Өнімнің өмірлік циклі сатыларында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарды айқындау және "Техникалық регламенттер талаптары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы № 718 қаулысы.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес өнімнің өмірлік циклі сатыларында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдар айқындалсын.

      2. "Техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 296 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 8 қазандағы
№ 718 қаулысына
қосымша

Өнімнің өмірлік циклі сатыларында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдар

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік орган

Техникалық регламенттің атауы

Өмірлік цикл сатысы

1

2

3

4

1.

Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның ведомствосы

"Жылжымалы темір жол құрамының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 001/2011)

Өткізу (оның ішінде тасымалдау және сақтау)

"Жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 002/2011)

"Темір жол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 003/2011)

"Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 004/2011)

"Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 006/2011) (азаматтық пиротехникалық бұйымдар бөлігінде)



"Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 010/2011)


"Лифтілердің қауіпсіздігі" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 011/2011)

"Жарылғыш ортада жұмыс істеуге арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 012/2011)

"Автомобиль және авиациялық бензинге, дизель және теңіз жанармайына, реактивті қозғалтқыштарға арналған жанармайға және мазутқа қойылатын талаптар туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 013/2011)

"Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 014/2011) (жол-құрылыс материалдары мен бұйымдары бөлігінде)

"Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 016/2011)

"Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 018/2011)

"Техникалық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 020/2011)

"Шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 026/2012)

"Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 028/2012)

"Майлау материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 030/2012)

"Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 031/2012)

"Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 032/2013)

"Төмендетілген көмірсутекті газдарға оларды отын ретінде пайдалану үшін қойылатын талаптар" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 036/2016)

"Электр техникасы және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 037/2016)

"Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 038/2016)

"Минералды тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 039/2016)

"Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 041/2017)

"Балалар ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 042/2017)

"Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру құралдарына қойылатын талаптар туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 043/2017)

"Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнай қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 045/2017)

"Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған жанғыш табиғи газдың қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 046/2018)

"Энергия тұтынатын электр құрылғыларының энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 048/2019)

"Сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдауға арналған магистральдық құбырларға қойылатын талаптар туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 049/2020)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 шілдедегі № 731 қаулысымен бекітілген "Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік процестерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 қаулысымен бекітілген "Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы техникалық регламент (құрылыс материалдары мен бұйымдары бөлігінде)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 143 бұйрығымен бекітілген "Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20547 болып тіркелген)

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 348-НҚ бұйрығымен бекітілген "Өнімді таңбалауға қойылатын талаптар" техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22836 болып тіркелген)

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 85/қе бұйрығымен бекітілген "Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23744 болып тіркелген)

2.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган

"Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 021/2011)

Өткізу (оның ішінде, қайта өңделген өнімді өткізу кезінде сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату)

"Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 033/2013)

"Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 034/2013)

"Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 040/2016)

"Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 047/2018)

"Қаптама қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 005/2011)

Өткізу

"Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 007/2011)

"Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 008/2011)

"Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 009/2011)

"Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 017/2011)

"Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 019/2011)

"Азық-түлік өнімдері оны таңбалау бөлігінде" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 022/2011)

"Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 025/2012)

"Жемістер мен көкөністерден жасалған шырын өнімдеріне техникалық регламент" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 023/2011)

Өткізу (оның ішінде сақтау және тасымалдау өткізу кезінде)

"Май-тоң май өнімдеріне техникалық регламент" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 024/2011)

"Мамандандырылған тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің, оның ішінде диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтанудың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 027/2012)

Өткізу (оның ішінде, өткізу кезінде сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату)

"Тағам қоспаларының, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы заттардың қауіпсіздік талаптары" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 029/2012)

"Темекі өніміне техникалық регламент" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 035/2014)

"Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауызсудың қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 044/2017)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1398 қаулысымен бекітілген "Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген "Синтетикалық жуу құралдары мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті

3.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган

"Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 006/2011)

Кәдеге жарату

"Шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 026/2012)

Кеден одағының "Майлау материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы" техникалық регламенті (КО ТР 030/2012)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1398 қаулысымен бекітілген "Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген "Синтетикалық жуу құралдары мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 197 бұйрығымен бекітілген "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті бекіту туралы" техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20848 болып тіркелген)

4.

Автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті орган

"Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 014/2011) (халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бөлігінде)

Жобалау, салу, пайдалану

5.

Көлік саласындағы уәкілетті орган

"Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 018/2011)

Пайдалану (техникалық қарап-тексеру бөлігінде)

"Жылжымалы темір жол құрамының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 001/2011)

Пайдалану

"Жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 002/2011)

"Темір жол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 003/2011)

"Шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 026/2012)

6.

Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган

"Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру құралдарына қойылатын талаптар туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 043/2017)

Пайдалану

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығымен бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 болып тіркелген)

7.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган

"Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 006/2011)

Пайдалану (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде белгіленген құзырет шеңберінде қауіпті өндірістік объектілердегі пиротехникалық құралдарды қолдану және сақтау)

"Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 010/2011)

Пайдалану (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде белгіленген құзырет шеңберінде қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын машиналар мен жабдықтарды, мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіш платформаларды, жолаушылар конвейерлерін (қозғалып тұратын жаяу жүргіншілер жолдарын), эскалаторларды (машиналар мен жабдықтарды, мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіш платформаларды, жолаушылар конвейерлерін (жүріп келе жатқан жаяу жүргіншілер жолдарын), әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі эскалаторларды қоспағанда)

"Лифтілердің қауіпсіздігі" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 011/2011)

Пайдалану (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде белгіленген құзырет шеңберінде (лифтілер мен лифт қауіпсіздігі құрылғыларын (әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі лифтілер мен лифт қауіпсіздігі құрылғыларын қоспағанда)

"Жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 012/2011)

Пайдалану (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде белгіленген құзырет шеңберінде қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықты)

"Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 016/2011)

Пайдалану (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде белгіленген құзырет шеңберінде қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттарды)

"Жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 028/2012)

Пайдалану (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде белгіленген құзырет шеңберінде қауіпті өндірістік объектілерде жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды қолдану және сақтау)

"Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 032/2013)

Пайдалану (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде белгіленген құзырет шеңберінде артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды (әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды қоспағанда)

"Сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдауға арналған магистральдық құбырларға қойылатын талаптар туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 049/2020)

Пайдалану (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде белгіленген құзырет шеңберінде қауіпті өндірістік объектілерде сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдауға арналған магистральдық құбырларды)

8.

Қоғамдық тәртіпті қорғау саласындағы уәкілетті орган

"Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 018/2011)

Пайдалану (жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде)

9.

Жергілікті атқарушы органдар

"Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 010/2011)

Пайдалану (әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде)

"Лифтілердің қауіпсіздігі" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 011/2011)

Пайдалану (әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде лифтілерді және лифтілердің қауіпсіздік құрылғыларын)

"Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 014/2011) (облыстық маңызы бар жолдар, қалалық, аудандық және ауылдық округтер жолдары бөлігінде)

Жобалау, салу, пайдалану

"Астық қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 015/2011)

Өткізу (оның ішінде өткізу кезінде сақтау және кәдеге жарату)

"Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 031/2012)

Пайдалану

"Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 038/2016)

"Балалар ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 042/2017)

"Сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдауға арналған магистральдық құбырларға қойылатын талаптар туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 049/2020)

Жобалау, салу

"Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 032/2013)

Пайдалану (әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар бөлігінде)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 қаулысымен бекітілген "Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті

Жобалау, салу, монтаждау, пайдалану

10.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және ветеринария саласындағы уәкілетті орган

"Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 021/2011)

Өткізу (оның ішінде өңделмеген өнімді өткізу кезінде сақтау)

"Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 033/2013)

"Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 034/2013)

"Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 040/2016)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 263 қаулысымен бекітілген "Жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті

Өткізу, пайдалану (қолдану), сақтау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 197 бұйрығымен бекітілген "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті бекіту туралы" техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20848 болып тіркелген)

11.

Энергетика саласындағы уәкілетті орган

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 58 бұйрығымен бекітілген "Ядролық және радиациялық қауіпсіздік" техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15005 болып тіркелген)

Өткізу (оның ішінде сақтау және тасымалдау өткізу кезінде)

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 59 бұйрығымен бекітілген "Ядролық зерттеу қондырғыларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі" техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15006 болып тіркелген)

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 60 бұйрығымен бекітілген "Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі" техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15007 болып тіркелген)