Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 326 қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2022 № 1142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2022 № 1142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Ұлттық жоспарды орындауға жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар:

      1) Ұлттық жоспарды іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;

      2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Ұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі есепті жылдан кейінгі 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Ұлттық жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 28 мамырдағы
№ 326 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар

      Ескерту. Ұлттық жоспар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-бөлім. Кіріспе

      Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларының тиімді жүйесін құру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.

      Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспардың (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) мақсаты Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялауға байланысты Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттемелерді іске асыру және Қазақстанның 2030 жылға дейінгі әлеуметтік жаңғыруы шеңберінде барлық осал топтар үшін қолайлы орта құру арқылы инклюзивті қоғам қалыптастыру болып табылады.

      Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция нормаларының ережелерін имплементациялауға жағдай жасауға бағытталған Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) үш кезеңде іске асыру аяқталды. Іс-шаралар жоспарының негізгі мақсаттары мен міндеттері орындалды.

      Мүгедектігі бар адамдардың өзін-өзі көрсетуі және елдің қоғамдық-экономикалық өміріне толыққанды интеграциялануы үшін жағдай жасауда негізгі басымдықтарды және кешенді интеграцияланған тәсілді айқындау үшін осы Ұлттық жоспар әзірленді.

      Заманауи жаһандық парадигма денсаулықтың шектеулі мүмкіндіктерін дәстүрлі түсінуден тұрмыс сапасы аспектісінде жеке ерекшеліктер мен әмбебап құқықтардың анағұрлым күрделі синтезіне көшуге негізделеді.

      Ұлттық жоспар мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесінің әлемдік даму үрдістерін ескере отырып, халықаралық стандарттарды имплементациялауға бағытталған.

      Ұлттық жоспарда белгіленген мақсаттар мен міндеттерді осы Ұлттық жоспарға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарына сәйкес іске асыру көзделеді.

2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау

1-тарау. Мүгедектіктің профилактикасы

      Ескерту. 1-тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2022 № 1142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазіргі уақытта Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 680 мыңнан астам адам тұрады, оның 61,5 %-ы еңбекке жарамды жаста, 25,7 %-ы зейнеткерлік жастағы адамдар, 12,8 %-ы 18 жасқа толмаған балалар.

      Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлес салмағы салыстырмалы түрде тұрақты және соңғы үш жыл бойы бүкіл халықтың 3,7 %-ын құрайды.

      Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша адам денсаулығының небәрі 10 %-ы денсаулық сақтау жүйесіне және 50 %-ы адамның қоршаған ортасының, таңдау құқығының, тұрмыс сапасының және денсаулықты нығайту мүмкіндіктеріне қолжетімділігінің әсерімен қалыптасатын өмір салтына тәуелді. Профилактика мүгедектіктің негізгі себебі болып табылатын инфекциялық емес аурулармен күресу үшін құны жағынан ең тиімді ұзақ мерзімді стратегияны ұсынады.

      Елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халық денсаулығын нығайту "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасының мақсаты болып табылады.

      Аурулар профилактикасының және оларды басқарудың интеграцияланған тәсілі негізінде қоғамның денсаулығын қорғау жөніндегі жаңа саясат енгізілуде, сондай-ақ тиімділікке, қаржылық орнықтылыққа және әлеуметтік-экономикалық өсуді қолдауға бағдарланған ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жүргізілуде, бұл өз кезегінде мүгедектік көрсеткіштерінде де көрініс табады.

      Азаматтардың денсаулығын сақтау және мүгедектіктің профилактикасы бойынша шаралардың бірі скринингтік бағдарламаларды енгізу және жетілдіру болды. Көптеген елдерде скринингтік технологиялар сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендету мақсатында ауруларды және аурулар тәуекелі факторларын анықтауға бағытталған денсаулық сақтаудың негізгі элементтері болып табылады.

      Республикада 2008 жылдан бері қан айналымы жүйесінің аурулары; сүт безінің ісікалды жай-күйі мен обыры; жатыр мойнының ісікалды процестері мен обыры ерте анықтау үшін нысаналы топ болып табылады.

      Скринингтер өткізілген уақытта Қазақстанда ересек тұрғындарға 60 млн астам скринингтік тексеру жүргізілді. 2,5 млн астам ауруға шалдығу жағдайы анықталды (жүргізілген скринингтік зерттеулердің жалпы санының 4,2 %-ы), оның ішінде 1,5 млн жағдай қан айналымы жүйесінің аурулары, 245,8 мың жағдай – жатыр мойны обыры, 607,8 мың жағдай – сүт безі обыры, 62,2 мың жағдай – қант диабеті, 33,4 мың жағдай – глаукома және 11,5 мың жағдай – колоректалды обыр.

      2011 жылдан бастап қант диабетін, глаукоманы, ісікалды патологияны, тоқ және тік ішек обырын (колоректалды обыр) анықтау тұрғысынан нысаналы топтар енгізілді.

      Жасқа қарай скрининг топтары кеңейтілді және тексеру мерзімділігі айқындалды:

      1) артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы және қант диабеті скринингін 40-тан 70 жасқа дейінгі пациенттер екі жылда бір рет мерзімділікпен;

      2) жатыр мойны обырының скринингін 30-70 жастағы әйелдер төрт жылда бір рет мерзімділікпен;

      3) сүт безі обырының скринингін 40-тан 70 жасқа дейінгі әйелдер екі жылда бір рет мерзімділікпен өтеді.

      Тоғыз жылдық кезеңде скринингтік бағдарламалардың өткізілуін талдау мынадай заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік берді. Тексеріп-қараудан скринингке жататын адамдардың басым бөлігі өтеді.

      Босануға дейінгі диагностиканы жетілдіру, балалардағы туа біткен және тұқым қуалайтын аурулардың профилактикасы, балалардың ауруға шалдығуы мен мүгедектігін төмендету мақсатында Қазақстан Республикасында жаңа туған балалар мен сәбилердің пренатальды, неонатальды және аудиологиялық скринингі, сәбилердің психофизикалық даму скринингі, шала туған нәрестелердің офтальмологиялық скринингі жүргізіледі.

      Мүгедектігі бар адамдардың ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, медициналық ұйымдарды жабдықтармен және қосалқы құралдармен жарақтандыру жүргізілуде.

      Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (бұдан әрі – МСАК) профилактикалық бағытта болуын күшейту мақсатында мынадай іс-шаралар жүргізілді:

      1) мамандандырылған қызметтерді интеграциялау шеңберінде емханаларда туберкулезге қарсы, онкология, маммология кабинеттері қосымша ашылды, психикалық денсаулық кабинеттері ашылды;

      2) әлеуметтік жұмыскерлер институты құрылды (2014 жылы – 10 мың халыққа 1,2 адам, 2017 жылы – 10 мың халыққа 7,4 адам);

      3) жалпы практика дәрігерлерінің саны 2014 жылғы 3 101 адамнан 2017 жылы 5 382-ге дейін, яғни 70 %-дан артық көбейді;

      4) 2014 жылдан бастап жан басына шаққандағы кешенді норматив енгізілді, ол 2017 жылы 683 теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 29,3 %-ға өсті. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қаржыландырудың жалпы көлемінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті қаржыландыру 2014 жылғы 33 %-дан 2017 жылы 37 %-ға дейін ұлғайды. 1 тұрғынға шаққандағы тариф ұлғайып, өңірлер арасында МСАК-ты қаржыландыру деңгейі (169-дан 683 теңгеге дейін) теңестірілді.

      Мүгедектіктің профилактикасы бойынша мемлекет жүргізіп жатқан шараларға және халық денсаулығы көрсеткіштерінің оң серпініне қарамастан, қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (бұдан әрі – ЭЫДҰ) мүше елдерге қарағанда 10 жыл дерлік аз.

      Жыл сайын 50 мыңнан астам адам мүгедектігі бар адам деп алғаш танылады, соңғы 3 жылда алғашқы мүгедектік көрсеткіші орнықсыз, 10 мың тұрғынға шаққанда 2015 жылы 28,5, 2016 жылы 29,4, 2017 жылы 28,9, ал 2018 жылдың қорытындысы бойынша өсіп, 29,2 жағдайды құрады.

      Балалар мүгедектігі проблемасы ерекше назар аударуды талап етеді, оның өсу үрдісі бар. Мәселен, 2008 жылы мүгедектігі бар 18 жасқа толмаған балалардың үлесі мүгедектігі бар адамдардың жалпы саны құрылымында 9,2 %-ды құраған болса, 2018 жылы 12,8 %-ға дейін немесе 3,6 пайыздық тармаққа өскен.

      Алғашқы мүгедектік көрсеткіштерінің, оның ішінде балалар арасында өсу үрдісі денсаулық сақтауды дамытудың профилактикалық бағыты, ұлттық денсаулықты нығайту, медициналық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша шараларды одан әрі күшейту қажеттігін талап етеді.

      Жалпы өлім-жітім мен мүгедектіктің құрылымында қан айналым жүйесінің аурулары (22,3 %) басты себеп болып қалуда, анағұрлым жиілері – жүректің ишемиялық ауруы, ми қан тамырларының зақымдануы, олардан жыл сайын 30 мыңға жуық адам қайтыс болады. Қан айналымы жүйесі ауруларымен алғаш сырқаттану көрсеткіші шамамен 16,4 %-ға (2015 жылы – 2 429,7) өскен. Ересек халық арасында алғашқы мүгедектік құрылымында қан айналымы жүйесінің аурулары 26,9 %-ды құрайды.

      Қатерлі ісіктерден болатын өлім мен мүгедектік екінші себеп болып табылады (12,1 %), олардан жыл сайын 17 мыңға жуық адам, оның ішінде 16,9 %-ы өкпе обырынан қайтыс болады.

      2018 жылдың қорытындысы бойынша қатерлі ісіктермен сырқаттану көрсеткіші 18 %-ға артты (2015 жылы – 207,7, 2017 жылы – 253,4). Ересек халық арасындағы алғашқы мүгедектік құрылымында қатерлі ісіктер 21,4 %-ды құрайды.

      Үшінші орында – жазатайым оқиғалардан, жарақаттардан және уланудан болатын өлім (11,3 %), олардан жыл сайын 16 мыңға жуық адам қайтыс болады (2015 жылы – 100 мың тұрғынға 82,5, 2017 жылы – 100 мың тұрғынға 69,38). Барлық мүшелердегі жарақаттар салдарынан алғашқы мүгедектік төмендеп келеді және мүгедектіктің жалпы санының 10,6 %-ын құрайды.

      Қазақстанда денсаулық сақтау ұйымдарының барлық деңгейінде медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған профилактика жұмысының, сектораралық өзара іс-қимылдың пәрменін арттыру мәселелері бастапқы кезеңде тұр.

      МСАК-тың басым дамуы бүкіл жүйенің басты үйлестірушісі болуға тиіс, ал біздің жүйеде стационарлық сектор қолданыстағы негізгі құрылым күйінде қалып отыр.

      ЭЫДҰ елдерінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландырудың жалпы көлемінің орта есеппен 80 %-ы пациенттерді амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз етуге бағытталады, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш қаржыландырудың жалпы көлемінің шамамен 50 %-ын құрайды.

2-тарау. Әлеуметтік оңалту

      Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтену деңгейін арттыру мақсатында техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен (протездік-ортопедиялық көмек, сурдо-, тифлоқұралдар, арнаулы жүріп-тұру құралдары, санаторий-курорттық емдеу, міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекші мен ымдау тілі маманы көрсететін қызметтер) қамтамасыз етіледі.

      Жыл сайын мүгедектігі бар 200 мыңнан астам адам оңалтудың техникалық құралдарымен (бұдан әрі – ОТҚ) және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етіледі. ОТҚ-мен қамтамасыз ету үлесі 2018 жылы жалпы мұқтаждар санының 57,8 %-ын құрады (2013 жылы – 88 %, 2015 жылы – 67 %, 2016 жылы – 67 %, 2017 жылы – 67,5 %).

      Соңғы 3 жылда ОТҚ тізбесі мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, қазіргі заманғы сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдарды қоса алғанда, атаулардың 32-ден 55 түріне дейін (1,7 есе) кеңейтілді.

      Шалғай ауылдарда тұратын мүгедектігі бар 14 мыңнан астам адамға ОТҚ-ны үйіне жеткізу жүзеге асырылды.

