Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 23 шілдедегі
№ 735 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. «Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн, басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 наурыздағы № 198 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 8, 51-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн, басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбiнде 9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «ҒЗТКжЖТЖ туралы ғылыми-техникалық есеп ҒЗЖ туралы есептi ресiмдеудiң құрылымы мен ережесiн регламенттейтiн ұлттық стандарттың (МЕМСТ 7.32-91) талаптарына сәйкес ресiмделуi тиiс.».
      2. «Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 167 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 67-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасау ережесінде 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Сараптама жасау ұйымы энергия үнемдеу объектілерінің энергия тұтыну жабдығын іске қосу және пайдалануға енгізу алдында зерттелетін объектілердің ұлттық стандарттардың, ҚНжЕ, өзге нормативтік құқықтық актілердің талаптарына және монтаждалған жабдықтың энергия тиімділігі көрсеткіштері бойынша жобалық деректеріне сәйкестігіне сараптама жасайды. Сараптама жасаудың нәтижелері бойынша Комитет энергияны пайдаланушы жабдықты іске қосу және пайдалануға енгізу туралы шешім қабылдайды.».
      3. «Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғаудың техникалық құралдарына сәйкестiк сертификатын беру ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 қазандағы № 1561 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғаудың техникалық құралдарына сәйкестiк сертификатын беру ережесiнде 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Құпия ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын сертификаттау өтінім берушінің сертификаттау жөніндегі органға жіберген өтінімінің негізінде жүргізіледі, оған сертификаттауды жүргізу сызбасы, талаптарына құпия ақпаратты қорғаудың сертификатталатын техникалық құралдары сәйкес келуге тиісті ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтік және әдістемелік құжаттар қоса берілуі мүмкін.».
      4. «Азық-түлік шикізатының және тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 қарашадағы № 1783 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 51, 584-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Азық-түлік шикізатының және тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы нұсқаулықта:
      «1. Жалпы ережелер» деген бөлімнің 2-тармағының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «нормативтiк құжаттар – тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауiпсiздiгiне, олардың сапасы мен қауіпсiздiгiн бақылауға, оларды дайындау, сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану, сапасыз, қауiптi тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды кәдеге жаратуға немесе жоюға қойылатын талаптарды белгілейтін ұлттық стандарттар, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қағидалар мен нормалар және басқа да нормативтiк құқықтық актілер»;
      «3. Азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн мемлекеттiк нормалау» деген бөлімде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тамақтық және биологиялық белсендi қоспалардың, тамақ өнiмдерiнiң (малдан алынатын азық-түлiк шикiзатынан басқа) тамақтық және энергетикалық құндылығына, қауiпсiздiгiне, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн дайындау, сақтау, тасымалдау, өткізу (сату) және қоғамдық тамақтандыру қызметтерiн көрсетуге қойылатын талаптар ұлттық (мемлекетаралық) стандарттарда және санитариялық қағидалар мен нормаларда белгiленедi.»;
      3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Малдан алынатын азық-түлiк шикiзатын (ет, балық, құс, жұмыртқа және басқа) дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу кезiнде сапасы мен қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар ұлттық (мемлекетаралық) стандарттар мен ветеринариялық-санитариялық қағидалар мен нормаларда белгiленедi.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Ұлттық стандарттарды, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қағидалар мен нормаларды стандарттау және сертификаттау саласындағы қадағалау, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, ветеринариялық қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар және өсiмдiктердiң карантинi жөнiндегi фитосанитариялық қызмет өз құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтедi.»;
      «9. Тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн мемлекеттiк бақылау» деген 9-бөлімнің 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегi уәкілеттi орган - тамақ өнiмдерi мен азық-түлiк шикiзатының ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiне;».
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 655 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. «Бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдістемелiк кешендер, электронды оқулықтар және қосымша оқу әдебиеттерiн шығару жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлік талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы № 171 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 8, 87-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдістемелiк кешендер, электронды оқулықтар және қосымша оқу әдебиеттерiн шығару жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлік талаптарында:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ұлттық стандарттарға сәйкес келетiн полиграфиялық орындалған кiтап өнiмдерiн шығаруға мамандандырылған полиграфиялық базаның болуын;»;
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ұлттық стандарттарға сәйкес келетін электрондық оқулықтардың шығарылуын қамтамасыз ететiн компьютерлiк және ұйымдастыру техникасының болуын;».
      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.10.2015 № 829 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. «Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көзiне жатқызу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 75 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 39-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көзiне жатқызу ережесiнде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Ауыз сумен жабдықтау көзiне жатқызылған су объектiлерi суының сапасы ұлттық стандарттарға, санитариялық қағидалар мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес болуы тиiс.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Су сапасына зертханалық зерттеулер жүргiзу үшiн өлшемдерді орындау әдiстемесiнiң метрологиялық аттестаттаудан өткен әрi ұлттық стандарттар мен санитариялық қағидалар және нормалар талаптарына сәйкес келетін әдiстемелер пайдаланылады.».
      10. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
      11. «Электрондық құжат айналымы ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 220-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесiнде:
      8-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қосымша деректемелерді пайдалану құжаттың түріне байланысты мұрағаттар мен құжаттамаларды басқарудың уәкілетті органы белгілеген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыру мен құжаттаманы басқарудың үлгі ережесіне, сондай-ақ ұлттық стандарттарға сәйкес анықталады.»;
      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «48. Ұйымдар арасында электрондық құжаттар алмасу кезінде міндетті деректемелердің тізбесі мен электрондық құжаттың электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалану тәртібі «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының, мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті органы белгілеген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы құжаттандыру мен құжаттаманы басқарудың үлгі ережесінің, сондай-ақ ұлттық стандарттардың нормалары сақтала отырып, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес мәмілелердің жазбаша нысандарымен белгіленеді.».
      12. «Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 105 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 6, 55-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеу ережесiнде:
      9-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «тексерiлген тұқымның (көшеттердi қоспағанда) саны мен сапасының ұлттық стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқым сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың заңнамада белгіленген тәртiппен аттестатталған анықтамасын береді.»;
      11-тармақта:
      1) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «тексерiлген тұқымның саны мен сапасының ұлттық стандарттар талаптарына сәйкестiгі туралы тұқым сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың заңнамада белгiленген тәртiппен аттестатталған анықтамасын;»;
      3) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «тексерiлген тұқымның саны мен сапасының ұлттық стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқым сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың заңнамада белгiленген тәртiппен аттестатталған анықтамасын бередi;».
      13. «Iшкi сауда ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 208-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Iшкi сауда ережесiнде 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Сатушы сауда қызметiн жүзеге асыру кезінде бейiнi мен мамандануды ескере отырып, ұлттық стандарттарда, санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, өртке қарсы қағидаларда және басқа нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарды сақтайды.».
      14. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      15. «Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде:
      23-тармақтың 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментiнiң сертификатталған жүйесiнiң (сертификатталған жүйелерiнiң);
      Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментiнiң және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнiм стандартына сәйкестiгiн растаудың сертификатталған жүйесiнiң (сертификатталған жүйелерiнiң);»;
      100100-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «100. Сатып алынатын тауарларды, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментiнің жүйесiн сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтiнiмнің бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады.
      100-1. Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментiнің жүйесiн сертификаттауды растайтын және (немесе) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнiм стандартына сәйкестiгiн растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтiнiмнің бағасын шартты түрде екi пайызға азайтады.»;
      көрсетілген Ережеге 9-қосымшада:
      «Әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмiнiң шартты бағасына пайыздық әсердi есептеу» деген кестеде:
      «Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментiнiң сертификатталған жүйесiнiң (сертификатталған жүйелерiнiң) болуы» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментiнiң сертификатталған жүйесiнiң (сертификатталған жүйелерiнiң) болуы»;
      «Мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментiнiң сертификатталған жүйесiнiң (сертификатталған жүйелерiнiң болуы) және (немесе) техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына экологиялық таза өнiм стандарттарына сәйкес келуiн растаулардың болуы» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментiнiң сертификатталған жүйесiнiң (сертификатталған жүйелерiнiң болуы) және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына экологиялық таза өнiм стандартына сәйкестігін растаудың болуы».
      16. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015  № 754қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      17. «Шырындар мен шырын өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 ақпандағы № 199 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 10, 109-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Шырындар мен шырын өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiнде:
      көрсетілген Техникалық регламентке 5-қосымшада:
      12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Шырындар мен шырын өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiнiң талаптарын орындау және өлшемдер бiрлiгi қағидатын орындау мақсатында төменде санамаланған шырын өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi мен сапа көрсеткiштерiнің өлшемдерiн орындау әдiстерiне Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары және халықаралық стандарттар қолданылады.
      2. Осы техникалық регламенттің талаптарын орындау және өлшемдер бiрлiгi қағидатын қамтамасыз ету мақсатында шырын өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi мен түпнұсқалығы өлшемдерiн орындау әдiстерiне Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары болмаған кезде Codex Alimentarius CODEX STA № 247-2005 Комиссиясының Жемiс шырындары мен шiрнелерi бiрыңғай стандартының қолданыстағы редакциясына енгізілген өлшемдердi орындаудың тиiстi әдiстерiн қолдануға рұқсат етiледi.».
      18. «Автокөлiк құралдарын техникалық пайдалану ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 203 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 11, 112-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Автокөлiк құралдарын техникалық пайдалану ережесінде 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Автокөлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөнiндегi нормативтiк құжаттама пайдалану шарттарын ескере отырып, қағидаттарды, анықтамаларды, ұсынымдарды, технологияны, нормативтердi және оларды түзету әдiстерiн белгiлейдi және осы Ережеден, ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтiк актiлерден, оның iшiнде конструкторлық құжаттама мен автокөлiк құралының нақты маркасын (моделiн) пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтан тұрады.».
      19. «Сүт және сүт өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 230 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 14, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Сүт және сүт өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiнде 29-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жабдық Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарына сәйкес мақсатына қарай пайдалану үшін сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне немесе жарамдылығына теріс әсер етуі мүмкін температураны, ылғалдылықты, ауа ағыны мен басқа да сипаттамаларды бақылау және өлшеу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Өлшеу құралдары белгіленген тәртіппен тексерілген және (немесе) аттестатталған және Қазақстан Республикасының аумағында қолдану үшін рұқсат берілген өлшеу құралдарының тізіліміне енгізілген болуы тиіс.».
      20. «Автомобиль жолдарын пайдалану кезiнде қауiпсiздiкке қойылатын талаптар» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 наурыздағы № 294 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 16, 155-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Автомобиль жолдарын пайдалану кезiнде қауiпсiздiкке қойылатын талаптар» техникалық регламентiнде:
      8-тармақта:
      1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) автомобиль жолдарын пайдаланушылардың «Автомобиль жолдарын жобалау жөніндегі қауіпсіздік талаптары» техникалық регламентінің, басқа техникалық регламенттердің және ұлттық стандарттардың талаптарын сақтауы, мыналарға:»;
      5) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) пайдалану қызметі техникалық персоналының тиісті техникалық регламенттер, ұлттық стандарттар, технологиялық карталар мен қағидалар талаптарын сақтауы:»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Автомобиль жолдарын пайдалану процесiнде орындалатын және осы Техникалық регламенттiң қолданылу саласына жатқызылатын жұмыстың барлық түрлерi аталған Техникалық регламентте, сондай-ақ талаптары оларға қолданылатын үйлестiрiлген ұлттық стандарттар мен басқа да техникалық регламенттерде белгiленген негiзгi қауiпсiздiк талаптарын қамтамасыз етуi тиiс.»;
      17-тармақта:
      1) тармақшаның екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жол белгiлерiнiң орналасқан жерi мен негiзгi параметрлерi тиiстi ұлттық стандарттардың талаптарына сай болуы тиiс.
      Жол белгiлерiнiң ең аз көрiнiмi тәулiктiң жарық және қараңғы уақытында нақты жол жағдайларында автомобиль жолдарының түрлi санаттары мен көлiк құралдарының әр түрiне арналған тиiстi ұлттық стандарттарда рұқсат етiлген қозғалыс жылдамдығын қауiпсiз iске асыруды есепке ала отырып жүз метрді құрауы тиiс.»;
      2) тармақшаның екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жол белгілерін қолдану қағидалары, айырмашылығы мен негiзгi фотометриялық параметрлерi тиiстi үйлестiрiлген ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес болуы тиiс.
      Талап етiлетiн фотометриялық айырым параметрлерi төмендеген кезде (белгінің боялған қабатының ескiруi және тозуы салдарынан) жол белгісін тиiстi үйлестiрiлген ұлттық стандарттарда белгiленетiн мерзiмдерде қалпына келтiру керек.»;
      3) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жол бағдаршамдарын орналастыру, орнату топтары, типтерi, түрлерi, тәсiлдерi тиiстi ұлттық стандарттар мен нормалардың талаптарында белгiленедi.».
      21. «Автомобиль жолдарын жобалау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 наурыздағы № 307 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 18, 163-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Автомобиль жолдарын жобалау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары» техникалық регламентiнде:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Автомобиль жолдарын жобалау нормаларының осы Техникалық регламентке сәйкестiгi онымен үйлесiмделген ұлттық стандарттар мен құжаттардың нормаларымен қамтамасыз етiлуi тиiс.»;
      13-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) вираж шығару ауыспалы қисықтардың ұзындығында немесе оларға ұзындығы бойынша сәйкес келетiн, трассаның түзу сызықты, жоспардағы қисықтарға жанасып жатқан учаскелерiнде ұлттық стандарттар талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуы тиiс;»;
      14-тармақта:
      4) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Автомобиль жолдарының қиылысу және жанасуларында автомобиль жолдарының техникалық санаттарын, ауыспалы-жылдамдық жолақтарының түрлерiн, көтерiлу немесе түсу учаскелеріндегi бойлық еңiстiң шамасын есепке ала отырып, қозғалыстың бағытын өзгертетiн автомобильдер үшiн ауыспалы-жылдамдық жолақтарының орналастырылуы көзделуге тиiс. Тежеудiң ауыспалы-жылдамдық жолағы енi 0,5 метр кертпештен басталуы тиiс. Ауыспалы жылдамдық жолағы енiнiң бiртiндеп бөлінуiн қамтамасыз ету қажет, оған ауыспалы-жылдамдық жолағының көрсетiлген жолақтың белгiленген енi өз мәресiне жеткен жол учаскесiнiң ұзындығына қатынасы кезiнде қол жеткiзiледi, ол 1:30-ға тең немесе одан кем. Көрсетiлген талапты қамтамасыз ету мүмкiн болмаған жағдайда ауыспалы-жылдамдық жолағының енiн бөлу учаскесiнiң ұзындығы тиiстi ұлттық стандарттарда белгiленген ең кiшi мәннен төмен болмауы тиiс.»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) автомобиль жолдарындағы қиылысулар мен жанасулардың орналасу жиiлiгi автомобиль жолдарының техникалық санаты мен оның әкiмшiлiк мәнiне қарай тиiстi үйлестiрiлген ұлттық стандарттармен реттеледi;»;
      17-тармақтың 12) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) жобаланатын көпiрлер конструкцияларының жақындау габариттерi (жол өткелдерi) габариттiк өлшемдерi ұлттық стандарттарда белгiленген талаптарға сәйкес келетiн көлiк құралдарының кедергiсiз және авариясыз өтуiн қамтамасыз етуi тиiс;
      13) кеме жүретiн iшкi су жолдарында жобаланатын көпiрлердiң кеме жүретiн аралықтарының саны және көпiр асты габариттерi кемелердiң кедергiсiз жүруiн және мемлекеттiк уәкiлеттi орган белгiлеген өзен класына сәйкес ағаш ағызуды жүзеге асыруды қамтамасыз етуi тиiс. Кеме жүрмейтiн аралықтардың көпiр асты габариттерi сең жүруi және суға кеткен ағаштардың қауiпсiз өтуі шартымен есептеулер негiзiнде белгіленеді және тиiстi ұлттық стандарттардың талаптарын қанағаттандыруы тиiс;»;
      18-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жол өткелдерiнiң, электр тарату, байланыс және жарық беру желiлерiнiң, дербес орындаудағы жеке ақпараттық-нұсқау жол белгiлерiнiң және басқа коммуникациялардың тiректерi тиiстi ұлттық стандарттардың талаптарын сақтай отырып, жер төсемiнен тыс орналасуы тиiс. Автомобиль жолдары жобаларында олар автомобиль жолының көлденең бейiнiнде жүру бөлiгi жиегiнен төрт метрге жақын орналасқан кезде тиiстi қоршау құрылғыларын орнатуды көздеу қажет;».
      22. «Жеке және заңды тұлғалардың астана аумағында сауда, ойын-сауық, қонақ үй, медициналық және өзге де қызметтер көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 366 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 21, 197-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың астана аумағында сауда, ойын-сауық, қонақ үй, медициналық және өзге де қызметтер көрсету ережесiнде 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Сатушы сауда қызметiн жүзеге асыру және сауда қызметтерiн көрсету кезiнде өзiнiң бейiнi мен мамандануын ескере отырып, ұлттық стандарттардың, санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, өртке қарсы қағидаларда және басқа да нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарды сақтайды.».
      23. «Ұн-жарма өнеркәсiбi өнiмдерiнiң, крахмалдар мен крахмал өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 сәуірдегі № 392 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 207-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Ұн-жарма өнеркәсiбi өнiмдерiнiң, крахмалдар мен крахмал өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiнде:
      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Техникалық регламенттi қолдану мақсаттарындағы сәйкестендiру әдiстерi қолданыстағы ұлттық стандарттарға сәйкес келуге тиiс.»;
      көрсетілген Техникалық регламентке 7-қосымшаның бесінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұн тарту-жарма өнеркәсiбi өнiмдерiнiң, крахмалдар мен крахмал өнiмдерiнiң сәйкестiгiн растауды жүргiзу рәсiмдерi қолданыстағы ұлттық стандарттарға сәйкес жүргiзiледi және бес кезеңдi қамтиды:».
      24. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
      25. «Темiр-бетон, бетон конструкцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1198 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Темiр-бетон, бетон конструкцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiнде:
      7-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) сәйкестiк презумпциясы – оған сәйкес үйлестiрiлген ұлттық стандарттардың егжей-тегжейлi (нақты) талаптарын орындау Техникалық регламенттiң тиiстi жалпы (елеулi) талаптарын сақтау болып есептелетiн заң жүзiнде немесе тұжырымдамалық бекiтiлген ереже;»;
      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «61. Темiр-бетон және бетон конструкцияларын жасап шығару кезiнде шудың деңгейi мен дiрiлдiң деңгейiн азайтатын және олардың зиянды әсерiн жою үшiн жұмыс орындарында арнайы шараларды қабылдап отыру қажет: санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалардың, гигиеналық нормативтердiң, ұлттық стандарттардың, сондай-ақ ведомстволық еңбекті қорғау және қауiпсiздiк техникасы қағидаларының талаптарына сәйкес конструктивтік, технологиялық және ұйымдастыру шаралары, дiрiлден оқшауландыру және дiрiлдi өшiру құралдары, жеке қорғану құралдары.».
      26. «Ағаш конструкцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1265 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Ағаш конструкцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiнде 7-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) сәйкестiк презумпциясы – оған сәйкес үйлестiрiлген ұлттық стандарттардың егжей-тегжейлi (нақты) талаптарын орындау Техникалық регламенттiң тиiстi жалпы (елеулi) талаптарын сақтау деп есептелетiн заңнамалық немесе тұжырымдамалық бекiтiлген ереже.».
      27. «Басқа материалдардан жасалған конструкциялар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1351 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 562-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Басқа материалдардан жасалған конструкциялар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде 31-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) ұлттық стандарттарға енгізілмеген қолданылатын материалдар мен жинақтаушы бұйымдарға арналған сәйкестік сертификаттары.».
      28. «Металл конструкциялардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1353 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 50, 565-құжат) қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Металл конструкциялардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiнде 6-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) сәйкестiк презумпциясы – оған сәйкес үйлестiрiлген ұлттық стандарттардың егжей-тегжейлi (нақты) талаптарын орындау Техникалық регламенттiң тиiстi жалпы (елеулi) талаптарын сақтау деп саналатын заңнамалық немесе тұжырымдамалық бекiтiлген ереже.».
      29. «Төменвольттi жабдықтар қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 42 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 5, 15-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Төменвольттi жабдықтар қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiнде 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Өнiмнiң түрi мен техникалық күрделiлiгiне қарамастан сатып алушы үшiн ақпарат нақты өнiмге тiкелей қоса берiлетiн мәтiндiк құжат түрiнде (паспорт, формуляр, қолдану жөнiндегi нұсқаулық және басқа), жекелеген жағдайларда өнiмге арналған нормативтiк құжатты (ұлттық стандарт, ұйымның стандарты) белгiлеудi көрсете отырып, таңбалау түрiнде берiлуi мүмкiн.».
      30. «Бу және ыстық су құбырының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 49 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 6-7, 20-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Бу және ыстық су құбырының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентiнде 241-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сырлау, шартты белгiлер, әрiптердiң өлшемдерi және жазуларды орналастыру ұлттық стандарттарға сәйкес болуы тиiс.».
      31. «Газ құятын станциялар мен газ шығыны қондырғыларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 248 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 13, 96-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Газ құятын станциялар мен газ шығыны қондырғыларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiнде 5-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «18) сұйытылған көмiрсутекті газ – газ-мұнай өңдеу ұйымдарында өндiрiлетiн, ұлттық стандарттарға сәйкес келетiн қалыпты жағдайларда газ тәрiздес күйде, ал аса көп емес артық қысымда - сұйық күйде болатын көмiртегi қоспасы;».
      32. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015  № 754қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      33. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1448 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      34. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.03.2014 № 171 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      35. «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 1, 3-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiнде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Құрылыс өнiмдерiн сәйкестендiру жиынтығында тануға жеткiлiктi болатын таңбалау мен iлеспе құжаттары, белгiлерi, параметрлерi, көрсеткiштерi мен талаптары бойынша Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының (бұдан әрi – СЭҚ ТН) кодтарын және оларға сәйкес келетiн 04-2008 Қазақстан Республикасының экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiмдердiң ұлттық жiктеуiшi бойынша кодтарды пайдалану жолымен жүргiзiледi. Қауiпсiздiк талаптары белгiленетiн құрылыс өнiмдерiнiң тiзбесi осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтiрiлген.»;
      26272829 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Құрылыс объектiлерiнiң және құрылыс өнiмiнiң осы Техникалық регламентке сәйкестiгi оның қауiпсiздiк талаптарын жеке және заңды тұлғалардың тiкелей орындауымен немесе өзара байланысты ұлттық стандарттар мен құрылыс нормалары немесе қағидалар жинағы талаптарының орындалуымен қамтамасыз етiледi. Құрылыс өнiмi өз мақсатына сәйкес қолданудың экономикалық тиiмдiлiгiн ескере отырып, құрылыс объектiлерiнде немесе құрылыс элементтерiнде қолдану үшiн жарамды болуы тиiс және осы тұрғыда осы Техникалық регламентте және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарында белгiленген құрылыс объектiлерiне қойылатын ең төменгі маңызды талаптарға жауап беруi тиiс. Құрылыс өнiмi өз қызметiнiң ақылға қонымды мерзiмi шегiнде құрылыс объектiсiнде өзiнiң қолданылатын бүкiл кезеңi iшiнде жоғарыда көрсетiлген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
      27. Жеке немесе заңды тұлғалардың өзара байланысты ұлттық стандарттар мен құрылыс нормаларының немесе қағидалар жинақтарының талаптарын орындауы осы Техникалық регламент қауiпсiздiгiнiң талаптарын орындағаны туралы куәландырады.
      28. Осы Техникалық регламентпен өзара байланысты құрылыс нормаларының немесе қағидалар жинақтары мен ұлттық стандарттар тiзбесiн техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесiп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi. Осы Техникалық регламентпен өзара байланысты құрылыс нормаларының немесе қағидалар жинақтары мен ұлттық стандарттар тiзбесi бұқаралық ақпарат құралдарында күнтiзбелiк жылдың бiрiншi айынан кешiктiрілмей жариялануға тиiс.
      29. Жеке немесе заңды тұлғалардың осы Техникалық регламентпен өзара байланысты ұлттық стандарттар мен құрылыс нормаларының немесе қағидалар жинақтарының қолданылуы мүмкiн болмайтын жағдайда немесе олар болмаған кезде құрылыс материалдары мен бұйымдарының маңызды қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн растау осы Техникалық регламенттiң 6-бөлiмiне сәйкес жүзеге асырылады.
      30. Құрылыс объектiлерi мен құрылыс өнiмдерiн бақылау және сынау әдiстерi өзара байланысты ұлттық стандарттар мен құрылыс нормаларында немесе қағидалар жинақтарында белгiленедi. Олар болмаған кезде сәулет, кала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен құрылыс объектiлерi мен құрылыс өнiмдерiн бақылау, өлшеу және сынау әдiстерiн анықтайды және/немесе әзiрлейдi.»;
      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «47. Құрылыс объектілерін жобалау, салу, пайдалану және кейіннен кәдеге жарату кезінде осы Техникалық регламентпен үйлестірілген құрылыс нормаларын және ұлттық стандарттарды қолданған жағдайда сәйкестік презумпциясы міндетті болып табылады.»;
      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «64. Осы Техникалық регламент талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін үйлестірілген стандарттар тізбесін (дәлелдеу базасы) жыл сайын техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Құрылыс өніміне арналған ұлттық стандарттарда осы Техникалық регламентке сәйкес қауіпсіздік талаптары орындау үшін міндетті болып табылады.».
      36. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 630 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      37. «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 шілдедегі № 826 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 645-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасында:
      27-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарына сәйкес келетін тиеу-түсіру және қосымша жұмыстарды жүргізуге арналған штаттағы және қосымша жабдықтың болуы;»;
      48-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «48. Ыдысты қажет ететін жүктер, оларды тасымалдау кезінде жоғалудан, жетіспеуден, бұзылудан және зақымдалудан сақтау үшін тасымалдауға ұлттық стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес келетін, олардың толық сақталуын қамтамасыз ететін жарамды ыдыспен ұсынылады.»;
      55-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер бір стандартты өлшемі бар жүк орындары бір жүк алушының атына берілетін болса, ұлттық стандарттарда көзделген стандартты орындарда салмақты, жалпы салмақты және таза салмақты көрсету жағдайларын қоспағанда, әрбір жүк орнында салмақты көрсету міндетті емес. Мұндай жағдайда тауар-көлік жүкқұжатындағы «Салмақты анықтау тәсілі» деген бағанада «стандарт бойынша» деп көрсетіледі.»;
      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «58. Автокөлік құралын асырып тиеу, жүктердің ішкі орамасының дұрыс еместігі, сондай-ақ жүктің сипатына, оның салмағына немесе ұлттық стандарттар мен техникалық шарттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін ыдысты және ораманы қолдану салдарынан автокөлік құралдарына және жүктерге келтірілген зиянды (шағылу, сыну, майысу, ағу және тағы басқа) жүк жөнелтуші өтейді.»;
      103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «103. Ыдыстағы немесе орамадағы жүктерді және ұсақ жөнелтулерде даналап тиелетін жүктерді тапсыру кезінде жүк жіберуші әр жүк орнын алдын ала ұлттық стандарттарға сәйкес таңбалайды.»;
      228-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өнеркәсіптік тауарларды орау және таңбалау Қазақстан Республикасы ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес келеді.»;
      248-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «248. Жүк жөнелтуші жүкті тасымалдауға ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін бүтін, таза, құрғақ, бөгде иіссіз ыдыста ұсынады.»;
      282-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «282. Кірпішті тегендермен тасымалдау кезінде жүк жөнелтуші автокөлік құралы тиелуге келгенге дейін жүктің тегендерге қалануын қамтамасыз етеді. Тегендердің типтері мен параметрлері ұлттық стандарттарға сәйкес келуге тиіс. Төменгі қатардан, пакет бұрыштарынан және бүйір жақтарынан түскен кірпіштері бар пакеттерді тиеуге жол берілмейді.»;
      297-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жүкті қабылдаушыға сұйық бетонды және құрылыс ерітінділерін тапсыруды тасымалдаушылар ұлттық стандартта белгіленген тасымалдау кезінде бетонды және құрылыс ерітінділерін нығыздау коэффициентін ескере отырып көлемі және салмағы бойынша жүргізеді.»;
      298-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «298. Жүк жөнелтушілер және тасымалдаушылар жеткізу мерзімін айқындау кезінде ұлттық стандарттарда белгіленген және тасымалдау кезінде олардың тұтастығын қамтамасыз ететін сұйық бетонды және құрылыс ерітінділерін шекті жеткізу мерзімдерін ескереді. Жеткізу мерзімдерін жүк жөнелтуші әр барған сайын берілетін және жүк қабылдаушыға жүкпен бірге берілетін ерітіндіге арналған паспортта осы Қағиданың 13-қосымшасына сәйкес нысанда көрсетеді.»;
      339-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «339. Жүктерді автомобильмен тасымалдаулар үшін қолданылатын әмбебап контейнерлер және тегендер ұлттық стандарттарға сәйкес келеді, олардың кімге тиесілі екендігіне қарамастан мынадай таңбалары болады:»;
      366-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «366. Жүк жөнелтуші ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес пакеттерді қалыптастырады.»;
      373-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ұлттық стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес пакеттер саны, жекелеген жерлерді орау түрлері, теген типтері;».
      38. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 шілдедегі № 851 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 50, 666-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидаларында 214-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «214. Ақаусыз және осы АТ-да пайдалануға рұқсат етілген, метрологиялық тексерулер мен аттестаттаудан өткен құралдар ғана ЭҚ мен ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қолдануға жіберіледі.».
      39. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 859 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 50, 672-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық нормаларында 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы нормалар азаматтық ӘК, азаматтық ӘК қозғалтқыштары мен жабдығына қолданылады және ұлттық стандарттарды, азаматтық ӘК техникалық тапсырмалары мен техникалық шарттарын әзірлеген кезде міндетті болып табылады.».
      40. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.07.2015 № 574 қаулысымен.
      41. «Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 37-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидаларында:
      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
      Ескертпеде 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін пайдаланылатын екпе көшеттер Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ұлттық стандарттарда көзделген талаптарға сәйкес болуы тиіс.»;
      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:
      Ескертпеде 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін пайдаланылатын екпе материалдар Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ұлттық стандарттарда көзделген талаптарға сәйкес болуы тиіс.».
      42. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
      43. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.09.2015 № 796 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      44. «Жұмысшыларға сүт, емдік-профилактикалық тамақ, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғаныс құралдарын беру, жұмысшыларды ұжымдық қорғаныспен, санитарлық-тұрмыстық ғимаратпен және жұмыс берушінің есебінен емдік-прифилактикалық тамақпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсанындағы № 1458 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 6, 115-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмысшыларға сүт, емдік-профилактикалық тамақ, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғаныс құралдарын беру, жұмысшыларды ұжымдық қорғаныспен, санитарлық-тұрмыстық ғимаратпен және жұмыс берушінің есебінен емдік-прифилактикалық тамақпен қамтамасыз ету қағидасында 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Ұжымдық қорғаныс, санитариялық-тұрмыстық ғимараттар мен құрылғы жабдықтары өндірістік ғимараттарды жобалау, құрылысын салу және реконструкциялау кезінде, технологиялық процестерді, машина конструкцияларын, тетіктерді, жабдықтарды және басқа да өнімдерді ескере отырып, ұлттық стандарттарға және құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес көзделеді.».
      45. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
      46. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      47. «Телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу мен пайдалану кезінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын органдардың және ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1593 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 10, 192-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу мен пайдалану кезінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын органдардың және ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларында:
      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ҰІШ техникалық жүргізу саласында техникалық регламенттер және ұлттық стандарттар талаптарын орындау;»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Операторлардың телекоммуникация желілерінің архитектурасында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қолданылатын, сапасы мен сенімділігі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарында белгіленген талаптарға сәйкес келетін сертификатталған телекоммуникациялық жабдықтар болуы тиіс.».
      48. «Шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1603 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 10, 198-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастырудың технологиялық процесін ұйымдастырудың қағидаларында:
      11-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) МЕМСТ 30446-95, 30447-95, 30448-95, 30449-95, 30450-95, 30451-96, 30452-95, 30453-95 «Техникалық мақта тұқымы» және МЕМСТ 21820.3-76 «Мақта тұқымы. Ластануын, механикалық бүлiнуiн, қалдық түктiлiгiн және қызғандығын айқындау әдiстерi» бойынша қолданыстағы Қазақстан Республикасының белгіленген ұлттық стандарттарына сәйкес келмейтін тұқымдар аратәрiздес джиндерден кейiн, линтерлеуге дейiн тасымалдау бағытында торлы тазалағышта немесе тұқым тазалағыш қондырғыда арамшөптi қоспалардан тазартудан өтедi;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) линт және тұқым сапасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық стандарттарының және мемлекетаралық Өз РСТ 645-95 «Мақта линті. Техникалық шарттар» және МЕМСТ 23577-79 «Тұқымдық мақта-шикізат. Техникалық шарттар» техникалық талаптарына сәйкес болуы тиіс.».
      49. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
      50. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1077 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      51. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      52. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 623 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      53. «Дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 60 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 329-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау қағидаларында 3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тиісті өндірістік практика – дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру кезінде өндірісті ұйымдастыруға, өндірістік процеске және бақылау жасауға қойылатын талаптарды белгілейтін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы ұлттық стандарт;».
      54. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015  № 754қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      55. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.04.2015 № 196 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      56. «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 50, 678-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларында:
      58 және 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «58. Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия үш пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік тағайындайды.
      59. Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментiнің жүйесiн сертификаттауды растайтын және (немесе) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнiм стандартына сәйкестiгiн растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм бағасын шартты түрде екi пайызға азайтады.»;
      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
      28-тармақтың алтыншы және жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия үш пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік тағайындайды.
      Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментiнің жүйесiн сертификаттауды растайтын және (немесе) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнiм стандартына сәйкестiгiн растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия екi пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік тағайындайды.».
      57. «Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 мамырдағы № 636 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 51, 688-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидасында:
      8-тармақтың 5) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде;»;
      көрсетілген Қағидаға 3-қосымшада:
      Аббревиатуралардың толық жазылуында мына:
      «МСТ – мемлекеттік стандарт;»
      «ҚР СТ – Қазақстан Республикасының стандарты;» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «МЕМСТ - халықаралық стандарт;»;
      «ҚР СТ – Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты;».
      58. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
      59. «Жерді қашықтан барлап қарау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтан барлап қарау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 722 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 54, 736-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жерді қашықтан барлап қарау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтан барлап қарау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидасында 2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) кеңістік деректерінің инфрақұрылымы – мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың тиімді пайдалануын қамтамасыз ететін бірыңғай ұлттық стандартқа келтірілген жүйелендірілген кеңістік деректерінің жиынтығы;».
      60. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      61. «Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 839 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 58, 802-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану қағидасында 36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «36. Ғарыш жүйелерін және ғарыш инфрақұрылымы объектілерін қауіпсіз пайдалану үшін Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі, өнеркәсіп қауіпсіздігі, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар, денсаулық қорғау саласындағы заңнамасының, экологиялық, еңбек заңнамасының талаптарын, белгіленген тәртіппен енгізілген пайдалану құжаттамасының талаптарын, кәсіптері бойынша қызметкерлерге арналған және жұмыстардың жекелеген түрлеріне арналған нұсқаулықтарды, тиісті органдар бекітетін тиісті нормативтік құжаттарды (ұлттық стандарттарды, еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесінің мемлекетаралық стандарттары) басшылыққа алу қажет.».
      62. «Шиттi мақтаның сапасына сараптама жүргiзу және шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiк беру қағидаларын, шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiктiң нысанын (үлгiсiн) және мақта талшығының сапасы паспортының нысанын (үлгiсiн) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 868 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 61, 829-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Шиттi мақтаның сапасына сараптама жүргiзу және шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiк беру қағидаларында 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Сынамаларды iрiктеу Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің Техникалық реттеу және метрология комитетi төрағасының 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 572 бұйрығымен бекiтiлген ҚР СТ РСТ Өз 643-2006 «Шиттi мақта. Сынамаларды iрiктеу әдiстерi» Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына сәйкес өтiнiм тiркелген сәттен бастап 24 сағаттан аспайтын мерзiмде жүргiзiледi.».
      63. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.04.2015 № 196 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      64. «Меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 шілдедегі № 968 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекеменшік нысандарынан тәуелсіз кәсіпорындарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстарды орындау сапасын бақылауды жүзеге асыру қағидаларында 13-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұйымдарда қымбат бағалы материалдарды қолданған кезде олардың құрамы туралы деректер ұлттық стандартқа сәйкес осы бұйымдарға арналған формулярларда, паспорттарда немесе заттаңбаларда көрсетіледі.».