Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 156 қаулысы.

      Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 61-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.

      2. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері:

      1) Жол картасын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

      2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне есепті жылдан кейінгі айдың 10-шы күнінен кешіктірмей Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі есепті жылдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 156 қаулысымен
бекітілген

Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған жол картасы

      Ескерту. Жол картасына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/c № Іс-шара атауы Аяқталу нысаны Орындауға жауаптылар Орындалу мерзімі Болжамды шығыстар,
млн. теңге
Қаржыландыру көзі ББ нөмірі
2020-2023 жылдарға барлығы оның ішінде
2020
жылы
2021 жылы 2022 жылы 2023 жылы


      кестенің жалғасы


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

І. ЗАҢНАМАЛЫҚ ЖӘНЕ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАНЫ ЖЕТІЛДІРУ

1.

Қазақстан Республикасының заңнамасына:
-  ата-аналардың (заңды өкілдерінің) балаларды қараусыз қалдырғаны үшін қылмыстық жауапкершілігін күшейту (ҚР ҚК);
-  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтардың халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапкершілігін күшейту (ҚР ӘҚБТК);
-  он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі, темекі және темекі бұйымдарын он сегіз жасқа толмаған адамдарға және адамдардың сатқаны үшін, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейін жеткізгені, заңды өкілдерімен бірге жүрмеген кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін әкімшілік айыппұл мөлшерін ұлғайту (ҚР ӘҚБТК) бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін пысықтау

Үкіметке ұсыныстар

ІІМ,
БҒМ,
АҚДМ,
ИИДМ,
ДСМ,
БП (келісу бойынша),
ЖС (келісу бойынша)

2020 жылдың екінші жартыжылдығы

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

2.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу, олардың арасындағы суицид, құқық бұзушылықтар (буллинг) мәселелері бойынша, бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын және білім беру органдары мен ұйымдарын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша БҒМ-нің құзыретін кеңейту бөлігінде қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Үкіметке ұсыныстар

БҒМ, ҰЭМ,
ДСМ,
Еңбекмині
 

2020 жылдың екінші жартыжылдығы

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысына:
- ВАК құрамын жаңарту;
- ВАК туралы ережеге олардың дағдарыс жағдайларына мобильді ден қою тетігін енгізу, және ҚР Үкіметі тарапынан ВАК шешімдеріне мониторинг жүргізу, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың есептілігі бойынша өкілеттіктерін кеңейту бөлігінде өзгерістер енгізу

Үкімет қаулысы

БҒМ, ІІМ, ДСМ, Еңбекмині, АҚДМ, ЖАО

2020 жылдың екінші жартыжылдығы

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

4.

Білім беру ұйымдарында білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) санына байланысты мектеп психологына, әлеуметтік педагогқа жүктемені белгілеу бөлігінде мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарына және педагог қызметкерлер тізбесіне өзгерістер енгізу

Үкіметке ұсыныстар

БҒМ,
Қаржымині,
ҰЭМ,
ЖАО

2020 жылдың екінші жартыжылдығы

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

5.

Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы жүйесіне адамгершілік-рухани білім беруді интеграциялау бөлігінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін қабылдау туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығының мазмұнын жаңарту

бұйрық

БҒМ

2020 жылдың екінші жартыжылдығы

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

6.

Білім беру ұйымдарында ауладағы дәретханаларды алып тастау бөлігінде "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

бұйрық

ДСМ, БҒМ,
ЖАО

2020 жылдың екінші жартыжылдығы

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

7.

Білім беру ұйымдарының ғимараттары мен аумағында өткізу режимін, бөгде адамдардың болу тәртібін қамтитын білім алушылардың қауіпсіздігі шараларын күшейту бөлігінде білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларына және жарғыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

БҒМ-ге ақпарат

ЖАО, БҒМ, ІІМ

2020 жылғы тамыз

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

8.