      Қамауда отырған және түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жүрген мүгедектігі бар адамдарға техникалық құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1088 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      2015 жылдан бастап кохлеарлық импланттарға (бұдан әрі – КИ) сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметті 2016 жылдан бастап 2018 жылды қоса алғанда 613 адам алды.

      КИ бар балаларды әлеуметтендірудің негізгі нәтижесі 153 баланы мектептерде жалпы білім беру процесіне қосу, 171 баланы арнайы білім беру ұйымдарына жіберу және 34 баланы үйде оқыту болды.

      Бұдан басқа, кохлеарлық импланттары бар балаларды ерте кезден тиімді оңалтуды дамыту қамтамасыз етілді. 2014 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде еліміздің әрбір өңірінен 990 бала күндізгі және тәулік бойы бақылау жағдайында есту-сөйлеуін бейімдеуден өтті, бұл ретте, егер бұрын оңалту бір жылда бар болғаны 15 күн жүргізілсе, ал 2018 жылдан бері оңалту жылына 40 күн, яғни тоқсан сайын 10 күннен жүзеге асырылады.

      Құлағының мүкісі бар адамдарға 2017 жылдан бері ымдау тілі маманының қызмет көрсету уақыты 2 есеге (30 сағаттан 60 сағатқа дейін) ұлғайтылды.

      Стандарттар жетілдірілді және өндірістің жаңа технологиялары, протездік-ортопедиялық құралдар мен көрсетілетін қызметтердің жаңа модельдері енгізілді:

      1) есту аппараттарына арналған силиконнан жасалатын жеке құлақ жапсырмалары өндірісі;

      2) протездер өндірісінде, ортопедияда 3-D модельдеуді қолдану өндірісте іске қосылды;

      3) ең жаңа технологиялар бойынша протездер әзірленіп, өндіріске енгізілді.

      Протездік-ортопедиялық бұйымдардың 90-ға жуық атауы дайындалады.

      2015 жылы "Республикалық протездік-ортопедиялық орталық" акционерлік қоғамы мен "Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны мүгедектігі бар адамдарды аяқ-қол ампутациясынан кейін бірнеше күннен соң протездеу бойынша пилоттық жоба жүргізді.

      Пилоттық жоба ампутация операциясы жүргізілген сәттен бастап протездеу кезеңі 76-дан 44 күнге дейін қысқаратынын көрсетті.

      2018 жылы протездік-ортопедиялық бұйымдар мен ілеспе оңалту, оның ішінде протезде өздігінен жүріп-тұру дағдыларына үйрету бойынша көрсетілетін қызметтерді мүгедектігі бар 24 700 адам алды.

      Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 2018 жылы медициналық деректер негізінде "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін азаматтың өзі қатыспай-ақ автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жоба сынақтан өткізілді. 2018 жыл бойы 495 адам сырттай куәландырылды.

3-тарау. Әлеуметтік маңызы бар объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстанның мүгедектігі бар азаматтарына кедергісіз орта құру үшін шаралар қабылданды.

      Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның нормаларын іске асыру мақсатында 24 заңнамалық актіге, оның ішінде 3 Кодекске әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету, әлеуметтік саладағы (денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау) көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бойынша түзетулер енгізілді.

      Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында көзі нашар көретін адамдарға арналған нұсқалар бар.

      Жергілікті билік органдарының қызметін реттеу және жауапкершілігін арттыру мақсатында мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құру жөніндегі өңірлік жоспарлар бекітіледі, оларда мүгедектігі бар адамдардың қажетіне қарай бейімделуге тиіс нақты ғимараттар мен объектілердің тізбесін қамтылады.

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) 2015 жылы "Қолжетімді орта" интерактивті қолжетімділік картасы" порталын (бұдан әрі – портал) әзірледі.

      Портал Министрліктің сайтында (friendlybuilding.kz) орналасқан және онлайн-режимде елдің паспортталған және бейімделген объектілері бойынша ақпаратты енгізуге, объектінің бейімделу дәрежесін көруге және әрбір объектіге жүргізілген бейімдеу сапасын онлайн-режимде бағалауға мүмкіндік береді.

      Барлық тіркелген пайдаланушыларға әрбір объектіге жүргізілетін бейімделу сапасын бағалау және фотосуреттермен қоса пікір орналастыру мүмкіндігі берілген.

      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2013 жылғы 5 ақпандағы № 64-од бұйрығымен бекітілген ҚР СТ 1525-2013 Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарты (бұдан әрі – ұлттық стандарт) мүгедектігі бар адамдарға жағдай жасау жөніндегі талаптарды қамтиды.

      Бүгінгі таңда ел бойынша 247 теміржол вокзалы жұмыс істейді, олардың ішінде 91 вокзал немесе тек 37 %-ы ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келтірілген:

      1) 91 вокзалда билет кассалары мүгедектігі бар адамдарға жағдай жасалып қайта жабдықталды;

      2) 210 вокзалда жүріп-тұру қиын жерлерде пандустар салынған;

      3) 34 вокзалда арнайы дәретханалар жабдықталған;

      4) 38 вокзалда нашар көретін адамдарға ыңғайлы болу үшін баспалдақтардың жоғары және төменгі сатылары сары түске боялған;

      5) 58 вокзалда күту залдарында мүгедектігі бар адамдар үшін орындар бөлініп, олар пиктограммалармен белгіленген.

      Теміржол вокзалдарының қызметкерлері мен пойыздардың жолсеріктері пойызда мүгедектігі бар жолаушыларды отырғызу/түсіру бойынша қызметтер көрсетеді.

      2014 – 2018 жылдар кезеңінде мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде 17 270 бірлік жол белгісі мен көрсеткіштер орнатылды, 465 жаяу жүргіншілер жолы дыбыстық құрылғыларымен жабдықталды, 15 "Инватакси" қызметі құрылды, оларда 35 мың адамды қамтитын 280 арнаулы машина бар.

      Республика бойынша 36 автовокзал бар, оның ішінде 27 бірлік немесе 75 %-ы ұлттық стандартқа сәйкес келеді.

      Республика бойынша автостанциялардың саны 105 бірлікті құрайды, оның 63,8 %-ы (67 бірлік) ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келтірілген.

      Республика бойынша 18 әуежай жұмыс істейді, олар мүгедектігі бар адамдардың мұқтаждықтары үшін толық бейімделген.

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 189 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларында Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларында 2016 жылдан бастап автотұрақтарға, тұрақтарға, аялдамаларға, вокзал жанындағы алаңдағы кездесу орындарына, тұрмыстық көрсетілетін қызметтерге және сервистік қызмет көрсетуге талаптар қоятын PRM (Persons with Reduced Mobility) қызмет көрсету сапасының халықаралық стандартының болуы; жолаушылар авиатасымалдарына қызмет көрсетудің жылдамдығы мен жайлылығы, ақпараттық қызмет көрсету және персоналды даярлау бойынша талаптар көзделген.

      6 әуежайда (Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау) арнайы лифтілер, эскалаторлар, үй-жайлар, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпараттық көрсеткіштер, жарық таблолары мен маңдайшалар, медицина қызметкерін шақыру батырмасымен жабдықталған дәретхана бөлмелері бар.

      9 әуежайда (Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Шымкент, Өскемен, Жезқазған) кіру және шығу жолдарында пандустар орнатылған, мүгедектігі бар адамдарға арналған арбалар ұсынылады, дәретхана бөлмелерінде арнайы тұтқалар орнатылған.

4-тарау. Білім берудің қолжетімділігі

      Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың басқа адамдармен тең дәрежеде білім алуға құқығы танылады.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет мүгедектігі бар балалардың және бала кезінен мүгедектігі бар адамдардың білім алуы кезеңінде оларды күтіп-бағуға арналған шығыстарды толық немесе ішінара өтейді.

      Мәселен, көру және есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар балалардың жоғарылатылған мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар, сондай-ақ білім беру ұйымдарына оқуға түскен кезде бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар үшін бір пайыз қабылдау квотасы көзделеді.

      Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция ратификацияланғаннан кейін көрсетілген Заң:

      мүгедектігі бар балалардың құқықтарына құрметпен қарау туралы;

      білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға, мүмкіндіктері шектеулі балаларға қолжетімді нысанда тегін пайдалану, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету, оның ішінде оларды мүгедектігі бар адамдарға, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арнап жасау туралы;

      ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедектігі бар адам болып табылатын адамдарды мемлекеттік білім беру ұйымдарына және мемлекеттік медициналық ұйымдарға жұмысқа бірінші кезекте бөлу құқығы туралы нормалармен толықтырылды.

      Сонымен қатар мүгедектігі бар балалардың ата-анасы баланың оқу орнын – әдеттегі немесе арнайы білім беру ұйымын – мамандардың ұсынымдарын ескере отырып таңдауға құқылы.

      Зағип балалар үшін 2017 жылдан бастап Брайль жүйесі бойынша және ірілендірілген қаріппен, сондай-ақ зияткерлік бұзушылықтары бар балаларға арналған оқулықтарды әзірлеу басталды (жыл сайын 140 млн теңгеден астам қаражат бөлінеді). 0-1, 5 және 7-сыныптарға арналған оқулықтар әзірленді, ал 2020 жылға дейін 11-сыныпты қоса алғанда, барлық оқулықтарды әзірлеу жоспарлануда.

      Бүгінгі күні білім беру саласында ерекше білім беруге қажеттілігі бар 153 230 бала (54 311 мектепке дейінгі және 98 919 мектеп жасындағы) анықталып тексерілді, оның ішінде 47 мыңға жуығы мүгедектігі бар балалар.

      Мәселен, мектепке дейінгі ұйымдарда ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 42 мыңнан астам бала тәрбиеленуде, оның ішінде 15 мыңнан астамы инклюзивті білім алуда. Орта білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 91,5 мыңнан астам бала білім алуда, оның ішінде 46 мыңға жуық бала инклюзивті білім алуда. 2020 жылы балабақшалардың 30 %-ы мен мектептердің 70 %-ында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалатын болады.

      Бүгінгі күні жалпы білім беретін мектептердің 60 %-ында (7 014 мектептің 4 207-і), балабақшалардың 20 %-ында (6 115 балабақшаның 1 232-і) ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасалған.

      Техникалық және кәсіптік білім беру саласында колледждердің 30 %-ында (821 колледждің 247-сі) ерекше білім беруге қажеттілігі бар 2 928 баланы оқыту үшін жағдай жасалған, оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адамдар – 2 192, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар – 736. 71 сурдоаудармашы, 37 тифлоқұрал енгізілді, 44 арнайы жұмыс оқу жоспары әзірленді, олар бойынша кадрлар даярлау жүріп жатыр.

      Бүгінгі таңда ЖОО-ларда ерекше мүмкіндіктері бар студенттердің саны 1 609 адамды, оның ішінде бірінші топтағы мүгедектігі бар студенттердің саны 85 адамды құрайды, 358 адам – екінші топтағы мүгедектігі бар адам, 1 151 адам – үшінші топтағы мүгедектігі бар адам, 15 адам – бала кезінен мүгедектігі бар адам.

      119 ЖОО-ның 70-і (58,8 %) ерекше білім беруге қажеттілігі бар студенттерді оқыту үшін жағдай жасаған.

      Сонымен қатар 2012 жылдан бастап техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түскен кезде мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген квота мөлшері 1 %-ды құрайды.

      2018 жылы конкурс нәтижелері бойынша мүгедектігі бар 432 балаға білім беру гранты, оның ішінде білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезіндегі қабылдау квотасы шеңберінде 312 грант берілді.

5-тарау. Жұмыспен қамтамасыз ету

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан – 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін жұмыс берушілер халықтың әлеуметтік осал топтарын жалақымен қамтамасыз етіп, оларды жұмысқа белсенді түрде тартатын жағдай жасау қажеттігі туралы атап өтілді.

      2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбекке жарамды жастағы мүгедектігі бар 411 мың адамның 27 %-ынан астамы (111,5 мың адам) жұмыс істейді.

      Еңбекке жарамды жастағы мүгедектігі бар адамдардың құрылымында мүгедектік топтары бойынша екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың (46 % немесе 191,9 мың адам) және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың (45 % немесе 186,4 мың адам) үлес салмағы қомақты, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың үлесі болмашы (9 % немесе 39,7 мың адам).

      Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды кеңейту мақсатында жұмысқа орналастыру квотасы қайта қаралды. Егер бұрын ол барлығы үшін 3 %-ды құраса, бүгінгі күні ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыскерлердің санына қарай және салалар бойынша 2-ден 4 пайызға дейін сараланған тәсіл жүзеге асырылуда.

      Квота шеңберінде мүгедектігі бар 7,4 мың адам жұмысқа орналастырылды. Квота бойынша жұмысқа орналастырылған мүгедектігі бар адамдардың ең көп саны білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер салаларында, саудада, ауыл шаруашылығында және көлікте жұмыс істейді.

      Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде мүгедектігі бар адамдар халықтың басқа да осал топтарымен қатар халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына басым тәртіппен қатысуға құқылы.

      Бағдарламаға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар және біліктілігі жоқ, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар қатыса алады.

      2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Бағдарламаға қатысушылар құрамына мүгедектігі бар 18,9 мың адам қосылған, бұл Бағдарламаға қатысушылардың жалпы санының 2,8 %-ын құрайды, оның ішінде 16,6 мың адам жұмысқа орналастырылды.

      Жұмыс берушілерді мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға ынталандыру мақсатында 2018 жылдан бастап жұмыс берушілердің мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жабдықтауға байланысты шығындарын субсидиялау енгізілді.

      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері мен олар құрған ұйымдардың мемлекеттік сатып алуға қатысу рәсімдерін автоматтандыру бөлігінде түзетулер күшіне енді. Аталған шара тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің және олар құрған ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейді.

6-тарау. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру

      Ескерту. 6-тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2022 № 1142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Мемлекет кепілдік беретін арнаулы әлеуметтік қызметтер азаматтарға тегін, ал арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген қосымша көлемі ақы төлеу шартымен көрсетіледі. Бұл ретте стационар, жартылай стационар (күндізгі бөлімшелер), үйде күтім жасау, уақытша болу жағдайында әлеуметтік қызмет көрсету нысанын таңдауға мүмкіндік берілген.

      Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің желісі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 893 субъектіден тұрады.

      Әлеуметтік қызмет көрсетудің басты қағидаттарының бірін сақтау – адамды отбасында қалдыру мақсатында мүгедектігі бар балаларға арналған күндізгі бөлімшелер желісін үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) аутсорсинг арқылы беру жолымен оны кеңейту; стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерді әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары етіп қайта құру бойынша жұмыс жолға қойылған.

      2015 – 2018 жылдар кезеңінде:

      қызмет алушылар саны 24,5 %-ға өсті (121 мың адам), оның ішінде қызмет көрсетудің ең көп саны үйде күтім көрсету жағдайында – 46,1 %, стационарлық ұйымдарда – 19,9 %;

      арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың саны 893 бірлікке дейін ұлғайды (2015 жылы – 797), олардың ішінде басым позицияларды үйде қызмет көрсететін ұйымдарда ұстап отыр – 53 %, стационарлық үлгідегі ұйымдарда – 12,4 %, үкіметтік емес сектор ұйымдарында өсу серпіні байқалып отыр – 19,1 %.

      Жұмыс істеп тұрған интернат ұйымдарының желісін деинституцияландыру, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және азаматтарды қауымға әлеуметтік бейімдеу мақсатында сыйымдылығы аз үйлерді дамыту басталды. Сыйымдылығы аз үйлер 8 өңірде: Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарында, Шымкент және Астана қалаларында жоқ.

      Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер жүйесінде кемсітушілік дефиницияларды жоққа шығару мақсатында 2016 жылдан бастап медициналық-әлеуметтік мекемелер әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары болып қайта құрылды.

      Өмірдегі қиын жағдайдан шығу үшін жасалған жағдайлар мүгедектігі бар 748 баланы балалар интернат-үйлерінен отбасына қайтаруға; мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған 867 ата-ананы жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.

      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес сектордың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету нарығына қатысуы 2009 жылғы 4 ҮЕҰ-дан 2018 жылы 177-ге дейін ұлғайды, бірақ үкіметтік емес сектор қызметтерді алушылардың шамамен 19 %-ына ғана қызмет көрсетеді. Жеке капитал үшін жүйеге қатысу бойынша ынталандыру тым аз, өйткені көрсетілетін қызметтердің құнын есептеудің экономикалық негізделген нормативтері және олардың нарықтық болмыспен өзара байланысы жоқ.

      Қолданыстағы өтініш беру тәсілінде жағдаймен жағымсыз үрдістердің өршуін еңсеруге мүмкіндік болатын ерте сатыларда жұмыс істеу мүмкіндігі ескерілмеген. Кеш жүгіну бірқатар жағдайда әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің жекелеген тұтынушыларының масылдығына әкеледі және әлеуметтік проблемалар мен отбасында өмірдегі қиын жағдайлардың сақталуына алып келеді. Мұны арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушыларды қамтудың пайызының төмен болуы растайды, ол 2020 жылы елде тұратын адамдардың жалпы санының 0,7 %-ын құрады (122 мың адам).

      Қызмет көрсету орталықтарын ашу үшін көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті болжамды есептеу тетігі жоқ. Сапасыз жоспарланған бюджеттің салдарынан жергілікті жерлерде алушыларға қызмет көрсетуден бас тартылатын жағдайлар бар.

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мониторингінің әдістемесі сандық көрсеткіштер бойынша ведомстволық статистиканы жинауға сайып келеді, қамтудың толықтығы, жоспарлы және нақты іске асырылған көрсетілетін қызметтердің сәйкестігі, алушылардың қанағаттануы туралы сапалық көрсеткіштер жоқ. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесінде қызмет көрсету сапасына әсері тұрғысынан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету процестерін сырттай бағалау (аккредиттеу) көзделмеген.

      Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде 30 мыңнан астам жұмыскер, оның ішінде 10 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер еңбек етеді, олардың басым бөлігі – 79,8 %-ы үйде қызмет көрсету жүйесіне тиесілі.

      Әлеуметтік қызметкерлер денсаулық сақтау, білім беру жүйесінде, ішкі істер пенитенциарлық жүйесінде, жастар мекемелерінде, бос уақытты өткізу мекемелерінде және басқа да салаларда жұмыс істейді.

      Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары бекітілген, оларда білім деңгейін ескере отырып орындалатын жұмыстар үшін білімнің, машықтар мен дағдылардың қажетті көлемі айқындалған.

      Әлеуметтік сүйемелдеудің толыққанды жүйесінің және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың құқықтық негіздерінің болмауы алушыларға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуде кедергілер туғызады.

      2016 жылдан бастап азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді, оның шеңберінде әлеуметтік жұмыскерлердің жалақысы орта есеппен 35 %-ға арттырылды.

      Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту мемлекеттің, жеке сектордың, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың өздерінің ынтымақтаса қатысуына баса назар аудара отырып, әлеуметтік қызмет көрсетудің барлық деңгейлерінде әрбір адамның қажеттіліктері ескерілетін әлеуметтік жұмыстың жаңа сапасын көздейді.

7-тарау. Қоғамдық сананы жаңғырту

      Мүгедектікке қатысты қоғамды толғандыратын аса маңызды мәселелерді анықтау және міндеттер саласын түсіну үшін бірқатар әлеуметтік сауалнамалар тұрақты негізде жүргізіледі.

      Қоғамдық пікірді зерттеу – мүгедектігі бар адамдардың тұрмыс сапасын жақсарту және құқықтарын қорғау бағдарламасы шеңберіндегі іс-шараларды жоспарлаудың маңызды факторларының бірі.

      Қоғамдық пікірді сұрау нәтижелері мүгедектігі бар адамдардың қоғамның толыққанды мүшесі ретіндегі бейнесін қалыптастыруға бағытталған ағартушылық қызмет іс-шараларын түзетуге және толықтыруға мүмкіндік береді.

      Қазіргі уақытта елде бұқаралық ақпарат өкілдерін (бұдан әрі – БАҚ) және басқа да заманауи ақпарат құралдарын тарта отырып, мүгедектігі бар адамдардың тұрмыс сапасы мәселелерін жария етуге бағытталған кең ауқымды ағартушылық қызмет жүргізілуде.

      Соңғы үш жылда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 100-ден астам республикалық және өңірлік БАҚ тартылды, олардың беттерінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын сақтау мәселелері және олардың жетістіктері бойынша 24 мыңнан астам электрондық және баспа материалдары жарияланды.

      "Хабар" республикалық арнасында "Сильные духом" тележобасы іске асырылды, ондағы сюжеттердің кейіпкерлері – беделді әрі айналасындағылардың құрметіне ие, өзінің достары мен жақындарына тірек болған мүгедектігі бар адамдар.

      Мүгедектік проблемасы бойынша қоғамның сауатын арттыруда маңызды рөл ҮЕҰ-ға тиесілі, мүгедектігі бар адамдардың еңбегін көтермелеу үшін бірқатар сыйлықтар мен номинациялар белгіленген, бұдан басқа Қазақстан Республикасының аумағында қайырымдылықты және әлеуметтік қызметті, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды қолдау үшін жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдар мен жеке тұлғалар үшін номинациялар белгіленген.

      Алайда мүгедектік, мүгедектігі бар адамдардың тұрмыс сапасы және олардың құқықтарын қорғау мәселелерінде қоғамның сауатын арттыруда деңгейі төмен екенін атап өту қажет. Жергілікті деңгейде жұмыс берушілер арасында мүгедектігі бар адамдарды кемсітуді жою бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жеткілікті түрде жүргізіледі.

      Бағдарламаларды, телебағдарламаларды, тәрбиелік-таныстыру сипатындағы бұқаралық іс-шараларды ілгерілетуді және санын көбейтуді жалғастыру қажет.

      Лезде таралатын ақпарат пен жаңа технологиялар ғасырында осы шара Қазақстан халқын қамтуды және осы мәселе бойынша оның сауатын арттыруға көмектеседі. БАҚ пен ақпаратты таратудың басқа да заманауи құралдарының көмегімен мүгедектігі бар адамдардың қоғам өмірінің түрлі салаларына қосқан үлесі мен әлеуетін насихаттау қажет, бұл да мүгедектігі бар адамның жағымды бейнесін қалыптастыруға әсер етеді.

3-бөлім. Стратегиялық пайым: мақсаттар, міндеттер, табыстың сыни факторлары, нәтижелерді бағалау индикаторлары

      Ұлттық жоспардың мақсаты – мүгедектігі бар адамдардың тұрмысын жақсарту жолында жұмылдырылған барлық тараптың үйлестірілген іс-қимылдарының стратегиясын, құрамын және дәйектілігін тұжырымдау.

      Мыналар:

      1) мүгедектіктің профилактикасы және алдын алу;

      2) әлеуметтік оңалту және абилитация;

      3) кешенді қолжетімділік және кедергісіз орта;

      4) білімге қолжетімділік;

      5) мүгедектігі бар адамдардың экономикалық дербестігі және сапалы жұмыспен қамтылуы;

      6) әлеуметтік қызметтер;

      7) қоғамдық сананы жаңғырту негізгі бағыттар болып табылады.

1-тарау. Ұлттық жоспарды іске асыру тәсілдері

      Қазақстан Республикасында ұлттық деңгейдегі стратегиялық міндеттерді іске асырудың табысты тәжірибесі негізінде, сондай-ақ халықаралық озық тәжірибеге сүйене отырып, қызметтің барлық бағыттары бойынша интеграцияланған тәсілді іске асыру шеңберінде ғана Ұлттық жоспардың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге болады.

      Ұлттық жоспарды іске асыру:

      1) мүгедектіктің профилактикасы бойынша нақты шаралар жүргізу жолымен бастапқы мүгедектікті төмендетуді;

      2) білімге қолжетімділікті және білім берудің барлық деңгейлерінде (мектепке дейінгі, жалпы орта, жоғары) ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға білім беру сапасын арттыруды;

      3) еңбек нарығында мүгедектігі бар адамдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және сапалы жұмыспен қамтуды;

      4) тыныс-тіршіліктің барлық салаларында толық кедергісіз орта құру жолымен әлеуметтенуді және қоғамға толық интеграциялануды;

      5) өмірде қиын жағдайда жүрген азаматтардың қажеттіліктерін саралауды ескере отырып, сапалы әлеуметтік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен атаулылығын;

      6) үздіксіз кәсіптік білім беру және біліктілікті бағалаудың тәуелсіз жүйесі негізінде кәсіби кадр құрамын қалыптастыруды;

      7) азаматтардың әлеуметтік мұқтаждықтарын ескере отырып, қызметтер көрсетудің сапалы нәтижесіне бағдарланған шығындарды басқару жүйесін енгізуді;

      8) әлеуметтік қызмет көрсетудің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы қажеттіліктер мен шығындарды тұрақты және жан-жақты талдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2-тарау. Ұлттық жоспар қызметінің басым бағыттары

1-параграф. Мүгедектіктің профилактикасы және алдын алу

      Елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында халық денсаулығын нығайту үшін шаралар қабылдануда. Сырқаттанушылықтың алдын алуда профилактикалық іс-шаралар ерекше рөл атқарады.

