайына қарай күтімді қамтамасыз ету;

      алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;

      санитариялық-гигиеналық қызметтер көрсету;

      емдеу-сауықтыру іс-шараларын, оның ішінде денсаулық сақтау мекемелерінде ұйымдастыру;

      әлеуметтік-медициналық сипаттағы оңалту іс-шараларын жүргізу;

      емдеуші дәрігердің тағайындауына сәйкес медициналық рәсімдерді жүргізу (тері астына және бұлшық етке салынатын инъекциялар, компресс қою, ойылған жерін, жараларын таңу, өңдеу, тазарту клизмаларын жасау, зертханалық зерттеулер жүргізу үшін материалдар алу, катетерлер мен медициналық бұйымдарды қолдануға көмек көрсету);

      паллиативтік көмек қызметін көрсету;

      дәрігерді үйге шақыру және қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына алып бару;

      балаларды, ТҚА бұзылған балаларды патронажды қадағалау;

      отбасы мүшелерін үй жағдайында өткізілетін медициналық күтім негіздеріне үйрету;

      емдеуге мұқтаж үйсіз адамдарды денсаулық сақтау мекемелеріне орналастыруға және алып баруға жәрдемдесу.

      5. Қызмет алушыларды қоршаған ортаға әлеуметтік бейімдеуге, әлеуметтендіру мен кіріктіруге бағытталған олардың психологиялық жағдайын түзетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтер мыналарды қамтиды:

      психологиялық диагностика және жеке тұлғаны тексеру;

      әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі қадағалау);

      мүгедектігі бар адамдармен, қарттармен және үйсіз адамдармен психопрофилактикалық жұмыс;

      қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, ынталандыру, белсенділікке ынталандыру;

      қызмет алушыларды психологиялық түзету;

      қызмет алушылар мен олардың бірге тұратын отбасы мүшелерін психологиялық қолдау;

      отбасы мүшелеріне қолайлы психологиялық климатты қамтамасыз ету, жанжалды жағдайлардың алдын алу және жою үшін психологиялық көмек көрсету;

      психологиялық консультация беру;

      шұғыл психологиялық көмек;

      өзара қолдау топтарында, қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізу.

      6. Балалардың, ТҚА бұзылған балалардың физикалық мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, оларды педагогикалық түзетуге және оқытуға, сондай-ақ балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, 18 жастан асқан адамдарға тұрмыстық дағдыларды үйретуге бағытталатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтер мыналарды қамтиды:

      әлеуметтік-педагогикалық консультация беру;

      арнайы оқу бағдарламалары бойынша балалардың физикалық мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес олардың білім алуына жәрдемдесу;

      ТҚА бұзылған балалардың жалпы білім беретін мектептерде білім алуына жәрдемдесу;

      балаларды және 18 жастан асқан адамдарды тұрмыстық бағдар және қолөнер негіздеріне үйрету;

      өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена, тұрмыстағы және қоғамдық орындардағы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі бақылау, қарым-қатынас жасау дағдылары және тіршілік әрекеттерінің басқа да нысандары жөніндегі қызметтер;

      баланы, оның ішінде ТҚА бұзылған балалар мен 18 жастан асқан адамдарды педагогикалық диагностикалауды және жеке тұлғалық даму деңгейін тексеруді жүргізу;

      балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды педагогикалық түзету;

      ымдау тіліне аудару жөніндегі қызметтер;

      балаларды мектепке дейін тәрбиелеу және олардың арнайы білім беру оқыту бағдарламалары бойынша білім алуы үшін жағдай жасау мәселелері жөнінде отбасы мүшелеріне консультация беру;

      кәсіптік білім алуға жәрдемдесу;

      ата-аналарына немесе отбасының басқа мүшелеріне үй жағдайында оңалту негіздерін үйрету;

      отбасы мүшелеріне балалардың және 18 жастан асқан адамдардың бойында үй жағдайында қажетті өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды үйрету.

      7. Қызмет алушылардың бойында еңбек дағдыларын қалыптастыруға, 18 жастан асқан адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың, қарттардың және үйсіз адамдардың бойында қалған еңбек дағдыларын сақтау мен дамытуға және еңбек қызметiн ұйымдастыруға бағытталған әлеуметтiк-еңбек қызметтерi мыналарды қамтиды:

      қызмет алушылардың бойында бар еңбек дағдыларын тексеру жөнінде іс-шаралар жүргізу;

      емдеу-еңбек қызметін жүргізу;

      ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік бағдарлау;

      мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту;

      бейіні бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру;

      қызмет алушыларды қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларды өткізуге жәрдемдесу;

      қарттар мен 18 жастан асқан адамдардың бойында ұмыт болған тұрмыстық дағдыларды қалпына келтіру жөніндегі қызметтер;

      жеке физикалық мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес кәсіп игеруге жәрдемдесу;

      үйсіз адамдарды қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыстыру.

      8. Бос уақытты ұйымдастыруға, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізуге және оларға қызмет алушыларды тартуға бағытталған әлеуметтік-мәдени қызметтер мыналарды қамтиды:

      мерекелерді және бос уақыттағы іс-шараларды ұйымдастыру;

      клубтық және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

      қызмет алушыларды бос уақыттағы іс-шараларға, мәдени іс-шараларға қатысуға тарту (экскурсиялар ұйымдастыру, театрларға, көрмелерге, концерттерге және басқа іс-шараларға бару).

      9. Қызмет алушылардың өмір сүру деңгейін қолдау мен жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық қызметтер мыналарды қамтиды:

      әлеуметтік төлемдерді, жәрдемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдерді алуға жәрдемдесу;

      қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ балаларды тәрбиелейтін және 18 жастан асқан адамдарды күтуді жүзеге асыратын отбасыларға өзін-өзі қамтамасыз ету және отбасының материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультация беру.

      10. Қызмет алушылардың құқықтық мәртебесін қолдауға немесе өзгертуге, заңды көмек көрсетуге, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған әлеуметтік-құқықтық қызметтер мыналарды қамтиды:

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және әлеуметтік қамсыздандыру мен көмекке құқығына байланысты мәселелер бойынша заңдық консультация беру;

      заңдық маңызы бар құжаттарды ресімдеуде көмектесу;

      арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін және қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шек қоятын ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым даярлауға және беруге көмек көрсету;

      заңдық көмек көрсету және заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу;

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен жәрдемақыларды, басқа да әлеуметтік төлемдерді сенімхатпен алу;

      жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу, қорғаншылыққа және қамқоршылыққа алу мәселелері бойынша құжаттарды ресімдеудегі көмекті қоса алғанда, заңдық консультация беру;

      Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен адвокаттың заңдық көмегін тегін алуға жәрдемдесу;

      қызмет алушылардың немесе олардың отбасы мүшелерінің үстінен жасалған физикалық және психикалық зорлыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жәрдемдесу;

      қамқоршылық және қорғаншылық органдарға балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға, қамқорлыққа, патронатқа, қорғаншылыққа алуға жәрдемдесу;

      қызмет алушыларды арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерге, ұйымдарға орналастыруға жәрдемдесу, оның ішінде құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;

      қызмет алушыларға жұмысқа орналасу, жеке басын куәландыратын және заңдық маңызы бар басқа да құжаттарды алу үшін құжаттарды ресімдеуде заңдық көмек көрсетуге жәрдемдесу;

      үйсіз адамдар қатарындағы қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды халықты әлеуметтік қорғаудың стационарлық мекемелеріне орналастыру үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
2-қосымша
  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындаудың үлгілік
қағидаларына
2-қосымша

Өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ

      20 жылғы " "

      _____________________________________ (елді мекен)

      1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ____________________________________________________________________

      2. Тұратын мекенжайы ________________________________________________

      3. Орын алуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген өмірдегі қиын жағдай

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде:


Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірдегі қиын жағдай

1

2

3

4

5

6

7

8

























      Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.

      Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет) ________________________________________

      ___________________________________________________________________.

      5. Тұрып жатқан жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет):

      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:_______________________________________.

      Отбасының табысы:

Р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына


1

2

3

4

5

6













      6. Мыналардың бар-жоғы:

      автокөлігі (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны

      пайдаланғаннан түсетін мәлімделген табыс)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйі

      (оны пайдаланғаннан түсетін мәлімделген табыс)

      ____________________________________________________________________.

      7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):

      ____________________________________________________________________.

      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі:

      ____________________________________________________________________

      10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы:

      ____________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы: ___________________________________________________

      Комиссия мүшелері: __________________________________________________

      (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Жасалған актімен таныстым: ___________________________________________

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

      ____________________________________________________________________

      Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________________________

      Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса) және қолы

      ____________________________________________________________________

      (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

      Күні _______

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 28 мамырдағы
№ 326 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар

      1-бөлім. Кіріспе

      Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларының тиімді жүйесін құру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.

      Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспардың (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) мақсаты Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялауға байланысты Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттемелерді іске асыру және Қазақстанның 2030 жылға дейінгі әлеуметтік жаңғыруы шеңберінде барлық осал топтар үшін қолайлы орта құру арқылы инклюзивті қоғам қалыптастыру болып табылады.

      Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция нормаларының ережелерін имплементациялауға жағдай жасауға бағытталған Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) үш кезеңде іске асыру аяқталды. Іс-шаралар жоспарының негізгі мақсаттары мен міндеттері орындалды.

      Мүгедектігі бар адамдардың өзін-өзі көрсетуі және елдің қоғамдық-экономикалық өміріне толыққанды интеграциялануы үшін жағдай жасауда негізгі басымдықтарды және кешенді интеграцияланған тәсілді айқындау үшін осы Ұлттық жоспар әзірленді.

      Заманауи жаһандық парадигма денсаулықтың шектеулі мүмкіндіктерін дәстүрлі түсінуден тұрмыс сапасы аспектісінде жеке ерекшеліктер мен әмбебап құқықтардың анағұрлым күрделі синтезіне көшуге негізделеді.

      Ұлттық жоспар мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесінің әлемдік даму үрдістерін ескере отырып, халықаралық стандарттарды имплементациялауға бағытталған.

      Ұлттық жоспарда белгіленген мақсаттар мен міндеттерді осы Ұлттық жоспарға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарына сәйкес іске асыру көзделеді.

      2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау

      1-тарау. Мүгедектіктің профилактикасы

      Қазіргі уақытта Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 680 мыңнан астам адам тұрады, оның 61,5 %-ы еңбекке жарамды жаста, 25,7 %-ы зейнеткерлік жастағы адамдар, 12,8 %-ы 18 жасқа толмаған балалар.

      Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлес салмағы салыстырмалы түрде тұрақты және соңғы үш жыл бойы бүкіл халықтың 3,7 %-ын құрайды.

      Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша адам денсаулығының небәрі 10 %-ы денсаулық сақтау жүйесіне және 50 %-ы адамның қоршаған ортасының, таңдау құқығының, тұрмыс сапасының және денсаулықты нығайту мүмкіндіктеріне қолжетімділігінің әсерімен қалыптасатын өмір салтына тәуелді. Профилактика мүгедектіктің негізгі себебі болып табылатын инфекциялық емес аурулармен күресу үшін құны жағынан ең тиімді ұзақ мерзімді стратегияны ұсынады.

      Елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халық денсаулығын нығайту Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының мақсаты болып табылады.

      Аурулар профилактикасының және оларды басқарудың интеграцияланған тәсілі негізінде қоғамның денсаулығын қорғау жөніндегі жаңа саясат енгізілуде, сондай-ақ тиімділікке, қаржылық орнықтылыққа және әлеуметтік-экономикалық өсуді қолдауға бағдарланған ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жүргізілуде, бұл өз кезегінде мүгедектік көрсеткіштерінде де көрініс табады.

      Азаматтардың денсаулығын сақтау және мүгедектіктің профилактикасы бойынша шаралардың бірі скринингтік бағдарламаларды енгізу және жетілдіру болды. Көптеген елдерде скринингтік технологиялар сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендету мақсатында ауруларды және аурулар тәуекелі факторларын анықтауға бағытталған денсаулық сақтаудың негізгі элементтері болып табылады.

      Республикада 2008 жылдан бері қан айналымы жүйесінің аурулары; сүт безінің ісікалды жай-күйі мен обыры; жатыр мойнының ісікалды процестері мен обыры ерте анықтау үшін нысаналы топ болып табылады.

