Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрi

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 23 шілдедегі
№ 735 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн, басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 наурыздағы № 198 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 8, 51-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн, басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбiнде 9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҒЗТКжЖТЖ туралы ғылыми-техникалық есеп ҒЗЖ туралы есептi ресiмдеудiң құрылымы мен ережесiн регламенттейтiн ұлттық стандарттың (МЕМСТ 7.32-91) талаптарына сәйкес ресiмделуi тиiс.".

      2. "Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 167 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 67-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасау ережесінде 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Сараптама жасау ұйымы энергия үнемдеу объектілерінің энергия тұтыну жабдығын іске қосу және пайдалануға енгізу алдында зерттелетін объектілердің ұлттық стандарттардың, ҚНжЕ, өзге нормативтік құқықтық актілердің талаптарына және монтаждалған жабдықтың энергия тиімділігі көрсеткіштері бойынша жобалық деректеріне сәйкестігіне сараптама жасайды. Сараптама жасаудың нәтижелері бойынша Комитет энергияны пайдаланушы жабдықты іске қосу және пайдалануға енгізу туралы шешім қабылдайды.".

      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 558 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.01.2022 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 655 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. "Бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдістемелiк кешендер, электронды оқулықтар және қосымша оқу әдебиеттерiн шығару жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлік талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы № 171 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 8, 87-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдістемелiк кешендер, электронды оқулықтар және қосымша оқу әдебиеттерiн шығару жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлік талаптарында:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ұлттық стандарттарға сәйкес келетiн полиграфиялық орындалған кiтап өнiмдерiн шығаруға мамандандырылған полиграфиялық базаның болуын;";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ұлттық стандарттарға сәйкес келетін электрондық оқулықтардың шығарылуын қамтамасыз ететiн компьютерлiк және ұйымдастыру техникасының болуын;".

      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.10.2015 № 829 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2016 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      11. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.09.2018 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. "Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 105 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 6, 55-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеу ережесiнде:

      9-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "тексерiлген тұқымның (көшеттердi қоспағанда) саны мен сапасының ұлттық стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқым сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың заңнамада белгіленген тәртiппен аттестатталған анықтамасын береді.";

      11-тармақта:

      1) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "тексерiлген тұқымның саны мен сапасының ұлттық стандарттар талаптарына сәйкестiгі туралы тұқым сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың заңнамада белгiленген тәртiппен аттестатталған анықтамасын;";

      3) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "тексерiлген тұқымның саны мен сапасының ұлттық стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқым сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың заңнамада белгiленген тәртiппен аттестатталған анықтамасын бередi;".

      13. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.12.2015 № 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      17. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      18. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.
      19. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      20. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.
      21. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.

      22. "Жеке және заңды тұлғалардың астана аумағында сауда, ойын-сауық, қонақ үй, медициналық және өзге де қызметтер көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 366 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 21, 197-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың астана аумағында сауда, ойын-сауық, қонақ үй, медициналық және өзге де қызметтер көрсету ережесiнде 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Сатушы сауда қызметiн жүзеге асыру және сауда қызметтерiн көрсету кезiнде өзiнiң бейiнi мен мамандануын ескере отырып, ұлттық стандарттардың, санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, өртке қарсы қағидаларда және басқа да нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарды сақтайды.".

      23. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      25. "Темiр-бетон, бетон конструкцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1198 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Темiр-бетон, бетон конструкцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiнде:

      7-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) сәйкестiк презумпциясы – оған сәйкес үйлестiрiлген ұлттық стандарттардың егжей-тегжейлi (нақты) талаптарын орындау Техникалық регламенттiң тиiстi жалпы (елеулi) талаптарын сақтау болып есептелетiн заң жүзiнде немесе тұжырымдамалық бекiтiлген ереже;";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Темiр-бетон және бетон конструкцияларын жасап шығару кезiнде шудың деңгейi мен дiрiлдiң деңгейiн азайтатын және олардың зиянды әсерiн жою үшiн жұмыс орындарында арнайы шараларды қабылдап отыру қажет: санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалардың, гигиеналық нормативтердiң, ұлттық стандарттардың, сондай-ақ ведомстволық еңбекті қорғау және қауiпсiздiк техникасы қағидаларының талаптарына сәйкес конструктивтік, технологиялық және ұйымдастыру шаралары, дiрiлден оқшауландыру және дiрiлдi өшiру құралдары, жеке қорғану құралдары.".

      26. "Ағаш конструкцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1265 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ағаш конструкцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiнде 7-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) сәйкестiк презумпциясы – оған сәйкес үйлестiрiлген ұлттық стандарттардың егжей-тегжейлi (нақты) талаптарын орындау Техникалық регламенттiң тиiстi жалпы (елеулi) талаптарын сақтау деп есептелетiн заңнамалық немесе тұжырымдамалық бекiтiлген ереже.".

      27. "Басқа материалдардан жасалған конструкциялар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1351 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 562-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Басқа материалдардан жасалған конструкциялар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде 31-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) ұлттық стандарттарға енгізілмеген қолданылатын материалдар мен жинақтаушы бұйымдарға арналған сәйкестік сертификаттары.".

      28. "Металл конструкциялардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1353 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 50, 565-құжат) қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Металл конструкциялардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiнде 6-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) сәйкестiк презумпциясы – оған сәйкес үйлестiрiлген ұлттық стандарттардың егжей-тегжейлi (нақты) талаптарын орындау Техникалық регламенттiң тиiстi жалпы (елеулi) талаптарын сақтау деп саналатын заңнамалық немесе тұжырымдамалық бекiтiлген ереже.".

      29. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      30. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      31. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      33. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1448 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      34. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.03.2014 № 171 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      35. "Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 1, 3-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiнде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Құрылыс өнiмдерiн сәйкестендiру жиынтығында тануға жеткiлiктi болатын таңбалау мен iлеспе құжаттары, белгiлерi, параметрлерi, көрсеткiштерi мен талаптары бойынша Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының (бұдан әрi – СЭҚ ТН) кодтарын және оларға сәйкес келетiн 04-2008 Қазақстан Республикасының экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiмдердiң ұлттық жiктеуiшi бойынша кодтарды пайдалану жолымен жүргiзiледi. Қауiпсiздiк талаптары белгiленетiн құрылыс өнiмдерiнiң тiзбесi осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтiрiлген.";

      26, 27, 28, 29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Құрылыс объектiлерiнiң және құрылыс өнiмiнiң осы Техникалық регламентке сәйкестiгi оның қауiпсiздiк талаптарын жеке және заңды тұлғалардың тiкелей орындауымен немесе өзара байланысты ұлттық стандарттар мен құрылыс нормалары немесе қағидалар жинағы талаптарының орындалуымен қамтамасыз етiледi. Құрылыс өнiмi өз мақсатына сәйкес қолданудың экономикалық тиiмдiлiгiн ескере отырып, құрылыс объектiлерiнде немесе құрылыс элементтерiнде қолдану үшiн жарамды болуы тиiс және осы тұрғыда осы Техникалық регламентте және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарында белгiленген құрылыс объектiлерiне қойылатын ең төменгі маңызды талаптарға жауап беруi тиiс. Құрылыс өнiмi өз қызметiнiң ақылға қонымды мерзiмi шегiнде құрылыс объектiсiнде өзiнiң қолданылатын бүкiл кезеңi iшiнде жоғарыда көрсетiлген талаптарға сәйкес болуы тиiс.

      27. Жеке немесе заңды тұлғалардың өзара байланысты ұлттық стандарттар мен құрылыс нормаларының немесе қағидалар жинақтарының талаптарын орындауы осы Техникалық регламент қауiпсiздiгiнiң талаптарын орындағаны туралы куәландырады.

      28. Осы Техникалық регламентпен өзара байланысты құрылыс нормаларының немесе қағидалар жинақтары мен ұлттық стандарттар тiзбесiн техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесiп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi. Осы Техникалық регламентпен өзара байланысты құрылыс нормаларының немесе қағидалар жинақтары мен ұлттық стандарттар тiзбесi бұқаралық ақпарат құралдарында күнтiзбелiк жылдың бiрiншi айынан кешiктiрілмей жариялануға тиiс.

      29. Жеке немесе заңды тұлғалардың осы Техникалық регламентпен өзара байланысты ұлттық стандарттар мен құрылыс нормаларының немесе қағидалар жинақтарының қолданылуы мүмкiн болмайтын жағдайда немесе олар болмаған кезде құрылыс материалдары мен бұйымдарының маңызды қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн растау осы Техникалық регламенттiң 6-бөлiмiне сәйкес жүзеге асырылады.

      30. Құрылыс объектiлерi мен құрылыс өнiмдерiн бақылау және сынау әдiстерi өзара байланысты ұлттық стандарттар мен құрылыс нормаларында немесе қағидалар жинақтарында белгiленедi. Олар болмаған кезде сәулет, кала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен құрылыс объектiлерi мен құрылыс өнiмдерiн бақылау, өлшеу және сынау әдiстерiн анықтайды және/немесе әзiрлейдi.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Құрылыс объектілерін жобалау, салу, пайдалану және кейіннен кәдеге жарату кезінде осы Техникалық регламентпен үйлестірілген құрылыс нормаларын және ұлттық стандарттарды қолданған жағдайда сәйкестік презумпциясы міндетті болып табылады.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Осы Техникалық регламент талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін үйлестірілген стандарттар тізбесін (дәлелдеу базасы) жыл сайын техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Құрылыс өніміне арналған ұлттық стандарттарда осы Техникалық регламентке сәйкес қауіпсіздік талаптары орындау үшін міндетті болып табылады.".

      36. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 630 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      37.Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.02.2016 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      38. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      39. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      40. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.07.2015 № 574 қаулысымен.

      41. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.01.2016 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      42. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      43. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.09.2015 № 796 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      44. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 27.01.2016 № 31 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      45. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      46. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      47. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 19.06.2018 № 358 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      48. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.01.2016 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      49. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      50. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1077 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      51. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      52. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 623 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      53. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 04.07.2019 № 476 қаулысымен.

      54. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      55. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.04.2015 № 196 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      56. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.12.2015 № 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      57. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      58. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      59. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.11.2015 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      60. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      61. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      62. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.01.2016 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      63. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.04.2015 № 196 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      64. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 31.10.2019 № 812 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.