Хабарламалар рәсіміне қатысты БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясына Факультативтік хаттаманы ратификациялау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу

іс-қимыл жоспары

БҒМ, ІІМ,
АҚДМ,
ИИДМ,
ДСМ,
БП (келісу бойынша),
ЖС (келісу бойынша)

2021 жылдың бірінші жартыжылдығы

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

9.

Заңнамаға:
- балалардың құқық қорғау органдарына өтінішпен өз бетінше жүгінуі;
- баланың кез келген сот талқылауы барысында тыңдалу жасын төмендету бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу

Үкіметке ұсыныстар

БҒМ,
ІІМ,
АҚДМ,
ДСМ,
БП (келісу бойынша), ЖС (келісу бойынша)

2021 жылдың бірінші жартыжылдығы

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

10.

Өмірде қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының функцияларын кеңейту бөлігінде "Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгiлік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

бұйрық

 
БҒМ,
ДСМ,
Еңбекмині,
ІІМ,
ЖАО

2021 жылдың бірінші жартыжылдығы

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

11.

Педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтердің лауазымдық міндеттерін қайта қарау, білім беру деңгейлері бойынша "педагог-психолог" лауазымдарының функцияларын бөлу бөлігінде "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгерістер енгізу

бұйрық

БҒМ,
ЖАО

2021 жылдың екінші жартыжылдығы

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

12.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қоюда патронаждық медициналық қызметтің рөлін нығайту бөлігінде нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу

бұйрық

ДСМ,
БҒМ,
ЖАО

2021 жылдың екінші жартыжылдығы

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

ІІ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУ

13.

Жастар мен балалар арасында интернет-тәуелділіктің алдын алу, сондай-ақ азаматтардың цифрлық беделін қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру

әдістемелік ұсынымдар

АҚДМ, БҒМ

2020 жыл

РБ көзделген қаражат шегінде

-

-

-

-

-

-

14.

Мына:
- мектеп жасына дейінгі балалады өрт қауіпсіздігі шараларына;
- білім беру ұйымдарының оқушыларын (0-11 сынып) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайдағы іс-қимылдарға оқыту бойынша ұсынымдарды әзірлеу және тарату

әдістемелік ұсынымдар

БҒМ, ІІМ

2020 – 2023 жылдар

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

15.

Білім беру ұйымдарында татуласу (медиация) қызметін құру тәжірибесін зерделеу және тарату

БҒМ-ге ақпарат

БҒМ,
ЖАО

2020 – 2023 жылдар

талап етілмейді

-

-

-

-

-


16.

ҚР балалардың әл-ауқаты индексін әзірлеу және сынақтан өткізу (сынақ өткізу – 2020, 2021 ж., енгізу –
2022 ж.)

құрал

БҒМ,
ЖАО, Еңбекмині,
ДСМ, ІІМ

2020 – 2021 жылдар

80,0

40,0

40,0

-

-

РБ

001

17.

Балаларға қатысты қатыгез қарым-қатынас жағдайларын анықтау және олармен жұмыс істеу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл нұсқаулығын әзірлеу

нұсқаулық

БҒМ, ДСМ,
ІІМ, Еңбекмині, ЖАО

2020 жылдың екінші жартыжылдығы

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

18.

Әлеуметтік салаларға ЖБ және РБ шығындарының көлеміндегі балалар бюджетін есептеу әдістемесін әзірлеу

құрал

БҒМ, ІІМ,
АҚДМ, МСМ,
ИИДМ, ДСМ,
Қаржымині, ҰЭМ, ЖАО

2020 жылғы желтоқсан

20,0

20

-

-

-

РБ

001

19.

Балалардың құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылықтың, қатыгез қарым-қатынастың, аутодеструктивті, оның ішінде суицидтік және девиантты мінез-құлықтың алдын алу жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және сынақтан өткізу

бағдарлама

БҒМ
ЖББ (келісу бойынша)

2020 – 2022 жылдар

ДБ көздеген қаражат шегінде

-

-

-

-

-

-

20.

