"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары қауіпсіздігі" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 96 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 53-құжат);
2) "Ғимараттардың, имараттардың және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 наурыздағы № 227 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 122-құжат).
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 қаулысымен бекітілген |
"Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы "Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі — Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі, "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы заңдарына сәйкес әзірленген.
2. Осы Техникалық регламент адам өмірін, денсаулығын, мүлікті және қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ құрылыс объектілері мен құрылыс өнімдерінің мақсатына және қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды (пайдаланушыларды) жаңылысқа соқтыратын әрекеттердің алдын алу, саудадағы техникалық кедергілерді жою мақсатында өмірлік циклінің барлық сатыларындағы құрылыс объектілері мен құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын ең аз талаптарды белгілейді.
3. Осы Техникалық регламент объектілері болып табылатындар: ғимараттар мен құрылыстар (бұдан әрі - құрылыс объектілері), құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары (бұдан әрі - құрылыс өнімі), құрылыс объектілерін және құрылыс өнімдерін жобалау, өндіру, тасымалдау, сақтау, пайдалану және кәдеге асыру процестері (бұдан әрі - өмірлік цикл сатылары).
4. Құрылыс өнiмдерiн сәйкестендiру жиынтығында тануға жеткiлiктi болатын таңбалау мен iлеспе құжаттары, белгiлерi, параметрлерi, көрсеткiштерi мен талаптары бойынша Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының (бұдан әрi – СЭҚ ТН) кодтарын және оларға сәйкес келетiн 04-2008 Қазақстан Республикасының экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiмдердiң ұлттық жiктеуiшi бойынша кодтарды пайдалану жолымен жүргiзiледi. Қауiпсiздiк талаптары белгiленетiн құрылыс өнiмдерiнiң тiзбесi осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтiрiлген.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.5. Құрылыс объектілері және жобалау құжаттамасы мынадай қағидалар бойынша сәйкестендіріледі:
1) жобалау құжаттамасы құрылыстың объектісі мен мақсатына байланысты қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасының турлері мен құрамы бойынша сәйкестендіріледі және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен жасалатын, құрылысы салынбақшы болып отырған ауданда инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөнінде қызмет көрсетушілердің техникалық шарттарына және тапсырысшының жобалауға арналған тапсырмасына сәйкес әзірленеді;
2) оларға қатысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды қоса алғанда көлемді, тегіс немесе желілік күрделі объектілердің (ғимараттар, құрылыстар және олардың кешендері, коммуникациялары) барлық түрлерін құруға арналған құрылыс процестері құрылыс-монтаждау жұмыстарының түрлері бойынша сәйкестендіріледі әрі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады;
3) нарықта сатылатын және пайдалануға берілетін ғимараттар мен құрылыстар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес жобалау құжаттамасына немесе техникалық паспортына сай функционалдық мақсаты бойынша сәйкестендіріледі;
4) функционалдық мақсатына байланысты ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану процестері Қазақстан Республикасы заң актілерінің және осы Техникалық регламенттің ережелері негізінде сәйкестендіріледі;
5) ғимараттар мен құрылыстарды кейіннен кәдеге жаратудың технологиялық процестері "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңымен және жергілікті атқарушы органдардың шешімдерінде белгіленген тәртіппен сәйкестендіріледі.
6. Құрылыс объектілері мен жобалау құжаттамасын сәйкестендіру мына жағдайларда жүзеге асырылады:
1) жобалау құжаттамасын әзірлеу бойынша тапсырысты орындау шарттарын құрастыру және жасасу кезінде;
2) нарық субъектісі құрылысты жүзеге асыруға арналған жобалау құжаттамасын сату кезінде;
3) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға арналған мердігерлік шарттарды құрастыру және жасасу кезінде;
4) бір меншік иесінен басқасына өтетін пайдаланудағы ғимараттар мен құрылыстарды нарықта сату кезінде;
5) құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға тапсыру және қабылдау кезінде;
6) құрылысы аяқталмаған объектілерді нарықта сату кезінде;
7) консервацияға ұшыраған құрылысы аяқталмаған объектілерді тапсыру және қабылдау кезінде;
8) ғимарат пен құрылыстың техникалық жай-күйін пайдаланушылық және өзге де бақылау кезінде;
9) ғимарат пен құрылысты немесе оның жеке үй-жайлары мен учаскелерін жалға беру шарттарын құрастыру және жасасу кезінде;
10) кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстарды жүргізу мақсатында ғимарат пен құрылысты пайдаланудан шығару немесе құрылысы аяқталмаған объектіні жою кезінде.
