Жеке және заңды тұлғалардың астана аумағында сауда, ойын-сауық, қонақ үй, медициналық және өзге де қызметтер көрсету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі N 366 Қаулысы

      Күші жойылды - ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2010.03.09 № 92 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  68-бабының 11-тармағын орындау үшiн  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсатты алуға қажеттi құжаттардың тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:
      белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарды жарияласын.

      3. "Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсатты алуға қажеттi құжаттардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 маусымдағы  N 255 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде N 2400 тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Қ.О. Омаровқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің
      міндетін атқарушы                               Ж. Айтжанова

Қазақстан Республикасы    
Индустрия және сауда министрінің
міндетін атқарушының     
2008 жылғы 23 сәуірдегі   
N 170 бұйрығымен бекітілген 

  Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге арналған
рұқсатты ресiмдеуге қажеттi құжаттардың
ТІЗІМІ

      1. Белгiленген нысандағы өтiнiш ( 1-қосымша ).

      2. Жер учаскесін құрылысқа беру туралы аудандық (қалалық) атқарушы органдардың шешiмi.

      3. Жобалау-сметалық құжаттамаға сараптаманың оң қорытындысы.

      4. Бас мердігердің құрылыс-монтаж жұмыстары түрлерiнiң тiзбесi бар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыруға құқығына мемлекеттік лицензиясы.

      5. Бас мердiгердiң ( 2-қосымша ), тапсырыс берушінің атынан құрылысқа жауапты адамның белгіленген нысандағы қолхаты ( 3-қосымша ).

      6. "Сейсмикаға төзiмдi құрылыс" (сейсмикалық аудандарда) курстары бойынша қолданыстағы куәлiктiң болуы.

                                 Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге
                                   арналған рұқсатты алуға қажеттi
                                         құжаттардың тiзбесiне
                                              1-қосымша

                           ӨТIНIШ

Қазақстан Республикасының (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторынан__________
___________________________________________________________________
                  (тегi, аты, әкесiнің аты)
тапсырыс беруші (Құрылыс салушы) __________________________________
___________________________________________________________________
     (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, мекен-жайы және
  телефоны, заңды тұлғаның, ұйымның атауы, мекен-жайы, телефоны)
___________________________________________________________________
                (объектiнiң мақсаты, мекен-жайы)
объектi бойынша ___________________________________________________
___________________________________________________________________
рұқсатты ресiмдеудi сұрайды.
Мердiгер __________________________________________________________
                  (ұйымның атауы, мекен-жайы, телефоны)
Жобалау-сметалық құжаттаманы ______________________________________
___________________________________________________________ бекiттi.
                      (кiм, қашан)
Тапсырыс берушінің жауапты адамы___________________________________
                                      (тегi, аты, әкесiнiң аты)
Авторлық қадағалау жүргізу_________________________________________
__________________________________________________________жүктеледi.
             (тегi, аты, әкесiнің аты)
Тапсырыс берушінің бақылауын_______________________________________
____________________________________________________ жүзеге асырады.
      (ұйымның атауы, мекен-жайы, телефоны)

      Құрылыс 200_ жылғы "__" __________ басталды.
      Пайдалануға беру мерзiмi 200_ жылы "__"_________
      Қаржыландыру көздерi ________________________________________

      М.О.                 ________________________________________
                              (Басшының тегi, аты, әкесiнiң аты)

                                 Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге
                                   арналған рұқсатты алуға қажеттi
                                        құжаттардың тiзбесiне
                                              2-қосымша

        Бас мердiгердiң атынан құрылысқа жауапты адамның
                           ҚОЛХАТЫ

Мен _______________________________________________________________
___________________________________________________________________
      (лауазымы, ұйымның атауы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
мынадай қолхат беремiн:
1. ________________________________________________________________
___________________________________________________________________
           (оқу орнының атауы, бiтiрген жылы, мамандығы)
бойынша маған берiлген құқықтың негiзiнде объектiнi салған кезде
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                  (объектiнiң атауы, мекен-жайы)
құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзгенiм үшiн өзiме жауапкершілiктi қабылдаймын.
      2. Құрылыс нормаларын, құрылыс заңнамасының талаптарын және жобаның талаптарын бұзғаным үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде және Әкімшілік кодексінде көзделген жауапкершiлiкте боламын.
      3. Сапасыз материалдар, бұйымдар мен құрастырмаларды қолдануға жол бермеуге міндеттеме қабылдаймын.
      4. Осы объектіде орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы үшін жауапкершілікте болуға міндеттеме қабылдаймын.
      5. "Сейсмикаға төзiмдi құрылыс" (сейсмикалық аудандарда) курсы бойынша оқыдым және олар бойынша қолданыстағы куәлiктерiм бар_______________________________________________________________
      (куәлiктiң нөмiрi, кiм берген немесе мерзiмi ұзартылған)
      6. Қызметiнiң мекен-жайы, телефоны__________________________
                                        __________________________
                                                (жеке қолы)
Мәлiметтердi және
қолымды куәландырамын _____________________________________________
                    (қолхат берушi басшының тегi, аты, әкесiнiң аты)
      М.О.                        ________________________________
                                                 (қолы)

                                 Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге
                                   арналған рұқсатты алуға қажеттi
                                        құжаттардың тiзбесiне
                                              3-қосымша

           Тапсырыс берушінің жауапты адамының
                         ҚОЛХАТЫ

Мен ______________________________________________________________
          (лауазымы, ұйымның атауы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
объектiнi салған кезде____________________________________________
__________________________________________________________________
               (объектiнiң атауы, орналасқан жері)
__________________________________________________________________
                  (құрылыс салушы ұйымның атауы)
      200_ жылғы "___" _________N_________ бұйрықты орындау үшiн объектінің құрылысы үшін жауапкершілікті өзiме қабылдаймын:
      және мыналарға мiндеттiмiн:
      1) құрылыс нормалары мен ережелерін бұза отырып, құрылыс жұмыстарының көлемін қабылдамаймын;
      2) құрылыс нормаларынан және бекiтiлген жобадан шегiнiс жасауға рұқсат бермеймiн.
      3) құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған рұқсаттың мерзімін жыл сайын ұзартып тұрамын.

      Қызметiнiң мекен-жайы, телефоны_____________________________
      Yйiнiң мекен-жайы, телефоны ________________________________

                                   _______________________________
                                              (жеке қолы)
      Мәлiметтердi және қолымды куәландырамын_____________________
                                   (қолхат берушi басшының аты-жөнi)
      М.О.                        _______________________________
                                                (қолы)