      Қазақстан халқының мүгедектік алу деңгейін төмендету мақсатында тиімді алдын алу, диагностика және ерте араласу жөнінде шаралар қабылданатын болады. Ол үшін:

      1) профилактика мақсатында сырқаттанушылық пен мүгедектікті (балалар мен ересектерде) ерте анықтау бойынша шараларды күшейту;

      2) мүгедектікті болдырмау үшін созылмалы ауруларды басқару бағдарламасын (бұдан әрі – АББ) кеңейту;

      3) ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында медициналық оңалту көмегі желісін кеңейту қажет.

      Көрсетілген шараларды іске асыру нәтижесінде мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады:

      жүргізілген скринингтік зерттеулердің жалпы санына қатысты ауруды ерте диагностика (скрининг) кезінде анықтау;

      2025 жылға қарай 10,0 мың тұрғынға шаққанда алғашқы мүгедектіктің қарқынды көрсеткішіне қол жеткізу – 28 %;

      пациенттерді АББ-мен 100 % қамтуға қол жеткізу;

      жаңа стандарттар бойынша аккредиттеуден өткен оңалту орталықтары – 100 %.

      Мүгедектігі жоқ, табысы төмен егде жастағы адамдарды ассистивті құралдармен (есту аппараттарымен, кресло-арбалармен, жүріс арбаларымен, балдақтармен, коммуникацияның көмекші құралдарымен, протездермен, таблеткаларға арналған органайзерлермен, еске салу құралдарымен және басқа да құралдармен) оларды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне қосу жолымен қамтамасыз ету ұсынылады.

      Ассистивті құралдар егде жастағы адамдардың функционалдық мүмкіндіктерін бұрынғы деңгейде ұстап тұруға немесе арттыруға, сол арқылы олардың әл-ауқатына ықпал етуге арналған.

      Жалпы мүгедектіктің нозологиялық құрылымында психикасы бұзылған және мінез-құлқы бұзылған мүгедектігі бар адамдар басым.

      АББ – бұл денсаулық сақтау шығындарын азайтуға және интеграцияланған көмек арқылы аурудың салдарын болғызбау немесе азайту жолымен созылмалы аурулары бар адамдардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бағдарлама. АББ үйлестірілген медициналық араласулар мен коммуникацияларды қамтиды және жекелеген адамдарға басқа медициналық қызмет көрсетушілермен бірге өз ауруын басқаруға және асқынуларды болғызбауға мүмкіндік береді.

      АББ-ны енгізу жұқпалы емес созылмалы аурулардың алдын алу және олармен күрес мәселелерінде, пациенттердің өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін арттыруда, медициналық персоналдың өзара іс-қимылын жақсартуда және ықтимал асқынуларды немесе жай-күйдің ауырлауын болғызбауға бағытталған қолда бар барлық ресурсты пайдалануда елеулі өзгерістер қажеттігінен туындады.

      Жүргізіліп жатқан медициналық оңалту қазіргі уақытқа дейін мүгедектіктің алдын алу және оның профилактикасының өзара байланысы белгіленбегенін көрсетеді. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, медициналық оңалту бойынша жоспарланған көрсеткіштер 84 %-ға орындалуда, бұл белгілі бір дәрежеде аудандық (қалалық) ауруханалар жанындағы медициналық оңалтудың стационарлық, амбулаториялық-емханалық бөлімшелер, мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталықтары санының жеткіліксіз болуына байланысты.

      Оңалту іс-шаралары тиімділігінің төмен болуы ересектер арасында (9,8 %) да, балалар арасында (0,7 %) да ішінара оңалту көрсеткіштерінен көрінеді.

      Осыған байланысты амбулаториялық-емханалық медициналық ұйымдардың базасында қажеттілігі ерекше (тірек-қимыл аппараты бұзылған және т.б.) балаларды оңалту кабинеттерін ашу жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.

      Сонымен қатар дәрі-дәрмекпен емдеуді қоспағанда, ауылдық амбулаториялар базасында қажеттілігі ерекше балалар үшін оңалту спектрінің қызметтерін (физиотерапиялық көрсетілетін қызметтер, массаж және т.б.) көрсетудің маңызы зор.

      Мүгедектікті анықтау мен белгілеу тәсілдерін қайта қарау мәселесі және мүгедектігі бар адамдарды оңалту мен қолдаудың неғұрлым кешенді тәсілін қамтамасыз ету үшін мүгедектігі бар адамдарды оңалту мен қолдаудың барынша кешенді тәсілін қамтамасыз ету үшін Тыныс-тіршілік пен денсаулықтың қызмет етуінің, шектелуінің халықаралық сыныптауышының (сақтандыру элементтерін енгізу, білім беру, жұмысқа орналастыру) терминологиясын біртіндеп қатар пайдалану мүмкіндігі қаралуда.

      Сурдопедагогтердің жетіспеушілігі байқалады. Мысалы, жұмыс істеп тұрған 40 сурдологиялық кабинеттің (19 балалар, 12 ересектер және 9 аралас кабинет) 13 кабинетінде (32,5 %) ғана өздеріне жіберілген пациенттерді тереңдетілген аудиологиялық тексеруге және есту-сөйлеуін оңалтуға қатысатын сурдопедагогтер бар.

2-параграф. Әлеуметтік оңалту және абилитация

      Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту мен абилитациялаудың кешенді тәсілін іске асыру оларды қоғамға толыққанды интеграциялау үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді, ол мыналарды қамтиды:

      1) қажеттілік түрлері бойынша әлеуметтік оңалту стандарттарын әзірлеу және енгізу (тіршілік әрекетінің шектелу түрлеріне байланысты);

      2) жеке қажеттіліктер негізінде ОТҚ-мен және әлеуметтік оңалту қызметтерімен қамтамасыз етудің кешенді тәсілін іске асыру;

      3) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын енгізу арқылы ОТҚ таңдау құқығын және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету;

      4) әлеуметтік оңалту орталықтарының инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын дамыту.

      Әлеуметтік оңалту және абилитациялау тиімділігінің нысаналы индикаторлары:

      оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ОТҚ-мен қамтамасыз етілу;

      мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің толық спектірін ұсыну.

      Әлеуметтік оңалту негізінде қажеттілігі ерекше адамдардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру, олардың тіршілік әрекетінің барлық аспектілеріне толық тартылуын қамтамасыз ету және қосу жатыр. Бұл міндетке елдегі әртүрлі ұйымдар мен мекемелер кешенді оңалту мен абилитациялық қызметтер көрсеткен кезде ғана қол жеткізуге болады. Мемлекет тарапынан әлеуметтік оңалту мен абилитациялау стандарттарын әзірлеу және енгізу осындай қажеттілік туындауы ықтимал барлық адамдар үшін осы қызметтерді көрсетудің тең-жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Әлеуметтік оңалту және абилитациялау стандарттары қажеттілік түрлерін, нозологиялардың формаларын, адамдардың жынысы мен жасын ескере отырып әзірленетін болады, бұл мынадай маңызды бағыттардың бірыңғай тәсілдерін бекітуге мүмкіндік береді:

      жеке қажеттіліктер негізінде әлеуметтік оңалтудың техникалық құралдары мен көрсетілетін қызметтерін қамтамасыз етудің кешенді тәсілін іске асыру;

      әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын енгізу арқылы ОТҚ таңдау құқығын қамтамасыз ету;

      әлеуметтік оңалту орталықтарының инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын дамыту.

      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) бойынша мүгедектігі бар адамдарды ОТҚ-мен мемлекеттік бюджет есебінен қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өнім берушіні таңдаудың негізгі өлшемшарттары ең төмен шартты баға ұсынысы болып табылады, бұл сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер ететіні сөзсіз.

      ОТҚ сапасы көп жағдайда мүгедектігі бар адамның тұрмыс сапасына ықпал етеді. Сондықтан мүгедектігі бар адамдардың жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне барынша толық сай келетін ОТҚ таңдау құқығын бекіту және қамтамасыз ету маңызды.

      Қаржыландырудың жеткіліксіздігі, мемлекеттік сатып алудың уақтылы өткізілмеуі, ОТҚ төмен сапасының лайықты болмауы ОТҚ ұсыну жүйесінің негізгі кемшіліктері болып табылады.

      Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алушылар мен өнім берушілердің тікелей өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы енгізілетін болады. Бұл бірыңғай цифрлық алаңда мүгедектігі бар адамдарға жеке қажеттіліктерін ескере отырып, көрсетілетін қызметтер мен оңалту құралдарын өз бетінше таңдау мүмкіндігі берілетін болады.

      Бұдан басқа, мүгедектік белгіленгеннен кейінгі бірінші айда оңалту орталықтары базасында ОТҚ-ны пайдалануға оқыту бағдарламасын әзірлеу және қабылдау көзделеді. Оқыту жеке сабақтарды, бейнероликтер көрсетуді, инструктормен, топта (мүмкіндігінше), содан соң өз бетінше жаттығулар орындауды қамтиды. Практика көрсеткендей, бұл іс-шаралар кешені мүгедектігі бар адамдардың одан әрі әлеуметтік бейімделуінің жылдамдығы мен сапасына тікелей әсер етеді.

3-параграф. Кешенді қолжетімділік және кедергісіз орта

      Әлеуметтік интеграция және мүгедектігі бар адамдардың тәуелсіз өмір салты, тұратын жерінен қызмет көрсету орнына дейін инфрақұрылымның толық қолжетімділігін қамтамасыз ету:

      1) көрсетілетін қызметтер мен объектілерге қолжетімділіктің ұлттық салааралық стандарттарын әзірлеу;

      2) сертификаттау және мониторинг жүйесі негізінде көрсетілетін қызметтер мен объектілерге қолжетімділік сапасын бақылау, қолжетімділіктің ұлттық стандарттарын сақтау;

      3) мүгедектігі бар азаматтар үшін коммуникациялық кедергілерді жоюға ықпал ететін қолжетімді ақпараттық инфрақұрылым құру жолымен жүзеге асырылуға тиіс.

      Кешенді қолжетімділік пен кедергісіз орта құру бойынша қойылған міндеттерге қол жеткізудің нысаналы индикаторлары:

      әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым ұйымдары қызметтерінің қолжетімділігі;

      қоғамдық көлік бағыттарының қолжетімділігі;

      мүгедектігі бар адамдардың қолжетімді ортаға құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін сарапшыларды аккредиттеу;

      мүгедектігі бар адамдар және халықтың жүріп-тұруы шектелген басқа да топтары үшін басым әлеуметтік маңызы бар объектілердің қолжетімділігі.

      Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектелген басқа да топтары үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету бойынша қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, жергілікті жерлерде мүгедектігі бар адамдардың қазір бар және салынып жатқан тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қол жеткізуі жөніндегі іс-шаралар толық көлемде іске асырылмайды.

      Есту қабілеті бұзылған адамдар мен көру қабілеті бұзылған адамдар үшін халыққа қызмет көрсететін барлық ұйымдарда объектілер мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мәселелері жеткілікті деңгейде реттелмеген.

      Мүгедектігі бар адамдарға немесе құрамында мүгедектігі бар адамдар бар отбасыларға берілетін тұрғын үй-жайларды арнайы жүріп-тұру құралдарымен және арнайы құрылғылармен жабдықтау жөніндегі норма іс жүзінде іске асырылмайды.

      Мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін объектілер: дүкендер, дәріханалар, сауда орталықтары, базарлар, кинотеатрлар, музейлер, тамақтандыру объектілері және т.б. қолжетімділікті бағалаумен қамтылмаған.

      Ақпараттық қолжетімділік құралдары, олардың түрлері мен типтері, олардың мақсаты, дұрыс пайдаланылуы туралы білім жоқ. Қоғам "қолжетімді орта" терминін пандустың болуы, ал ол болмаған кезде шақыру кнопкасының болуы деп түсінеді.

      Әлеуметтік маңызы бар объектілерде стендтерде, оның ішінде көру қабілеті бұзылған адамдарға қолжетімді және Брайль қарпі қолданылмайтын ақпаратты орналастыру қажет. Халыққа қызмет көрсетумен айналысатын барлық ұйымда онлайн-сурдоаударма технологиясы енгізілетін болады.

      Қалалық жерлерде де, ауылдық жерлерде де (әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілері, сондай-ақ мәдениет, бос уақытты өткізу және спорт объектілері) әлеуметтік, мәдени және қоғамдық маңызы бар қызметтерге қол жеткізу үшін кедергілерді жою бойынша шаралар қабылдау қажет.

      Жалпы қолжетімділік мониторингі, оны бақылау қалалық және әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімділікке халықтың жүріп-тұруы шектелген топтарының құқықтарын қорғаудың, әлеуметтік инфрақұрылым ұйымдарының, сондай-ақ жұмыс нәтижелері үшін атқарушы билік органдарының жауапкершілік деңгейін арттырудың, алынған міндеттемелер мен олардың орындалуы туралы халықтың хабардар болуының негізгі құралдарының бірі болып табылады.

      Сертификаттау тетіктері мен құралдарын, объектілер мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділік шарттарын пайдалана отырып, қолжетімділікті мониторингтеу мен бақылаудың ұлттық жүйесін дамыту мүгедектігі бар адамдардың көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікке құқықтарын қорғауға және бақылау функцияларын орындауға қоғамдық ұйымдардың сарапшыларын тартуға ғана емес, сондай-ақ мониторинг, бағалау, бақылау функцияларын орындауға сертификаттау жөніндегі құзыретті органдарды тартуға мүмкіндік береді.

4-параграф. Білім берудің қолжетімділігі

      Балалар мен ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға білім беру жүйесінің негізгі басым бағыттары мыналар болып табылады:

      1) білім берудің барлық деңгейлерінде (мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік-техникалық, жоғары) ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      2) ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жұмыс бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру;

      3) оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды әзірлеу және білім беру процесіне қатысушыларды қамтамасыз ету.

      Білім беруге қолжетімділіктің нысаналы индикаторлары:

      ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың жалпы санынан инклюзивті білім беруге қосылған балалардың үлесі;

      ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін жағдай жасаған мектептер мен балабақшалардың үлесі;

      ерекше білім беруге қажеттілігі бар студенттер үшін тең жағдай және кедергісіз қолжетімділік жасаған техникалық және кәсіптік білім беретін (бұдан әрі – ТжКБ) оқу орындарының үлесі;

      ерекше білім беруге қажеттілігі бар студенттер үшін жағдай жасаған жоғары оқу орындарының үлесі.

      2020 жылға қарай ерекше білім беруге қажеттілігі бар студенттер үшін тең жағдай және кедергісіз қолжетімділік жасаған ТжКБ оқу орындарының үлесі 40 %-ды құрайды.

      Ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдар үшін ТжКБ жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ТжКБ мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышында 70 мамандық бойынша кадрлар даярлау көзделген.

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдарға колледждерге түсетін кезде жағдай жасау (жеке аудитория, пән мұғалімі болып табылмайтын көмекші және (немесе) мүгедектігі бар балалар мен есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілін меңгерген маман беру) бөлігінде толықтырулар енгізу талап етіледі.

5-параграф. Экономикалық дербестік және сапалы жұмыспен қамту

      Мүгедектігі бар адамдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кәсіптік бағалау мен кәсіптік бағдарын тестілеуден міндетті өтуді қоса отырып, Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқыту және кәсіптік даярлау көзделеді.

      1. Оқытудың және қайта оқытудың жеке тәсілін әзірлеу жолымен мүгедектігі бар адамдардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

      2. Жұмысқа орналастыру кезінде мүгедектігі бар адамдарды сүйемелдеу институттарын енгізе отырып, жұмысқа орналасуға сапалы қолдау көрсету.

      3. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс берушілерді ынталандырудың қосымша және балама шараларын енгізу.

      Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту жетістіктерінің нысаналы индикаторлары:

      еңбекке жарамды жастағы мүгедектігі бар адамдардың жалпы санынан жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдардың санын ұлғайту;

      мемлекеттік мекемелердегі (ұлттық және жергілікті заң шығару органдарында, мемлекеттік қызметте және сот органдарында) мүгедектігі бар адамдар атқаратын лауазымдар пайызын арттыру;

      мүгедектігі бар оқушыларды оқыту үшін соңғы 12 айда жұмыстан қол үзбей оқудан өткен, жұмыс істеп жүрген мұғалімдердің санын арттыруға қол жеткізу болады.

      Жергілікті атқарушы органдар жұмыс орындары құрылатын ұйымдарда жұмысқа орналастырылатын мүгедектігі бар адамдар үшін инфрақұрылымды бейімдеу шығындарын қаржыландыруды жергілікті бюджет қаражаты есебінен толық көлемде қамтамасыз етпейді (пандустар, есік ойықтары, санитариялық тораптар, аудио- және тактильдік сілтегіштер, мүгедектігі бар адамдарға іште және сыртта бағдар беретін басқа да құрылғылар).

      Бос орындарға және квота бойынша жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, өз ісін ашуға микрокредит алу еңбек нарығында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің негізгі шаралары болып табылады.

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар мүгедектігі бар түлектердің жалпы орта, кәсіптік және техникалық, жоғары білім алғаннан кейінгі жұмыспен қамтылуы туралы мәліметтерді қалыптастыруы қажет, бұл енгізілген инклюзивті білім берудің табыстылығын және мүгедектігі бар адамдардың ашық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілік деңгейін талдауға мүмкіндік береді.

      Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша тәжірибе бар, ол әлі де елдің облыстары мен аудандарында кеңінен таралған жоқ. Әлеуметтік кәсіпкерліктің өз ерекшеліктері, әдістері бар екенін ескерсек, оларды қолда бар практикалық тәжірибені есепке ала отырып, халықтың өзге де әлеуметтік осал топтарына да тарату қажет.

      Сонымен қатар елімізде кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын институт құрылды.

      Осыған байланысты мүгедектігі бар адамдар үшін ұсынылатын барлық шараларды бизнес-қоғамдастықпен талқылауды жүргізген жөн, бұл орын алып отырған проблемаларды жою үшін қабылданатын шаралардың тиімділігін арттырады.

      "Жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңында лайықты жұмыс іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары; әлеуметтік-кәсіптік бағдарлау бойынша көрсетілетін қызметтер көзделген.

      Мүгедектігі бар адамдар үшін кәсіп таңдау кезінде ОЖБ-да қамтылған ұсынымдар және осы кәсіп бойынша кәсіптің мүгедектігі бар адамдарға қоятын талаптарын ашатын кәсіптік-графикалық деректер ескеріледі. Аталған мәліметтерді жұмыспен қамту орталықтарының жұмыскерлері әрдайым ала алмайды.

      Жаңа бастамалар шеңберінде мүгедектігі бар адамдардың еңбек ету мүмкіндіктерін диагностикалау және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мамандық таңдау әдістері енгізілетін болады.

      Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құру және жұмыс берушілерді ынталандыру жөніндегі шараларды жетілдіру тұрақты негізде жүргізілетін болады. Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын құруға, дотациялық жұмыс орындарын құруға арналған квотаны сақтайтын жұмыс берушілер үшін ынталандыру үстемақылары, жұмыс көлемін 50 %-дан астам немесе 100 % мүгедектігі бар адамдар еңбек ететін қоғамдық бірлестіктерге беру қаралатын болады.

      Қазақстанның еңбек нарығында құрылатын негізгі жұмыс орындары мүгедектігі бар адамдардың үш тобына – есту қабілеті бұзылған, көру қабілеті бұзылған және кресло-арбамен жүріп-тұратын адамдарға қатысты.

6-параграф. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

      Ескерту. 6-параграфқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2022 № 1142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту әлеуметтік қызметтердің тиімді өзара іс-қимылы және әлеуметтік қызметтер көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу есебінен жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі маңызды өзгерістер мынадай бағыттар бойынша болады:

      1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің өтініш беру форматынан проактивті форматына көшу.

      Қазақстанда отбасының цифрлық картасы енгізілуде. Соның негізінде қажеттілік карталары қалыптастырылып, ел ауқымында көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі айқындалып, қызметтер азаматтардың өтінішін күтпей, проактивті форматта көрсетілетін болады;

      2) отбасының жұмыспен қамтылмаған мүшелерін әлеуметтік қызмет көрсетуге тарту.

      Жақын адамдардың қолдауы және үйреншікті әлеуметтік орта оңалтудың тиімділігін арттыратынын практика көрсетіп отыр.

      Осыған байланысты отбасы мүшелеріне жеке көмекшілер ретінде (көрсетілетін қызметтерге мұқтаж белсенді азаматтар үшін) ресімделу немесе арнаулы қызметтердің жекелеген түрлерін көрсету үшін "Күміс жас" жобасына қатысу мүмкіндігі беріледі. Олардың еңбегіне ақы төленеді, әлеуметтік аударымдар жасалады, ал жұмыс кезеңі зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтіліне есептеледі. Алайда қатысушылардың осындай қызметтерді көрсету үшін тиісті дағдыларының, машықтары мен біліктіліктерінің болуы оларға қойылатын негізгі талап болады;

      ірі интернат-үйлерінде қызмет көрсетуден шағын жинақы әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында қызмет көрсетуге көшу.

      Бүгінгі таңда осындай 20 ұйым мұқтаж азаматтарға олардың тұратын жерлерінде немесе оларға жақын жерде қызмет көрсетеді. Мұндай ұйымдарды дамыту арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін, әсіресе ауылда шағын жинақы ұйымдар ашқан жеке сектор субъектілеріне мемлекеттік тапсырысты кеңейту жолымен жүзеге асырылатын болады. Өз кезегінде ірі интернат-үйлер жаңа технологияларды енгізу және әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің ғылыми-әдістемелік орталықтарына немесе әлеуметтік қызмет көрсетудің көпбейінді шағын үйлеріне кезең-кезеңмен ауыстырылатын болады;

      ұйымдардың түріне қарай стандарттардың орнына көрсетілетін қызмет түрлері бойынша стандарттарды қалыптастыру.

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды кеңейту олардың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуінің бірыңғай тәсілдерін әзірлеуді талап етеді. Осыған байланысты тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесіне немесе өмірдегі қиын жағдайдың түріне байланысты әлеуметтік қызметкерлер іс-қимылының қадамдық алгоритмін қамтитын арнаулы әлеуметтік қызметтердің қазіргі стандарттары өзектілендіріліп, жаңалары әзірленетін болады;

      жалпы тарифтердің орнына арнаулы әлеуметтік қызметтерді жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидатын енгізу.

      Тариф белгілеу жүйесі мыналарды көздейтін болады:

      жан басына шаққандағы норматив – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар үшін;

      шекті бағалар – компенсаторлық техникалық құралдарды жеткізетін ұйымдар үшін.

      Тарифтер мемлекет кепілдік берген арнаулы әлеуметтік қызметтерге ғана белгіленеді және кепілдендірілген сома деп аталатын болады. Бұл ретте ол елдің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өзгерістері ескеріліп, ауық-ауық түзетіліп тұрады. Жалпы, ұсынылатын шаралар мұқтаж азаматтарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын арттыруға арналған.

      Осы мақсатта:

      әлеуметтік қызметкерлер тізілімі қалыптастырылатын болады, онда әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігі, олар көрсететін қызметтердің түрлері мен сапасы, жұмыс нәтижелері туралы ақпарат қамтылады (тізілім қызметтерді тұтынушыларға әлеуметтік қызметкерлерді бәсекелес ортада таңдауға мүмкіндік береді, әлеуметтік қызметкерлердің жалақы деңгейі олардың сұранысқа ие болуына тікелей байланысты);

      даярланып жатқан кадрлардың білім деңгейіне, машықтары мен дағдыларына жұмыс берушілер қоятын талаптар әлеуметтік қызметкерлерге арналған кәсіптік стандарттар әзірленетін болады (біліктілікті бағалаудың тәуелсіз жүйесінен өткен сертификатталған мамандар ғана әлеуметтік жұмысқа жіберіледі);

      біліктілік деңгейі, санаты мен ұсынылатын қызметтердің ерекшелігі ескерілетін еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі әзірленетін болады.