Зорлық-зомбылықтың құрбандары/ куәгерлері болған балалармен жұмыс жөніндегі оңалту іс-шараларының (шараларының) кешенін әзірлеу және іске асыру

Үкіметке ақпарат

БҒМ,
ЖББ (келісу бойынша)

2021 – 2023 жылдар

ДБ көздеген қаражат шегінде

-

-

-

-

-

-

21.

Аудандық/қалалық білім беру бөлімдерінің жанындағы "Мектеп психологиялық қызметі" өңірлік жобалық кеңсесін құру және жұмыс істеуді пилоттық режимде сынау

бұйрық

БҒМ, ЖАО

2021 – 2022 жылдар

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

22.

Кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынасқа және кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті, оның ішінде суицидтік және девиантты мінез-құлқына ықпал ететін факторларға зерттеу жүргізу

талдамалық анықтама

БҒМ,
ЖББ (келісу бойынша)

2021 жылдың екінші жартыжылдығы

 
 
ДБ көздеген қаражат шегінде

-

-

-

-

-

-

23.

Өңірлік КТІҚҚК қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

БҒМ,
ІІМ, ДСМ, Еңбекмині, ЖАО

2021 жылдың бірінші жартыжылдығы

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

24.

Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті, оның ішінде суицидтік және девиантты мінез-құлықтың алдын алу саласында кадрлар даярлау бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу және ұсыныстар әзірлеу

Үкіметке ұсыныс

БҒМ,
ДСМ,
ЖАО

2021 жылдың бірінші жартыжылдығы

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

25.

"Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтер жұмысына қойылатын бірыңғай талаптар" нұсқаулығын әзірлеу

нұсқаулық

БҒМ, ДСМ, ЖАО

2021 жылдың екінші жартыжылдығы

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

26.

Кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылық, қатыгез қарым-қатынас, аутодеструктивті, оның ішінде суицидтік және девиантты мінез-құлық жағдайында жедел әрекет ететін мобильді топтардың қызметі туралы ереже әзірлеу

ереже

БҒМ, ІІМ
ЖББ (келісу бойынша)

2021 жылдың екінші жартыжылдығы

ДБ көздеген қаражат шегінде

-

-

-

-

-

-

27.

Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмін әзірлеу

алгоритм

БҒМ
ЖББ (келісу бойынша)

2021 жылдың екінші жартыжылдығы

ДБ көздеген қаражат шегінде

-

-

-

-

-

-

28.

Кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылық, қатыгез қарым-қатынас, аутодеструктивті, оның ішінде суицидтік және девиантты мінез-құлық фактілері тіркелген жағдайда білім беру мекемесінде үштік превенция жүргізу үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеу (оқу-тәрбие процесі субъектілерінің әртүрлі санаттары үшін)

әдістемелік ұсынымдар

БҒМ,
ЖББ (келісу бойынша)

2021 жылдың екінші жартыжылдығы

ДБ көздеген қаражат шегінде

-

-

-

-

-

-

29.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағалау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

БҒМ, ІІМ

2021 жылдың екінші жартыжылдығы

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

30.

Отбасында, асырап алушы отбасында, білім беру ұйымдарында және бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда дене жазасына тыйым салуды енгізу жөніндегі халықаралық тәжірибені зерделеу

Үкіметке ұсыныс

БҒМ, ІІМ, ДСМ, ЖАО

2021 жылдың екінші жартыжылдығы

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

31.

Психологиялық қолдау орталықтарының жанындағы фронт-офистің жұмыс тәжірибесін зерделеу және тарату

ұсынымдар

БҒМ, ЖАО

2021 жылғы қыркүйек

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

ІІІ. ҚЫЗМЕТТІ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ

32.

Өңірлік ҚДНЖК қызметін талдау

талдамалық анықтама

БҒМ, ІІМ, ДСМ,
Еңбекмині, ЖАО

2020 – 2023 жылдар

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

33.

