Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы

      Баспасөз релизі!

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 412 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже);

      2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігiнің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті болып;

      2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері – мемлекеттік мекемелері;

      3) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар қайта аталсын.

      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі осы қаулының 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      4. Осы қаулы:

      1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағының 125) тармақшасын;

      1-1) Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 154-1), 154-2), 154-3), 154-4), 154-5), 154-6) және 154-7) тармақшаларын;

      2) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 83-1), 86-1), 93-1), 95-1) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ереженің 16-тармағының 83) тармақшасы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 10.07.2020 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
      Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 18 ақпандағы
№ 81 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi туралы ереже

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "қор", "қордан", "қордың" деген сөздер "Қор", "Қордан", "Қордың" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.03.2022 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi (бұдан әрі – Министрлік) әлеуметтік және еңбек салаларындағы, сондай-ақ құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:

      1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті;

      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті.

      3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Министрліктің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:

      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 6-кіреберіс.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2022 № 834 (ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Министрлікке Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынас жасасуға тыйым салынады.

      Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      мынадай:

      1) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау;

      2) жұмыспен қамту;

      3) әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру;

      4) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау;

      5) балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау;

      6) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;

      6-1) еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау;

      7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

      8) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;

      8-1) кәсіптік біліктілікті тану;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.09.2023 № 764 (04.09.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi); 20.03.2024 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

      заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан және лауазымды адамдардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

      Министрліктің құзыреті шегінде ведомстволарға реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру өкілеттігін беру;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларда өз құзыреті шегінде әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға жәрдем көрсету;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын іске асырудан бас тарту;

      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      жолданымдарды қабылдау және тіркеу, оларды және оларға қоса берілген құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу, формальды қателерді жоюға және қоса берілетін құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беру;

      әкімшілік рәсімге қатысушыға оның әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;

      әкімшілік рәсімге қатысушыны өткізілетін тыңдаудың орны мен уақыты туралы күні бұрын хабардар ету;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдау;

      әкімшілік актіні Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімге қатысушының не олардың өкілдерінің назарына жеткізу;

      ведомстволардың, олардың аумақтық органдарының, сондай-ақ Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;

      Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету.

      15. Функциялары:

      1) еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

      2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер, әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған азаматтарға қорғаншылық пен қамқоршылық, сондай-ақ өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, шетелде еңбек қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек құқықтарын қорғау бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіру және қызметін тексеруді жүзеге асыру;

      3) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық, құқықтық актілерді, оның ішінде әдістемелік ұсынымдарды, есептік, статистикалық және есептік құжаттама нысандарын, ведомстволық статистикалық байқаулар нысандарын, сондай-ақ оларды еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру салаcында ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      4) еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ғылыми әзірлемелерді қалыптастыру және басымдықтарын айқындау, ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру және ғылыми сүйемелдеуді үйлестіру;

      4-1) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес қызметтің функционалдық талдауын дербес жүргізу;

      4-2) цифрлық трансформацияны жүргізу;

      5) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және жетекшілік ететін қызмет салаларында оның дамуын қамтамасыз ету;

      5-1) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;

      6) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар (келісімдер) жасасу;

      7) еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы саясаттың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;

      8) өз құзыреті шегінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;

      9) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

      11) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру үшін комиссия құру;

      12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті және тәуекелдерді бағалауды ұйымдастыру;

      13) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің уақтылы және объективті жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;

      14) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында үйлестіруді және басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жұмыскерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      15) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 603 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15) жұмыс берушінің еңбек нормаларын, еңбек жөнiндегi үлгiлiк нормалар мен нормативтердi, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) салааралық, үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау тәртiбiн белгiлеу;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      15-1), 15-2) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 603 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16) көрсететін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілеу;

      17) көрсететін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерді ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілеу;

      17-1) тиісті жылға демалыс күндерін ауыстыруды бекіту;

      17-2) кәсіптік мерекелерді белгілеу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      17-3) кәсіптік мерекелердің тізбесін бекіту;

      17-4) акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту;

      18) жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру тәртібін бекіту, сондай-ақ оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін белгілеу;

      19) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер беру нормаларын бекіту;

      20) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша алуан түрлі экономикалық қызмет ұйымдарының жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру нормаларын бекіту;