      Ұсынылатын өзгерістердің мақсаты оған мемлекеттің, жеке сектордың, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың өздерінің ынтымақтаса қатысуы есебінен әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады.

      Әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушылардың көрсетілетін жұмыскердің сапасына қанағаттануы үшін мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізу қажет:

      үздіксіз білім беру және сертификаттау жүйесі арқылы әлеуметтік жұмыскерлерді кәсібилендіру;

      мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік емес сектор көрсететін әлеуметтік қызметтердің тізбесін кеңейту;

      арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу.

      Қазіргі уақытта әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының 71 %-ы ірі қалалар мен аудан орталықтарында орналасқан. Сонымен қатар қызмет көрсетілетін мүгедектігі бар адамдардың 48,7 %-ы үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері басым ауылдық жерлерде тұрады. Осыған байланысты жүйенің институционалдық базасын одан әрі кеңейтуге, көрсетілетін қызметтерді алушыларды олардың жеке мүмкіндіктеріне байланысты санаттауға және көрсетілетін қызметтердің атаулылығын күшейтуге бағытталған шараларды қабылдау межеленген.

      Әлеуметтік жұмыскерлер біліктілігінің төмен болуы проблема болып қалып отыр. Арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс ақылы негізде ұсынылатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тиісінше дамымаған.

      Министрлік 2018 – 2019 жылдары әлеуметтік қызметтер көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асырды.

      Бастапқы кезеңде әлеуметтік көрсетілетін қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетудің интеграцияланған моделі Шығыс Қазақстан облысында сынақтан өтті.

      Арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің интеграцияланған моделін енгізу және сапасын мониторингтеу бойынша ведомствоаралық комиссиялар мен отбасылармен тікелей жұмыс істеген мамандардың ведомствоаралық командалары құрылды.

      Білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, құқық қорғау органдары саласында 103 маманды оқыту қамтамасыз етілді, өмірде қиын жағдайға тап болған адамдардың жекелеген санаттарымен жұмыс істеу кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру бойынша, арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер мен көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу шеңберінде әдістемелік басшылық әзірленді.

      Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында және Өскемен қаласында жүргізілген жұмыс барысында 54 отбасына қажеттілікті бағалау парақтары жасалды. Ведомствоаралық жұмыс топтарының бағалау қорытындысы бойынша 30 отбасы есепке алынып, оларға 68-ге жуық қызмет көрсетілді.

      Жергілікті бюджеттер қаражаты мен тартылған қаражат есебінен жалпы сомасы 1,7 млн теңгеге көмек көрсетілді.

      Көрсетілген қызметтер отбасыларға өмірдегі қиын жағдайдан шығуға немесе жағдайын біршама жақсартуға мүмкіндік берді.

      2018 жылғы желтоқсанда және 2019 жылғы ақпанда пилоттық жобаға тағы 10 өңір қосылды.

      Пилот қорытындысы бойынша білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау жүйелерінің және басқа да салалардың әлеуметтік жұмыскерлерінің қызметін үйлестіру тетігі әзірленетін болады, бұл мұқтаж азаматтарға "бір терезе" қағидаты бойынша әлеуметтік қызметтер көрсетуге және барлық өңірлерде әлеуметтік қызметтер көрсетудің интеграцияланған моделін жаппай енгізуге мүмкіндік береді.

      Арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді жан басына қаржыландыру нормативтері енгізілетін болады. Халықаралық және отандық тәжірибені ескере отырып, тарифтер мемлекет кепілдік берген әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша белгіленетін болады. Жалпы бейіндегі көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай тарифтер белгіленді; кешенді көрсетілетін қызметтер бойынша аралас тарифтерді қалыптастыру мүмкіндігі зерделенуде.

      Жүйені ақпараттандыру және көрсетілетін қызметтерді алушылардың электрондық жеке карталарын (әлеуметтік қызметтер көрсету тарихы) енгізу негізінде кезең-кезеңімен әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру шығыстарының мониторингтеу жүйесі іске асырылатын болады. Бұл нақты шығындар негізінде тарифтік саясаттың ашықтығы мен тиімділігін едәуір арттырады.

      Әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және жаңа технологияларды енгізуді ынталандыру үшін көрсетілетін қызметтер тарифтеріне негізгі құралдарды жаңартуға арналған шығыстар кезең-кезеңімен енгізілетін болады.

      Отбасы, мемлекет, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер мен қайырымдылық ұйымдары, басқа да коммерциялық емес ұйымдар, коммерциялық сектор әріптестігі технологияларын енгізе отырып, негізінен ауылдық елді мекендерде әлеуметтік қызмет көрсетілетін көп бейінді шағын үйлер құрылатын болады.

      Әлеуметтік қызмет көрсететін шағын үйлердің типтерін және оларда кешенді және мамандандырылған қызметтер көрсету шарттарын жергілікті атқарушы органдар қызмет көрсетілетін азаматтардың санаттарына және олардың жеке қажеттіліктеріне қарай айқындайтын болады.

      Жұмыс беруші есебінен үздіксіз мансаптық және кәсіби өсуді қамтамасыз ету мақсатында оқуға мүмкіндік берілетін болады.

      Әлеуметтік жұмыскерлердің біліктілігі, олар көрсететін қызметтердің түрлері, оларды ұсыну деңгейі және жұмыс нәтижелері туралы қажетті ақпаратпен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі қызметкерлер санының бірыңғай базасы ("Кадрлар" ААЖ) құрылатын болады. Базаға қызметтердің барлық тұтынушылары қол жеткізе алады, бұл оларға әлеуметтік жұмыскерлерді таңдау құқығын пайдалануға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жұмыскерлер қызметінің айқындығынан басқа бұл адал бәсеке тудырып, олардың еңбегіне ақы төлеуге де әсер етеді.

      "Бір плюс екі" моделі қалыптастырылатын болады – бір әлеуметтік жұмыскерге 2 волонтер көмектеседі. Әлеуметтік қызметтер мен волонтерлік ұйымдар жұмыскерлерінің тығыз өзара іс-қимылы әлеуметтік жұмыскер кәсібінің мәртебесі мен беделін көтеруге мүмкіндік береді.

      Қазіргі практика көрсетіп отырғандай, әлеуметтік қолдау көрсетудегі құрамдас бөлік отбасының/мүгедектігі бар адамның өмірдегі қиын жағдайдан шығу проблемасын толық көлемде шешуге мүмкіндік бермейді.

      Көрсетілетін қызметтердің интеграцияланған моделінің тетігі әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент (кейс-менеджер) пен құрамында мүгедектігі бар адамдар және мұқтаж азаматтардың басқа да санаттары бар отбасы арасында сенімді өзара қарым-қатынас орнатуға негізделетін болады.

      Кейс-менеджер отбасыдағы өмірдің қиын жағдайын кешенді бағалап, оның алдағы теріс салдарының профилактикасы мен алдын алуға баса назар аудара отырып, осы жағдайдан шығу жолдарын табады.

      Бұған қоса коммуникация көздері мен тетіктерінің алуан түрлілігі, өнім берушілер арасында үйлестірудің болмауы мүгедектігі бар адамдарға өздері үшін қолжетімді қызметтердің алуан түрлілігі туралы толық көлемдегі хабардар болуға көбінесе мүмкіндік бермейді.

      Әлеуметтік қызмет көрсету жүйелерін қаржыландыру әдісінің негізінде әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алудың жеке тәсілі, мүгедектігі бар адамның тіршілік ету қажеттіліктерін есепке алу және қызмет алудың неғұрлым қолайлы түрін (үйде, күндігі стационарда, стационарлық мекемеде) таңдауды қамтамасыз ететін қаржыландыру схемалары арқылы қызметтер көрсету жатады. Көрсетілетін қызметтерді жеке жоспарлау әлеуметтік қамсыздандыру қызметтеріне мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне неғұрлым дәл сәйкес болуға көмектеседі және соның нәтижесінде бюджет қаражаты сметалық (баптар бойынша) бюджеттік қаржыландырудың қолданыстағы әдістерімен салыстырғанда неғұрлым ұтымды жұмсалатын болады.

      2009 жылы қабылданған "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы "әлеуметтік қызметкерді" дербес мамандық ретінде заңнамалық түрде бекітті.

      Бүгінгі күні әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде 10 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер еңбек етуде, олардың басым бөлігі – 79,8 %-ы үйде қызмет көрсету жүйесіне тиесілі. Статистикалық тұрғыдан алғанда, республикада бір әлеуметтік қызметкерге орта есеппен алғанда мүгедектігі бар 60 адамнан келеді (мүгедектігі бар адамдардың жалпы саны – 608 мың адам деп есептегенде).

      Әлеуметтік қызметкер өз саласында заманауи құралдарды меңгерген, сапалы заманауи оқыту әдістемелері бойынша оқытылған құзыретті, білікті маман болуға тиіс. Бұл ретте әлеуметтік қызметкер – жанашырлық, көшбасшылық және өз ісіне берілгендік сияқты адами қасиеттері мейлінше дамыған маман.

7-параграф. Қоғамдық сананы жаңғырту

      Қоғамның мүгедектігі бар адамдардың проблемаларына деген көзқарасын өзгерту мақсатында мынадай шараларды қамтитын қоғамдық санамен жұмыс жөніндегі кешенді стратегияны іске асыру қажет:

      1) бірқатар негізгі дефинициялар мен ұғымдарды қайта қарау және бекіту;

      2) мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді басқарудың бірыңғай институтын құру.

      Көрсетілген шараларды іске асырудың нысаналы индикаторлары:

      мәдениет, телерадио хабарларын тарату объектілерін және интернет-сайттарды есту және көру қабілеті бұзылған адамдар үшін қазіргі заманғы қолжетімділік құралдарымен жабдықтау;

      есту және көру қабілеті бұзылған адамдар үшін мемлекеттік ұйымдарда қолжетімді ақпараттық стендтер әзірлеу;

      БАҚ-та мүгедектік проблематикасы бойынша түсіндіру сипатындағы жарияланымдарды енгізу;

      сурдоаудармамен немесе титрі бар жүгіртпе таспамен сүйемелденетін республикалық және өңірлік телевизия арналары бағдарламаларының санын ұлғайту.

      Қоғамдық санамен кешенді жұмыс шеңберінде 2025 жылға қарай республикалық телевизияда сурдоаудармамен немесе титрі бар жүгіртпе таспамен сүйемелденетін бағдарламалар шығару, халықты мүгедектік мәселелері туралы хабардар ету және әлеуметтегі қоғамдық стигматизацияны төмендету мақсатында әлеуметтік роликтерді орналастыру үшін мемлекеттік тапсырысты кеңейту жоспарлануда. Осы роликтер шеңберінде жұртшылықты әртүрлі мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасауға оқыту және хабардар ету жүргізіледі.

      Барлық әлеуметтік факультеттерде ымдау тілін оқыту курстарын енгізу, оның ішінде қызметтер көрсету секторына жұмысқа қабылдау кезінде қарым-қатынастың ымдау тілін білуді міндетті өлшемшарт ретінде енгізу мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша шараларды іске асыруға мүмкіндік береді.

      Бұл ретте ымдау тілін мемлекеттік тілге көшіру және компьютерлер мен оқығыш машиналар, ұялы телефондар үшін қазақ тілін электрондық синтездеу бағдарламасын әзірлеу мәселелерін қарау қажет.

      Мүгедектікпен байланысты әлеуметтік стигма мүгедектігі бар адамдарға өз әлеуетін толық ашуға кедергі жасайтын және білім беру, жұмысқа орналастыру сияқты салалардағы нәтижелер мен қазақстандық қоғам өмірінің барлық салаларына қатысу тұрғысынан теңсіздікті күшейтетін негізгі кедергілердің бірі болып қалып отыр.

      Бұл міндетті шешу үшін білім беру жүйесінің барлық деңгейінде, оның ішінде барлық балаларда сәби кезінен бастап мүгедектігі бар адамдардың құқықтарына, сонымен қатар қоғамның басқа да мүшелеріне құрметпен қарауға тәрбиелеуді енгізу ұсынылады.