7. Сәйкестендіру міндеттеріне байланысты ғимарат пен құрылыстың пайдаланудағы жағдайында инструменталды және көзбен шолу тексерулері жүргізіледі.
8. Осы Техникалық регламенттің техникалық реттеу құрылыс объектілерін сәйкестендіруді мыналар жүргізеді:
1) құрылыстағы (құрылысқа арналған жобалау, іздестіру, сараптау, зерттеу жұмыстары, тапсырыс бойынша құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіруді, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді қоса алғанда) мердігерлік жұмыстардың тапсырысшы-инвесторы;
2) пайдаланудағы ғимарат пен құрылыс немесе құрылысы аяқталмаған объект түріндегі жылжымайтын мүлік объектісінің меншік иесі;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі уәкілетті органдар.
9. Осы Техникалық регламентте белгіленген талаптар міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында әрекет етеді.
2. Терминдер мен анықтамалар
10. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) бақылау - белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру рәсімі;
2) ғимарат - адамдардың тұруына немесе ішінде болуына, өндірістік процестерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, міндетті түрде жер бетіне салынып, тұйық көлемді құрайтын, тіреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы. Үйдің жер асты бөлігі болуы мүмкін;
3) ғимарат пен құрылыстың жауапты пайдаланушысы - ғимараттың және құрылыстың техникалық жай-күйін, техникалық қызмет көрсетілуін және ағымдағы жөндеуден өтуін бақылау үшін жауапты заңды немесе жеке тұлғалар (үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерін, ғимарат пен құрылыстың меншік иелерін, кондоминиум және басқа өнеркәсіптік пен азаматтық мақсаттағы басқа да объектілерді басқаратын жеке және заңды тұлғаларды қоспағанда);
4) дайындаушы - кейіннен иеліктен айыру немесе өзінің тұтынуы үшін құрылыс өнімін өндіретін заңды немесе жеке тұлға;
5) жасанды орта — адам өзінің тіршілік етуін қамтамасыз ету үшін жасаған, мекендейтін орта;
6) жылжымайтын мүлік объектісі (жылжымайтын объект) - құрылыспен барабар;
7) құрылыс - табиғи немесе жасанды кеңістік шекаралары бар және өндірістік процестерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктерді уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргізуге) арналған жасанды жасалған көлемді, тегіс немесе желілік объектісі (жер үсті, су беті және (немесе) жер асты, су асты). Ғимарат көркемдік-эстетикалық, әшекей-қолданбалы немесе мемориалдық мақсатта да болуы мүмкін;
8) өнімдер мен процестердің қауіпсіздігі - құрылыс өнімі мен құрылыс объектілерінің адамдардың және жануарлардың өмірі мен денсаулығына, мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келтіруін болдырмайтын жай-күйі;
9) мақсатына қарай пайдалану - құрылыс өнімінің тиісті сәйкестік декларациясында, рұқсатында немесе құрылыс құжаттамасында көрсетілген мақсатына сәйкес пайдаланылуы;
10) құрылыс объектісінің өмірлік циклі - құрылыс объектісінің салынуын, пайдаланылуын және тіршілігінің аяқталуын қоса алғанда, жүйелі және өзара байланысты тіршілік ету кезеңдері;
11) құрылыс объектісінің тіршілігінің аяқталуы - нәтижесінде құрылыс объектісін жою жолымен тіршілігі тоқтатылатын немесе қайта жаңарту немесе кәдеге асыру жолымен жаңа объектіге ауысатын құрылыс объектісінің өмірлік циклінің қорытынды кезеңі;
12) құрылыс өнімін сәйкестендіру — дайындаушы мәлімдеген құрылыс өнімінің техникалық сипаттамасына оның нақты сипаттамасының тепе-теңдігін анықтау;
13) құрылыс өнімдерінің нарықтағы айналымы - құрылыс объектісінің ықпалданған элементі ретінде тұрақты негізде қолдану сәтіне дейінгі құрылыс өнімінің дайындаушыдан тұтынушыға ауысуы;
14) құрылыс объектісін салу - құрылыс құжаттамасын дайындауға және құрылысты жүргізуге бағытталған әрекеттерді қамтитын құрылыс объектісінің өмірлік циклінің кезеңі;
15) құрылыс қызметі (бұдан әрі - құрылыс) - жаңа объектілер салу және (немесе) бар объектілерді (ғимараттарды, құрылыстар мен олардың кешендерін, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын дайындау (өндіру), сондай-ақ аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектілерді кейіннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды құру жөніндегі қызмет;