      21) тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары әзірлейтін және бекітетін экономикалық қызметтің алуан түрлі ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының біліктілік анықтамалықтарын немесе үлгілік біліктілік сипаттамаларын қарау және келісу;

      22) әкiмшiлiк персоналға жататын жұмыскерлер лауазымдары атауларының тiзбесiн әзірлеу және бекіту;

      23) оларда жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ оларды беру тәртібін айқындау;

      24) Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын, сондай-ақ ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану тәртібін айқындау;

      25) Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын әзірлеу және бекіту;

      26) барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын әзірлеу және бекіту;

      27) білім, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру;

      28) әлеуметтік және еңбек саласындағы салалық біліктілік шеңберін әзірлеу және қайта қарау;

      29) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      29-1) әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту;

      30) әлеуметтік әріптестік жүйесі мәселелері жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

      31) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асыру;

      32) еңбек төрелігі туралы үлгілік ережені бекіту;

      33) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізу;

      34) азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      35) мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібін айқындау;

      36) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлеу, бекіту, олардың күшін жою, тоқтата тұру, сондай-ақ техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

      37) орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібін белгілеу;

      37-1) айлық жалақының ең төмен мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлеу;

      38) ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындау;

      39) еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау тәртібін бекіту;

      40) он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің ауыр заттарды тасуы мен қозғалтуының шекті нормаларын бекіту;

      41) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардан еңбек қатынастары мәселелері бойынша қажетті ақпарат сұрату;

      42) әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын бекіту;

      43) ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ережені бекіту;

      44) биіктікте жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігін және оны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      45) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау тәртібін айқындау;

      46) жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;

      47) жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқаулықты әзiрлеу, бекiту және қайта қарау тәртібін белгілеу;

      47-1) тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін белгілеу;

      48) еңбекті қорғауды басқару жүйесі туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;

      49) кәсіптік тәуекелдерді басқару қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      50) еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтерін әзірлеу және бекіту;

      50-1) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тіркеу және есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      50-2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жазатайым оқиға туралы актіні электрондық форматта жіберу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      50-3) жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметтерді жіберу жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      51) Азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексін әзірлеу және бекіту;

      52) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      53) қаупі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      54) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде қамтылған жұмыскердің дербес деректерінің құпиялылығын және қорғалуын Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес қамтамасыз ету;

      55) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен мәліметтер беру;

      56) еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау мен төлеу тәртібін айқындау;

      57) жұмыс берушінің қызметін декларациялау тәртібін әзірлеу және бекіту;

      58) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау және еңбек қатынастарын реттеу саласындағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын айқындау;

      59) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастыру және оларды іске асыруды жүзеге асыру;

      60) ұжымдық еңбек дауларын есепке алу нысанын әзірлеу және бекіту;

      61) мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін әзірлеу және бекіту;

      62) тиісті қызмет салаларының тиісті уәкілетті мемлекеттік органдары әзірлейтін және бекітетін азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімдерін келісу;

      63) азаматтық қызметшілерді аттестаттауды өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындау;

      64) әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін әзірлеу және бекіту;

      65) тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдары әзірлейтін және бекітетін мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының салалық нормативтерін келісу;

      66) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді әзірлеу және бекіту;

      67) кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындау;

      67-1) субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың жалақысын субсидиялау тәртібін айқындау;

      68) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау, еңбек нарығының жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар ету;

      69) әлеуметтік және еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз ету;

      70) мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлеу және бекіту;

      70-1) мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру, мүгедектіктің себептеріне, құрылымы мен жай-күйіне мониторинг жүргізу;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      15-тармақты 70-2), 70-3) және 70-4) тармақшалармен толықтыру көзделген – ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 213 қаулысымен (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі).