      Бұл шара мүгедектігі бар адамның бейнесін қоғамның толық құқылы және тең дәрежелі мүшесі ретінде дамытуға көмектеседі. Адам құқықтарына негізделген тәсілді мүгедектікке қолдану мәселелерінде жұртшылықты хабардар етуді және жаппай ағартуды арттыру жөніндегі кең ауқымды әрі атаулы науқандарды ұйымдастыру жөніндегі күш-жігерді жандандыру және жұмысты жалғастыру қажет.

      Жоғарыда аталған шараларды іске асыру алдымен стереотиптер мен ақылға сыймайтын ескі нанымдарды барынша азайтуды, ал кейіннен толық жоюды, әлеуметтік стигматизация мен кемсітуді жоюды қамтамасыз етеді, мүгедектігі бар адамдарға қатысты қоғамдық сананың табысты жаңғыруына алып келеді.

  Қазақстан Республикасында
мүгедектігі бар адамдардың
құқықтарын қамтамасыз ету
және тұрмыс сапасын жақсарту
жөніндегі 2025 жылға дейінгі
ұлттық жоспарға
қосымша

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Іс-шаралар жоспары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2022 № 1142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Болжамды шығыстар (мың теңге)

Қаржыландыру көзі

Нысаналы индикатор


1

2

3

4

5

6

7

8

1. Мүгедектік профилактикасы және оның алдын алу

1

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

Тұжырымдама жобасы

Еңбекмині, ДСМ, БҒМ, ИИДМ, МСМ, ЦДИАӨМ, АҚДМ, ІІМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



2

Мүгедектікке әкелетін туа біткен даму кемістіктерін және тұқым қуалайтын ауруларды анықтау тұрғысынан балаларды ерте скринингпен:
1) ерте анықтау және емдеу мақсатында жаңа туған балаларда фенилкетонурия мен туа біткен гипотиреозды диагностикалау үшін неонатальды скринингпен;
2) ретинопатияны анықтау үшін шала туған нәрестелерді офтальмологиялық скринингпен;
3) жаңа туған балалар мен сәби жастағы балаларды (үш жасқа дейін) аудиологиялық скринингпен;
4) психикалық-физикалық дамуында артта қалу қаупі бар балалар тобын анықтау мақсатында үш жасқа дейінгі балаларды психофизикалық даму скринингімен қамтуды мониторингтеу

Еңбекминіне ақпарат
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ДСМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді


қамту үлесі:
2019 – 88 %
2020 – 89 %
2021 – 90 %
2022 – 91 %
2023 – 92 %
2024 – 93 %

3

Пациенттерді созылмалы ауруларды басқару бағдарламасына тарту: пациенттерді өзіндік менеджментке оқыту

оқыту графигі

ДСМ, ЖАО

жыл сайын

көзделген қаражат шегінде

067 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

тартылған
дар үлесі:
2019 – 30 %
2020 – 32 %
2021 – 34 %
2022 – 36 %
2023 – 38 %
2024 – 40 %

4

Барлық 3 кезеңде (амбулаториялық, стационарлық, санаторий-курорттық) оңалту көмегінің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету

Еңбекминіне ақпарат
 

ДСМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді


көрсетілген көмектің үлесі:
2019 – 20 %
2020 – 30 %
2021 – 35 %
2022- 40 %
2023 – 45 %
2024 – 50 %

5

"Жүктілікті жасанды түрде үзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 30 қазандағы № 626 бұйрығына әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау бөлігінде өзгерістер енгізу

бұйрық
 

ДСМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



6

Диагностика және емдеу хаттамаларын, оның ішінде психикалық ауытқулар бойынша жетілдіру

Еңбекминіне ақпарат
 

ДСМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



7

Санаторий-курорттық емдеу ұсынылатын аурулар мен денсаулық ауытқуының тізбесін және санаторий-курорттық емдеуді ұсыну тәртібін әзірлеу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ақпарат
 

ДСМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



8

Медициналық оңалту мәселелері бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілетін адамдарға психологиялық консультация жүргізу

Еңбекминіне ақпарат
 

ДСМ, ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді


үлес:
2022 – 50 %
2023 – 55 %
2024 – 60 %

9

Мүгедектіктің профилактикасы шеңберінде мүгедек емес адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ДСМ, ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



2. Білім берудің қолжетімділігі


10

Білім беру ұйымдарында инклюзивті мәдениетті қалыптастыру жөнінде ұсынымдар дайындау

әдістемелік ұсынымдар

БҒМ,
Еңбекмині, ЖАО

2019 жыл

талап етілмейді



11

Білім беру ұйымдарында инклюзивті мәдениетті қалыптастыру жөніндегі шаралардың орындалуын мониторингтеу

Еңбекминіне ақпарат

ҒЖБМ, ОМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді



12

Арнайы білім беру ұйымдарының желісін кеңейтуді мониторингтеу
 

Еңбекминіне ақпарат

ОМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді



13

Мектепке дейінгі ұйымдар мен орта білім беру ұйымдарында инклюзияны қолдау кабинеттерінің желісін кеңейтуді мониторингтеу

Еңбекминіне ақпарат

ОМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді



14

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға білім беру процесін материалдық-техникалық сүйемелдеудің орындалуын мониторингтеу

Еңбекминіне ақпарат

ОМ, ЖАО
 

жыл сайын

талап етілмейді



15

Ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) (мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептерде, колледждер мен ЖОО-ларда) оқыту үшін жағдай жасалуын мониторингтеу

Еңбекминіне ақпарат

ҒЖБМ, ОМ, ЖАО
 

2019 – 2023
жылдар

талап етілмейді



16

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің базасында ерте араласу жүйесін құру мәселесін зерделеу

Еңбекминіне ақпарат

БҒМ, ДСМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



17

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды кәсіптік бағдарлау мәселелері бойынша отбасының, мектептің өзара іс-қимылын ұйымдастыру

ұсынымдар

БҒМ, ДСМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



18

Арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік оқу жоспарларына ымдау тілі пәнін енгізу мәселесін пысықтау

Еңбекминіне ақпарат

БҒМ, ДСМ, ЖАО

2019 жыл

талап етілмейді



19

Ауытқу дәрежесіне қарай ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін үлгілік оқу бағдармаларын әзірлеу

бұйрық

БҒМ, ДСМ, Еңбекмині

2020 жыл

көзделген қаражат шегінде

099 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде


20

Үлгілік оқу жоспарлары мен техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары негізінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға арналған жеке жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

БҒМ, ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



21

Білім алушының ерекше білім беруге мұқтаждығын ескере отырып, жеке білім беру бағдарламаларын және жоспарларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

ОМ, Қаржымині, ЖАО

2022 жыл

талап етілмейді



22

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды жаңартылған бағдарлама бойынша оқулықтармен қамтамасыз ету (ірі қаріппен және Брайль қарпімен, ой-өрісінің бұзушылықтары бар балаларға)

Еңбекминіне ақпарат

БҒМ

2019 – 2021 жылдар

көзделген қаражат шегінде

099 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде


23

Техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін оқу орындарында мүгедектігі бар адамдарды оқытуға арналған квотаның орындалуын мониторингтеу

Еңбекминіне ақпарат

ҒЖБМ, ОМ, ЖАО
 

жыл сайын

талап етілмейді



24

Жалпы білім беретін мектепте оқыту процесінде ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жөнінде ұсыныстар енгізу

Еңбекминіне ұсыныс

БҒМ, ДСМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



25

Өңірлер бөлінісінде ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны бойынша статистикалық деректерді қалыптастыру

статистикалық деректер

ҒЖБМ, ОМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді



26

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуды іске асыратын, оның ішінде танылған халықаралық практикаларды енгізуді ескере отырып, жалпы білім беру ұйымдарының базасында инклюзивті білім берудің ресурстық орталықтары жүйесін кеңейтуді мониторингтеу

Еңбекминіне
ақпарат

БҒМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді



27

Үйде оқыту (қашықтан оқыту) ұсынылатын аурулар мен денсаулықтың ауытқу тізбесін әзірлеу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ДСМ,
БҒМ, Қаржымині, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



28

Үйде оқитын мүгедектігі бар балаларға арналған білім беру бағдарламаларын және медициналық-әлеуметтік мекемелердегі балаларға арналған арнайы бағдарламаларды жаңарту бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ОМ, ДСМ, ЖАО

2023 жыл

талап етілмейді



29

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арнаулы автобустар ұсыну мәселесін пысықтау

Еңбекминіне ақпарат

ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



3. Әлеуметтік оңалту және абилитациялау тиімділігін арттыру


30

"Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы
30 қаңтардағы № 44 бұйрығына қайта куәландыру талап етілмейтін аурулар тізбесін кеңейту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу

бұйрық

Еңбекмині, ДСМ,
ЖАО

2019 жыл

талап етілмейді



31

"Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



32

"Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

бұйрық

Еңбекмині, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



33

Пилоттық өңірлерде "Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мен "Оңалтудың техникалық құралдары" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу

әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы

Еңбекмині, ДСМ,
ЖАО

2020 жыл

көзделген қаражат шегінде

Еңбекминінің 067 "Халықаралық ұйымдармен бірлесіп атқарылатын жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде


34

Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын жетілдіру және дамыту бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2023 жыл
 

талап етілмейді




35

"Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы
16 ақпандағы № 60 бұйрығына жергілікті атқарушы органдардың өнім берушілердің белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін бақылау жөніндегі комиссиясының әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді берушілерге және құзыретіне қойылатын біліктілік талаптарын қайта қарау бөлігінде өзгерістер енгізу

Еңбекминінің
бұйрығы

Еңбекмині
ЖАО

2023 жыл

талап етілмейді



36

Берілетін техникалық оңалту құралдарына шекті баға қалыптасу бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2023 жыл
 

талап етілмейді



37

Мүгедектігі бар адамдарды заманауи протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ДСМ, ИИДМ, ОМ, ЖАО

2023 жыл
 

талап етілмейді



38

Оңалтудың техникалық құралдары паркін қалыптастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2023 жыл
 

талап етілмейді



39

Мүгедектігі бар әйелдердің
3 жасқа толмаған балалары болған жағдайда бала күтімі бойынша жеке көмекшіні енгізу мәселесін қарау

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



40

Психологиялық қажуға жол бермеу үшін мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын және қолдау көрсететін адамдарды (отбасыларды) қолдау шараларын әзірлеу

Еңбекминіне ұсыныстар

ДСМ, ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



41

Мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталықтарының желісін дамыту мәселесін пысықтау

Еңбекминіне ақпарат

ЖАО
 

2022 – 2025 жылдар

талап етілмейді



42

Аутистік спектрі ауытқыған және басқа ауытқуы бар балалар үшін күндіз болатын орталықтар құру мәселесін пысықтау

Еңбекминіне ақпарат

ЖАО,
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының "Қамқорлық" қоры (келісу бойынша),
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (келісу бойынша),
"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры (келісу бойынша)

2022 – 2025 жылдар

талап етілмейді



43

Мүгедектікке немесе шешімдер қабылдау машықтарына қарамастан, өмірдің барлық аспектілерінде мүгедектігі бар адамдардың әрекетке толық қабілеттілігін тану бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу

талдамалық анықтама

Еңбекмині

2021 жыл

талап етілмейді



44

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесінде тыныс-тіршілік пен денсаулық шектеулерінің қолданылуының халықаралық сыныптауышын бейімдеу бойынша ұсынымдар тұжырымдау

ұсынымдар

Еңбекмині, ДСМ, ЖАО

2024 жыл

талап етілмейді


оқытылғандардың үлесі:
2024 – 75 %

4. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту

45

Азаматтарды (балаларды, отбасыларды) өмірдегі қиын жағдайда жүрген адамдардың санаттарына жатқызу өлшемшарттарын және мұқтаж азаматтарға (балаларға, отбасыларға), оның ішінде адам саудасы және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша құқық бұзушылықтардан зардап шеккен адамдарға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың атаулылығын күшейту мақсатында мемлекет кепілдік берген арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тізбесін өзектілендіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминінеұсыныстар
 

ДСМ,
ОМ,
ІІМ,
МСМ
ЖАО

2023 жыл
 

талап етілмейді



46

Орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес отбасының цифрлық картасы шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдардың жалпы контингентін айқындау