      Скринингтер өткізілген уақытта Қазақстанда ересек тұрғындарға 60 млн астам скринингтік тексеру жүргізілді. 2,5 млн астам ауруға шалдығу жағдайы анықталды (жүргізілген скринингтік зерттеулердің жалпы санының 4,2 %-ы), оның ішінде 1,5 млн жағдай қан айналымы жүйесінің аурулары, 245,8 мың жағдай – жатыр мойны обыры, 607,8 мың жағдай – сүт безі обыры, 62,2 мың жағдай – қант диабеті, 33,4 мың жағдай – глаукома және 11,5 мың жағдай – колоректалды обыр.

      2011 жылдан бастап қант диабетін, глаукоманы, ісікалды патологияны, тоқ және тік ішек обырын (колоректалды обыр) анықтау тұрғысынан нысаналы топтар енгізілді.

      Жасқа қарай скрининг топтары кеңейтілді және тексеру мерзімділігі айқындалды:

      1) артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы және қант диабеті скринингін 40-тан 70 жасқа дейінгі пациенттер екі жылда бір рет мерзімділікпен;

      2) жатыр мойны обырының скринингін 30-70 жастағы әйелдер төрт жылда бір рет мерзімділікпен;

      3) сүт безі обырының скринингін 40-тан 70 жасқа дейінгі әйелдер екі жылда бір рет мерзімділікпен өтеді.

      Тоғыз жылдық кезеңде скринингтік бағдарламалардың өткізілуін талдау мынадай заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік берді. Тексеріп-қараудан скринингке жататын адамдардың басым бөлігі өтеді.

      Босануға дейінгі диагностиканы жетілдіру, балалардағы туа біткен және тұқым қуалайтын аурулардың профилактикасы, балалардың ауруға шалдығуы мен мүгедектігін төмендету мақсатында Қазақстан Республикасында жаңа туған балалар мен сәбилердің пренатальды, неонатальды және аудиологиялық скринингі, сәбилердің психофизикалық даму скринингі, шала туған нәрестелердің офтальмологиялық скринингі жүргізіледі.

      Мүгедектігі бар адамдардың ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, медициналық ұйымдарды жабдықтармен және қосалқы құралдармен жарақтандыру жүргізілуде.

      Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (бұдан әрі – МСАК) профилактикалық бағытта болуын күшейту мақсатында мынадай іс-шаралар жүргізілді:

      1) мамандандырылған қызметтерді интеграциялау шеңберінде емханаларда туберкулезге қарсы, онкология, маммология кабинеттері қосымша ашылды, психикалық денсаулық кабинеттері ашылды;

      2) әлеуметтік жұмыскерлер институты құрылды (2014 жылы – 10 мың халыққа 1,2 адам, 2017 жылы – 10 мың халыққа 7,4 адам);

      3) жалпы практика дәрігерлерінің саны 2014 жылғы 3 101 адамнан 2017 жылы 5 382-ге дейін, яғни 70 %-дан артық көбейді;

      4) 2014 жылдан бастап жан басына шаққандағы кешенді норматив енгізілді, ол 2017 жылы 683 теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 29,3 %-ға өсті. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қаржыландырудың жалпы көлемінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті қаржыландыру 2014 жылғы 33 %-дан 2017 жылы 37 %-ға дейін ұлғайды. 1 тұрғынға шаққандағы тариф ұлғайып, өңірлер арасында МСАК-ты қаржыландыру деңгейі (169-дан 683 теңгеге дейін) теңестірілді.

      Мүгедектіктің профилактикасы бойынша мемлекет жүргізіп жатқан шараларға және халық денсаулығы көрсеткіштерінің оң серпініне қарамастан, қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (бұдан әрі – ЭЫДҰ) мүше елдерге қарағанда 10 жыл дерлік аз.

      Жыл сайын 50 мыңнан астам адам мүгедектігі бар адам деп алғаш танылады, соңғы 3 жылда алғашқы мүгедектік көрсеткіші орнықсыз, 10 мың тұрғынға шаққанда 2015 жылы 28,5, 2016 жылы 29,4, 2017 жылы 28,9, ал 2018 жылдың қорытындысы бойынша өсіп, 29,2 жағдайды құрады.

      Балалар мүгедектігі проблемасы ерекше назар аударуды талап етеді, оның өсу үрдісі бар. Мәселен, 2008 жылы мүгедектігі бар 18 жасқа толмаған балалардың үлесі мүгедектігі бар адамдардың жалпы саны құрылымында 9,2 %-ды құраған болса, 2018 жылы 12,8 %-ға дейін немесе 3,6 пайыздық тармаққа өскен.

      Алғашқы мүгедектік көрсеткіштерінің, оның ішінде балалар арасында өсу үрдісі денсаулық сақтауды дамытудың профилактикалық бағыты, ұлттық денсаулықты нығайту, медициналық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша шараларды одан әрі күшейту қажеттігін талап етеді.

      Жалпы өлім-жітім мен мүгедектіктің құрылымында қан айналым жүйесінің аурулары (22,3 %) басты себеп болып қалуда, анағұрлым жиілері – жүректің ишемиялық ауруы, ми қан тамырларының зақымдануы, олардан жыл сайын 30 мыңға жуық адам қайтыс болады. Қан айналымы жүйесі ауруларымен алғаш сырқаттану көрсеткіші шамамен 16,4 %-ға (2015 жылы – 2 429,7) өскен. Ересек халық арасында алғашқы мүгедектік құрылымында қан айналымы жүйесінің аурулары 26,9 %-ды құрайды.

      Қатерлі ісіктерден болатын өлім мен мүгедектік екінші себеп болып табылады (12,1 %), олардан жыл сайын 17 мыңға жуық адам, оның ішінде 16,9 %-ы өкпе обырынан қайтыс болады.

      2018 жылдың қорытындысы бойынша қатерлі ісіктермен сырқаттану көрсеткіші 18 %-ға артты (2015 жылы – 207,7, 2017 жылы – 253,4). Ересек халық арасындағы алғашқы мүгедектік құрылымында қатерлі ісіктер 21,4 %-ды құрайды.

      Үшінші орында – жазатайым оқиғалардан, жарақаттардан және уланудан болатын өлім (11,3 %), олардан жыл сайын 16 мыңға жуық адам қайтыс болады (2015 жылы – 100 мың тұрғынға 82,5, 2017 жылы – 100 мың тұрғынға 69,38). Барлық мүшелердегі жарақаттар салдарынан алғашқы мүгедектік төмендеп келеді және мүгедектіктің жалпы санының 10,6 %-ын құрайды.

      Қазақстанда денсаулық сақтау ұйымдарының барлық деңгейінде медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған профилактика жұмысының, сектораралық өзара іс-қимылдың пәрменін арттыру мәселелері бастапқы кезеңде тұр.

      МСАК-тың басым дамуы бүкіл жүйенің басты үйлестірушісі болуға тиіс, ал біздің жүйеде стационарлық сектор қолданыстағы негізгі құрылым күйінде қалып отыр.

      ЭЫДҰ елдерінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландырудың жалпы көлемінің орта есеппен 80 %-ы пациенттерді амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз етуге бағытталады, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш қаржыландырудың жалпы көлемінің шамамен 50 %-ын құрайды.

      2-тарау. Әлеуметтік оңалту

      Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтену деңгейін арттыру мақсатында техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен (протездік-ортопедиялық көмек, сурдо-, тифлоқұралдар, арнаулы жүріп-тұру құралдары, санаторий-курорттық емдеу, міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекші мен ымдау тілі маманы көрсететін қызметтер) қамтамасыз етіледі.

      Жыл сайын мүгедектігі бар 200 мыңнан астам адам оңалтудың техникалық құралдарымен (бұдан әрі – ОТҚ) және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етіледі. ОТҚ-мен қамтамасыз ету үлесі 2018 жылы жалпы мұқтаждар санының 57,8 %-ын құрады (2013 жылы – 88 %, 2015 жылы – 67 %, 2016 жылы – 67 %, 2017 жылы – 67,5 %).

      Соңғы 3 жылда ОТҚ тізбесі мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, қазіргі заманғы сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдарды қоса алғанда, атаулардың 32-ден 55 түріне дейін (1,7 есе) кеңейтілді.

      Шалғай ауылдарда тұратын мүгедектігі бар 14 мыңнан астам адамға ОТҚ-ны үйіне жеткізу жүзеге асырылды.

      Қамауда отырған және түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жүрген мүгедектігі бар адамдарға техникалық құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1088 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      2015 жылдан бастап кохлеарлық импланттарға (бұдан әрі – КИ) сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметті 2016 жылдан бастап 2018 жылды қоса алғанда 613 адам алды.

      КИ бар балаларды әлеуметтендірудің негізгі нәтижесі 153 баланы мектептерде жалпы білім беру процесіне қосу, 171 баланы арнайы білім беру ұйымдарына жіберу және 34 баланы үйде оқыту болды.

      Бұдан басқа, кохлеарлық импланттары бар балаларды ерте кезден тиімді оңалтуды дамыту қамтамасыз етілді. 2014 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде еліміздің әрбір өңірінен 990 бала күндізгі және тәулік бойы бақылау жағдайында есту-сөйлеуін бейімдеуден өтті, бұл ретте, егер бұрын оңалту бір жылда бар болғаны 15 күн жүргізілсе, ал 2018 жылдан бері оңалту жылына 40 күн, яғни тоқсан сайын 10 күннен жүзеге асырылады.

      Құлағының мүкісі бар адамдарға 2017 жылдан бері ымдау тілі маманының қызмет көрсету уақыты 2 есеге (30 сағаттан 60 сағатқа дейін) ұлғайтылды.

      Стандарттар жетілдірілді және өндірістің жаңа технологиялары, протездік-ортопедиялық құралдар мен көрсетілетін қызметтердің жаңа модельдері енгізілді:

      1) есту аппараттарына арналған силиконнан жасалатын жеке құлақ жапсырмалары өндірісі;

      2) протездер өндірісінде, ортопедияда 3-D модельдеуді қолдану өндірісте іске қосылды;

      3) ең жаңа технологиялар бойынша протездер әзірленіп, өндіріске енгізілді.

      Протездік-ортопедиялық бұйымдардың 90-ға жуық атауы дайындалады.

      2015 жылы "Республикалық протездік-ортопедиялық орталық" акционерлік қоғамы мен "Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны мүгедектігі бар адамдарды аяқ-қол ампутациясынан кейін бірнеше күннен соң протездеу бойынша пилоттық жоба жүргізді.

      Пилоттық жоба ампутация операциясы жүргізілген сәттен бастап протездеу кезеңі 76-дан 44 күнге дейін қысқаратынын көрсетті.

      2018 жылы протездік-ортопедиялық бұйымдар мен ілеспе оңалту, оның ішінде протезде өздігінен жүріп-тұру дағдыларына үйрету бойынша көрсетілетін қызметтерді мүгедектігі бар 24 700 адам алды.

      Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 2018 жылы медициналық деректер негізінде "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін азаматтың өзі қатыспай-ақ автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жоба сынақтан өткізілді. 2018 жыл бойы 495 адам сырттай куәландырылды.

      3-тарау. Әлеуметтік маңызы бар объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстанның мүгедектігі бар азаматтарына кедергісіз орта құру үшін шаралар қабылданды.

      Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның нормаларын іске асыру мақсатында 24 заңнамалық актіге, оның ішінде 3 Кодекске әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету, әлеуметтік саладағы (денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау) көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бойынша түзетулер енгізілді.

      Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында көзі нашар көретін адамдарға арналған нұсқалар бар.

      Жергілікті билік органдарының қызметін реттеу және жауапкершілігін арттыру мақсатында мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құру жөніндегі өңірлік жоспарлар бекітіледі, оларда мүгедектігі бар адамдардың қажетіне қарай бейімделуге тиіс нақты ғимараттар мен объектілердің тізбесін қамтылады.

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) 2015 жылы "Қолжетімді орта" интерактивті қолжетімділік картасы" порталын (бұдан әрі – портал) әзірледі.