Порнографиялық сипаттағы материалдарды, балаларға қатысты және олардың тарапынан қатыгездік туралы, экстремистік сипаттағы ақпаратты, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың прекурсорларын және Интернет желісінде тікелей және пайдалану арқылы жасалатын басқа да қылмыстарды насихаттауды қамтитын әлеуметтік желілер мен Интернеттегі парақшаларды мониторингтеуді жүргізу және тосқауыл қою

БҒМ-ға ақпарат

АҚДМ,
ІІМ,
ЖАО
 

2020 – 2023 жылдар

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

34.

Мыналарға:
- мүгедектігі бар балалар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
- әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту саласында қызмет көрсету мақсатында мүгедектігі бар балаларды және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың қажеттіліктеріне;
- осы санаттағы балалардың және олардың қажеттілігінің деректер базасына мониторинг жүргізу

ОМ-ге ақпарат

ЖАО

2020 – 2023 жылдар

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

35.

Балалар-жасөспірімдер клубтарының базасында отбасылық және ата-аналар клубтарының қызметін дамыту

БҒМ-ге ақпарат

ЖАО

2020 – 2023 жылдар

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

36.

Білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, жергілікті атқарушы органдардың деректер базасын интеграциялау

келісім, тестілеу және пайдалануға енгізу актілері

БҒМ,
ДСМ, Еңбекмині, ЖАО

2020 – 2021 жылдардағы желтоқсан

80,0

40

40

-

-

РБ

001 104

37.

Облыстардың, қалалардың, аудандардың әкімдері аппараттарының КТІҚҚК хатшыларының штат бірліктерін енгізуді қамтамасыз ету

БҒМ-ге ақпарат

ЖАО, БҒМ

2020 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

38.

ЕҰУ жанынан психологиялық қызмет зертханасын құру

Үкіметке ақпарат

БҒМ, ДСМ
 

2020 жылдың екінші жартыжылдығы

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

39.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық нысандары туралы статистикалық есептілікті жинауды жетілдіру

бұйрық

БП ҚСАЕАК (келісу бойынша), ІІМ, БҒМ, ДСМ, Еңбекмині, ЖАО

2021 жылдың екінші жартыжылдығы

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

IV. ІС-ШАРАЛАР

40.

Кәмелетке толмағандарға және кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылық пен білім алушылар арасында суицидтік мінез-құлық деңгейін анықтау бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізу

әдістемелік құрал

БҒМ

2020 – 2023 жылдар

20,0

5,0

5,0

5,0

5,0

РБ

001 104

41.

Мыналар:
- оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, олардың арасында зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алу мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының басшылары, директорлардың орынбасарлары, сынып жетекшілері, психологтар, әлеуметтік педагогтер мен медицина қызметкерлері;
- отбасылық тәрбие мәселесі бойынша ата-аналар үшін онлайн режимінде семинарлар сериясын ұйымдастыру

БҒМ-ге ақпарат

ЖАО, БҒМ

2020 – 2023 жылдар

ЖБ
көзделген қаражат шеңберінде

-

-

-

-

-

-

42.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялардың хатшыларына, балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын мамандарға арналған кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың, құқық бұзушылықтардың, суицидтің алдын алу мәселелері бойынша семинарлар сериясын ұйымдастыру

ұсынымдар

ЖАО, БҒМ

2020 – 2023 жылдар

ЖБ
көзделген қаражат шеңберінде

-

-

-

-

-

-

43.

"5-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері арасынан балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі елші" қоғамдық қозғалысын құру және дамыту

БҒМ-ге ақпарат

ЖАО

2020 – 2023 жылдар

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

44.

Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне арналған "Күнделік" электрондық журналдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі шеңберінде:
- психоэмоциялық мінез-құлық тұрғысынан балаларға психодиагностика жүргізу;
- ішкі істер органдарында, мектепішілік есепте тұрған балалардың аутодеструктивті, оның ішінде суицидтік мінез-құлқына мониторинг жүргізу;
- психологтарды әдістемелік сүйемелдеуді және балалар мен ата-аналарды психологиялық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
- ата-аналар мен педагогикалық қоғам арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру;
- "Street Law" принципі бойынша балаларға арналған мобильдік қосымша жасау

Үкіметке ақпарат

БҒМ,
ЖАО

2020 – 2023
жылдар

бюджеттен тыс қаражат шеңберінде

-

-

-

-

-

-

45.

