Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 475 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 23 маусымдағы
№ 475 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 448 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 200-құжат).
      2. «Кешенді экологиялық рұқсаттар беру ережесін және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешенді экологиялық рұқсаттар алу мүмкін болатын өнеркәсіп объектілері үлгілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 95 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 4, 51-құжат).
      3. «Үлгі инвестициялық шартты, үлгі келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 276 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 14, 100-құжат).
      4. «Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 277 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 14, 101-құжат).
      5. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 1529 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 41, 401-құжат).
      6. «Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салудың техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобаларын келісу және бекіту қағидаларын, мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2190 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 1, 11-құжат).
      7. «Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қарашадағы № 1244 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 25-құжат).
      8. «Электр немесе жылу желілеріне қосудың және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді қосудың ең таяу нүктелерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 119 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 27-28, 368-құжат).
      9. «Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 маусымдағы № 740 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 55, № 750-құжат).
      10. «Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 765 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 56, № 761-құжат).
      11. «Электрмен жабдықтаудың сенiмдiлiгi мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 795 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 57, № 779-құжат).
      12. «Парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оған бақылау жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 840 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 58, № 803-құжат).
      13. «Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 шілдедегі № 932 қаулысымен бекітілген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 63, 865-құжат).
      14. «Экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 1032 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 66, 930-құжат).
      15. «Электрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № 1039 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 66, 936-құжат).
      16. «Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүзгізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қарашадағы № 1244 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1349 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1106-құжат).
      17. «Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 197 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 18, 312-құжат).
      18. «Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 277 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 301 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 23, 371-құжат).
      19. «Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына арналған үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 302 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 23, 372-құжат).
      20. «Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 303 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 23, 373-құжат).
      21. «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын, оны алу қағидаларын және мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 373 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 26, 414-құжат).
      22. «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 маусымдағы № 563 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 36, 531-құжат).
      23. «Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 642 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 39, 569-құжат).
      24. «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 712 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 41, 608-құжат).
      25. «Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 713 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 41, 609-құжат).
      26. «Энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 714 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 41, 610-құжат).
      27. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 60-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 623-құжат).
      28. «Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 277 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 тамыздағы № 803 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 45, 661-құжат).
      29. «Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 448 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 1128 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 61, 842-құжат).
      30. «Электр немесе жылу желілеріне қосудың және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді қосудың ең таяу нүктелерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 119 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 36 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 3, 27-құжат).
      31. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 4, 35-құжат).
      32. «Жаңартылатын энергия көздерінің пайдалану объектілері құрылысының техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобаларын келісу және бекіту ережесін, мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2190 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 418 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 31, 271-құжат).
      33. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 38-39, 370-құжат).
      34. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 1529 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 шілдедегі № 786 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45, 453-құжат).
      35. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 876 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 49-50, 506-құжат).
      36. «Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын тіркелген тарифтер және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектіні салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және олармен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтер бойынша сатып алуы, қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясын шартты тұтынушыларға сатуы шарттарының үлгі нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 878 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 49-50, 507-құжат).