      Портал Министрліктің сайтында (friendlybuilding.kz) орналасқан және онлайн-режимде елдің паспортталған және бейімделген объектілері бойынша ақпаратты енгізуге, объектінің бейімделу дәрежесін көруге және әрбір объектіге жүргізілген бейімдеу сапасын онлайн-режимде бағалауға мүмкіндік береді.

      Барлық тіркелген пайдаланушыларға әрбір объектіге жүргізілетін бейімделу сапасын бағалау және фотосуреттермен қоса пікір орналастыру мүмкіндігі берілген.

      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2013 жылғы 5 ақпандағы № 64-од бұйрығымен бекітілген ҚР СТ 1525-2013 Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарты (бұдан әрі – ұлттық стандарт) мүгедектігі бар адамдарға жағдай жасау жөніндегі талаптарды қамтиды.

      Бүгінгі таңда ел бойынша 247 теміржол вокзалы жұмыс істейді, олардың ішінде 91 вокзал немесе тек 37 %-ы ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келтірілген:

      1) 91 вокзалда билет кассалары мүгедектігі бар адамдарға жағдай жасалып қайта жабдықталды;

      2) 210 вокзалда жүріп-тұру қиын жерлерде пандустар салынған;

      3) 34 вокзалда арнайы дәретханалар жабдықталған;

      4) 38 вокзалда нашар көретін адамдарға ыңғайлы болу үшін баспалдақтардың жоғары және төменгі сатылары сары түске боялған;

      5) 58 вокзалда күту залдарында мүгедектігі бар адамдар үшін орындар бөлініп, олар пиктограммалармен белгіленген.

      Теміржол вокзалдарының қызметкерлері мен пойыздардың жолсеріктері пойызда мүгедектігі бар жолаушыларды отырғызу/түсіру бойынша қызметтер көрсетеді.

      2014 – 2018 жылдар кезеңінде мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде 17 270 бірлік жол белгісі мен көрсеткіштер орнатылды, 465 жаяу жүргіншілер жолы дыбыстық құрылғыларымен жабдықталды, 15 "Инватакси" қызметі құрылды, оларда 35 мың адамды қамтитын 280 арнаулы машина бар.

      Республика бойынша 36 автовокзал бар, оның ішінде 27 бірлік немесе 75 %-ы ұлттық стандартқа сәйкес келеді.

      Республика бойынша автостанциялардың саны 105 бірлікті құрайды, оның 63,8 %-ы (67 бірлік) ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келтірілген.

      Республика бойынша 18 әуежай жұмыс істейді, олар мүгедектігі бар адамдардың мұқтаждықтары үшін толық бейімделген.

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 189 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларында Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларында 2016 жылдан бастап автотұрақтарға, тұрақтарға, аялдамаларға, вокзал жанындағы алаңдағы кездесу орындарына, тұрмыстық көрсетілетін қызметтерге және сервистік қызмет көрсетуге талаптар қоятын PRM (Persons with Reduced Mobility) қызмет көрсету сапасының халықаралық стандартының болуы; жолаушылар авиатасымалдарына қызмет көрсетудің жылдамдығы мен жайлылығы, ақпараттық қызмет көрсету және персоналды даярлау бойынша талаптар көзделген.

      6 әуежайда (Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау) арнайы лифтілер, эскалаторлар, үй-жайлар, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпараттық көрсеткіштер, жарық таблолары мен маңдайшалар, медицина қызметкерін шақыру батырмасымен жабдықталған дәретхана бөлмелері бар.

      9 әуежайда (Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Шымкент, Өскемен, Жезқазған) кіру және шығу жолдарында пандустар орнатылған, мүгедектігі бар адамдарға арналған арбалар ұсынылады, дәретхана бөлмелерінде арнайы тұтқалар орнатылған.

      4-тарау. Білім берудің қолжетімділігі

      Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың басқа адамдармен тең дәрежеде білім алуға құқығы танылады.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет мүгедектігі бар балалардың және бала кезінен мүгедектігі бар адамдардың білім алуы кезеңінде оларды күтіп-бағуға арналған шығыстарды толық немесе ішінара өтейді.

      Мәселен, көру және есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар балалардың жоғарылатылған мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар, сондай-ақ білім беру ұйымдарына оқуға түскен кезде бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар үшін бір пайыз қабылдау квотасы көзделеді.

      Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция ратификацияланғаннан кейін көрсетілген Заң:

      мүгедектігі бар балалардың құқықтарына құрметпен қарау туралы;

      білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға, мүмкіндіктері шектеулі балаларға қолжетімді нысанда тегін пайдалану, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету, оның ішінде оларды мүгедектігі бар адамдарға, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арнап жасау туралы;

      ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедектігі бар адам болып табылатын адамдарды мемлекеттік білім беру ұйымдарына және мемлекеттік медициналық ұйымдарға жұмысқа бірінші кезекте бөлу құқығы туралы нормалармен толықтырылды.

      Сонымен қатар мүгедектігі бар балалардың ата-анасы баланың оқу орнын – әдеттегі немесе арнайы білім беру ұйымын – мамандардың ұсынымдарын ескере отырып таңдауға құқылы.

      Зағип балалар үшін 2017 жылдан бастап Брайль жүйесі бойынша және ірілендірілген қаріппен, сондай-ақ зияткерлік бұзушылықтары бар балаларға арналған оқулықтарды әзірлеу басталды (жыл сайын 140 млн теңгеден астам қаражат бөлінеді). 0-1, 5 және 7-сыныптарға арналған оқулықтар әзірленді, ал 2020 жылға дейін 11-сыныпты қоса алғанда, барлық оқулықтарды әзірлеу жоспарлануда.

      Бүгінгі күні білім беру саласында ерекше білім беруге қажеттілігі бар 153 230 бала (54 311 мектепке дейінгі және 98 919 мектеп жасындағы) анықталып тексерілді, оның ішінде 47 мыңға жуығы мүгедектігі бар балалар.

      Мәселен, мектепке дейінгі ұйымдарда ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 42 мыңнан астам бала тәрбиеленуде, оның ішінде 15 мыңнан астамы инклюзивті білім алуда. Орта білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 91,5 мыңнан астам бала білім алуда, оның ішінде 46 мыңға жуық бала инклюзивті білім алуда. 2020 жылы балабақшалардың 30 %-ы мен мектептердің 70 %-ында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалатын болады.

      Бүгінгі күні жалпы білім беретін мектептердің 60 %-ында (7 014 мектептің 4 207-і), балабақшалардың 20 %-ында (6 115 балабақшаның 1 232-і) ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасалған.

      Техникалық және кәсіптік білім беру саласында колледждердің 30 %-ында (821 колледждің 247-сі) ерекше білім беруге қажеттілігі бар 2 928 баланы оқыту үшін жағдай жасалған, оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адамдар – 2 192, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар – 736. 71 сурдоаудармашы, 37 тифлоқұрал енгізілді, 44 арнайы жұмыс оқу жоспары әзірленді, олар бойынша кадрлар даярлау жүріп жатыр.

      Бүгінгі таңда ЖОО-ларда ерекше мүмкіндіктері бар студенттердің саны 1 609 адамды, оның ішінде бірінші топтағы мүгедектігі бар студенттердің саны 85 адамды құрайды, 358 адам – екінші топтағы мүгедектігі бар адам, 1 151 адам – үшінші топтағы мүгедектігі бар адам, 15 адам – бала кезінен мүгедектігі бар адам.

      119 ЖОО-ның 70-і (58,8 %) ерекше білім беруге қажеттілігі бар студенттерді оқыту үшін жағдай жасаған.

      Сонымен қатар 2012 жылдан бастап техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түскен кезде мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген квота мөлшері 1 %-ды құрайды.

      2018 жылы конкурс нәтижелері бойынша мүгедектігі бар 432 балаға білім беру гранты, оның ішінде білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезіндегі қабылдау квотасы шеңберінде 312 грант берілді.

      5-тарау. Жұмыспен қамтамасыз ету

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан – 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін жұмыс берушілер халықтың әлеуметтік осал топтарын жалақымен қамтамасыз етіп, оларды жұмысқа белсенді түрде тартатын жағдай жасау қажеттігі туралы атап өтілді.

      2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбекке жарамды жастағы мүгедектігі бар 411 мың адамның 27 %-ынан астамы (111,5 мың адам) жұмыс істейді.

      Еңбекке жарамды жастағы мүгедектігі бар адамдардың құрылымында мүгедектік топтары бойынша екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың (46 % немесе 191,9 мың адам) және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың (45 % немесе 186,4 мың адам) үлес салмағы қомақты, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың үлесі болмашы (9 % немесе 39,7 мың адам).

      Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды кеңейту мақсатында жұмысқа орналастыру квотасы қайта қаралды. Егер бұрын ол барлығы үшін 3 %-ды құраса, бүгінгі күні ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыскерлердің санына қарай және салалар бойынша 2-ден 4 пайызға дейін сараланған тәсіл жүзеге асырылуда.

      Квота шеңберінде мүгедектігі бар 7,4 мың адам жұмысқа орналастырылды. Квота бойынша жұмысқа орналастырылған мүгедектігі бар адамдардың ең көп саны білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер салаларында, саудада, ауыл шаруашылығында және көлікте жұмыс істейді.

      Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде мүгедектігі бар адамдар халықтың басқа да осал топтарымен қатар халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына басым тәртіппен қатысуға құқылы.

      Бағдарламаға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар және біліктілігі жоқ, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар қатыса алады.

      2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Бағдарламаға қатысушылар құрамына мүгедектігі бар 18,9 мың адам қосылған, бұл Бағдарламаға қатысушылардың жалпы санының 2,8 %-ын құрайды, оның ішінде 16,6 мың адам жұмысқа орналастырылды.

      Жұмыс берушілерді мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға ынталандыру мақсатында 2018 жылдан бастап жұмыс берушілердің мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жабдықтауға байланысты шығындарын субсидиялау енгізілді.

      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері мен олар құрған ұйымдардың мемлекеттік сатып алуға қатысу рәсімдерін автоматтандыру бөлігінде түзетулер күшіне енді. Аталған шара тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің және олар құрған ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейді.

      6-тарау. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру

      Мемлекет кепілдік беретін арнаулы әлеуметтік қызметтер азаматтарға тегін, ал арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген қосымша көлемі ақы төлеу шартымен көрсетіледі. Бұл ретте стационар, жартылай стационар (күндізгі бөлімшелер), үйде күтім жасау, уақытша болу жағдайында әлеуметтік қызмет көрсету нысанын таңдауға мүмкіндік берілген.

      Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің желісі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 893 субъектіден тұрады.

      Әлеуметтік қызмет көрсетудің басты қағидаттарының бірін сақтау – адамды отбасында қалдыру мақсатында мүгедектігі бар балаларға арналған күндізгі бөлімшелер желісін үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) аутсорсинг арқылы беру жолымен оны кеңейту; стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерді әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары етіп қайта құру бойынша жұмыс жолға қойылған.

      2015 – 2018 жылдар кезеңінде:

      қызмет алушылар саны 24,5 %-ға өсті (121 мың адам), оның ішінде қызмет көрсетудің ең көп саны үйде күтім көрсету жағдайында – 46,1 %, стационарлық ұйымдарда – 19,9 %;

      арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың саны 893 бірлікке дейін ұлғайды (2015 жылы – 797), олардың ішінде басым позицияларды үйде қызмет көрсететін ұйымдарда ұстап отыр – 53 %, стационарлық үлгідегі ұйымдарда – 12,4 %, үкіметтік емес сектор ұйымдарында өсу серпіні байқалып отыр – 19,1 %.

      Жұмыс істеп тұрған интернат ұйымдарының желісін деинституцияландыру, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және азаматтарды қауымға әлеуметтік бейімдеу мақсатында сыйымдылығы аз үйлерді дамыту басталды. Сыйымдылығы аз үйлер 8 өңірде: Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарында, Шымкент және Астана қалаларында жоқ.

      Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер жүйесінде кемсітушілік дефиницияларға жол бермеу мақсатында 2016 жылдан бастап медициналық-әлеуметтік мекемелер әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары болып қайта құрылды.

      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес сектордың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету нарығына қатысуы 2009 жылы 4 ҮЕҰ-дан 2018 жылы 177-ге дейін ұлғайды.

