Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жыл 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Келесі шешімдердің күштері жойылды деп танылсын:
1) "Жер телімдері үшін төлемақының базалық түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 12-5 (Шу ауданының Әділет басқармасында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 26 қаңтарда № 6-11-68 болып тіркелген, 2009 жылғы 28 қаңтардағы аудандық "Шу өңірі" газетінде № 8 жарияланған) шешімі;
2) "Жер телімдері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 тамыздағы № 25-6 (Шу ауданының Әділет басқармасында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 қыркүйекте № 6-11-96 болып тіркелген, 2010 жылғы 22 қыркүйектегі аудандық "Шу өңірі" газетінде № 72 жарияланған) шешімі.
Сессия төрағасы, мәслихат хатшысы |
Б. Саудабаев |