Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 қазандағы № 850 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы", "Нотариат туралы", "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" және "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларында:
16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Мүлікті одан әрі пайдалану (республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына беру, оның ішінде балалар үйлеріне, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға), балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге өтеусіз беру, өткізу немесе жою) туралы шешімді уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Мүлікті одан әрі пайдалану (республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына беру, оның ішінде балалар үйлеріне, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға), балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге өтеусіз беру, өткізу немесе жою) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.";
29-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссия белгілеген ең төменгі бағамен өткізілмеген, пайдалануға жарамды мүлік балалар үйлеріне, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға), балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге (бұдан әрі – әлеуметтік қызмет субъектілері) өтеусіз беріледі.".
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
15-тармақтың 432) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"432) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;".
4. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
15-тармақтың 211) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"211) мүгедектігі бар адамдарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жол жүрісі қауіпсіздігін олардың қажеттіліктерін ескере отырып қамтамасыз ету бөлігінде жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және басқаруға арналған нормативтік, жобалық және техникалық құжаттаманы келіседі;".
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.6. "Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қарашадағы № 1061 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесінде:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Жолаушыларды және жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдауда пайдаланылатын автобустар салонының алдыңғы бөлігінде мүгедектігі бар адамдарға, зейнеткерлерге, жүкті әйелдерге және мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушыларға арналған орындар көзделеді. Осы орындардың тұсында олардың пайдаланылу мақсатын көрсететін ақпараттық тақташа орнатылады.";
84 және 85-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"84. Артқы есік арқылы отырғызу құқығын тек мүгедектігі бар адамдар ғана пайдаланады.
85. Кезектен тыс отырғызу құқығын мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылар пайдаланады.";
Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесіне қосымшада:
реттік нөмірі 5-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Аялдамаларды жариялауды жүзеге асыру нұсқалары:
көлік бірліктері хабарлаушы құралмен 100 пайыз жабдықталған кезде;
автоматтандырылған дауыс шығарғыш құрылғы арқылы;
жүргізуші немесе кондуктор хабарлайды;
кресло-арбаны пайдаланатын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға бейімделген жылжымалы құрамның болуы.";
мына:
"Комиссияның қарауына "Жолаушылар тасымалы жағдайларын жақсартатын қосымша ұсыныстар" деген 9-бағанға 6 баллға дейінгі бағамен қосымша өлшемдер (жылжымалы құрамды жуу мен жинауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жүйесі, диспетчерлік қызметі бар байланыс жүйесі, рейс алдындағы автобустарды техникалық бақылауды қамтамасыз ету, жол жүру тарифі) енгізілуі немесе тасымалдаушылардың жол үстіндегі сервистік қызметтер бойынша қосымша ұсыныстары 1 баллға бағалаумен ескерілуі мүмкін." деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссияның қалауы бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыруда реттік нөмірі 9-жолдың "Жолаушылар тасымалының жағдайларын жақсартатын қосымша ұсыныстар" деген 2-бағанына қосымша өлшемшарттар (жылжымалы құрамның шанағын автоматты түрде жуу, электр қозғалтқыштары бар автобустар, табиғи газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштары бар автобустар) енгізіледі.".
7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.09.2023 № 772 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.8. "Төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға тұрғын үй-жайлар беру, материалдық залалды өтеу, қажетті көмек беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 860 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға тұрғын үй-жайлар беру, материалдық залалды өтеу, қажетті көмек беру ережесінде:
2-қосымшада 6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұруына арналған арнайы көлік құралдары.";
4-қосымшада 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мыналарды:
тамақ дайындауға және зардап шеккен отбасылардың тұрғын үйін жылытуға арналған отынды;
мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұруына арналған арнайы көлік құралдарын жеткізу.".
9. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен "Самұрық-Қазына" әл-ауқат ұлттық қоры" акционерлік қоғамы арасындағы Өзара іс-қимыл туралы келісімді мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 178 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен "Самұрық-Қазына" әл-ауқат ұлттық қоры" акционерлік қоғамы арасындағы Өзара іс-қимыл туралы келісімде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Кредиттер мынадай талаптарға сай келетін студенттерге ұсынылады:
1) студенттің үлгерімі (өлшемшарттарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайды);
2) әлеуметтік мәртебесі:
жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер;
мүгедектігі бар адам болып табылатын студенттер;
ата-аналары мүгедектігі бар адам болып табылатын студенттер;
көп балалы, табысы аз немесе толық емес отбасыдан шыққан студенттер;
ата-аналары зейнеткерлік жасқа жеткен студенттер;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайтын басқа да студенттер.".
10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.11. "Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 945-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларында:
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу бойынша капиталдандырылған төлемдердің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, капиталдандырылған сомаларды алуға құқықты растайтын сот актісі (актілері):
капиталдандырылған төлемдер сомаларын мемлекеттен алған кезде – зиянды өтеу есебіне капиталдандырылған төлемдерді төлеу жөніндегі жауапкершілікті мемлекетке жүктеу туралы заңды күшіне енген шешім (қаулы, ұйғарым);
капиталдандырылған төлемдер сомаларын таратылған заңды тұлғаның мүлкі есебінен алған кезде – материалдарында бірінші кезектегі әрбір кредитор бойынша толық жазба қамтылған конкурстық басқарушының қорытынды есебінің бекітіліп, конкурстық іс жүргізудің аяқталғаны туралы ұйғарым (шешім).
Капиталдандырылған сомаларды алуға құқықты соттың не капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу жөніндегі капиталдандырылған төлемдер сомасы туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік архивтің архив құжатымен растауға болады.
Зардап шеккен адамның мәртебесіне байланысты:
денсаулыққа нұқсан келтірілген зиянды өтеу кезінде – әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама;
жұмыскердің қайтыс болуы салдарынан зардап шеккен, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 940-бабының 3-тармағына сәйкес мүгедектік мерзіміне зиян өтелетін мүгедектігі бар адамға зиянды өтеу кезінде – өтініш берушіге мүгедектік белгілеу туралы мәліметтер "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – "МОДҚ" ААЖ) сұратылады.
"МОДҚ" ААЖ-да мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мүгедектік немесе кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Сот актісінде не капиталдандырылған сомаларды алуға құқықты растайтын архив құжатында кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін немесе мүгедектік белгілеу туралы мәліметтер болған жағдайда жеке анықтама ұсыну талап етілмейді.
Іс-әрекетке қабілетсіз, іс-әрекетке қабілеті шектеулі немесе қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамдарға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды олардың заңды өкілдері береді.
Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтінішті үшінші тұлғалар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша береді.".
12. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді беру және пайдалану қағидаларында:
5-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент мүгедектігі бар балаларға қолданылмайды;"
5-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5-3. Мүгедектігі бар адамдарға, қарттарға, жүрек-қан тамырлары және басқа да ауыр дертке шалдыққан адамдарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай олардың тілегі ескеріле отырып, төменгі қабаттардан немесе лифтілері бар тұрғын үйлерден, ал тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға екіншіден жоғары емес қабаттан беріледі.
Мүгедектігі бар адамдарға тұрғын үй-жайды ғимараттың түрін, абаттандыру дәрежесін және тұруға қажетті басқа да жағдайларды ескере отырып таңдау құқығы беріледі.";
9-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар (мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қоспағанда) өтініш жасаудың алдында отбасының әрбір мүшесінің соңғы он екі ай ішінде табысы туралы қосымша мәліметтер (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде) тапсырады.".
13. "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) интернаттық ұйымдарда тәрбиеленіп және (немесе) оқып жүрген даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедектігі бар адамдарға және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға;";
6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мүгедектігі бар адамдарға және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға – мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі;";
11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мүгедектігі бар адамдарға және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға еңбек лагерьлеріне, пансионаттар мен профилакторийлерге, демалыс үйлеріне, студенттік сауықтыру лагерьлеріне, ал медициналық айғақтар болған кезде тиісті бейіндегі шипайжайларға білім беру ұйымының қаражаты есебінен тегін жолдамалар береді.";
көрсетілген қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшерінде, көздерінде және түрлерінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедектігі бар адамдарды және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар балаларды, көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, интернаттық ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларды, кәмелеттік жасқа толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы балаларды тамақтандыру, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 4 және 8-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.";
8-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедектігі бар адамдарды және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар балаларды, көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларды және интернаттық ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы), патронаттық тәрбиедегі және баланы қабылдайтын отбасыдағы балаларды, кәмелетке толмағандарды бейімдеу және өмірде қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарындағы балаларды киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары".
14. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.15. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2023 № 716 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
16. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 2-1), 3), 4), 5), 6), 8), 9), 11), 12) тармақшаларында көрсетілген, тұрғынжай беру туралы өтінішпен жүгінердің алдындағы соңғы он екі айда жиынтық орташа айлық кірісі отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын Қазақстан Республикасының азаматтары есепке қойылады. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент мүгедектігі бар балаларға қолданылмайды;";
3-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;";
8-тармақтың 4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар бұған қоса өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататынын растайтын құжатты, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне (мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелейтін отбасыларды қоспағанда) соңғы он екі ай ішіндегі табысы туралы мәліметтерді ұсынады;";
11-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11-3. Егер бірінші және екінші топтағы мүгедектік он сегіз жасқа толған, отбасы мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасы ретінде есепте тұрған мүгедектігі бар балаға белгіленсе, оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжай беру кезектілігі тұрғынжайды алғанға дейін сақталады.".
17. "Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1597 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидаларында:
5-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мертігу, жаралану (контузия алу), жарақаттану, ауыру нәтижесінде мүгедектік белгіленген кезде:
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға – отыз айлық ақшалай қаражат;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – он сегiз айлық ақшалай қаражат;
үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға – алты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтемақыға;";
13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақта көзделген біржолғы жәрдемақы мөлшерін анықтау кезінде жәрдемақы алуға құқығы бар отбасы мүшелерінің қатарына:
жасы мен еңбекке қабілеттілігіне қарамастан жұбайы (зайыбы);
18 жасқа толмаған немесе бұл жастан асқан балалар, егер олар 18 жасқа толғанға дейін мүгедектігі бар адам болып қалса, асыраушысы қайтыс болған күні күндізгі оқу орындарының білім алушылары болса және 23 жасқа толмаған болса;
қайтыс болған адамның асырауындағылар заңнамада белгіленген зейнетақы жасына жеткен не мүгедектігі бар адамдар болып табылатындар қосылады.".
18. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.19. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларында:
7-тармақтың 2), 5) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бірінші және екінші топтағы мүгедек адамдар;";
"5) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, басқа кезеңдерде әскери қызметтің өзге де міндеттерін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адам деп танылған әскери қызметшілер;";
"9) күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сiңiрген ішкі істер органдарының қызметкерлері және теріс себептер бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, қызметтен шығарылған және күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сiңiрген қызметкерлер, сондай-ақ күнтiзбемен есептегенде он және одан да көп жыл еңбек сiңiрген және мүгедектігі бар балаларды асырап-бағып отырған қызметкерлер құқылы. Ішкі істер органдарының берілген қызметтік тұрғын жайды жекешелендіруге құқығы бар зейнеткері қайтыс болған жағдайда жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді;".
20. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.21. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
22. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
23. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
24. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 620 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
25. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
26. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 15-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
реттік нөмірі 2-жолдағы 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"
7) | Мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне мүгедектігі бар балалармен жұмыс істегені үшін | БЛА-дан 30 % |
";
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
реттік нөмірі 3-жолда:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"
1) |
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жарақат алуы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға және соларға теңестірілген адамдарға аурухана құрамындағы арнаулы бөлімшелерге арналған госпитальдарда медициналық көмек көрсеткені үшін: |
БЛА-дан 25 % дейін |
";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"
6) |
Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде, үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшелерінде емдеу-профилактикалық іс-шаралары мен оңалтуды жүргізгені үшін: |
БЛА-дан 30 % |
";
көрсетілген қаулыға 6-қосымшада:
реттік нөмірі 1-жолдағы 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"
1) |
Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде, үйде қызмет көрсету ұйымдарында, зейнетақы төлеу орталықтарында әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айланысатын қызметкерлерден басқа: |
БЛА-дан 30 % |
" .
көрсетілген қаулыға 7-қосымшада:
реттік нөмірі 1-жолдағы 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"
1) |
Кітапханалар, клуб мекемелері және музейлер қызметкерлеріне: | БЛА-дан 30 % |
" .
27. "Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 78 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балалары Кәмелетке толғанға дейін оларды тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз ету қағидаларында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бекітетін қызметкерлердің жекелеген санаттарына медициналық көмек Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында:
1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы айқындайтын түрлер бойынша және көлемдерде бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
3. Қағидаларда қызметкерлердің отбасы мүшелері деп жұбайы (зайыбы), ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің кәмелетке толмаған балалары (асырап алынған, асырауындағы немесе қорғаншылығындағы); білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алып жатқан жиырма үш жасқа толмаған балалар (асырап алынған, асырауындағы немесе қорғаншылығындағы) және жұбайының (зайыбының) балалары; мүгедектігі бар балалар (асырап алынған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) және жұбайының (зайыбының) он сегіз жасқа дейін мүгедектік белгіленген мүгедектігі бар балалары; қызметкердің асырауындағы ата-анасы және жұбайының (зайыбының) ата-анасы түсініледі.
Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан қызметкердiң балалары кәмелетке толғанға дейiн олардың ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз етілу құқығы сақталады.".
28. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi туралы ережеде:
13-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау;";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер, сондай-ақ өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіру және қызметін тексеруді жүзеге асыру;";
70) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"70) мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлеу және бекіту;";
74) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"74) мүгедектігі бар адамның жұмыс орнының стандарттарын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 167-1) тармақшамен толықтырылсын:
"167-1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;";
171), 172), 173) және 174) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"171) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
172) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
173) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
174) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
177) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"177) тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту;";
179), 180) және 181) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"179) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектігі бар адамның қажеттіліктерін бағалау тәртібін әзірлеу;
180) мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
181) мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және ұсынылатын қызметтердің сыныптауышын әзірлеу және бекіту;";
189) және 190) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"189) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және оңалту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
190) медициналық-әлеуметтік сараптаманы және мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгілеу;";
мынадай мазмұндағы 190-1) тармақшамен толықтырылсын:
"190-1) министрлердің, аудандар, қалалар, облыстық маңызы бар қалалар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің мүгедектік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшілерін тағайындау тәртібін әзірлеу және бекіту;";
191) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"191) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі мен шарттарын әзірлеу және бекіту;".
29. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.30. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
31. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:
15-тармақтың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"21) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;".
32. "Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 156 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған жол картасында:
реттік нөмірі 34-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
34. |
Мыналарға: | ОМ-ге ақпарат | ЖАО | 2020 – 2023 жылдар | талап етілмейді | - | - | - | - | - | - |
";
реттік нөмірі 57-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
57. |
Көп балалы және аз қамтылған отбасылардың, мүгедектігі бар және өзге де санаттағы адамдардың тұрғын үйлерін: | ОМ-ге ақпарат | ЖАО, ІІМ | 2020 – 2023 жылдар | ЖБ көзделген қаражат шеңберінде | - | - | - | - | - | - |
" .
33. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.03.2023 № 214 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.34. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
102) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"102) мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
124) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"124) қызмет ету мерзімі өткен лифтілерді, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштерді одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;".
35. "Өнімнің өмірлік циклі сатыларында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарды айқындау және "Техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 296 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы № 718 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7. | Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган | "Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 006/2011) | Пайдалану (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде белгіленген құзырет шеңберінде қауіпті өндірістік объектілердегі пиротехникалық құралдарды қолдану және сақтау) |
"Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 010/2011) | Пайдалану (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде белгіленген құзырет шеңберінде қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын машиналар мен жабдықтарды, мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіш платформаларды, жолаушылар конвейерлерін (қозғалып тұратын жаяу жүргіншілер жолдарын), эскалаторларды (машиналар мен жабдықтарды, мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіш платформаларды, жолаушылар конвейерлерін (жүріп келе жатқан жаяу жүргіншілер жолдарын), әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі эскалаторларды қоспағанда) | ||
"Лифтілердің қауіпсіздігі" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 011/2011) | Пайдалану (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде белгіленген құзырет шеңберінде (лифтілер мен лифт қауіпсіздігі құрылғыларын (әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі лифтілер мен лифт қауіпсіздігі құрылғыларын қоспағанда) | ||
"Жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 012/2011) | Пайдалану (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде белгіленген құзырет шеңберінде қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықты) | ||
"Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 016/2011) | Пайдалану (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде белгіленген құзырет шеңберінде қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттарды) | ||
"Жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 028/2012) | Пайдалану (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде белгіленген құзырет шеңберінде қауіпті өндірістік объектілерде жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды қолдану және сақтау) | ||
"Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 032/2013) | Пайдалану (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде белгіленген құзырет шеңберінде артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды (әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды қоспағанда) | ||
"Сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдауға арналған магистральдық құбырларға қойылатын талаптар туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 049/2020) | Пайдалану (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде белгіленген құзырет шеңберінде қауіпті өндірістік объектілерде сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдауға арналған магистральдық құбырларды) |
".
36. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 603 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.37. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 603 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
38. "Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы" кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 218 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы" кешенді жоспарында:
реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
18. | Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастырудың тетіктерін жетілдіру, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының орындалуын бақылауды күшейту | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2022 – 2023 жылдардағы желтоқсан | Еңбекмині, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | 2025 жылға қарай мүгедектігі бар адамдардың жұмыспен қамтылу үлесін 24,8 %-дан 30 %-ға дейін ұлғайту (мүгедектігі бар адамдардың жұмыспен қамтылуын 22 мың адамға ұлғайту) | талап етілмейді |
".
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 2-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 3-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне |
|
енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 4-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 603 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 5-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 603 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 6-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 603 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 7-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 603 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.