      Өмірде қиын жағдайдан шығу үшін жасалған жағдайлар мүгедектігі бар 748 баланы балалар интернат үйлерінен отбасына қайтаруға; мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған 867 ата-ананы жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.

      Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде 30 мыңнан астам жұмыскер, оның ішінде 10 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер еңбек етеді, олардың басым бөлігі – 79,8 %-ы үйде қызмет көрсету жүйесіне тиесілі.

      Әлеуметтік қызметкерлер денсаулық сақтау, білім беру жүйесінде, ішкі істер пенитенциарлық жүйесінде, жастар мекемелерінде, бос уақытты өткізу мекемелерінде және басқа да салаларда жұмыс істейді.

      Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары бекітілген, оларда білім деңгейін ескере отырып орындалатын жұмыстар үшін білімнің, машықтар мен дағдылардың қажетті көлемі айқындалған.

      2016 жылдан бастап азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді, оның шеңберінде әлеуметтік жұмыскерлердің жалақысы орта есеппен 35 %-ға арттырылды.

      Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту жүгінген әрбір адамның қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік қызмет көрсетудің барлық деңгейінде – стационарда, жартылай стационарда, уақытша болу ұйымдарында, үйдегі күтімде әлеуметтік жұмыстың жаңа сапасын болжайды.

      7-тарау. Қоғамдық сананы жаңғырту

      Мүгедектікке қатысты қоғамды толғандыратын аса маңызды мәселелерді анықтау және міндеттер саласын түсіну үшін бірқатар әлеуметтік сауалнамалар тұрақты негізде жүргізіледі.

      Қоғамдық пікірді зерттеу – мүгедектігі бар адамдардың тұрмыс сапасын жақсарту және құқықтарын қорғау бағдарламасы шеңберіндегі іс-шараларды жоспарлаудың маңызды факторларының бірі.

      Қоғамдық пікірді сұрау нәтижелері мүгедектігі бар адамдардың қоғамның толыққанды мүшесі ретіндегі бейнесін қалыптастыруға бағытталған ағартушылық қызмет іс-шараларын түзетуге және толықтыруға мүмкіндік береді.

      Қазіргі уақытта елде бұқаралық ақпарат өкілдерін (бұдан әрі – БАҚ) және басқа да заманауи ақпарат құралдарын тарта отырып, мүгедектігі бар адамдардың тұрмыс сапасы мәселелерін жария етуге бағытталған кең ауқымды ағартушылық қызмет жүргізілуде.

      Соңғы үш жылда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 100-ден астам республикалық және өңірлік БАҚ тартылды, олардың беттерінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын сақтау мәселелері және олардың жетістіктері бойынша 24 мыңнан астам электрондық және баспа материалдары жарияланды.

      "Хабар" республикалық арнасында "Сильные духом" тележобасы іске асырылды, ондағы сюжеттердің кейіпкерлері – беделді әрі айналасындағылардың құрметіне ие, өзінің достары мен жақындарына тірек болған мүгедектігі бар адамдар.

      Мүгедектік проблемасы бойынша қоғамның сауатын арттыруда маңызды рөл ҮЕҰ-ға тиесілі, мүгедектігі бар адамдардың еңбегін көтермелеу үшін бірқатар сыйлықтар мен номинациялар белгіленген, бұдан басқа Қазақстан Республикасының аумағында қайырымдылықты және әлеуметтік қызметті, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды қолдау үшін жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдар мен жеке тұлғалар үшін номинациялар белгіленген.

      Алайда мүгедектік, мүгедектігі бар адамдардың тұрмыс сапасы және олардың құқықтарын қорғау мәселелерінде қоғамның сауатын арттыруда деңгейі төмен екенін атап өту қажет. Жергілікті деңгейде жұмыс берушілер арасында мүгедектігі бар адамдарды кемсітуді жою бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жеткілікті түрде жүргізіледі.

      Бағдарламаларды, телебағдарламаларды, тәрбиелік-таныстыру сипатындағы бұқаралық іс-шараларды ілгерілетуді және санын көбейтуді жалғастыру қажет.

      Лезде таралатын ақпарат пен жаңа технологиялар ғасырында осы шара Қазақстан халқын қамтуды және осы мәселе бойынша оның сауатын арттыруға көмектеседі. БАҚ пен ақпаратты таратудың басқа да заманауи құралдарының көмегімен мүгедектігі бар адамдардың қоғам өмірінің түрлі салаларына қосқан үлесі мен әлеуетін насихаттау қажет, бұл да мүгедектігі бар адамның жағымды бейнесін қалыптастыруға әсер етеді.

      3-бөлім. Стратегиялық пайым: мақсаттар, міндеттер, табыстың сыни факторлары, нәтижелерді бағалау индикаторлары

      Ұлттық жоспардың мақсаты – мүгедектігі бар адамдардың тұрмысын жақсарту жолында жұмылдырылған барлық тараптың үйлестірілген іс-қимылдарының стратегиясын, құрамын және дәйектілігін тұжырымдау.

      Мыналар:

      1) мүгедектіктің профилактикасы және алдын алу;

      2) әлеуметтік оңалту және абилитация;

      3) кешенді қолжетімділік және кедергісіз орта;

      4) білімге қолжетімділік;

      5) мүгедектігі бар адамдардың экономикалық дербестігі және сапалы жұмыспен қамтылуы;

      6) әлеуметтік қызметтер;

      7) қоғамдық сананы жаңғырту негізгі бағыттар болып табылады.

      1-тарау. Ұлттық жоспарды іске асыру тәсілдері

      Қазақстан Республикасында ұлттық деңгейдегі стратегиялық міндеттерді іске асырудың табысты тәжірибесі негізінде, сондай-ақ халықаралық озық тәжірибеге сүйене отырып, қызметтің барлық бағыттары бойынша интеграцияланған тәсілді іске асыру шеңберінде ғана Ұлттық жоспардың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге болады.

      Ұлттық жоспарды іске асыру:

      1) мүгедектіктің профилактикасы бойынша нақты шаралар жүргізу жолымен бастапқы мүгедектікті төмендетуді;

      2) білімге қолжетімділікті және білім берудің барлық деңгейлерінде (мектепке дейінгі, жалпы орта, жоғары) ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға білім беру сапасын арттыруды;

      3) еңбек нарығында мүгедектігі бар адамдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және сапалы жұмыспен қамтуды;

      4) тыныс-тіршіліктің барлық салаларында толық кедергісіз орта құру жолымен әлеуметтенуді және қоғамға толық интеграциялануды;

      5) өмірде қиын жағдайда жүрген азаматтардың қажеттіліктерін саралауды ескере отырып, сапалы әлеуметтік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен атаулылығын;

      6) үздіксіз кәсіптік білім беру және біліктілікті бағалаудың тәуелсіз жүйесі негізінде кәсіби кадр құрамын қалыптастыруды;

      7) азаматтардың әлеуметтік мұқтаждықтарын ескере отырып, қызметтер көрсетудің сапалы нәтижесіне бағдарланған шығындарды басқару жүйесін енгізуді;

      8) әлеуметтік қызмет көрсетудің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы қажеттіліктер мен шығындарды тұрақты және жан-жақты талдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      2-тарау. Ұлттық жоспар қызметінің басым бағыттары

      1-параграф. Мүгедектіктің профилактикасы және алдын алу

      Елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында халық денсаулығын нығайту үшін шаралар қабылдануда. Сырқаттанушылықтың алдын алуда профилактикалық іс-шаралар ерекше рөл атқарады.

      Қазақстан халқының мүгедектік алу деңгейін төмендету мақсатында тиімді алдын алу, диагностика және ерте араласу жөнінде шаралар қабылданатын болады. Ол үшін:

      1) профилактика мақсатында сырқаттанушылық пен мүгедектікті (балалар мен ересектерде) ерте анықтау бойынша шараларды күшейту;

      2) мүгедектікті болдырмау үшін созылмалы ауруларды басқару бағдарламасын (бұдан әрі – АББ) кеңейту;

      3) ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында медициналық оңалту көмегі желісін кеңейту қажет.

      Көрсетілген шараларды іске асыру нәтижесінде мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады:

      жүргізілген скринингтік зерттеулердің жалпы санына қатысты ауруды ерте диагностика (скрининг) кезінде анықтау;

      2025 жылға қарай 10,0 мың тұрғынға шаққанда алғашқы мүгедектіктің қарқынды көрсеткішіне қол жеткізу – 28 %;

      пациенттерді АББ-мен 100 % қамтуға қол жеткізу;

      жаңа стандарттар бойынша аккредиттеуден өткен оңалту орталықтары – 100 %.

      Мүгедектігі жоқ, табысы төмен егде жастағы адамдарды ассистивті құралдармен (есту аппараттарымен, кресло-арбалармен, жүріс арбаларымен, балдақтармен, коммуникацияның көмекші құралдарымен, протездермен, таблеткаларға арналған органайзерлермен, еске салу құралдарымен және басқа да құралдармен) оларды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне қосу жолымен қамтамасыз ету ұсынылады.

      Ассистивті құралдар егде жастағы адамдардың функционалдық мүмкіндіктерін бұрынғы деңгейде ұстап тұруға немесе арттыруға, сол арқылы олардың әл-ауқатына ықпал етуге арналған.

      Жалпы мүгедектіктің нозологиялық құрылымында психикасы бұзылған және мінез-құлқы бұзылған мүгедектігі бар адамдар басым.

      АББ – бұл денсаулық сақтау шығындарын азайтуға және интеграцияланған көмек арқылы аурудың салдарын болғызбау немесе азайту жолымен созылмалы аурулары бар адамдардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бағдарлама. АББ үйлестірілген медициналық араласулар мен коммуникацияларды қамтиды және жекелеген адамдарға басқа медициналық қызмет көрсетушілермен бірге өз ауруын басқаруға және асқынуларды болғызбауға мүмкіндік береді.

      АББ-ны енгізу жұқпалы емес созылмалы аурулардың алдын алу және олармен күрес мәселелерінде, пациенттердің өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін арттыруда, медициналық персоналдың өзара іс-қимылын жақсартуда және ықтимал асқынуларды немесе жай-күйдің ауырлауын болғызбауға бағытталған қолда бар барлық ресурсты пайдалануда елеулі өзгерістер қажеттігінен туындады.

      Жүргізіліп жатқан медициналық оңалту қазіргі уақытқа дейін мүгедектіктің алдын алу және оның профилактикасының өзара байланысы белгіленбегенін көрсетеді. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, медициналық оңалту бойынша жоспарланған көрсеткіштер 84 %-ға орындалуда, бұл белгілі бір дәрежеде аудандық (қалалық) ауруханалар жанындағы медициналық оңалтудың стационарлық, амбулаториялық-емханалық бөлімшелер, мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталықтары санының жеткіліксіз болуына байланысты.

      Оңалту іс-шаралары тиімділігінің төмен болуы ересектер арасында (9,8 %) да, балалар арасында (0,7 %) да ішінара оңалту көрсеткіштерінен көрінеді.

      Осыған байланысты амбулаториялық-емханалық медициналық ұйымдардың базасында қажеттілігі ерекше (тірек-қимыл аппараты бұзылған және т.б.) балаларды оңалту кабинеттерін ашу жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.

      Сонымен қатар дәрі-дәрмекпен емдеуді қоспағанда, ауылдық амбулаториялар базасында қажеттілігі ерекше балалар үшін оңалту спектрінің қызметтерін (физиотерапиялық көрсетілетін қызметтер, массаж және т.б.) көрсетудің маңызы зор.

      Мүгедектікті анықтау мен белгілеу тәсілдерін қайта қарау мәселесі және мүгедектігі бар адамдарды оңалту мен қолдаудың неғұрлым кешенді тәсілін қамтамасыз ету үшін мүгедектігі бар адамдарды оңалту мен қолдаудың барынша кешенді тәсілін қамтамасыз ету үшін Тыныс-тіршілік пен денсаулықтың қызмет етуінің, шектелуінің халықаралық сыныптауышының (сақтандыру элементтерін енгізу, білім беру, жұмысқа орналастыру) терминологиясын біртіндеп қатар пайдалану мүмкіндігі қаралуда.