      71) жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын әзірлеу және бекіту;

      72) көші-қон процестерін реттеу және мониторингтеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлеу;

      73) өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін әзірлеу және бекіту;

      74) мүгедектігі бар адамның жұмыс орнының стандарттарын әзірлеу және бекіту;

      75) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларын әзірлеу;

      76) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен бірлесіп, комиссияның арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін айқындауы қағидаларын бекіту;

      77) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен;

      78) еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      79) ақпараттық жүйелердің және дерекқорлардың жұмысы, оларды сүйемелдеу және оларға қол жеткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      79-1) "Электрондық еңбек биржасы" жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      80) экономиканың кадрларға қажеттілігінің болжамын әзірлеу және оны мүдделі орталық атқарушы органдармен келісу;

      80-1) өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын келісу;

      81) мыналарды:

      ата-анасынан кәмелетке толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды;

      пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлеу және бекіту;

      82) кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін әзірлеу және бекіту;

      82-1) кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі қызметтерді алуға құқығы бар жеке тұлғалардың жекелеген санаттарын айқындау;

      83) еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын әзірлеу;

      84) шетелдік жұмыскерлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру, "Шетелдік жұмыс күші" ақпараттық жүйесін құру және олардың тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

      85) облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      86) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;

      87) босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;

      88) өз құзыреті шегінде босқындар мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;

      89) босқындар мәселелері бойынша жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асыру;

      90) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;

      91) босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қараудың тәртiбiн, пана iздеген адам куәлiгiнің үлгiлерiн бекiту;

      92) босқын куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптарды бекіту;

      93) көшіп-қонушылар мен этникалық қазақтардың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органының, Сыртқы істер министрлігінің тиісті ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      94) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны және босқындар туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      95) босқын деп танылған адамға шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға өз құзыреті шегінде жәрдемдесу;

      96) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару тәртібін әзірлеу және бекіту;

      97) білім беру саласындағы орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      98) еңбек мобильділігі орталығының үлгілік жарғысын және мансап орталығының үлгілік ережесін әзірлеу және бекіту;

      98-1) еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтары жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      98-2) еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтары жұмыскерлерінің үздіксіз кәсіптік даму қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      99) өңірлердің (аудандардың, қалалардың және облыстардың) жұмыспен қамту картасын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;

      100) жұмыспен қамтудың жеке картасының нысанын және оны жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      101) әлеуметтік келісімшарттың үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;

      102) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтер аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      103) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтер аутсорсингі туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

      104) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

      105) халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесін және тарифтердің шекті деңгейін әзірлеу және бекіту;

      106) жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      107) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу және бекіту;

      108) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құруын мониторингтеуді жүзеге асыру, жұмыс орындарының құрылуы туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      109) кадрлардағы елішілік құндылық үлесін есептеу әдістемесін әзірлеу;

      110) жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан шетелдік жұмыс күшін тартуға беретін рұқсаттардың жеңілдетілген тәртібін айқындау;

      111) қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;

      112) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту тәртібін айқындау;

      113) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібін айқындау;

      114) қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияның үлгілік ережесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасына қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақы төлеудің үлгілік қағидаларын бекіту;

      115) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасына біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және растау тәртібін бекіту;

      116) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға өңірлік квотасын белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу;

      117) құзыреті шегінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      118) құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеу, мемлекеттік органдардың халықтың көші-қоны саласындағы жұмысын үйлестіру;

      119) құзыреті шегінде көші-қон процестерін мониторингтеуді жүзеге асыру;

      119-1) Қазақстандық қызметкерлердің тәлімгерлігін ұйымдастыру қағидаларын және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

      119-2) авторлық мектептерді ашу жөніндегі әдістемелік нұсқауды әзірлеу және бекіту;

      120) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу;

      121) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесін әзірлеу және бекіту;

      122) қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары, уақытша орналастыру орталықтары қызметінің тәртібін айқындау;

      122-1) жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      123) этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерiн қандас мәртебесi берілгенге дейiн олардың қалауы бойынша, сондай-ақ қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде қоныс аударған жағдайда ішкі көшіп-қонушыларды уақытша болу орталықтарында алғашқы қоныстандыру тәртiбін және мерзiмдерін айқындау;

      124) қандас мәртебесін беруден немесе ұзартудан бас тартуға арналған шағымдарды қарау;

      125) міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      126) орталық атқарушы органның және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыс туралы, сондай-ақ алушылар мен зейнетақы төлемдерінің мөлшерлері туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      127) өндірістердің, жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін әзірлеу;

      128) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      129) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айрылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – Қор) төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      130) Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      130-1) жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу тәртібін бекіту;

