Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрi | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. "Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн, басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 наурыздағы № 198 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 8, 51-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн, басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбiнде 9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"ҒЗТКжЖТЖ туралы ғылыми-техникалық есеп ҒЗЖ туралы есептi ресiмдеудiң құрылымы мен ережесiн регламенттейтiн ұлттық стандарттың (МЕМСТ 7.32-91) талаптарына сәйкес ресiмделуi тиiс.".
2. "Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 167 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 67-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасау ережесінде 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Сараптама жасау ұйымы энергия үнемдеу объектілерінің энергия тұтыну жабдығын іске қосу және пайдалануға енгізу алдында зерттелетін объектілердің ұлттық стандарттардың, ҚНжЕ, өзге нормативтік құқықтық актілердің талаптарына және монтаждалған жабдықтың энергия тиімділігі көрсеткіштері бойынша жобалық деректеріне сәйкестігіне сараптама жасайды. Сараптама жасаудың нәтижелері бойынша Комитет энергияны пайдаланушы жабдықты іске қосу және пайдалануға енгізу туралы шешім қабылдайды.".
3. "Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғаудың техникалық құралдарына сәйкестiк сертификатын беру ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 қазандағы № 1561 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғаудың техникалық құралдарына сәйкестiк сертификатын беру ережесiнде 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Құпия ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын сертификаттау өтінім берушінің сертификаттау жөніндегі органға жіберген өтінімінің негізінде жүргізіледі, оған сертификаттауды жүргізу сызбасы, талаптарына құпия ақпаратты қорғаудың сертификатталатын техникалық құралдары сәйкес келуге тиісті ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтік және әдістемелік құжаттар қоса берілуі мүмкін.".
4. "Азық-түлік шикізатының және тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 қарашадағы № 1783 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 51, 584-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Азық-түлік шикізатының және тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы нұсқаулықта:
"1. Жалпы ережелер" деген бөлімнің 2-тармағының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"нормативтiк құжаттар – тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауiпсiздiгiне, олардың сапасы мен қауіпсiздiгiн бақылауға, оларды дайындау, сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану, сапасыз, қауiптi тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды кәдеге жаратуға немесе жоюға қойылатын талаптарды белгілейтін ұлттық стандарттар, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қағидалар мен нормалар және басқа да нормативтiк құқықтық актілер";
"3. Азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн мемлекеттiк нормалау" деген бөлімде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тамақтық және биологиялық белсендi қоспалардың, тамақ өнiмдерiнiң (малдан алынатын азық-түлiк шикiзатынан басқа) тамақтық және энергетикалық құндылығына, қауiпсiздiгiне, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн дайындау, сақтау, тасымалдау, өткізу (сату) және қоғамдық тамақтандыру қызметтерiн көрсетуге қойылатын талаптар ұлттық (мемлекетаралық) стандарттарда және санитариялық қағидалар мен нормаларда белгiленедi.";
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Малдан алынатын азық-түлiк шикiзатын (ет, балық, құс, жұмыртқа және басқа) дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу кезiнде сапасы мен қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар ұлттық (мемлекетаралық) стандарттар мен ветеринариялық-санитариялық қағидалар мен нормаларда белгiленедi.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ұлттық стандарттарды, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қағидалар мен нормаларды стандарттау және сертификаттау саласындағы қадағалау, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, ветеринариялық қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар және өсiмдiктердiң карантинi жөнiндегi фитосанитариялық қызмет өз құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтедi.";
"9. Тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн мемлекеттiк бақылау" деген 9-бөлімнің 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегi уәкілеттi орган - тамақ өнiмдерi мен азық-түлiк шикiзатының ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiне;".
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 655 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7. "Бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдістемелiк кешендер, электронды оқулықтар және қосымша оқу әдебиеттерiн шығару жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлік талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы № 171 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 8, 87-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдістемелiк кешендер, электронды оқулықтар және қосымша оқу әдебиеттерiн шығару жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлік талаптарында:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ұлттық стандарттарға сәйкес келетiн полиграфиялық орындалған кiтап өнiмдерiн шығаруға мамандандырылған полиграфиялық базаның болуын;";
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ұлттық стандарттарға сәйкес келетін электрондық оқулықтардың шығарылуын қамтамасыз ететiн компьютерлiк және ұйымдастыру техникасының болуын;".
8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.10.2015 № 829 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2016 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
10. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
11. "Электрондық құжат айналымы ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 220-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесiнде:
8-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қосымша деректемелерді пайдалану құжаттың түріне байланысты мұрағаттар мен құжаттамаларды басқарудың уәкілетті органы белгілеген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыру мен құжаттаманы басқарудың үлгі ережесіне, сондай-ақ ұлттық стандарттарға сәйкес анықталады.";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Ұйымдар арасында электрондық құжаттар алмасу кезінде міндетті деректемелердің тізбесі мен электрондық құжаттың электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалану тәртібі "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының, мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті органы белгілеген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы құжаттандыру мен құжаттаманы басқарудың үлгі ережесінің, сондай-ақ ұлттық стандарттардың нормалары сақтала отырып, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес мәмілелердің жазбаша нысандарымен белгіленеді.".
12. "Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 105 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 6, 55-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеу ережесiнде:
9-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"тексерiлген тұқымның (көшеттердi қоспағанда) саны мен сапасының ұлттық стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқым сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың заңнамада белгіленген тәртiппен аттестатталған анықтамасын береді.";
1) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"тексерiлген тұқымның саны мен сапасының ұлттық стандарттар талаптарына сәйкестiгі туралы тұқым сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың заңнамада белгiленген тәртiппен аттестатталған анықтамасын;";
3) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"тексерiлген тұқымның саны мен сапасының ұлттық стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқым сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың заңнамада белгiленген тәртiппен аттестатталған анықтамасын бередi;".
13. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
14. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
15. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.12.2015 № 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
16. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
17. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.18. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.
19. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
20. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.
21. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.
22. "Жеке және заңды тұлғалардың астана аумағында сауда, ойын-сауық, қонақ үй, медициналық және өзге де қызметтер көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 366 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 21, 197-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың астана аумағында сауда, ойын-сауық, қонақ үй, медициналық және өзге де қызметтер көрсету ережесiнде 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Сатушы сауда қызметiн жүзеге асыру және сауда қызметтерiн көрсету кезiнде өзiнiң бейiнi мен мамандануын ескере отырып, ұлттық стандарттардың, санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, өртке қарсы қағидаларда және басқа да нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарды сақтайды.".
23. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.24. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
25. "Темiр-бетон, бетон конструкцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1198 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Темiр-бетон, бетон конструкцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiнде:
7-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"19) сәйкестiк презумпциясы – оған сәйкес үйлестiрiлген ұлттық стандарттардың егжей-тегжейлi (нақты) талаптарын орындау Техникалық регламенттiң тиiстi жалпы (елеулi) талаптарын сақтау болып есептелетiн заң жүзiнде немесе тұжырымдамалық бекiтiлген ереже;";
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Темiр-бетон және бетон конструкцияларын жасап шығару кезiнде шудың деңгейi мен дiрiлдiң деңгейiн азайтатын және олардың зиянды әсерiн жою үшiн жұмыс орындарында арнайы шараларды қабылдап отыру қажет: санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалардың, гигиеналық нормативтердiң, ұлттық стандарттардың, сондай-ақ ведомстволық еңбекті қорғау және қауiпсiздiк техникасы қағидаларының талаптарына сәйкес конструктивтік, технологиялық және ұйымдастыру шаралары, дiрiлден оқшауландыру және дiрiлдi өшiру құралдары, жеке қорғану құралдары.".
26. "Ағаш конструкцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1265 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ағаш конструкцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiнде 7-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"15) сәйкестiк презумпциясы – оған сәйкес үйлестiрiлген ұлттық стандарттардың егжей-тегжейлi (нақты) талаптарын орындау Техникалық регламенттiң тиiстi жалпы (елеулi) талаптарын сақтау деп есептелетiн заңнамалық немесе тұжырымдамалық бекiтiлген ереже.".
27. "Басқа материалдардан жасалған конструкциялар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1351 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 562-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "Басқа материалдардан жасалған конструкциялар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде 31-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) ұлттық стандарттарға енгізілмеген қолданылатын материалдар мен жинақтаушы бұйымдарға арналған сәйкестік сертификаттары.".
28. "Металл конструкциялардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1353 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 50, 565-құжат) қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Металл конструкциялардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiнде 6-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) сәйкестiк презумпциясы – оған сәйкес үйлестiрiлген ұлттық стандарттардың егжей-тегжейлi (нақты) талаптарын орындау Техникалық регламенттiң тиiстi жалпы (елеулi) талаптарын сақтау деп саналатын заңнамалық немесе тұжырымдамалық бекiтiлген ереже.".
29. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.30. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
31. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
32. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
33. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1448 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
34. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.03.2014 № 171 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
35. "Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 1, 3-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiнде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Құрылыс өнiмдерiн сәйкестендiру жиынтығында тануға жеткiлiктi болатын таңбалау мен iлеспе құжаттары, белгiлерi, параметрлерi, көрсеткiштерi мен талаптары бойынша Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының (бұдан әрi – СЭҚ ТН) кодтарын және оларға сәйкес келетiн 04-2008 Қазақстан Республикасының экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiмдердiң ұлттық жiктеуiшi бойынша кодтарды пайдалану жолымен жүргiзiледi. Қауiпсiздiк талаптары белгiленетiн құрылыс өнiмдерiнiң тiзбесi осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтiрiлген.";
26, 27, 28, 29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Құрылыс объектiлерiнiң және құрылыс өнiмiнiң осы Техникалық регламентке сәйкестiгi оның қауiпсiздiк талаптарын жеке және заңды тұлғалардың тiкелей орындауымен немесе өзара байланысты ұлттық стандарттар мен құрылыс нормалары немесе қағидалар жинағы талаптарының орындалуымен қамтамасыз етiледi. Құрылыс өнiмi өз мақсатына сәйкес қолданудың экономикалық тиiмдiлiгiн ескере отырып, құрылыс объектiлерiнде немесе құрылыс элементтерiнде қолдану үшiн жарамды болуы тиiс және осы тұрғыда осы Техникалық регламентте және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарында белгiленген құрылыс объектiлерiне қойылатын ең төменгі маңызды талаптарға жауап беруi тиiс. Құрылыс өнiмi өз қызметiнiң ақылға қонымды мерзiмi шегiнде құрылыс объектiсiнде өзiнiң қолданылатын бүкiл кезеңi iшiнде жоғарыда көрсетiлген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
27. Жеке немесе заңды тұлғалардың өзара байланысты ұлттық стандарттар мен құрылыс нормаларының немесе қағидалар жинақтарының талаптарын орындауы осы Техникалық регламент қауiпсiздiгiнiң талаптарын орындағаны туралы куәландырады.
28. Осы Техникалық регламентпен өзара байланысты құрылыс нормаларының немесе қағидалар жинақтары мен ұлттық стандарттар тiзбесiн техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесiп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi. Осы Техникалық регламентпен өзара байланысты құрылыс нормаларының немесе қағидалар жинақтары мен ұлттық стандарттар тiзбесi бұқаралық ақпарат құралдарында күнтiзбелiк жылдың бiрiншi айынан кешiктiрілмей жариялануға тиiс.
29. Жеке немесе заңды тұлғалардың осы Техникалық регламентпен өзара байланысты ұлттық стандарттар мен құрылыс нормаларының немесе қағидалар жинақтарының қолданылуы мүмкiн болмайтын жағдайда немесе олар болмаған кезде құрылыс материалдары мен бұйымдарының маңызды қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн растау осы Техникалық регламенттiң 6-бөлiмiне сәйкес жүзеге асырылады.
30. Құрылыс объектiлерi мен құрылыс өнiмдерiн бақылау және сынау әдiстерi өзара байланысты ұлттық стандарттар мен құрылыс нормаларында немесе қағидалар жинақтарында белгiленедi. Олар болмаған кезде сәулет, кала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен құрылыс объектiлерi мен құрылыс өнiмдерiн бақылау, өлшеу және сынау әдiстерiн анықтайды және/немесе әзiрлейдi.";
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Құрылыс объектілерін жобалау, салу, пайдалану және кейіннен кәдеге жарату кезінде осы Техникалық регламентпен үйлестірілген құрылыс нормаларын және ұлттық стандарттарды қолданған жағдайда сәйкестік презумпциясы міндетті болып табылады.";
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"64. Осы Техникалық регламент талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін үйлестірілген стандарттар тізбесін (дәлелдеу базасы) жыл сайын техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Құрылыс өніміне арналған ұлттық стандарттарда осы Техникалық регламентке сәйкес қауіпсіздік талаптары орындау үшін міндетті болып табылады.".
36. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 630 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
37.Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.02.2016 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
38. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
39. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
40. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.07.2015 № 574 қаулысымен.
41. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.01.2016 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
42. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
43. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.09.2015 № 796 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
44. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 27.01.2016 № 31 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
45. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
46. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
47. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 19.06.2018 № 358 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.48. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.01.2016 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
49. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
50. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1077 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
51. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
52. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 623 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
53. "Дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 60 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 329-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау қағидаларында 3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) тиісті өндірістік практика – дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру кезінде өндірісті ұйымдастыруға, өндірістік процеске және бақылау жасауға қойылатын талаптарды белгілейтін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы ұлттық стандарт;".
54. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
55. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.04.2015 № 196 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
56. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.12.2015 № 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
57. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
58. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
59. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.11.2015 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
60. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
61. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
62. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.01.2016 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
63. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.04.2015 № 196 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
64. "Меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 шілдедегі № 968 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекеменшік нысандарынан тәуелсіз кәсіпорындарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстарды орындау сапасын бақылауды жүзеге асыру қағидаларында 13-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұйымдарда қымбат бағалы материалдарды қолданған кезде олардың құрамы туралы деректер ұлттық стандартқа сәйкес осы бұйымдарға арналған формулярларда, паспорттарда немесе заттаңбаларда көрсетіледі.".