      Сурдопедагогтердің жетіспеушілігі байқалады. Мысалы, жұмыс істеп тұрған 40 сурдологиялық кабинеттің (19 балалар, 12 ересектер және 9 аралас кабинет) 13 кабинетінде (32,5 %) ғана өздеріне жіберілген пациенттерді тереңдетілген аудиологиялық тексеруге және есту-сөйлеуін оңалтуға қатысатын сурдопедагогтер бар.

      2-параграф. Әлеуметтік оңалту және абилитация

      Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту мен абилитациялаудың кешенді тәсілін іске асыру оларды қоғамға толыққанды интеграциялау үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді, ол мыналарды қамтиды:

      1) қажеттілік түрлері бойынша әлеуметтік оңалту стандарттарын әзірлеу және енгізу (тіршілік әрекетінің шектелу түрлеріне байланысты);

      2) жеке қажеттіліктер негізінде ОТҚ-мен және әлеуметтік оңалту қызметтерімен қамтамасыз етудің кешенді тәсілін іске асыру;

      3) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын енгізу арқылы ОТҚ таңдау құқығын және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету;

      4) әлеуметтік оңалту орталықтарының инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын дамыту.

      Әлеуметтік оңалту және абилитациялау тиімділігінің нысаналы индикаторлары:

      оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ОТҚ-мен қамтамасыз етілу;

      мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің толық спектірін ұсыну.

      Әлеуметтік оңалту негізінде қажеттілігі ерекше адамдардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру, олардың тіршілік әрекетінің барлық аспектілеріне толық тартылуын қамтамасыз ету және қосу жатыр. Бұл міндетке елдегі әртүрлі ұйымдар мен мекемелер кешенді оңалту мен абилитациялық қызметтер көрсеткен кезде ғана қол жеткізуге болады. Мемлекет тарапынан әлеуметтік оңалту мен абилитациялау стандарттарын әзірлеу және енгізу осындай қажеттілік туындауы ықтимал барлық адамдар үшін осы қызметтерді көрсетудің тең-жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Әлеуметтік оңалту және абилитациялау стандарттары қажеттілік түрлерін, нозологиялардың формаларын, адамдардың жынысы мен жасын ескере отырып әзірленетін болады, бұл мынадай маңызды бағыттардың бірыңғай тәсілдерін бекітуге мүмкіндік береді:

      жеке қажеттіліктер негізінде әлеуметтік оңалтудың техникалық құралдары мен көрсетілетін қызметтерін қамтамасыз етудің кешенді тәсілін іске асыру;

      әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын енгізу арқылы ОТҚ таңдау құқығын қамтамасыз ету;

      әлеуметтік оңалту орталықтарының инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын дамыту.

      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) бойынша мүгедектігі бар адамдарды ОТҚ-мен мемлекеттік бюджет есебінен қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өнім берушіні таңдаудың негізгі өлшемшарттары ең төмен шартты баға ұсынысы болып табылады, бұл сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер ететіні сөзсіз.

      ОТҚ сапасы көп жағдайда мүгедектігі бар адамның тұрмыс сапасына ықпал етеді. Сондықтан мүгедектігі бар адамдардың жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне барынша толық сай келетін ОТҚ таңдау құқығын бекіту және қамтамасыз ету маңызды.

      Қаржыландырудың жеткіліксіздігі, мемлекеттік сатып алудың уақтылы өткізілмеуі, ОТҚ төмен сапасының лайықты болмауы ОТҚ ұсыну жүйесінің негізгі кемшіліктері болып табылады.

      Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алушылар мен өнім берушілердің тікелей өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы енгізілетін болады. Бұл бірыңғай цифрлық алаңда мүгедектігі бар адамдарға жеке қажеттіліктерін ескере отырып, көрсетілетін қызметтер мен оңалту құралдарын өз бетінше таңдау мүмкіндігі берілетін болады.

      Бұдан басқа, мүгедектік белгіленгеннен кейінгі бірінші айда оңалту орталықтары базасында ОТҚ-ны пайдалануға оқыту бағдарламасын әзірлеу және қабылдау көзделеді. Оқыту жеке сабақтарды, бейнероликтер көрсетуді, инструктормен, топта (мүмкіндігінше), содан соң өз бетінше жаттығулар орындауды қамтиды. Практика көрсеткендей, бұл іс-шаралар кешені мүгедектігі бар адамдардың одан әрі әлеуметтік бейімделуінің жылдамдығы мен сапасына тікелей әсер етеді.

      3-параграф. Кешенді қолжетімділік және кедергісіз орта

      Әлеуметтік интеграция және мүгедектігі бар адамдардың тәуелсіз өмір салты, тұратын жерінен қызмет көрсету орнына дейін инфрақұрылымның толық қолжетімділігін қамтамасыз ету:

      1) көрсетілетін қызметтер мен объектілерге қолжетімділіктің ұлттық салааралық стандарттарын әзірлеу;

      2) сертификаттау және мониторинг жүйесі негізінде көрсетілетін қызметтер мен объектілерге қолжетімділік сапасын бақылау, қолжетімділіктің ұлттық стандарттарын сақтау;

      3) мүгедектігі бар азаматтар үшін коммуникациялық кедергілерді жоюға ықпал ететін қолжетімді ақпараттық инфрақұрылым құру жолымен жүзеге асырылуға тиіс.

      Кешенді қолжетімділік пен кедергісіз орта құру бойынша қойылған міндеттерге қол жеткізудің нысаналы индикаторлары:

      әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым ұйымдары қызметтерінің қолжетімділігі;

      қоғамдық көлік бағыттарының қолжетімділігі;

      мүгедектігі бар адамдардың қолжетімді ортаға құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін сарапшыларды аккредиттеу;

      мүгедектігі бар адамдар және халықтың жүріп-тұруы шектелген басқа да топтары үшін басым әлеуметтік маңызы бар объектілердің қолжетімділігі.

      Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектелген басқа да топтары үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету бойынша қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, жергілікті жерлерде мүгедектігі бар адамдардың қазір бар және салынып жатқан тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қол жеткізуі жөніндегі іс-шаралар толық көлемде іске асырылмайды.

      Есту қабілеті бұзылған адамдар мен көру қабілеті бұзылған адамдар үшін халыққа қызмет көрсететін барлық ұйымдарда объектілер мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мәселелері жеткілікті деңгейде реттелмеген.

      Мүгедектігі бар адамдарға немесе құрамында мүгедектігі бар адамдар бар отбасыларға берілетін тұрғын үй-жайларды арнайы жүріп-тұру құралдарымен және арнайы құрылғылармен жабдықтау жөніндегі норма іс жүзінде іске асырылмайды.

      Мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін объектілер: дүкендер, дәріханалар, сауда орталықтары, базарлар, кинотеатрлар, музейлер, тамақтандыру объектілері және т.б. қолжетімділікті бағалаумен қамтылмаған.

      Ақпараттық қолжетімділік құралдары, олардың түрлері мен типтері, олардың мақсаты, дұрыс пайдаланылуы туралы білім жоқ. Қоғам "қолжетімді орта" терминін пандустың болуы, ал ол болмаған кезде шақыру кнопкасының болуы деп түсінеді.

      Әлеуметтік маңызы бар объектілерде стендтерде, оның ішінде көру қабілеті бұзылған адамдарға қолжетімді және Брайль қарпі қолданылмайтын ақпаратты орналастыру қажет. Халыққа қызмет көрсетумен айналысатын барлық ұйымда онлайн-сурдоаударма технологиясы енгізілетін болады.

      Қалалық жерлерде де, ауылдық жерлерде де (әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілері, сондай-ақ мәдениет, бос уақытты өткізу және спорт объектілері) әлеуметтік, мәдени және қоғамдық маңызы бар қызметтерге қол жеткізу үшін кедергілерді жою бойынша шаралар қабылдау қажет.

      Жалпы қолжетімділік мониторингі, оны бақылау қалалық және әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімділікке халықтың жүріп-тұруы шектелген топтарының құқықтарын қорғаудың, әлеуметтік инфрақұрылым ұйымдарының, сондай-ақ жұмыс нәтижелері үшін атқарушы билік органдарының жауапкершілік деңгейін арттырудың, алынған міндеттемелер мен олардың орындалуы туралы халықтың хабардар болуының негізгі құралдарының бірі болып табылады.

      Сертификаттау тетіктері мен құралдарын, объектілер мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділік шарттарын пайдалана отырып, қолжетімділікті мониторингтеу мен бақылаудың ұлттық жүйесін дамыту мүгедектігі бар адамдардың көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікке құқықтарын қорғауға және бақылау функцияларын орындауға қоғамдық ұйымдардың сарапшыларын тартуға ғана емес, сондай-ақ мониторинг, бағалау, бақылау функцияларын орындауға сертификаттау жөніндегі құзыретті органдарды тартуға мүмкіндік береді.

      4-параграф. Білім берудің қолжетімділігі

      Балалар мен ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға білім беру жүйесінің негізгі басым бағыттары мыналар болып табылады:

      1) білім берудің барлық деңгейлерінде (мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік-техникалық, жоғары) ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      2) ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жұмыс бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру;

      3) оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды әзірлеу және білім беру процесіне қатысушыларды қамтамасыз ету.

      Білім беруге қолжетімділіктің нысаналы индикаторлары:

      ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың жалпы санынан инклюзивті білім беруге қосылған балалардың үлесі;

      ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін жағдай жасаған мектептер мен балабақшалардың үлесі;

      ерекше білім беруге қажеттілігі бар студенттер үшін тең жағдай және кедергісіз қолжетімділік жасаған техникалық және кәсіптік білім беретін (бұдан әрі – ТжКБ) оқу орындарының үлесі;

      ерекше білім беруге қажеттілігі бар студенттер үшін жағдай жасаған жоғары оқу орындарының үлесі.

      2020 жылға қарай ерекше білім беруге қажеттілігі бар студенттер үшін тең жағдай және кедергісіз қолжетімділік жасаған ТжКБ оқу орындарының үлесі 40 %-ды құрайды.

      Ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдар үшін ТжКБ жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ТжКБ мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышында 70 мамандық бойынша кадрлар даярлау көзделген.

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдарға колледждерге түсетін кезде жағдай жасау (жеке аудитория, пән мұғалімі болып табылмайтын көмекші және (немесе) мүгедектігі бар балалар мен есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілін меңгерген маман беру) бөлігінде толықтырулар енгізу талап етіледі.

      5-параграф. Экономикалық дербестік және сапалы жұмыспен қамту

      Мүгедектігі бар адамдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кәсіптік бағалау мен кәсіптік бағдарын тестілеуден міндетті өтуді қоса отырып, Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқыту және кәсіптік даярлау көзделеді.

      1. Оқытудың және қайта оқытудың жеке тәсілін әзірлеу жолымен мүгедектігі бар адамдардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

      2. Жұмысқа орналастыру кезінде мүгедектігі бар адамдарды сүйемелдеу институттарын енгізе отырып, жұмысқа орналасуға сапалы қолдау көрсету.

      3. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс берушілерді ынталандырудың қосымша және балама шараларын енгізу.

      Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту жетістіктерінің нысаналы индикаторлары:

      еңбекке жарамды жастағы мүгедектігі бар адамдардың жалпы санынан жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдардың санын ұлғайту;

      мемлекеттік мекемелердегі (ұлттық және жергілікті заң шығару органдарында, мемлекеттік қызметте және сот органдарында) мүгедектігі бар адамдар атқаратын лауазымдар пайызын арттыру;

      мүгедектігі бар оқушыларды оқыту үшін соңғы 12 айда жұмыстан қол үзбей оқудан өткен, жұмыс істеп жүрген мұғалімдердің санын арттыруға қол жеткізу болады.

      Жергілікті атқарушы органдар жұмыс орындары құрылатын ұйымдарда жұмысқа орналастырылатын мүгедектігі бар адамдар үшін инфрақұрылымды бейімдеу шығындарын қаржыландыруды жергілікті бюджет қаражаты есебінен толық көлемде қамтамасыз етпейді (пандустар, есік ойықтары, санитариялық тораптар, аудио- және тактильдік сілтегіштер, мүгедектігі бар адамдарға іште және сыртта бағдар беретін басқа да құрылғылар).

      Бос орындарға және квота бойынша жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, өз ісін ашуға микрокредит алу еңбек нарығында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің негізгі шаралары болып табылады.