Балалардың жағымсыз сайттарға кіруін қадағалау бойынша ата-аналарға арналған "Ата-аналардың бақылау жүйесі" тегін Smart-қосымшасын тарату

БҒМ-ге
ақпарат

ЖАО, БҒМ
 

2020 – 2023 жылдар

бюджеттен тыс қаражат шеңберінде

-

-

-

-

-

-

46.

Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша білім басқармалары жанынан колл-орталықтар ашу

БҒМ-ге
ақпарат

ЖАО, БҒМ

2020 – 2023 жылдар

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

47.

Жаңа оқыту технологияларын қолдана отырып, жол полициясы, жол-пайдалану учаскелері, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін, педагогтерді жарақат және жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы көмек көрсетуге оқытуды ұйымдастыру

БҒМ-ге
ақпарат

ЖАО, БҒМ, ІІМ, ДСМ

2020 – 2023 жылдар

ЖБ көзделген қаражат шеңберінде

-

-

-

-

-

-

48.

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда оқу орындарының ғимаратынан қауіпсіз көшіру бойынша білім беру объектілерінде практикалық жаттығуларды (оқу эвакуациясы) ұйымдастыру және өткізу

БҒМ-ге
ақпарат

ІІМ, ЖАО, БҒМ

2020 – 2023 жылдар

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

49.

Оқу күндері таңертеңгі және кешкі уақытта автомобиль көлігінің ағыны көп білім беру ұйымдарының жанында жаяу жүргіншілер өткелдерінде полиция қызметкерлерінің күнделікті кезекшілігін ұйымдастыру

ІІМ-ге
ақпарат

ЖАО, БҒМ, ІІМ

2020 – 2023 жылдар

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

50.

Республиканың жалпы білім беретін мектептерінің педагогтеріне жол қозғалысы ережелерін оқытудың жаңа тәсілдері бойынша өңірлік семинарлар өткізу

ІІМ-ге
ақпарат

ЖАО, БҒМ, ІІМ
 

2020 – 2023 жылдар

ЖБ көзделген қаражат шеңберінде

-

-

-

-

-

-

51.

Балалардың мектепке дейінгі мекемелерінің, жалпы білім беретін мектептердің, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың жанында және балалар көп баратын басқа да орындарда ЖҚО бұзушылықтарын фото-бейне тіркеудің стационарлық жүйелерін орнатуды қамтамасыз ету

Үкіметке ақпарат

ЖАО, ІІМ

2020 – 2023 жылдар

ЖБ көзделген қаражат шеңберінде

-

-

-

-

-

-

52.

Мыналарды:
- тротуарлар, жер асты (жер үсті) жаяу жүргіншілер өтпелері, жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары, автобус аялдамаларының "қалталары", кәмелетке толмағандар жүретін жерлерде жүру бөлігін және көшелердің жаяу жүргіншілер өтпелерін жарықтандыруды;
- оқушылардың жолдардағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін теориялық және практикалық оқыту үшін балалар автоалаңшалары мен автоқалашықтары құрылысын қамтамасыз ету

ІІМ-ге
ақпарат

ЖАО, ІІМ

2020 – 2023 жылдар

ЖБ көзделген қаражат шеңберінде

-

-

-

-

-

-

53.

Білім беру ұйымдары мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың, денсаулық сақтау, спорт және бос уақытты ұйымдастыру мекемелерінің жанында:
- "жылдамдық бәсеңдеткіш" жылдамдықты мәжбүрлі төмендету құралдарын;
- жылдамдық шектегіштерді орнату

ІІМ-ге
ақпарат

ЖАО, БҒМ, ІІМ

2020-2023 жылдар

ЖБ көзделген қаражат шеңберінде

-

-

-

-

-

-

54.