      131) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      131-1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      132) салымшылардың (алушылардың) нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларына тиісті қаржы жылындағы инфляцияның деңгейін ескере отырып мониторингті жүзеге асыру;

      133) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын әзірлеу;

      134) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңiлдiкпен есептеу үшiн сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тiзбесiн әзiрлеу;

      135) толық маусым iшiндегi жұмысы жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн бiр жылғы жұмыс өтіліне есепке жатқызылатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмiн әзiрлеу;

      136) әскери қызметшілердің (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидаларын әзірлеу;

      137) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;

      138) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;

      139) 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке кодының және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған зейнетақы шартының болмауына байланысты тұрған жерi белгiсiз бұрынғы жұмыскерлердiң кірістерінен агенттер ұстап қалған және аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару қағидаларын әзiрлеу;

      140) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін әзірлеу;

      141) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      142) республикалық бюджеттен зейнетақы тағайындау, зейнетақы және әлеуметтік төлемдерін алу, сондай-ақ Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері бойынша түсіндірме беру;

      143) әлеуметтік аударымдарды есептеу мен қорға төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидаларын және Мемлекеттік корпорацияның банк шотына артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды аудару қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      143-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша бірыңғай төлемнің артық (қате) төленген және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомаларын төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін айқындау;

      143-2) төлеушілерге әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы, сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға тағайындалған әлеуметтік төлем сомасы туралы не оны тағайындаудан бас тарту туралы ақпарат беру тәртібін айқындау;

      144) әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      145) банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар жұмыскерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру тәртібін әзірлеу;

      146) банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар жұмыскерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті есептеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      146-1) жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      146-2) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, оны төлеуді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      146-3) алдын алу шараларын және (немесе) оңалту шараларын жүргізуге арналған шығындарды өтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      147) Қордың басшы жұмыскерлерін тағайындауға (тағайындаудан бас тартуға) келісім беру;

      148) Қордың қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесін, нысандарын, оларды ұсыну мерзімдерін айқындау;

      149) Қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді әзірлеу;

      150) Қордың қаржылық тұрақтылығын талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асыру;

      151) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен Қордың қызметін ішкі бақылауды жүзеге асыру;

      152) Қор активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттерін әзірлеу;

      153) Қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы ұсыныс әзірлеу;

      154) Қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шамасын жыл сайын, бірақ жылына екі реттен асырмай белгілеу;

      155) Қордың комиссиялық сыйақыны алуы қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      156) еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда, Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін арттыру туралы ұсыныс әзірлеу;

      157) жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізімін және еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізімін әзірлеу;

      158) халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеу және бекіту;

      158-1) білім беру, азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау саласындағы әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру стандарттарын айқындау;

      159) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді ақылы негізде көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      160) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну бойынша мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;

      161) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік жұмыскерлерді аттестаттау тәртібін әзірлеу және бекіту;

      162) әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

      162-1) кәсіптік стандартқа сәйкес әлеуметтік жұмыскерлерді аттестаттау бағдарламасын әзірлеу және бекіту;

      162-2) әлеуметтік жұмыскерлердің кәсіптік мінез-құлық әдебі нормаларын денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша бекіту;

      163) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау тәртібін әзірлеу және бекіту;

      164) халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      165) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      166) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      167) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;

      167-1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;

      167-2) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін әзірлеу және бекіту;

      168) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен және денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесе отырып, әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау өлшемшарттарын айқындау;

      169) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну түрлері мен нысандарын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      170) жеке және заңды тұлғалармен, білім беру саласындағы уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасу;

      171) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      172) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      173) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      174) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      175) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын әзiрлеу және бекіту;

      176) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде қалыптастырылатын құжаттардың нысандарын әзірлеу және бекіту;

      177) тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту;

      177-1) тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін, Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын жекелеген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін мемлекеттік сатып алу, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындау;

      178) тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      179) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектігі бар адамның қажеттіліктерін бағалау тәртібін әзірлеу;

      180) мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      181) мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және ұсынылатын қызметтердің сыныптауышын әзірлеу және бекіту;

      181-1) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру;