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар мүгедектігі бар түлектердің жалпы орта, кәсіптік және техникалық, жоғары білім алғаннан кейінгі жұмыспен қамтылуы туралы мәліметтерді қалыптастыруы қажет, бұл енгізілген инклюзивті білім берудің табыстылығын және мүгедектігі бар адамдардың ашық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілік деңгейін талдауға мүмкіндік береді.

      Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша тәжірибе бар, ол әлі де елдің облыстары мен аудандарында кеңінен таралған жоқ. Әлеуметтік кәсіпкерліктің өз ерекшеліктері, әдістері бар екенін ескерсек, оларды қолда бар практикалық тәжірибені есепке ала отырып, халықтың өзге де әлеуметтік осал топтарына да тарату қажет.

      Сонымен қатар елімізде кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын институт құрылды.

      Осыған байланысты мүгедектігі бар адамдар үшін ұсынылатын барлық шараларды бизнес-қоғамдастықпен талқылауды жүргізген жөн, бұл орын алып отырған проблемаларды жою үшін қабылданатын шаралардың тиімділігін арттырады.

      "Жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңында лайықты жұмыс іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары; әлеуметтік-кәсіптік бағдарлау бойынша көрсетілетін қызметтер көзделген.

      Мүгедектігі бар адамдар үшін кәсіп таңдау кезінде ОЖБ-да қамтылған ұсынымдар және осы кәсіп бойынша кәсіптің мүгедектігі бар адамдарға қоятын талаптарын ашатын кәсіптік-графикалық деректер ескеріледі. Аталған мәліметтерді жұмыспен қамту орталықтарының жұмыскерлері әрдайым ала алмайды.

      Жаңа бастамалар шеңберінде мүгедектігі бар адамдардың еңбек ету мүмкіндіктерін диагностикалау және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мамандық таңдау әдістері енгізілетін болады.

      Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құру және жұмыс берушілерді ынталандыру жөніндегі шараларды жетілдіру тұрақты негізде жүргізілетін болады. Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын құруға, дотациялық жұмыс орындарын құруға арналған квотаны сақтайтын жұмыс берушілер үшін ынталандыру үстемақылары, жұмыс көлемін 50 %-дан астам немесе 100 % мүгедектігі бар адамдар еңбек ететін қоғамдық бірлестіктерге беру қаралатын болады.

      Қазақстанның еңбек нарығында құрылатын негізгі жұмыс орындары мүгедектігі бар адамдардың үш тобына – есту қабілеті бұзылған, көру қабілеті бұзылған және кресло-арбамен жүріп-тұратын адамдарға қатысты.

      6-параграф. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

      Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту әлеуметтік қызметтердің тиімді өзара іс-қимылы және әлеуметтік қызметтер көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу есебінен жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында:

      1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жан басына қаржыландыру нормативтері әдістемесін қолдану жолымен сапалы әлеуметтік қызмет көрсетуге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      2) атаулылықты және тең қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік қызмет көрсету нысандарын жаңғырту, сондай-ақ әлеуметтік жұмыскерлердің мәртебесі мен әлеуетін арттыру талап етіледі.

      Әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушылардың көрсетілетін жұмыскердің сапасына қанағаттануы үшін мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізу қажет:

      үздіксіз білім беру және сертификаттау жүйесі арқылы әлеуметтік жұмыскерлерді кәсібилендіру;

      мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік емес сектор көрсететін әлеуметтік қызметтердің тізбесін кеңейту;

      арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу.

      Қазіргі уақытта әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының 71 %-ы ірі қалалар мен аудан орталықтарында орналасқан. Сонымен қатар қызмет көрсетілетін мүгедектігі бар адамдардың 48,7 %-ы үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері басым ауылдық жерлерде тұрады. Осыған байланысты жүйенің институционалдық базасын одан әрі кеңейтуге, көрсетілетін қызметтерді алушыларды олардың жеке мүмкіндіктеріне байланысты санаттауға және көрсетілетін қызметтердің атаулылығын күшейтуге бағытталған шараларды қабылдау межеленген.

      Әлеуметтік жұмыскерлер біліктілігінің төмен болуы проблема болып қалып отыр. Арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс ақылы негізде ұсынылатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тиісінше дамымаған.

      Министрлік 2018 – 2019 жылдары әлеуметтік қызметтер көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асырды.

      Бастапқы кезеңде әлеуметтік көрсетілетін қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетудің интеграцияланған моделі Шығыс Қазақстан облысында сынақтан өтті.

      Арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің интеграцияланған моделін енгізу және сапасын мониторингтеу бойынша ведомствоаралық комиссиялар мен отбасылармен тікелей жұмыс істеген мамандардың ведомствоаралық командалары құрылды.

      Білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, құқық қорғау органдары саласында 103 маманды оқыту қамтамасыз етілді, өмірде қиын жағдайға тап болған адамдардың жекелеген санаттарымен жұмыс істеу кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру бойынша, арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер мен көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу шеңберінде әдістемелік басшылық әзірленді.

      Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында және Өскемен қаласында жүргізілген жұмыс барысында 54 отбасына қажеттілікті бағалау парақтары жасалды. Ведомствоаралық жұмыс топтарының бағалау қорытындысы бойынша 30 отбасы есепке алынып, оларға 68-ге жуық қызмет көрсетілді.

      Жергілікті бюджеттер қаражаты мен тартылған қаражат есебінен жалпы сомасы 1,7 млн теңгеге көмек көрсетілді.

      Көрсетілген қызметтер отбасыларға өмірдегі қиын жағдайдан шығуға немесе жағдайын біршама жақсартуға мүмкіндік берді.

      2018 жылғы желтоқсанда және 2019 жылғы ақпанда пилоттық жобаға тағы 10 өңір қосылды.

      Пилот қорытындысы бойынша білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау жүйелерінің және басқа да салалардың әлеуметтік жұмыскерлерінің қызметін үйлестіру тетігі әзірленетін болады, бұл мұқтаж азаматтарға "бір терезе" қағидаты бойынша әлеуметтік қызметтер көрсетуге және барлық өңірлерде әлеуметтік қызметтер көрсетудің интеграцияланған моделін жаппай енгізуге мүмкіндік береді.

      Арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді жан басына қаржыландыру нормативтері енгізілетін болады. Халықаралық және отандық тәжірибені ескере отырып, тарифтер мемлекет кепілдік берген әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша белгіленетін болады. Жалпы бейіндегі көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай тарифтер белгіленді; кешенді көрсетілетін қызметтер бойынша аралас тарифтерді қалыптастыру мүмкіндігі зерделенуде.

      Жүйені ақпараттандыру және көрсетілетін қызметтерді алушылардың электрондық жеке карталарын (әлеуметтік қызметтер көрсету тарихы) енгізу негізінде кезең-кезеңімен әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру шығыстарының мониторингтеу жүйесі іске асырылатын болады. Бұл нақты шығындар негізінде тарифтік саясаттың ашықтығы мен тиімділігін едәуір арттырады.

      Әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және жаңа технологияларды енгізуді ынталандыру үшін көрсетілетін қызметтер тарифтеріне негізгі құралдарды жаңартуға арналған шығыстар кезең-кезеңімен енгізілетін болады.

      Отбасы, мемлекет, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер мен қайырымдылық ұйымдары, басқа да коммерциялық емес ұйымдар, коммерциялық сектор әріптестігі технологияларын енгізе отырып, негізінен ауылдық елді мекендерде әлеуметтік қызмет көрсетілетін көп бейінді шағын үйлер құрылатын болады.

      Әлеуметтік қызмет көрсететін шағын үйлердің типтерін және оларда кешенді және мамандандырылған қызметтер көрсету шарттарын жергілікті атқарушы органдар қызмет көрсетілетін азаматтардың санаттарына және олардың жеке қажеттіліктеріне қарай айқындайтын болады.

      Жұмыс беруші есебінен үздіксіз мансаптық және кәсіби өсуді қамтамасыз ету мақсатында оқуға мүмкіндік берілетін болады.

      Әлеуметтік жұмыскерлердің біліктілігі, олар көрсететін қызметтердің түрлері, оларды ұсыну деңгейі және жұмыс нәтижелері туралы қажетті ақпаратпен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі қызметкерлер санының бірыңғай базасы ("Кадрлар" ААЖ) құрылатын болады. Базаға қызметтердің барлық тұтынушылары қол жеткізе алады, бұл оларға әлеуметтік жұмыскерлерді таңдау құқығын пайдалануға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жұмыскерлер қызметінің айқындығынан басқа бұл адал бәсеке тудырып, олардың еңбегіне ақы төлеуге де әсер етеді.

      "Бір плюс екі" моделі қалыптастырылатын болады – бір әлеуметтік жұмыскерге 2 волонтер көмектеседі. Әлеуметтік қызметтер мен волонтерлік ұйымдар жұмыскерлерінің тығыз өзара іс-қимылы әлеуметтік жұмыскер кәсібінің мәртебесі мен беделін көтеруге мүмкіндік береді.

      Қазіргі практика көрсетіп отырғандай, әлеуметтік қолдау көрсетудегі құрамдас бөлік отбасының/мүгедектігі бар адамның өмірдегі қиын жағдайдан шығу проблемасын толық көлемде шешуге мүмкіндік бермейді.

      Көрсетілетін қызметтердің интеграцияланған моделінің тетігі әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент (кейс-менеджер) пен құрамында мүгедектігі бар адамдар және мұқтаж азаматтардың басқа да санаттары бар отбасы арасында сенімді өзара қарым-қатынас орнатуға негізделетін болады.

      Кейс-менеджер отбасыдағы өмірдің қиын жағдайын кешенді бағалап, оның алдағы теріс салдарының профилактикасы мен алдын алуға баса назар аудара отырып, осы жағдайдан шығу жолдарын табады.

      Бұған қоса коммуникация көздері мен тетіктерінің алуан түрлілігі, өнім берушілер арасында үйлестірудің болмауы мүгедектігі бар адамдарға өздері үшін қолжетімді қызметтердің алуан түрлілігі туралы толық көлемдегі хабардар болуға көбінесе мүмкіндік бермейді.

      Әлеуметтік қызмет көрсету жүйелерін қаржыландыру әдісінің негізінде әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алудың жеке тәсілі, мүгедектігі бар адамның тіршілік ету қажеттіліктерін есепке алу және қызмет алудың неғұрлым қолайлы түрін (үйде, күндігі стационарда, стационарлық мекемеде) таңдауды қамтамасыз ететін қаржыландыру схемалары арқылы қызметтер көрсету жатады. Көрсетілетін қызметтерді жеке жоспарлау әлеуметтік қамсыздандыру қызметтеріне мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне неғұрлым дәл сәйкес болуға көмектеседі және соның нәтижесінде бюджет қаражаты сметалық (баптар бойынша) бюджеттік қаржыландырудың қолданыстағы әдістерімен салыстырғанда неғұрлым ұтымды жұмсалатын болады.

      2009 жылы қабылданған "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы "әлеуметтік қызметкерді" дербес мамандық ретінде заңнамалық түрде бекітті.

      Бүгінгі күні әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде 10 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер еңбек етуде, олардың басым бөлігі – 79,8 %-ы үйде қызмет көрсету жүйесіне тиесілі. Статистикалық тұрғыдан алғанда, республикада бір әлеуметтік қызметкерге орта есеппен алғанда мүгедектігі бар 60 адамнан келеді (мүгедектігі бар адамдардың жалпы саны – 608 мың адам деп есептегенде).

      Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту әлеуметтік қызметтер көрсетудің барлық деңгейлерінде – стационарда, жартылай стационарда, уақытша болу ұйымдарында, үйдегі күтімде әрбір жүгінген адамның қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік жұмыстың жаңа сапасын болжайды. Әлеуметтік қызметкер өз саласында білікті, заманауи құралдарды меңгерген, сапалы заманауи оқыту әдістері бойынша оқыған білікті маман болуға тиіс. Бұл ретте әлеуметтік қызметкер – бұл жанашырлық, көшбасшылық және іске берілгендік сияқты адами қасиеттері дамыған кәсіпқой маман.