16) құрылыс құжаттамасы - объектілерді салу (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу, консервациялау және кейіннен кәдеге жарату), сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру, сыртқы безендіру үшін қажетті (жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттарды қоса алғанда) өзара байланысты құжаттардың жүйесі;
17) құрылыс өнімі - құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары, сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметінің аралық және (немесе) түпкілікті нәтижесі;
18) құрылыс конструкциясы - құрылыс материалдарынан және/немесе құрылыс бұйымдарынан жасалған, құрылыс объектісінің тұрақты элементі;
19) құрылыс бұйымы - өнеркәсіптік тәсілмен шығарылған және құрылыс конструкциясының немесе басқа құрылыс бұйымының элементі ретінде қолдануға арналған құрылыс өнімі;
20) құрылыс материалы — құрылыс бұйымдары және/немесе құрылыс конструкцияларын дайындауға арналған табиғи пайда болған немесе өнеркәсіптік әдіспен өндірілген құрылыс өнімі;
21) техникалық регламентпен өзара байланысты нормативтік құжаттар - талаптарының орындалуы осы Техникалық регламенттің ережелерін сақтауды қамтамасыз ететін, осы Техникалық регламентке сәйкес үйлестірілген құрылыс нормалары, құрылыс нормалары және қағидалары, қағидалар жиынтығы, санитарлық нормалар мен қағидалар және өзге де нормативтік-техникалық құжаттар;
22) құрылыс объектісін пайдалану - объектіні мақсатына қарай және бұрын берілген рұқсатпен белгіленген қауіпсіздік деңгейіне сәйкес пайдалануына байланысты әрекеттерді қамтитын құрылыс объектісінің өмірлік циклінің кезеңі;
23) қызмет көрсету - құрылыс объектісін пайдалану сатысында жүзеге асырылатын және бұрын берілген рұқсатпен белгіленген, құрылыс өнімінің қауіпсіздігін қолдауға бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы;
24) өтініш беруші - сәйкестікті растау үшін өнімді, қызметті, процестерді ұсынған жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ аккредиттеуге және аудитке (сәйкестікті растау саласында) өтініш берген заңды тұлғалар;
25) сәйкестікті растау жөніндегі орган - белгіленген тәртіппен сәйкестікті растау жөніндегі жұмысты орындау үшін аккредителген заңды тұлға;
26) жою - бөлшектеу, құрама бөліктерге сұрыптау немесе мақсатты бұзу арқылы, құрылыс объектісінің немесе оның бөлігінің тіршілігін тоқтатуға бағытталған әрекеттер жиынтығы;
27) құрылыс объектісі - құрылыс қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылатын, жасанды ортаның ғимараты, құрылысы немесе басқа да жылжымайтын объектісі;
28) тұтынушы - құрылыс өнімін нысаналы мақсатына сай пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
29) өтпелі кезең - уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген, үйлестірілген құрылыс нормаларының және сәулет-қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттардың қоса әрекет ететін кезеңі;
30) үйлестірілген құрылыс нормасы - осы Техникалық регламентке сәйкес құрылыс объектілеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін норма.
3. Қазақстан Республикасы нарығындағы құрылыс объектілері мен құрылыс өнімдері айналымының шарттары
11. Егер іздестіруші, жобалаушы, дайындаушы (беруші, сатушы) немесе уәкілетті өкіл, құрылыс объектісінің меншік иелері және тәуелсіз сарапшылар, авторлық және (немесе) техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды іске асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан өнімнің осы Техникалық регламентпен белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі туралы расталған ақпараты болса, құрылыс объектілері және құрылыс өнімі нарық айналымына жіберілмейді.
12. Ғимараттарды, құрылыстарды тұрғызу және түрлі жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі азаматтардың жеке, тұрмыстық қажеттіліктері үшін пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдары тек осы Техникалық регламенттің талаптарына сай, яғни функционалдық жарамдылығы болған жағдайда ғана нарыққа жіберілуі тиіс.
13. Құрылыс материалдары, бұйымдары (оның ішінде импортталатындары) мүмкіндікті зиян келтіру тәуекелін бағалау және тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдау үшін тұтынушыға арналған ілеспе құжаттамаларымен (пайдалану бойынша нұсқау, сапа паспорты, сәйкестік сертификаты, сәйкестігі туралы декларация, техникалық немесе нормативтік құжаттамалар және тағы басқалары) қамтамасыз етілуі тиіс.
14. Құрылыс өнімін өткізу мыналармен қамтамасыз етілуі тиіс:
1) зиян келтіретін қауіп-қатерді бағалауға және тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауға қажетті тұтынушыға арналған ілеспе құжаттамасымен (қолдану бойынша нұсқаулық, сапа паспорты, сәйкестік сертификаты, сәйкестік туралы декларация, техникалық немесе нормативтік құжаттама және басқалар);
2) құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары сатылғаннан кейін олардың әлеуетті қаупі анықталған жағдайда олардың шаралар қабылдауы мақсатында тиісті мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарын хабардар ету жөніндегі нұсқаулықпен қамтамасыз етілуі тиіс.
15. Азаматтардың тұрмыстық қажеттіліктері үшін сатылатын құрылыс материалдары мен бұйымдары:
1) қауіпсіз, сақтау немесе жарамдылық мерзімі өтіп кетпеген, ыдысы және қорабы бүлінбеген (нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес), пайдалану құжаттамасының толық жиынтығы болуы тиіс. Егер дайындаушыдан, тұтынушыдан немесе мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарынан нақты материалдар мен бұйымдардың белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі туралы ақпарат алынған болса, өткізуге (сатуға) жіберілмейді;
2) құрылыс материалдары мен бұйымдарын қолдану бойынша қауіпсіз қағидалары туралы тұтынушыларға арналған нұсқаулықпен қамтамасыз етілуі тиіс;
3) оларды сату кезіндегі іс-қимылы тәртібі туралы, кейіннен тексеру мақсатында тұтынушылардың шағымдарын тіркеу туралы сатушыларға арналған ақпаратпен қамтамасыз етілуі тиіс.
16. Құрылыс объектісі пайдалануға берілген сәттен бастап оны кейіннен кәдеге жарату кезеңінің басталуына дейінгі кезеңде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнама талаптарына сәйкес ресімделетін техникалық паспорт болған жағдайда ғана құрылыс объектісі нарыққа айналымға жіберіледі.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.18 N 820 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.17. Сәйкестігі міндетті түрде расталуға жататын құрылыс объектілерін сәйкестікті растау рәсімінен өтпейінше, құрылыс объектілері мен құрылыс өнімдері нарығында айналымға және сатуға, сондай-ақ пайдалануға беруге жол берілмейді.
18. Құрылыс объектісінің жауапты пайдаланушылары:
1) осы және өзге техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімінен өткен құрылыс объектісін пайдалануы;
2) құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалану қағидалары бойынша барлық пайдаланушыларға нұсқама беруді өткізуі;
3) осы Техникалық регламенттің 13-тармағында көрсетілген жағдайларда құрылыс объектілерін пайдалануға жол берілмеуі;
4) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарын, сондай-ақ құрылыс объектісінің барлық пайдаланушылары мен меншік иелерін арнайы білімдерді (дағдыларды) талап ететін құрылыс объектісін пайдалану ерекшеліктері туралы хабардар етуі;
5) қауіп төнуі мүмкін жағдайда құрылыс объектілерінің барлық пайдаланушылары мен меншік иелерін ескерту бойынша уақтылы іс-шараларды, сондай-ақ авария туралы ақпарат түскен кезде пайдалануға тыйым салуға дейін баратын шараларды өткізуді қамтамасыз етуі;
6) құрылыс объектісінің пайдаланудан авариялық шығарылуы қажет болған кезде бұл үшін қажетті шараларды қабылдап, тиісті мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарын осы Техникалық регламенттің талаптарын бұзушылықтар туралы кідіртпей хабардар етуі қажет.
4. Қауіпсіздіктің маңызды талаптары
19. Құрылыс объектісінің салынуы құрылыс объектісінің бүкіл өмірлік циклі кезінде (кейіннен кәдеге жарату кезеңін қоспағанда) қауіпсіздікке қойылатын мынадай маңызды талаптардың орындалуы қамтамасыз етілетіндей етіп ұйымдастырылуы (құрылыс өнімін пайдалана отырып жобалануы және салынуы) тиіс:
1) механикалық беріктігі және орнықтылығы;
2) өрт қауіпсіздігі;
3) денсаулыққа (адамдар мен жануарлардың) және қоршаған ортаға қауіпсіздігі;
4) пайдалану (қолдану) процесіндегі қауіпсіздік;
5) шудан қорғау;
6) қуатты үнемдеу және жылуды сақтау.
Құрылыс өнімдері, олар пайдаланылуы тиіс құрылыс объектілерін тиісінше жобалау мен салу шартымен жоғарыда көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын сипаттамаларға ие болуы тиіс.
20. Құрылыс объектісі механикалық беріктік пен орнықтылық талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін оның салынуы мен пайдаланылуы кезеңінде құрылыс объектісіне қосылған жүктемелер мынадай салдарға:
1) құрылыс объектісінің немесе оның бір бөлігінің қирауына;
2) шекті рұқсат етілетін шамадан асатын құрылыс объектісінің немесе оның бөлігінің деформациясының пайда болуына;
3) құрылыс объектісінің салмақ салатын конструкцияларының елеулі деформациялануы нәтижесінде құрылыс объектісін салуда пайдаланылған құрылыс өнімінің зақымдануына;
4) әсер ету дәрежесі бойынша зақымдану көзі болған бастапқы жүктемеден аспайтын жүктеме нәтижесіндегі зақымдануға алып келмейтіндей етіп жобалануы және салынуы тиіс.
21. Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін құрылыс объектісі өрт кезінде:
1) құрылыс нормаларымен (қағидалар жиынтығы) белгіленген уақыт бойына құрылыс конструкцияларының көтеруші қабілеті сақталатындай;
2) өрттің тігінен және көлденеңнен таралу жолдарын бөгеу мақсатында құрылыс кезінде және ғимараттар мен құрылыстарды әрлеуде материалдардың жанғыштығын ескере отырып қолдану, өрт сөндірудің тұрақты жүйелерін, лифт шахталарын және коммуникация жолдарын бұғаттау, өртке қарсы есіктерді пайдалану және өзге де шараларды қолдану жолымен құрылыс объектісіндегі жану және от пен түтіннің таралуы шектелетіндей;
3) өрттің көрші құрылыс объектілеріне таралуы, соның ішінде өртке қарсы ажырауларды қамтамасыз ету арқылы шектелетіндей;
4) құтқару қызметтері персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей;
5) өрттен қорғау сигнализациясы және өрт туралы хабарлау арқылы жану ошағының пайда болуы туралы уақтылы хабарлауды қамтамасыз ететіндей;
6) түтінді жою жүйелерін, түтін таралмайтын баспалдақтарды, бұғатталмайтын есіктер мен люктерді қолдану, эвакуация жолдарын өздігінен жарық беретін (электр қуатын қолданусыз) көрсеткіштермен белгілеу арқылы Өрттің қауіпті факторларының әсерінен олардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілместен бұрын, халық топтарының ерекшеліктерін ескере отырып, адамдардың қауіпсіз аймаққа қауіпсіз эвакуациясы мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей;
7) ғимарат пен құрылыстың барлық үй-жайларына өртке қарсы бөлімшелер мен құтқарушылардың кіруін және өрт сөндіру құралдарын жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей;
8) ғимараттар мен құрылыстарға өрт техникасының еркін өтуін қамтамасыз ететіндей етіп, жоспарлануы және салынуы тиіс.
22. Адамдардың, жануарлардың денсаулығы мен қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін құрылыс объектісі:
1) уландырғыш заттардың бөлініп шығуы;
2) қауіпті қатты бөлшектер және газ тәрізді қоспалардың ауада болуы;
3) радиацияның қауіпті деңгейінің болуы;
4) су мен топырақтың ластануы немесе улануы;
5) істен шыққан су, түтін, қатты және сұйық қалдықтардың барабар емес жойылуы;
6) атмосфералық жауын-шашын және су құбыры мен кәріз желілерінің ағып кетуі есебінен құрылыс объектісінің бөліктерінде немесе оның беттерінде ылғалдың шығуы нәтижесінде ондағы адамдардың денсаулығына, жануарлардың және қоршаған ортаның қауіпсіз санитарлық-гигиеналық жағдайларына қауіп төндірілмейтіндей етіп жобалануы және салынуы тиіс.
23. Құрылыс объектісі оны пайдалану (қолдану) процесінде қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін сырғанауды, құлауды, қақтығысуды, күйіп қалуды, электр тогымен соққы алуды, жарылыс нәтижесінде жарақат алуды қоса алғанда, құрылыс объектісін пайдалану немесе оған қызмет көрсету кезінде жазатайым оқиғалардың қолайсыз тәуекелдерін тудырмайтындай етіп жобалануы және салынуы тиіс.
24. Құрылыс объектісі шудан қорғау талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін немесе оның жанындағы адамдармен қабылданатын шу денсаулыққа қауіпсіз деңгейден аспайтындай және ұйқының, демалудың және жұмыстың қанағаттандыратын жағдайларына кедергі жасамайтындай етіп жобалануы және салынуы тиіс.
25. Қуатты үнемдеу және жылуды сақтау талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін құрылыс объектісі және оның жылыту, кондиционер орнату және желдету жүйелерін жергілікті климаттық жағдайларды және ондағы адамдарға және (немесе) жануарларға қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуді ескере отырып, құрылыс объектісін пайдалану үшін талап етілетін қуат мөлшері төмен болатындай етіп жобалануы және салынуы тиіс.
5. Маңызды қауіпсіздік талаптарының сәйкестігін қамтамасыз ету
26. Құрылыс объектiлерiнiң және құрылыс өнiмiнiң осы Техникалық регламентке сәйкестiгi оның қауiпсiздiк талаптарын жеке және заңды тұлғалардың тiкелей орындауымен немесе өзара байланысты ұлттық стандарттар мен құрылыс нормалары немесе қағидалар жинағы талаптарының орындалуымен қамтамасыз етiледi. Құрылыс өнiмi өз мақсатына сәйкес қолданудың экономикалық тиiмдiлiгiн ескере отырып, құрылыс объектiлерiнде немесе құрылыс элементтерiнде қолдану үшiн жарамды болуы тиiс және осы тұрғыда осы Техникалық регламентте және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарында белгiленген құрылыс объектiлерiне қойылатын ең төменгі маңызды талаптарға жауап беруi тиiс. Құрылыс өнiмi өз қызметiнiң ақылға қонымды мерзiмi шегiнде құрылыс объектiсiнде өзiнiң қолданылатын бүкiл кезеңi iшiнде жоғарыда көрсетiлген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.27. Жеке немесе заңды тұлғалардың өзара байланысты ұлттық стандарттар мен құрылыс нормаларының немесе қағидалар жинақтарының талаптарын орындауы осы Техникалық регламент қауiпсiздiгiнiң талаптарын орындағаны туралы куәландырады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.28. Осы Техникалық регламентпен өзара байланысты құрылыс нормаларының немесе қағидалар жинақтары мен ұлттық стандарттар тiзбесiн техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесiп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi. Осы Техникалық регламентпен өзара байланысты құрылыс нормаларының немесе қағидалар жинақтары мен ұлттық стандарттар тiзбесi бұқаралық ақпарат құралдарында күнтiзбелiк жылдың бiрiншi айынан кешiктiрілмей жариялануға тиiс.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.29. Жеке немесе заңды тұлғалардың осы Техникалық регламентпен өзара байланысты ұлттық стандарттар мен құрылыс нормаларының немесе қағидалар жинақтарының қолданылуы мүмкiн болмайтын жағдайда немесе олар болмаған кезде құрылыс материалдары мен бұйымдарының маңызды қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн растау осы Техникалық регламенттiң 6-бөлiмiне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.30. Құрылыс объектiлерi мен құрылыс өнiмдерiн бақылау және сынау әдiстерi өзара байланысты ұлттық стандарттар мен құрылыс нормаларында немесе қағидалар жинақтарында белгiленедi. Олар болмаған кезде сәулет, кала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен құрылыс объектiлерi мен құрылыс өнiмдерiн бақылау, өлшеу және сынау әдiстерiн анықтайды және/немесе әзiрлейдi.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.6. Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау
31. Нарықта сатылатын құрылыс өнімдері, құрылыс объектілері, сондай-ақ пайдалануға берілетін құрылыс объектілері, оның ішінде оларды жасау (өндіру, жобалау, салу, пайдалану) және кейіннен кәдеге жарату процестері осы техникалық регламентке сәйкестігін растау объектілері болып табылады.
32. Нарықта сатылатын және пайдалануға берілетін құрылыс объектілерінің, сондай-ақ жобалау, салу, пайдалану және кейіннен кәдеге жарату процестерінің сәйкестігін растау (бұдан әрі — сәйкестігін растау) құрылыс объектілерінің өмірлік циклінің кезеңіне байланысты міндетті немесе ерікті сипатта болады.
33. Сәйкестігін растау мақсаттары үшін құрылыс объектілері адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған орташа әлеуетті тәуекел дәрежесіне байланысты жауапкершіліктің үш санаты бойынша жіктеледі:
I санат - жауапкершіліктің жоғары деңгейі;
II санат - жауапкершіліктің қалыпты деңгейі;
III санат - жауапкершіліктің төменгі деңгейі.
Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
34. Пайдалануға берілетін құрылыс объектілері сәйкестігін міндетті растауға жатады. Құрылыс объектілерінің осы Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін міндетті растау мына схемалар бойынша жүргізіледі:
І-санаттағы құрылыс объектілері үшін — сәйкестік дәлелдемелері, аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) қатысуымен алынған сынақ нәтижелері және сапа менеджменті жүйесінің бағалауы негізінде;
ІІ-санаттағы құрылыс объектілері үшін - сәйкестік дәлелдемелері және аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) қатысуымен алынған сынақ нәтижелері негізінде;
III санаттағы құрылыс объектілері үшін - техникалық реттеу туралы және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамаға сәйкес ұсынылатын дайындаушылардың (орындаушылардың) дәлелдемелері (бұдан әрі - сәйкестік дәлелдемелері) негізінде.
35. Өмірлік циклінің кезеңіне және құрылыс объектісінің жауапкершілік санатына байланысты сәйкестікті растау мақсатында дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін материалдар тізбесіне мынадай құжаттар енгізілуі тиіс:
1) жоба (сызбалар, кестелер, есептеулер, түсініктемелер және басқалар);
2) техникалық паспорт;
3) тіркеу және рұқсат беретін құжаттама;
4) сараптама қорытындылары;
5) орындаушылық техникалық құжаттама (сынақ және өлшеу нәтижелері, жұмыс журналдары, қолданылатын құрылыс өнімдеріне (құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары) сертификаттар, жасырын жұмыстарды куәландыратын актілер, жауапты конструкцияларын аралық қабылдау актілері);
6) сапа менеджменті жүйесінің сертификаты.
36. Осы Техникалық регламент талаптары қолданылмайтын құрылыс объектілеріне және олардың өмірлік циклінің процестеріне сәйкестікті ерікті растау, өтініш берушілердің бастамасы және талаптары бойынша жүргізілуі мүмкін. Құрылыс объектілеріне және олардың өмірлік циклінің процестеріне сәйкестікті ерікті растау сәйкестікті міндетті растаудың орнын алмастырмайды және белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
37. Құрылыс объектілерін тұрғызуды жүзеге асыратын орындаушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі міндетті сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтер тізбесіне енгізілген немесе сәйкестігін сәйкестік туралы декларациямен растауға жол беретін, қолданылатын өнімге (құрылыс материалдары мен бұйымдарына) сәйкестігі туралы сертификатының немесе декларациясының болуын тексеруді қамтамасыз етеді.
38. Техникалық регламентте белгіленген талаптарға құрылыс өнімдерінің сәйкестігін растауды мыналар:
1) сәйкестікті растау мен сәйкестік сертификатын беруді жүргізу нысанында сәйкестікті растау жөніндегі орган;
2) оның тапсырмасымен сәйкестікті растау жөніндегі органның сәйкестікті растау нысанында құрылыс өнімін тұтынушы;
3) сәйкестік туралы декларацияны қабылдау нысанында құрылыс өнімін өндіруші (орындаушы) жүргізеді.
39. Қазақстан Республикасының аумағында құрылыс өнімдерінің (құрылыс материалдарының, бұйымдарының және конструкцияларының) сәйкестігін растау міндетті немесе ерікті сипатта болады.
40. Оларға қатысты қауіпсіздік талаптары белгіленетін құрылыс өнімдерінің тізбесі осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген.