      182) әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      183) атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу тәртібін бекіту;

      184) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібін айқындау;

      185) учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекіту;

      185-1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      186) әлеуметтік келісімшарттың, жеке жоспардың нысандарын және отбасын (адамды) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесін бекіту;

      187) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу тәртібін бекіту;

      188) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер шығыстарының тіркелген үлесін белгілеу;

      188-1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін келісу;

      189) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және оңалту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

      190) медициналық-әлеуметтік сараптаманы және мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгілеу;

      190-1) министрлердің, аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, облыстық маңызы бар қалалар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің мүгедектік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшілерін тағайындау тәртібін әзірлеу және бекіту;

      191) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі мен шарттарын әзірлеу және бекіту;

      191-1) арнаулы жұмыс орындарын құруға берілетін субсидиялар мөлшерін айқындау;

      192) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;

      193) кедейлік шегінің мөлшерін айқындау;

      194) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

      195) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тексеру парақтары мен тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын бекіту;

      196) еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды әзірлеу және бекіту;

      197) өз құзыреті шегінде тең мүмкіндіктер, толеранттылық қағидаттарының сақталуын және шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, нанымы, тұрғылықты жері себептері бойынша құқықтарға нұқсан келтіруге жол бермеуді, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек қатынастарында этносаралық және өзге де кез келген кемсітушіліктің туындауының алдын алуды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      198) өз құзыреті шегінде мемлекеттік, оның ішінде электрондық қызметтер көрсету;

      199) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру;

      200) медициналық-әлеуметтiк сараптама, әлеуметтік және еңбек саласындағы кадрларды даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру;

      201) халық арасында еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

      202) консультациялық-кеңесші және сараптама комиссияларын құру;

      203) еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон, халықты әлеуметтік қорғау саласында ведомстволық статистикалық байқау жүргізу;

      204) еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;

      205) жастар ұйымдарымен жастарды жұмысқа орналастыруға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      206) жеке және заңды тұлғалардың еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;

      206-1) арыз иелері көтеретін жүйелі проблемаларды талдау және анықтау, оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

      207) уәкілетті мемлекеттік органдардың, әлеуметтік қызметтердің және әлеуметтік және еңбек саласындағы өзге де ұйымдардың жұмысын әдістемелік және ұйымдық үйлестіру;

      208) жұмыспен қамту саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес қол жеткізуін ұйымдастыру;

      209) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен;
      210) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен;
      211) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен;

      212) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды, олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін дербестендірілген есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      213) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алуды жүргізу тәртібін айқындау;

      214) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбелерін бекіту;

      215) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асыру;

      216) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асыру;

      217) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарау;

      218) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      219) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу;

      220) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      221) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестер құру;

      222) техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестердің құрамын және олар туралы ережелерді бекіту;

      223) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстар дайындау және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізу;

      224) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және орындау;

      225) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      226) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды қосу немесе алып тастау жөніндегі жұмысқа қатысу;

      227) бес жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының әлеуметтік сала көрсеткіштерін болжау әдістемесін бекіту;

      228) экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу қағидаларын бекiту;

      229) ақталған адамға куәлік беру қағидаларын, ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту;

      229-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

      229-2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құру;

      229-3) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат беру;

      229-4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өзінің интернет-ресурсында орналастыру;

      229-5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету;

      229-6) өздерінің құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар беру және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;

      229-7) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;

      229-8) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастыру;

      229-9) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;

      229-10) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асыру;

      229-11) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсыну;

      229-12) шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін бекіту;

      229-13) жастарды жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

      229-14) уақытша бос жүрген жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;

      229-15) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларын келісу;

      229-16) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларын келісу;

      229-17) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларын, сондай-ақ олардың үлгілік ережесін әзірлеу және бекіту;

      229-18) кәсіптер тізілімін қалыптастыру, өзектілендіру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      229-19) кәсіптік біліктілікті тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      229-20) кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, қолданылуын қайта бастау және тоқтату қағидаларын, сондай-ақ аккредиттеуден кейінгі шарттың үлгілік нысаны мен талаптарын әзірлеу және бекіту;

      229-21) біліктілік бағдарламаларын әзірлеу және бекіту қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

      229-22) салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      229-23) Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, сүйемелдеу және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де ақпараттық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдауғы және өңдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      229-24) Қазақстан Республикасының өңірлері арасында кәсіптік біліктілікті тануға арналған бір жолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      229-25) ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті тануда қажеттілігін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      229-26) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;

      229-27) Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында бекітілген кәсіби стандарттардың тізбесін жүргізу;

      229-28) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның қызметін үйлестіру;

      229-29) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға өз құзыреті шегінде қатысу;

      229-30) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      229-31) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      229-32) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 603 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      229-33) медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен үйлестіруді жүзеге асыру;

      229-34) медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      229-35) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      229-36) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынуға қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін әзірлеу және бекіту;

      229-37) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      230) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.10.2022 № 834 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.12.2022 № 985; 23.02.2023 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.04.2023 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2023 № 528 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 4-т. қараңыз); 04.09.2023 № 764 (04.09.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi); 20.03.2024 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.05.2024 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.07.2024 № 603 қаулыларымен.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Министрлікте басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Бірінші басшының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы саясатты қалыптастырады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;

      3) ведомстволардың құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;

      4) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;

      5) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;

      6) Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітеді;

      7) оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Акционерлік қоғамдар:

      1. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы.

      2. Республикалық протездік-ортопедиялық орталық.

      3. "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру компаниясы.

      4. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры.

      Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар:

      1. Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты.

Министрлік ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 11.07.2022 № 471; 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

      1. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті, Көкшетау қаласы.

      2. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, Ақтөбе қаласы.

      3. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы қаласы.

      4. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, Атырау қаласы.

      5. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Өскемен қаласы.

      6. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, Тараз қаласы.

      7. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Орал қаласы.

      8. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, Қарағанды қаласы.

      9. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда қаласы.

      10. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті, Қостанай қаласы.

      11. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, Ақтау қаласы.

      12. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті, Павлодар қаласы.

      13. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, Петропавл қаласы.

      14. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан қаласы.

      15. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті, Астана қаласы.

      16. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы.

      17. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Шымкент қаласы.

      18. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті.

      19. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті.

      20. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті.

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 18 ақпандағы
№ 81 қаулысымен
бекітілген

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне

      382. "Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры" АҚ

      383. "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" АҚ

      384. "Республикалық протездік-ортопедиялық орталық" АҚ

      385. "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ".

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      1 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) стратегиялық жоспарлау, салық және бюджет саясаты, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясат, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар, халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу, экспортты жылжытудан басқа, сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту, сауда қызметін реттеу, мемлекеттік активтердің басқару, соның ішінде корпоративтік басқарудың сапасын жоғарлату, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту, мемлекеттік қызмет көрсету аясындағы мемлекеттік саясатты дамыту;";

      15-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      16-тармақтың 122) тармақшасы алып тасталсын.

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 18 ақпандағы
№ 81 қаулысына
1-қосымша

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетінің қайта аталатын аумақтық бөлімшелері – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті, Көкшетау қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне, Көкшетау қаласы.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, Ақтөбе қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне, Ақтөбе қаласы.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаментіне, Алматы қаласы.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, Атырау қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне, Атырау қаласы.

      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Өскемен қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне, Өскемен қаласы.

      6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, Тараз қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне, Тараз қаласы.

      7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Орал қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне, Орал қаласы.

      8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, Қарағанды қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне, Қарағанды қаласы.

      9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне, Қызылорда қаласы.

      10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті, Қостанай қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіне, Қостанай қаласы.

      11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, Ақтау қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне, Ақтау қаласы.

      12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті, Павлодар қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне, Павлодар қаласы.

      13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, Петропавл қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне, Петропавл қаласы.

      14. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, Шымкент қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне, Шымкент қаласы.

      15. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне, Астана қаласы.

      16. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментіне, Алматы қаласы.

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 18 ақпандағы
№ 81 қаулысына
2-қосымша

      Қайта аталатын мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі

      1. Мемлекеттік кәсіпорындар

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      2. Мемлекеттік мекеме

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Әлеуметтік-еңбек саласы кадрларының біліктілігін арттыру курсы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Әлеуметтік-еңбек саласы кадрларының біліктілігін арттыру курсы" мемлекеттік мекемесіне.