      7-параграф. Қоғамдық сананы жаңғырту

      Қоғамның мүгедектігі бар адамдардың проблемаларына деген көзқарасын өзгерту мақсатында мынадай шараларды қамтитын қоғамдық санамен жұмыс жөніндегі кешенді стратегияны іске асыру қажет:

      1) бірқатар негізгі дефинициялар мен ұғымдарды қайта қарау және бекіту;

      2) мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді басқарудың бірыңғай институтын құру.

      Көрсетілген шараларды іске асырудың нысаналы индикаторлары:

      мәдениет, телерадио хабарларын тарату объектілерін және интернет-сайттарды есту және көру қабілеті бұзылған адамдар үшін қазіргі заманғы қолжетімділік құралдарымен жабдықтау;

      есту және көру қабілеті бұзылған адамдар үшін мемлекеттік ұйымдарда қолжетімді ақпараттық стендтер әзірлеу;

      БАҚ-та мүгедектік проблематикасы бойынша түсіндіру сипатындағы жарияланымдарды енгізу;

      сурдоаудармамен немесе титрі бар жүгіртпе таспамен сүйемелденетін республикалық және өңірлік телевизия арналары бағдарламаларының санын ұлғайту.

      Қоғамдық санамен кешенді жұмыс шеңберінде 2025 жылға қарай республикалық телевизияда сурдоаудармамен немесе титрі бар жүгіртпе таспамен сүйемелденетін бағдарламалар шығару, халықты мүгедектік мәселелері туралы хабардар ету және әлеуметтегі қоғамдық стигматизацияны төмендету мақсатында әлеуметтік роликтерді орналастыру үшін мемлекеттік тапсырысты кеңейту жоспарлануда. Осы роликтер шеңберінде жұртшылықты әртүрлі мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасауға оқыту және хабардар ету жүргізіледі.

      Барлық әлеуметтік факультеттерде ымдау тілін оқыту курстарын енгізу, оның ішінде қызметтер көрсету секторына жұмысқа қабылдау кезінде қарым-қатынастың ымдау тілін білуді міндетті өлшемшарт ретінде енгізу мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша шараларды іске асыруға мүмкіндік береді.

      Бұл ретте ымдау тілін мемлекеттік тілге көшіру және компьютерлер мен оқығыш машиналар, ұялы телефондар үшін қазақ тілін электрондық синтездеу бағдарламасын әзірлеу мәселелерін қарау қажет.

      Мүгедектікпен байланысты әлеуметтік стигма мүгедектігі бар адамдарға өз әлеуетін толық ашуға кедергі жасайтын және білім беру, жұмысқа орналастыру сияқты салалардағы нәтижелер мен қазақстандық қоғам өмірінің барлық салаларына қатысу тұрғысынан теңсіздікті күшейтетін негізгі кедергілердің бірі болып қалып отыр.

      Бұл міндетті шешу үшін білім беру жүйесінің барлық деңгейінде, оның ішінде барлық балаларда сәби кезінен бастап мүгедектігі бар адамдардың құқықтарына, сонымен қатар қоғамның басқа да мүшелеріне құрметпен қарауға тәрбиелеуді енгізу ұсынылады.

      Бұл шара мүгедектігі бар адамның бейнесін қоғамның толық құқылы және тең дәрежелі мүшесі ретінде дамытуға көмектеседі. Адам құқықтарына негізделген тәсілді мүгедектікке қолдану мәселелерінде жұртшылықты хабардар етуді және жаппай ағартуды арттыру жөніндегі кең ауқымды әрі атаулы науқандарды ұйымдастыру жөніндегі күш-жігерді жандандыру және жұмысты жалғастыру қажет.

      Жоғарыда аталған шараларды іске асыру алдымен стереотиптер мен ақылға сыймайтын ескі нанымдарды барынша азайтуды, ал кейіннен толық жоюды, әлеуметтік стигматизация мен кемсітуді жоюды қамтамасыз етеді, мүгедектігі бар адамдарға қатысты қоғамдық сананың табысты жаңғыруына алып келеді.

  Қазақстан Республикасында
мүгедектігі бар адамдардың
тұрмыс сапасын жақсарту
және құқықтарын қамтамасыз
ету жөніндегі 2025 жылға
дейінгі ұлттық жоспарға
қосымша

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың тұрмыс сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары

Р/с №

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Болжамды шығыстар (мың теңге)

Қаржыландыру көзі

Нысаналы индикатор

1

2

3

4

5

6

7

8

1. Мүгедектіктің профилактикасы және оның алдын алу

1

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедек адамдардың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама әзірлеу

Тұжырымдама жобасы

Еңбекмині, ДСМ, БҒМ, ИИДМ, МСМ, ЦДИАӨМ, АҚДМ, ІІМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



2

Мүгедектікке әкелетін туа біткен даму кемістіктерін және тұқым қуалайтын ауруларды анықтау үшін балаларды ерте скринингпен:
1) ерте анықтау және емдеу мақсатында жаңа туған балаларда фенилкетонурия мен туа біткен гипотиреозды диагностикалау үшін неонатальды скринингпен;
2) ретинопатияны анықтау үшін шала туған нәрестелерді офтальмологиялық скринингпен;
3) жаңа туған балалар мен сәби жастағы балаларды аудиологиялық скринингпен (үш жасқа дейін);
4) психикалық-физикалық дамуында артта қалу қаупі бар балалар тобын анықтау мақсатында үш жасқа дейінгі балаларды психофизикалық дамуы скринингімен қамтуды мониторингтеу

Еңбекминіне ақпарат

ДСМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді


қамту үлесі
2019 - 88%
2020 - 89%
2021 - 90%
2022 - 91%
2023 - 92%
2024 - 93%

3

Пациенттерді Созылмалы ауруларды басқару бағдарламасына тарту: пациенттерді өзіндік менеджментке оқыту

оқыту графигі

ДСМ, ЖАО

жыл сайын

көзделген қаражат шегінде

067 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

қатысқандардың үлесі
2019 - 30%
2020 - 32%
2021 - 34%
2022 - 36%
2023 - 38%
2024 - 40%

4

Барлық 3 кезеңде (амбулаториялық, стационарлық, санаторий-курорттық) оңалту көмегінің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету

Еңбекминіне ақпарат

ДСМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді


көрсетілген көмектің үлесі
2019 - 20%
2020 - 30%
2021 - 35%
2022- 40%
2023 - 45%
2024 - 50%

5

"Жүктілікті жасанды түрде үзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 30 қазандағы № 626 бұйрығына әйелдердің репродуктивтік денсаулығын сақтау бөлігінде өзгерістер енгізу

бұйрық

ДСМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



6

Диагностика және емдеу хаттамаларын, оның ішінде психикалық ауытқулар бойынша жетілдіру

Еңбекминіне ақпарат

ДСМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



7

Санаторий-курорттық емдеу қажет аурулар мен денсаулықтың ауытқу тізбесін және санаторий-курорттық емдеуді ұсыну тәртібін әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Еңбекминіне ақпарат

ДСМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



8

Медициналық оңалту мәселелері бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілетін адамдарға психологиялық консультация жүргізу

Еңбекминіне ақпарат

ДСМ, ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді


Үлесі
2022 - 50%
2023- 55%
2024- 60%

2. Білім берудің қолжетімділігі

9

Білім беру ұйымдарында инклюзивті мәдениетті қалыптастыру жөнінде ұсынымдар дайындау

әдістемелік ұсынымдар

БҒМ, Еңбекмині, ЖАО

2019 жыл

талап етілмейді



10

Арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік оқу жоспарларына ымдау тілі пәнін енгізу бойынша мәселелерді пысықтау

Еңбекминіне ақпарат

БҒМ, ДСМ, ЖАО

2019 жыл

талап етілмейді



11

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды кәсіптік бағдарлау мәселелері бойынша отбасының, мектептің өзара іс-қимылын ұйымдастыру

ұсынымдар

БҒМ, ДСМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



12

Ауытқу дәрежесіне қарай ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін үлгілік оқу бағдармаларын әзірлеу

бұйрық

БҒМ, ДСМ, Еңбекмині

2020 жыл

көзделген қаражат шегінде

099 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде


13

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды жаңартылған бағдарлама бойынша оқулықтармен қамтамасыз ету (ірі қаріппен және Брайль қарпімен зияткерлік бұзушылықтары бар балаларға)

Еңбекминіне ақпарат

БҒМ

2019 – 2021 жылдар

көзделген қаражат шегінде

099 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде


14

Жалпы білім беретін мектепте оқыту процесінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жөнінде ұсыныстар енгізу

Еңбекминіне ұсыныс

БҒМ, ДСМ, Еңбекмині, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



15

Өңірлер бөлінісінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар саны бойынша статистикалық деректерді қалыптастыру

статистикалық деректер

БҒМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді



16

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға білім беруді іске асыратын, оның ішінде танылған халықаралық практикаларды енгізуді ескере отырып, жалпы білім беру ұйымдарының базасында инклюзивті білім беру ресурстық орталықтар жүйесін кеңейтуді мониторингтеу

Еңбекминіне ақпарат

БҒМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді



17

Техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін оқу орындарында мүгедектігі бар адамдарды оқытуға арналған квотаның орындалуын мониторингтеу

Еңбекминіне ақпарат

БҒМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді



18

Арнайы білім беру қызметтерін көрсететін білім беру ұйымдарының жүйесін кеңейтуді мониторингтеу

Еңбекминіне ақпарат

БҒМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді



19

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдарды (балаларды) (мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында) оқыту үшін жағдай жасалуын мониторингтеу

Еңбекминіне ақпарат

БҒМ, ЖАО

2019 – 2023 жылдар

талап етілмейді



20

Үлгілік оқу жоспарлары мен техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары негізінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдарға жеке жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу жөнінде әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

БҒМ, ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



21

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға білім беру процесін материалдық-техникалық сүйемелдеу жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

БҒМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



22

Үйде білім беру (қашықтан оқыту) қажет сырқаттар мен денсаулықтың бұзылуы тізбесін әзірлеу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныс

ДСМ, Еңбекмині, БҒМ, Қаржымині, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



23

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арнаулы автобустарды ұсыну мәселесін пысықтау

Еңбекминіне ақпарат

ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



24

Оқушының ерекше білім беруге қажеттіліктерін ескере отырып, жеке білім беру бағдарламаларын және жоспарларын әзірлеу жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

БҒМ, Қаржымині, ЖАО

2022 жыл

талап етілмейді



25

Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің базасында ерте араласу жүйесін құру мәселесін зерделеу

Еңбекминіне ақпарат

БҒМ, ДСМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



3. Кешенді қолжетімділік және кедергісіз орта

26

Заңнамалық деңгейде "жүйелі бейімдеу" ұғымын бекіту

Еңбекминіне ақпарат

ИИДМ, Еңбекмині, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



27

Қазақстан Республикасының заңнамалық және заңға тәуелді актілерін мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін ғимараттар мен құрылыстардың, жалпы қолданыстағы жолдардың және елді мекендер көшелерінің міндетті қолжетімділігіне қойылатын талаптарды белгілеу бөлігінде жетілдіру

нормативтік құқықтық актілер

ИИДМ, Еңбекмині, ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



28

Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға теміржол көлігінде жол жүруге 50% мөлшерінде жеңілдік белгілеу

бұйрық

ИИДМ

2019 жыл

көзделген қаражат шегінде

015 "Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалдарын субсидиялау" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

теміржол көлігімен жол жүруге жеңілдік

29

"Интерактивті қолжетімділік картасы" ақпараттық порталында деректерді толтыру және өзектілендіру мониторингі

қолжетімділік картасы

ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді



30

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жергілікті атқарушы органдарға объектілердің қолжетімділігін бақылау функцияларын бекітіп беру мәселесін қарау

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің хаттамасы

Еңбекмині, ИИДМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



31

Мүгедектігі бар адамдарды флюорографиялық, маммографиялық зерттеулермен қамтуды және олардың қолжетімділігін мониторингтеу

Еңбекминіне ақпарат

ДСМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді


Үлесі
2020 -70%
2021 -80%
2022 - 90%
2023- 100%

32

Өңірлерде медициналық ұйымдарды гидравикалық басқарылатын гинекологиялық креслолармен жабдықтау жөнінде ұсыныстар енгізу (өңірде кемінде екі амбулаториялық және стационарлық деңгейде)

Еңбекминіне ұсыныстар

ДСМ, ЖАО

2022 жыл

талап етілмейді



33

Сурдоаударма қызметтерін көрсету, оның ішінде онлайн-сурдоаударма технологияларын пайдалана отырып көрсету тәртібін әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



4. Экономикалық дербестік және сапалы жұмыспен қамту

34

Көру қабілеті бұзылған адамдар қатарынан массаж жасаушылар курстарын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



35

Жұмысқа орналасу процесінде мүгедектігі бар адамдарды технологиялық сүйемелдеуді пайдаланумен кәсіптік оңалту орталықтарын құру жөнінде ұсыныстар енгізу

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



36

Жұмыс берушілердің мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құру шығындарын субсидиялау

есеп

ЖАО

2019 жыл

көзделген қаражат шегінде

062 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде


37

Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталандырудың қосымша немесе балама шараларын енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Еңбекминіне ақпарат

ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



5. Әлеуметтік оңалту және абилитациялау тиімділігін арттыру

38

Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларын арнайы спорттық құрал-жабдықтармен және спорттық протездеумен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Еңбекминіне ұсыныстар

МСМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



39

Мүгедектігі бар спортшыларға балалар-жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінде, жоғары спорт шеберлігі мектептерінде, олимпиадалық дайындық орталықтарында және олимпиадалық резервті даярлау орталықтарында жаттығу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету

Еңбекминіне ақпарат

МСМ, ЖАО

жыл сайын

көзделген қаражат шегінде

036 "Жоғары жетістіктер спортын дамыту" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

спортшылар үлесі
2019 - 11,7%
2020 -12,2 %
2021- 12,7 %

40

"Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына қайта куәландыруды қажет етпейтін аурулар тізбесін кеңейту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу

бұйрық

Еңбекмині, ДСМ, ЖАО

2019 жыл

талап етілмейді



41

Спорттық дәрігерді, спорт психологын, биомеханикті, массаж жасаушылар мен нутрициологты қамтитын клиникалық-ғылыми топтарды ұлттық құрамаға бекіту бойынша мәселені пысықтау

Еңбекминіне ақпарат

МСМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



42

Мүгедектікке немесе шешімдер қабылдау машықтарына қарамастан, өмірдің барлық аспектілеріне мүгедектігі бар адамдардың әрекетке толық қабілеттілігін тану бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу

талдамалық анықтама

Еңбекмині

2021 жыл

талап етілмейді



43

Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша жаттығу процестерін ұйымдастыру әдістемесін әзірлеу және кейін паралимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың жаттықтырушыларын әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету

әдістемелік ұсынымдар

МСМ, ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



44

Мүгедектігі бар әйелдерде 3 жасқа дейінгі балалары болған жағдайда бала күтімі бойынша жеке көмекшіні енгізу мәселесін қарау

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



45

Психологиялық қажуға жол бермеу үшін мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын және көмек көрсететін адамдарға (отбасыларға) қолдау шараларын әзірлеу

Еңбекминіне ұсыныстар

ДСМ, ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



46

Тыныс-тіршілік пен денсаулықтың қызмет етуінің, шектелуінің халықаралық сыныптауышын медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесінде бейімдеу мәселелері жөнінде ұсынымдар тұжырымдау

ұсынымдар

Еңбекмині, ДСМ, ЖАО

2024 жыл

талап етілмейді


оқытылғандардың үлесі
2024 - 75%

47

"Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



48

"Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

бұйрық

Еңбекмині, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



49

Мүгедектіктің профилактикасы шеңберінде мүгедектігі жоқ адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ДСМ, ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



50

Министрлердің/өңірлер әкімдерінің мүгедектік мәселелері жөніндегі кеңесшілерін тағайындау тәртібін айқындау жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

бұйрық

Еңбекмині, ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



6. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту

51

Әлеуметтік қызметтер сыныптауышын енгізу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ДСМ, ІІМ, БҒМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



52

Интеграцияланған әлеуметтік қызметтерді көрсету кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл әдіснамасын әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

Еңбекмині, ІІМ, ДСМ, БҒМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



53

Әлеуметтік қызметтер мен көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу

бұйрық

Еңбекмині, ІІМ, ДСМ, БҒМ, ЖАО

2024 жыл

талап етілмейді



54

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді жан басына қаржыландыру нормативін енгізу жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

Еңбекмині, ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



55

Пилоттық өңірлерде "Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы" және "Оңалтудың техникалық құралдары" автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін енгізу

әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы

Еңбекмині, ДСМ, ЖАО

2020 жыл

көзделген қаражат шегінде

Еңбекминінің 067 "Халықаралық ұйымдармен бірлесіп атқарылатын жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде


56

Волонтерлік институтты дамыту

Еңбекминіне ақпарат

АҚДМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді



57

Бір әлеуметтік қызметкердің екі волонтермен өзара іс-қимыл моделін айқындау

әдістемелік ұсынымдар

Еңбекмині, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



58

Сыйымдылығы шағын әлеуметтік қызмет көрсету үйлерін дамыту жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



59

Мүгедектігі бар адамдардың міндетті оқытудан өткен отбасыларға орналастырудың баламалы нысандарын енгізу мәселесін қарау

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



60

"Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызметкердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын тұжырымдау

Тұжырымдама жобасы

Еңбекмині, ІІМ, ДСМ, БҒМ, ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



61

Әлеуметтік қызметкерлерді міндетті тіркеуді, сараптауды және сертификаттауды бақылау және енгізу тетігін ендіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ақпарат

ІІМ, ДСМ, БҒМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



62

Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүгедектігі бар адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

ІІМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



7. Қоғамдық сананы жаңғырту

63

Бірыңғай республикалық медиа-жоспар шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарында мүгедектігі бар адамдардың проблемаларына қоғамның оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған жарияланымдар мен мақалаларды, телеарналарда сөз сөйлеулерді орналастыру

мақалалар, жарияланымдар, материалдар

АҚДМ, Еңбекмині, ЖАО

жыл сайын

көзделген қаражат шегінде

003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

жариялынымдар саны
2019 - 5%
2020- 10%
2021-15%
2022-20%
2023-25%
2024-30%

64

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы мәселені Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына шығару

ВАК хаттамасы

Еңбекмині, ЖАО

2022 жыл

талап етілмейді



      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

      ВАК – Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі ведомствоаралық комиссия

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
  енгізілетін өзгерістер мен
толықтыруларға
4-қосымша
  Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Өтініш беруші жұмыскерлерінің әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың тізбесі

Азаматтар санаты

Құжаттар (тиісті негіздеме болған жағдайда ұсынылады)

1

2

Мүгедектігі бар адамдар

мүгедектікті белгілеу фактісін растайтын анықтаманың көшірмесі

Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар және басқа да заңды өкілдер

баланың тууы (асырап алынуы) туралы куәліктерінің көшірмелері; мүгедектігі бар балаға қорғаншылық, қамқоршылық белгіленгенін растайтын құжаттардың (қорғаншылықты немесе қамқоршылықты жүзеге асыру туралы шарттың не қорғаншы және қамқоршы органның қорғаншыны немесе қамқоршыны тағайындау туралы актісінің) көшірмелері; мүгедектікті белгілеу фактісін растайтын анықтаманың көшірмесі ("мүгедектігі бар бала" санатын белгілеу)

Зейнеткерлер және зейнеталды жастағы алдындағы азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа келмегенге дейін бес жыл ішінде)

зейнетақы куәлігінің көшірмесі

Балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері – жиырма тоғыз жасқа дейін

адасып кеткен (тастанды) баланы жеткізу туралы актінің көшірмесі; ата-ана құқықтарынан бас тарту және баланы асырап алуға келісім беру туралы хаттаманың көшірмесі; баланы денсаулық сақтау ұйымында қалдырып кету туралы актінің көшірмесі; жетім бала немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын білім беру, медициналық және басқа да ұйым басшысының анықтамасы

Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде

тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция қызметкерінен мінездеме; сотталғанның жеке ісі

Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар

белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарынан анықтама

Табысы аз, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналар және басқа да заңды өкілдер, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар

олардың мәртебесін растайтын құжаттар

Наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде

медициналық-әлеуметтік оңалтудың, наркологиялық және психоневрологиялық диспансердің дәрігерлік қорытындысы

Қандастар

олардың мәртебесін растайтын құжаттар

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен
толықтыруларға
5-қосымша
  Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Өтініш беруші ________________________________________________________________________________ (дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауы) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы жұмыскерлерінің саны мен жалақысы туралы мәліметтер 20__ж. "___" _______________ жағдай бойынша

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде қызметкерлердің орташа тізімдік саны, адам

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде есептелген жалақы қоры, теңге

1

2

3

4


Барлық жұмыскерлер



Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 79-3-бабының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға жататын қызметкерлер, оның ішінде



1.

мүгедектігі бар адамдар



2.

мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар және басқа да заңды өкілдер



3.

зейнеткерлер және зейнеталды жастағы азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа жеткенге дейін бес жыл ішінде)



4.

балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері – жиырма тоғыз жасқа дейін



5.

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде



6.

белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар



7.

аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналар және басқа да заңды өкілдер, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар



8.

наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде



9.

қандастар



10.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттарға жататын жұмыскерлер



      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабында көрсетілген санаттарға жататын жұмыскерлердің алдыңғы күнтізбелік жыл ішіндегі жұмыскерлердің (адамның) жалпы орташа тізімдік санындағы үлесі, пайызбен – __________.

            20__ ж. "___" ______________

      Дара кәсіпкер (заңды тұлғаның ___________   ___________________ (қолтаңбаның

      басшысы)/уәкілетті адам (қолы) толық жазылуы)

      мөр орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен
толықтыруларға
6-қосымша
  Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу туралы мәліметтер

      1. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу туралы жалпы ақпарат.

Көрсеткіштің атауы

Өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы

Жасалған шарттардың саны (шарттардың нысанасын көрсете отырып)

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде өткізуден түскен түсім (шарттар бойынша ақша қаражатының көлемі), теңге

1

2

3

4

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 79-3-бабының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың барлығы, оның ішінде:




мүгедектігі бар адамдар




мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар және басқа да заңды өкілдер




зейнеткерлер және зейнеталды жастағы азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл ішінде)




балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері – жиырма тоғыз жасқа дейін




қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде




белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар




табысы аз, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналар және басқа да заңды өкілдер, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар




наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде




қандастар




Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттарға жататын жұмыскерлер




      2. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабында көрсетілген азаматтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуді қамтамасыз ету тетігінің сипаттамасы (еркін нысанда):

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      20__ ж. "___" _____________

      Дара кәсіпкер (заңды тұлғаның ___________   ___________________ (қолтаңбаның

      басшысы)/уәкілетті адам (қолы) толық жазылуы)

      мөр орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен
толықтыруларға
7-қосымша
  Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтарға арналған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндірісі жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер

      Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызмет бағыттарына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтарға арналған, осындай азаматтар үшін олардың тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар, сондай-ақ қоғам өміріне басқа азаматтармен тең қатысу мүмкіндіктерін жасау мақсатында өндірілетін өнім (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы жалпы ақпарат

Нысаналы аудитория

Өндірілетін өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) түрі

Өндірілетін өнім түрінің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) мақсаты

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде өнімді (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен түсім

1

2

3

4

Мүгедектігі бар адамдар




Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-Аналар және басқа да заңды өкілдер




Зейнеткерлер және зейнеталды жастағы азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа жеткенге дейін бес жыл ішінде)




Балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері – жиырма тоғыз жасқа дейін




Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде




Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар




Табысы аз, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналар және басқа да заңды өкілдер, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын
"Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар




Наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде




Қандастар




      2. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабының 1) тармақшасында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтар үшін олардың тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар, сондай-ақ қоғам өміріне басқа азаматтармен тең қатысу мүмкіндіктерін жасау мақсатында ықпал ететін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) қасиеттерінің сипаттамасы (еркін нысанда):

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________.

      20__ ж. "___" ____________

      Дара кәсіпкер (заңды тұлғаның ___________   ___________________ (қолтаңбаның

      басшысы)/уәкілетті адам (қолы) толық жазылуы)

      мөр орны (бар болса)