статистикалық деректер

Еңбекмині,
ОМ,
ДСМ,
ЦДИАӨМ
 

2023 жыл
 

талап етілмейді



47

Өңірлердің әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдармен қамтамасыз етілуін айқындау

статистикалық деректер

Еңбекмині, ЖАО

2023 жыл
 

талап етілмейді



48

Өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің ұйымдарын трансформациялау бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекмині
ұсыныстар

ҰЭМ,
ЖАО
 

2023 жыл
 

талап етілмейді



49

Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер сыныптауышын енгізу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ДСМ, ІІМ, БҒМ, ЖАО

2020 жыл
 

талап етілмейді



50

Интеграцияланған әлеуметтік қызметтерді көрсету кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың әдістемелік ұсынымдарын әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

Еңбекмині, ІІМ, ДСМ, БҒМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



51

Интеграцияланған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартының жобасын әзірлеу

бұйрық
жобасы

Еңбекмині, ІІМ, ДСМ, ОМ, ҒЖБМ, ЖАО

2024 жыл

талап етілмейді



52

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін енгізу жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

әдістемелік
ұсынымдар

Еңбекмині,
ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



53

Жұмыс істеп тұрған медициналық-әлеуметтік мекемелерді біртіндеп институттанудан шығару алгоритмін әзірлеу:
а) әлеуметтік қызмет көрсететін ірі интернат-үйлерді сыйымдылығы аз үйлер етіп біртіндеп институттанудан шығару;
б) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді аккредиттеу тетігін енгізу мүмкіндігін қарастыру;
в) медициналық-әлеуметтік мекемелер ұсынатын арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін аутсорсингке беру мәселесін пысықтау

Жол картасы

Еңбекмині, ОМ,
ДСМ,
ЖАО
 

2023 жыл
 

талап етілмейді



54

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметті алушыларды олар тұратын аумақтағы медициналық-әлеуметтік мекемелерге бекіту тетігі бөлігінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2023 жыл
 

талап етілмейді



55

Сыйымдылығы шағын әлеуметтік қызмет көрсету үйлерін дамыту жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



56

Мүгедектігі бар адамдарды міндетті оқытудан өткен отбасыларға орналастырудың баламалы нысандарын енгізу мәселесін қарау

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



57

Мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету бойынша жеке көмекшілерді, әлеуметтік қызметкерлерді, сондай-ақ отбасы мүшелерін оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО
 

2023 жыл

талап етілмейді



58

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің үйде көрсетілуіне мұқтаж адамдар үшін жеке көмекшілердің, әлеуметтік қызметкерлердің қызмет көрсетуін қайта қарау жөніндегі ұсыныстар

Еңбекминіне
ұсыныстар

ЖАО
 

2023 жыл
 

талап етілмейді



59

Бір әлеуметтік қызметкердің екі волонтермен өзара іс-қимыл жасау моделін айқындау

әдістемелік ұсынымдар

Еңбекмині, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



60

Волонтерлік институтын дамыту

Еңбекминіне
ақпарат

АҚДМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді



61

"Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қызметкердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

Тұжырымдама жобасы

Еңбекмині, ІІМ, ДСМ, БҒМ, ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



62

Әлеуметтік қызметкерлерді міндетті тіркеуді, сараптауды және сертификаттауды бақылау және енгізу тетігін ендіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау
 

Еңбекминіне ақпарат

ІІМ, ДСМ, БҒМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



5-тарау. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер мен тариф белгілеу стандарттарын жетілдіру

63

Тариф белгілеуді қалыптастыру және жетілдіру:
а) бюджет және бюджеттен тыс қаражат пен шығындар баптарын қоса алғанда, қаржыландырудың барлық көздері бойынша медициналық-әлеуметтік мекемелердің шоғырландырылған бюджетіне талдау жүргізу;
б) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында пайдалану үшін ұйымның түріне, көрсетілетін қызметті алушының санатына қарай әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету құнын есептеу және хронометраж жұмыстарын жүргізу;
в) шоғырландырылған бюджетті, мемлекеттік активтердің ағымдағы жай-күйін, бизнес-процестер мен функцияларды талдау негізінде әдістемелік ұсынымдар дайындай отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезіндегі өзіндік құн мен пайда нормаларын қоса алғанда, медициналық-әлеуметтік мекемелердің тікелей және жанама шығыстарының нормаларын айқындау

Жол картасы
 

Еңбекмині
 

2023 жыл

талап етілмейді



64

Үйде қызмет көрсетілетін адамдар үшін жан басына шаққандағы қаржыландыруды қалыптастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдау
 

Еңбекминіне
ұсыныстар

ЖАО

2023 жыл
 

талап етілмейді



65

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін стационарлық және жартылай стационарлық ұйымдарда қызмет көрсетілетін адамдар үшін тарифтерді қалыптастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне
ұсыныстар

ЖАО

2023 жыл
 

талап етілмейді



66

Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдар үшін көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері және ұсынылатын оңалтудың техникалық құралдары бойынша стандарттарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

Еңбекмині, ЖАО
 

2023 жыл
 

талап етілмейді



67

"Медициналық-әлеуметтік мекемелерде, оңалту орталықтарында, мүгедектігі бар балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 896 бұйрығына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда тамақтануды қамтамасыз ету нормаларын қайта қарау бөлігінде өзгерістер енгізу

Еңбекминінің бұйрығы

ДСМ,
ОМ,
ЖАО

2023 жыл
 

талап етілмейді



6. Әлеуметтік қызметкер мәртебесі

68

Әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін көтеру бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ОМ,
ҒЖБМ,
ІІМ,
ДСМ,
ЖАО

2023 жыл

талап етілмейді



69

Әлеуметтік қорғау, халықты жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес кәсіп үшін біліктілік деңгейінің кәсіптік стандарттарын өзектілендіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2023 жыл

талап етілмейді



70

Әлеуметтік қызметтердің қызметкерлерін, оның ішінде педагогикалық қызметкерлерді сертификаттау және аттестаттау бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ОМ,
ДСМ,
ЖАО

2023 жыл

талап етілмейді



71

Әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ОМ,
ДСМ,
ЖАО

2023 жыл

талап етілмейді



72

Ұйымдардың әлеуметтік қызметкерлеріне, сондай-ақ білім беру саласындағы әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік психологтарға еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарау жөнінде ұсыныстар енгізу

Еңбекминіне ұсыныстар

ДСМ,
ОМ,
Қаржымині,
ІІМ

2024 жыл

талап етілмейді



7. Мүгедектігі бар адамдар үшін мәдени және спорттық іс-шараларды дамыту
 

73

Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларын арнайы спорттық құрал-жабдықтармен және спорттық протездеумен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

МСМ,
ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



74

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, жоғары спорт шеберлігі мектептерінде, олимпиадалық дайындық орталықтарында және олимпиадалық резервті даярлау орталықтарында мүгедек спортшыларға жаттығу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету

Еңбекминіне ақпарат

МСМ,
ЖАО

жыл сайын

көзделген қаражат шегінде

036 "Жоғары жетістіктер спортын дамыту" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

спортшылар үлесі:
2019 – 11,7 %
2020 – 12,2 %
2021 – 12,7 %

75

Спорт дәрігерін, спорт психологын, биомеханикті, массаж жасаушылар мен нутрициологты қамтитын кешенді-ғылыми топтарды ұлттық құрамаларға бекіту бойынша мәселені пысықтау

Еңбекминіне ақпарат

МСМ,
ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



76

Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша жаттығу процесін ұйымдастыру әдістемесін әзірлеу және кейіннен паралимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың жаттықтырушыларын әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету

әдістемелік ұсынымдар

МСМ,
ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



77

Мүгедектігі бар адамдар үшін, оның ішінде инклюзивті туризмді қоса алғанда, мәдени-спорттық көрсетілетін қызметтер тізбесін белгілеу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

МСМ, ЖАО

2023 жыл

талап етілмейді



8. Кедергісіз орта

78

"Жүйелі бейімдеу" ұғымын заңнамалық деңгейде бекіту

Еңбекминіне ақпарат

ИИДМ, Еңбекмині, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



79

Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін ғимараттар мен құрылыстардың, жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының және елді мекендер көшелерінің міндетті қолжетімділігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілеу бөлігінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру

нормативтік құқықтық актілер

ИИДМ, Еңбекмині, ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



80

І топтағы мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балалар үшін теміржол көлігімен жол жүруге
50 % мөлшерінде жеңілдік белгілеу

бұйрық

ИИДМ

2019 жыл

көзделген қаражат шегінде

015 "Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалдарын субсидиялау" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

теміржол көлігімен жол жүруге жеңілдік

81

"Интерактивті қолжетімділік картасы" ақпараттық порталында деректерді толтыру мен өзектілендірудің мониторингі

қолжетімділік картасы

ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді



82

Объектілердің қолжетімділігін бақылау функцияларын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жергілікті атқарушы органдарға бекітіп беру мәселесін қарау

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің хаттамасы

Еңбекмині, ИИДМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



83

Мүгедектігі бар адамдардың флюорографиялық, маммографиялық зерттеулермен қамтылуын және олардың қолжетімділігін мониторингтеу

Еңбекминіне ақпарат

ДСМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді


үлес:
2020 – 70 %
2021 – 80 %
2022 – 90 %
2023 – 100 %

84

Өңірлерде медициналық ұйымдарды гидравикалық басқарылатын гинекологиялық креслолармен жабдықтау жөнінде ұсыныстар енгізу (өңірде амбулаториялық және стационарлық деңгейде кемінде екеу)

Еңбекминіне ұсыныстар

ДСМ, ЖАО

2022 жыл

талап етілмейді



85

Сурдоаударма қызметтерін көрсету, оның ішінде онлайн-сурдоаударма технологияларын пайдалана отырып көрсету тәртібін әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



86

Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүгедектігі бар адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде
іс-шаралар әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

ІІМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



87

"Ақпараттық технологиялар: мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін интернет-ресурстың қолжетімділігі" ҚР СТ 2191-2012 ұлттық стандартын, сондай-ақ Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын (2021 жылғы 2 сәуірдегі № 114/НҚ) халықаралық стандарттарға сәйкес ақпараттық толықтыру қағидаларын қайта қарау бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ЦДИӨДМ, АҚДМ

2024 жыл

талап етілмейді



88

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының сайттарында қазақ тілінің сөйлеу синтезі (ақпараттық контентке сөйлеу қолжетімділігі) функциясын енгізу бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ЦДИӨДМ, ҒЖБМ, ОМ, АҚДМ

2023 жыл

талап етілмейді



9. Экономикалық дербестік және сапалы жұмыспен қамту

89

Көру қабілеті ауытқыған адамдар қатарынан массаж жасаушылар курстарын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



90

Жұмысқа орналасу процесінде мүгедектігі бар адамдарды технологиялық сүйемелдеуді пайдалана отырып кәсіптік оңалту орталықтарын құру жөнінде ұсыныстар енгізу

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



91
 

Жұмыс берушінің мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құру шығындарын субсидиялау

есеп

ЖАО

2019 жыл

көзделген қаражат шегінде

062 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде


92

Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталандырудың қосымша немесе балама шараларын енгізу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ақпарат

ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



10. Қоғамдық сананы жаңғырту


93

Министрлердің/өңірлер әкімдерінің мүгедектік мәселелері жөніндегі кеңесшілерін тағайындау тәртібін айқындау жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

бұйрық

Еңбекмині, ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



94

Бірыңғай республикалық медиа-жоспар шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарында мүгедектігі бар адамдардың проблемаларына қоғамның оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған жарияланымдар мен мақалаларды орналастыру, телеарналарда сөз сөйлеу

мақалалар, жарияланымдар, материалдар

АҚДМ, Еңбекмині, ЖАО

жыл сайын

көзделген қаражат шегінде

003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

жарияланымдар саны:
2019 – 5 %
2020 – 10 %
2021 – 15 %
2022 – 20 %
2023 – 25 %
2024 – 30 %

95

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы мәселені Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына шығару

ВАК хаттамасы

Еңбекмині, ЖАО

2022 жыл

талап етілмейді




      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ААЖ – автоматтандырылған ақпараттық жүйе

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

      ВАК – Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі ведомствоаралық комиссия

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      ОАМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі