Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен "Самұрық-Қазына" әл-ауқат ұлттық қоры" акционерлік қоғамы арасындағы Өзара іс-қимыл туралы келісімді мақұлдау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 178 Қаулысы.

      Студенттердің жекелеген санаттарына қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен "Самұрық-Қазына" әл-ауқат ұлттық қоры" акционерлік қоғамы арасындағы Өзара іс-қимыл туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) мақұлдансын.

      2. "Самұрық-Қазына" әл-ауқат ұлттық қоры" акционерлік қоғамы екі апта мерзімде банк-агентті анықтасын және Келісімнен туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылы 17 ақпандағы
N 178 қаулысымен
мақұлданған

      Жоба

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы арасындағы
Өзара іс-қимыл туралы келісім

      Бірлесіп "Тараптар" деп аталатын ________________ тұлғасында

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, _______________ тұлғасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрліктер)

      ___________________ негізінде әрекет ететін _________________________ тұлғасында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы N 1085 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын назарға ала отырып төмендегілер туралы осы Келісімді жасады.

1. Пайдаланылатын терминдер

      1. Осы Келісімде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      Банк-агент - осы Келісімді іске асыру үшін Қор белгілеген шарттарда студенттерге кредит беруді жүзеге асыру үшін Қор айқындайтын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері.

      студент - күндізгі оқыту нысанында техникалық, жаратылыстану-ғылыми және медициналық мамандықтар бойынша ақылы негізде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алатын, жоғары және базалық медициналық білім алатын, сондай-ақ осы Келісімде айқындалатын талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматы;

      кредит - осы Келісімді іске асыру үшін Қор айқындаған шарттарда студентке Банк-агент ұсынатын ақшалай қаражат;

      қор жасау - осы Келісімнің шарттарына сәйкес студенттерге кредит беру үшін Қордың Банк-агентке ақшалай қаражат ұсынуы;

      көп балалы отбасы - бірге тұратын (уақытша жоқтарын қоса алғанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы;

      табысы аз отбасы - студенттің кредит беру туралы өтінішінің алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне арналған жиынтық айлық табысы осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар отбасы;

      толық емес отбасы - балаларды (баланы) ата-анасының біреуі, оның ішінде ажырасқан, жесір тәрбиелейтін отбасы.

2. Келісімнің мәні

      2. Осы Келісімнің мәні Қазақстан Республикасының жоғары оқу

      орындарында (бұдан әрі - жоғары оқу орындары) студенттердің оқуын оларға кредит беру арқылы қолдау бойынша Тараптардың бірлескен іс-қимылын жүзеге асыру болып табылады.

3. Тараптардың өзара іс-қимылының тетіктері

      3. Осы Келісімді іске асыру төменде баяндалған тәртіппен жүзеге

      асырылады:

      1) Министрліктер:

      - студенттердің осы Келісімнің талаптарына сәйкестігін растайтын қажетті құжаттарды ұсыну бөлігіндегі жоғары оқу орындарының Банк-агентпен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

      - Қорға кредит алуға үміткер студенттердің саны туралы қажетті ақпаратты ұсынады;

      - Қорға техникалық, жаратылыстану-ғылыми және медициналық мамандықтардың тізбесін ұсынады.

      - жоғары оқу орындарына Банк-агентке қажетті құжаттардың тізбесін жеткізеді;

      - студенттерге кредит беру үшін қажетті қаражаттың көлемін айқындайды;

      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Банк-агентке жоғары оқу орындары арқылы студенттердің үлгерім критерийлерін ұсынады;

      3) Қор:

      - осы Келісімді іске асыру үшін Банк-агентпен шарт жасайды;

      - министрліктер айқындаған 15 млрд. теңгеге дейінгі көлемде студенттерге кредит беру үшін Банк-агенттің қор жасауын жүзеге асырады;

      - Банк-агенттің министрліктерге кредит беру үшін студенттен талап етілетін құжаттардың, оның ішінде осы Келісімде көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың толық тізбесін ұсынуын қамтамасыз етеді.

      4. Банктің қор жасауы оқу семестрлері бойынша нысаналы мақсаты бар алдын ала транштармен жүзеге асырылады.

      5. Кредиттер мынадай талаптарға сай келетін студенттерге ұсынылады:

      1) студенттің үлгерімі (өлшемшарттарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайды);

      2) әлеуметтік мәртебесі:

      жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер;

      мүгедектігі бар адам болып табылатын студенттер;

      ата-аналары мүгедектігі бар адам болып табылатын студенттер;

      көп балалы, табысы аз немесе толық емес отбасыдан шыққан студенттер;

      ата-аналары зейнеткерлік жасқа жеткен студенттер;

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайтын басқа да студенттер.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Студенттердің осы Келісімнің талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды жоғары оқу орындары студенттің келісімі болған жағдайда Банк-агентке ұсынады.

4. Кредит ұсынудың базалық шарттары

      7 . Кредиттер студенттерге мынадай шарттарда ұсынылады:

      1) кредит мерзімі - айыппұл санкцияларынсыз мерзімінен бұрын өтеу құқығымен жоғары оқу орнында толық оқыту курсын аяқтаған сәттен бастап кемінде 15 жыл, бірақ 10 жылдан аспайды;

      2) кредит бойынша тиімді сыйақы ставкасы - жылдық 9 %-дан аспайды;

      3) сыйақыны және кредит бойынша негізгі борышты өтеу жөніндегі

      мерзімді ұзарту студентке:

      - оның оқу кезеңіне;

      - оқытудың толық курсын (бакалавриат/интернатура) аяқтағаннан кейін 6 айға;

      - оқытудың толық курсын (бакалавриат) аяқтағаннан кейін мерзімді әскери қызметке шақырылған жағдайда 1 (бір) жылға дейін не жоғары оқу орнынан кейінгі оқуға түскен жағдайда 2 (екі) жылға дейін;

      - жүктілігі мен бала тууы және бала күтімі (бір уақытта) бойынша демалысқа шыққан жағдайда 3 (үш) жылға дейін ұсынылады;

      4) кредитті қайтаруды мынадай тәсілдердің бірімен қамтамасыз ету:

      - заңды немесе жеке тұлғалардың кепілгерлігі және/немесе кепілдігі;

      - мүлік кепілі (заттай кепілгерлік).

      Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген қамтамасыз етулерді ұсыну мүмкін болмаған жағдайда кредит сомасының 65-95 %-ы шегінде "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамының кепілдігі (бұдан әрі - Орталық) және Орталықтың кепілдігімен жабылмаған сомалар шегінде жоғары оқу орнының кепілдігі беріледі. Жоғары оқу орны бірлескен кепілдіктен бас тартқан жағдайда Орталықтың кепілдігімен жабылмаған сомалар шегінде Қор кепілгер болады.

      8. Кредит сомасы оқу семестрі үшін алдын ала транштармен студент оқитын жоғары оқу орнының есебіне аударылады.

      9. Студент дәлелді себептермен (ауру, білім беру гранты бойынша оқуға ауысу) білім беру кредиті бойынша оқуын мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда кредиттік шартқа сәйкес кредитті қайтаруға міндетті.

      Студент дәлелсіз себептермен (академиялық үлгермеуіне байланысты, оқу тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін және т.б) не өз еркімен оқуын тоқтатқан жағдайда оқуды тоқтатқан күннен бастап бір жыл ішінде кредитті қайтаруға міндетті.

      10. Кредит нысаналы мақсатпен - студенттің оқуына ақы төлеу үшін ұсынылады.

5. Қорытынды ережелер, Келісімнің күшіне енуі және қолданылуын тоқтатуы

      11. Осы Келісім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

      12. Осы Келісімге күшіне ену тәртібі осы келісімдермен реттелетін жеке келісімдермен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      13. Тараптар осы Келісімді орындау үшін қажетті қосымша келісімдер жасаса алады.

      14. Осы Келісім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.

      15. 2009 жылғы "___" ақпанда Астана қаласында бірдей заңды күші бар орыс және қазақ тілдерінде, әрбір Тарапқа 1 (бір) данадан ____ (________) данада жасалды.

      Тараптардың қолдары

      Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі Денсаулық сақтау министрлігі

      "Самұрық-Қазына" ұлттық

      әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы