"Темір-бетон, бетон конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 1198 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.06.2015 № 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

      1. "Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 19 қазандағы N 15 нормативтік қаулысына (2005 жылғы 28 қазандағы өзгерістерімен бірге) мынадай өзгеріс енгізілсін:
       12-тармақтың екінші абзацындағы ", бас бостандығынан шектеуге" сөздері алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы                             Қ. Мәми

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы                              Ж. Бәйішев