Автобустарды жарқылдауық маяктармен, дыбыс сигналдарымен, "Балалар" белгілерімен жасақтап, мектептері жоқ ауыл оқушыларын қауіпсіз тасымалдаумен қамтамасыз ету

БҒМ-ге
ақпарат

ЖАО, БҒМ, ІІМ

2020 – 2023 жылдар

ЖБ көзделген қаражат шеңберінде

-

-

-

-

-

-

55.

Интернет кеңістігінде "Халықтық бақылау" қоғамдық қозғалысын құру және дамыту (мектеп автобустарының, автобус аялдамаларының, ашық кәріз люктерінің, бекітілмеген және сынған әткеншектердің фото және бейне түсірілімдері және т. б.)

БҒМ-ге
ақпарат

ЖАО, БҒМ
 

2020 – 2023 жылдар

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

56.

"Назар аударыңыз, балалар!", "Автобус", "Қауіпсіз жол" , "Түнгі қаладағы балалар", "Жасөспірім", "Сіріңке – бір өмірдің бағасы" және т. б. жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыру

БҒМ-ге
ақпарат

ІІМ, ЖАО, БҒМ
 

2020 – 2023 жылдар

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

57.

Көп балалы және аз қамтылған отбасылардың, мүгедектігі бар және өзге де санаттағы адамдардың тұрғын үйлерін:
- қатты отынды пайдаланатын өңірлер үшін – улы газ датчиктерімен;
- газдалған өңірлер үшін – газталдағыштармен жарақтандыру мүмкіндігін қарастыру

ОМ-ге ақпарат

ЖАО, ІІМ

2020 – 2023 жылдар

ЖБ көзделген қаражат шеңберінде

-

-

-

-

-

-

58.

Қазақстан аумағындағы ата-аналарынсыз жүрген балаларды репатриациялау және отбасына қосу мәселелері жөніндегі шараларды жетілдіру

Үкіметке ұсыныс

БҒМ, ІІМ,
Еңбекмині

2020 – 2023 жылдар

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

59.

Жастар мен балалар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыру

БҒМ-ге
ақпарат

АҚДМ, ЖАО
 

2020 жыл

РБ, ЖБ көзделген қаражат шеңберінде

-

-

-

-

-

-

60.

Ауылдық және қалалық жерлердегі балалар мен жастарға арналған адам құқықтары, буллингке қарсы семинарлар сериясын өткізу

балалар мен ата-аналарға арналған ақпараттық материалдар

АҚДМ, БҒМ, ЖАО

2020 жыл

РБ
көзделген қаражат шеңберінде

-

-

-

-

-

-

61.

Білім беру ұйымдарын 100% бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыруды және ірі қалаларда ішкі істер органдарының жедел басқару орталығына шығаруды қамтамасыз ету

БҒМ-ге
ақпарат

ЖАО, ІІМ

2020 жылдың екінші жартыжыл
дығы

ЖБ көзделген қаражат шеңберінде

-

-

-

-

-

-

62.

Білім беру ұйымдары ғимараттарын жылы дәретханалармен жабдықтау бойынша шаралар қабылдау

БҒМ-ге
ақпарат

ЖАО, БҒМ

2020 жылдың
екінші жартыжылдығы

ЖБ көзделген қаражат шеңберінде

-

-

-

-

-

-

63.

Мектептердің толықтырылуын ескере отырып, білім беру ұйымдарында мамандандырылған күзет енгізу жөнінде шаралар қабылдау

БҒМ-ге
ақпарат

ЖАО, ІІМ, БҒМ
 

2020 жылдың
екінші жартыжылдығы

ЖБ көзделген қаражат шеңберінде

-

-

-

-

-

-

64.

Оқушының келуі/кетуі туралы ата-аналарды хабардар ете отырып (СМС және электрондық поштаны қолданумен) ұялы телефондардың мамандандырылған электрондық датчиктерін (чиптерін) енгізу

Үкіметке
ақпарат

БҒМ, ЖАО, ІІМ

2021 жылдың бірінші жартыжылдығы

бюджеттен тыс қаражат шеңберінде

-

-

-

-

-

-

65.

ЖОО мен колледждерге "Буллинг және балалар қауіпсіздігі", "Балалар девиациясы, эмоциялық интеллект және психикалық денсаулық" модульдері мен тақырыптарын енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу

ЖОО-ға ұсынымдамалар

БҒМ

2021 жылдың
екінші жартыжылдығы

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

66.

Балаларға арналған бірынғай тарифпен балаларды жағымсыз интернет-контентке қол жеткізуден қорғау бойынша балалар СИМ-карталарын енгізу

Үкіметке
ақпарат

БҒМ, ЖАО, ІІМ

2022 жыл

бюджеттен тыс қаражат шеңберінде

-

-

-

-

-

-

67.

8-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттеріне арналған "Тұлғаның өзін-өзі дамыту психологиясы", "Саналы қарым-қатынас: отбасында, мектепте, қоғамда тиімді коммуникация дағдылары", Street Law: барлығына арналған адам құқығы және балаларды зорлық-зомбылықтан және буллингтен қорғау" атты сынып сағаттарын ұйымдастыру және өткізу

ұсынымдар

БҒМ, ЖАО

2022 жылдың бірінші жартыжылдығы

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

V. АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

68.

БАҚ-та, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде, You tube арналарда балалар мен олардың ата-аналарына арналған:
- адамгершілік-рухани білім беру және қоғамда отбасы, бала құндылығын қалыптастыру;
- репродуктивті денсаулықты қорғау;
- қауіпсіздік құралдарын (балалар велосипед шлемдері, балалар автокреслосы және қауіпсіздік белдіктері, биік тұрғын үйлерде терезе қоршауларын орнату, құтқару кеудешелерін қолдану және т.б.) пайдалануды насихаттау;
- балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру (оның ішінде зорлық-зомбылықты, өртті, терезеден құлауды, кездейсоқ суға батуды, жарақаттануды, ТЖ, ЖКО, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау);
- балаларды кибербуллинг пен киберқылмыстан қорғау бойынша бейнероликтер, инфографикалар, постерлер әзірлеу және орналастыру

бейнероликтер, инфокестелер, постерлер, дайджесттер

ЖАО, ІІМ, БҒМ, ДСМ, АҚДМ

2020 – 2023 жылдар

ЖБ көзделген қаражат шеңберінде

-

-

-

-

-

-

69.

"Үздік мектеп сайты", "Білім бөлімінің үздік сайты", "Үздік Facebook, Instagram парағы" атты өңірлік конкурстарды ұйымдастыру

БҒМ-ге
ақпарат

ЖАО

2020 – 2023 жылдар

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-

70.

Адамгершілік-рухани білім беру, зорлық-зомбылықсыз балаларды тәрбиелеу, балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін жария ететін журналистер, қоғамдық пікір көшбасшылары, блогерлер пулын құру

Үкіметке ақпарат

БҒМ

2020 – 2023 жылдар

талап етілмейді

-

-

-

-

-

-


      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚДМ – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      ББ – бюджеттік бағдарлама

      БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министлігі

      БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

      БП ҚСАЕАК – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті

      БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы

      ВАК – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия

      ДБ – Дүниежүзілік банк

      ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ЕҰУ – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

      ЖАО – жергілікті атқарушы орган

      ЖБ – жергілікті бюджет

      ЖББ – Дүниежүзілік банктің "Орта білімді жаңғырту" жобасын басқару тобы

      ЖКО – жол-көлік оқиғасы

      ЖҚЕ – жол қозғалысы ережелері

      ЖОО – жоғары оқу орындары

      ЖС – Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты

      ИИДМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      КТІҚҚК– кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия

      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

      ҚР ӘҚБТК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі

      ҚР ҚК – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі

      МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

      РБ – республикалық бюджет

      ТЖ – төтенше жағдайлар

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

      ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі