Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 196 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 508 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 225-құжат).
2. «Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 шілдедегі № 566 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 24, 269-құжат).
3. «Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 шілдедегі № 591 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 24, 277-құжат).
4. «Ең озық қолжетімді технологиялар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 наурыздағы № 245 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 14, 130-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы № 454 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 24, 241-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 613 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 342-құжат).
7. «Жағалау жиегінің нақты орналасқан жерін айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1172 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 59, 582-құжат).
8. «Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1174 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 59, 584-құжат).
9. «Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1319 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 52-құжат).
10. «Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 88 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 17, 206-құжат).
11. «Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1370 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 66-құжат).
12. «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 наурыздағы № 286 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 35, 460-құжат).
13. «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 наурыздағы № 287 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 35, 461-құжат).
14. «Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 403 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 540-құжат).
15. «Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 480 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 47, 584-құжат).
16. «Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 523 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 45, 610-құжат).
17. «Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 580 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 48, 650-құжат).
18. «Ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 884 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 61, 836-құжат).
19. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 7 мамырдағы № 579 және «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі № 912 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 671 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 584-құжат).
20. «Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 906 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 62, 851-құжат).
21. «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтынушы жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетудің үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 907 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 62, 852-құжат).
22. «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 912 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 62, 854-құжат).
23. «Газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде ілеспе газды инвесторларға беру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 913 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 62, 855-құжат).
24. «Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 508 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 шілдедегі № 930 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 63, 864-құжат).
25. «Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 шілдедегі № 948 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 63, 871-құжат).
26. «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № 1041 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 66, 938-құжат).
27. «Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1275 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, № 1072-құжат).
28. «Магистральдық мұнай құбырларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1542 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 2, 31-құжат).
29. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1755 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 7, 149-құжат).
30. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 309 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 23, 378-құжат).
31. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 55 және 63-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 623-құжат).
32. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 871 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 51, 711-құжат).
33. «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетудің үлгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 907 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 913 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 52, 727-құжат).
34. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 18 маусымдағы № 508 және «Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдерін бекіту туралы» 2009 жылғы 31 наурыздағы № 449 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 1126 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 2, 840-құжат).
35. «Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде ілеспе газды инвесторларға берудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 913 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 қарашадағы № 1223 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 65, 889-құжат).
36. «Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 шілдедегі № 948 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1278 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 68, 911-құжат).
37. «Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 906 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 17 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 1, 8-құжат).
38. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 4, 35-құжат).
39. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 29 маусымдағы № 884 және «Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 ақпандағы № 77 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 5, 52-құжат).
40. «Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 703 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 44, 414-құжат).
41. «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 912 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1010 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 554-құжат).