41. Сәйкестікті міндетті растау "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына, техникалық регламенттерге және Қазақстан Республикасындағы техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. P05000367.
42. Сәйкестікті растаудың нысаны мен схемасын таңдау кезінде мыналар ескеріледі:
1) өмірлік циклінің белгілі сатыларындағы құрылыс материалдарының, бұйымдарының және конструкцияларының қауіптілік дәрежесі;
2) Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік көрсеткіштерінің өндірістік немесе пайдаланушылық факторлардың өзгеруіне сезгіштігі;
3) сәйкестікті растаудан өткен өнімнің сәйкестігін немесе қолданудан келген зиянды дұрыс бағаламаудан болатын жиынтық тәуекел.
43. Сәйкестікті міндетті растау кезінде расталатын құрылыс өнімдері (құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары) сипаттамаларының (қасиеттерінің) қауіпсіздік көрсеткіштері тізбесі осы Техникалық регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
44. Сәйкестікті міндетті растау, сондай-ақ нақты құрылыс өнімі Қазақстан Республикасы қосылған халықаралық келісімдердің, конвенциялардың және басқа құжаттардың қолданылу аясына жататын және осы құрылыс өнімінің сәйкестігін міндетті растау көзделген кезде қолданылады.
45. Қауіптілігі жоғары объектілерге жататын жаңа құрылыс өніміне (құрылыс материалдарына, бұйымдарына және конструкцияларына) міндетті сәйкестікті растау нысандары СЭҚ ТН кодына сәйкес қолданылуы тиіс.
7. Техникалық регламентке сәйкестік презумпциясы
46. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесінің өзге де құжаттары сәйкестік презумпциясы сақталған жағдайда осы Техникалық регламент талаптарын орындау үшін қолданылады.
47. Құрылыс объектілерін жобалау, салу, пайдалану және кейіннен кәдеге жарату кезінде осы Техникалық регламентпен үйлестірілген құрылыс нормаларын және ұлттық стандарттарды қолданған жағдайда сәйкестік презумпциясы міндетті болып табылады.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.48. Осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың осы Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растау үшін, өнімнің сипаттамаларына (қасиеттеріне) қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілеу кезінде үйлестірілген стандарттар пайдаланылады. Үйлестірілген стандарттарда өнімнің тұтынушылық қасиеттерін (сапасын) сипаттайтын көрсеткіштермен және сәйкестік презумпциясы қағидатымен қатар қауіпсіздікті анықтайтын көрсеткіштердің нақты сандық мағынасы түрінде сандық сипаттамалар белгіленген.
49. Үйлестірілген стандарттар талаптарына сәйкес жасалған құрылыс өнімі осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес болып есептеледі.
50. Құрылыс өнімі, егер олардың талаптары үйлестірілген стандарттарда көрсетілген талаптардан төмен болмаса, ал олар болмаған жағдайда техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісілген нормалардан төмен болмаса, стандарттау жөніндегі өзге нормативтік құжаттармен жасала алады.
51. Құрылыс өнімі, оның ішінде сәйкестігін бағалау үшін үйлестірілген стандарттары жоқ инновациялық құрылыс өнімі, сондай-ақ техникалық сипаттамалары үйлестірілген стандарттармен белгіленгеннен өзгешеленетін құрылыс өнімдері техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен осындай өнімнің Қазақстан Республикасының нарығындағы айналымға жарамдылығын бағалау тәртібінен өткен жағдайда Қазақстан Республикасының нарығындағы айналымда мақұлдануы мүмкін.
52. 50-тармақта көрсетілген құрылыс өнімі үшін жарамдылықты бағалау тәртібін бекіту кезінде техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мынадай қағидаттарды басшылыққа алуы тиіс:
1) өтініш беруші құрылыс өнімінің сәйкестігін бағалау үшін үйлестірілген стандарттары жоқ немесе техникалық сипаттамалары үйлестірілген стандарттармен белгіленгеннен өзгеше, Қазақстан Республикасының нарығындағы айналымға құрылыс өнімінің жарамдылығын бағалау жөнінде қызметтер көрсетуге уәкілетті орган аккредиттеген кез келген органға жүгіне алады;
2) қағидалар құрылыс өнімінің Қазақстан Республикасының нарығындағы айналымға жарамдылығын бағалаудың белгіленген рәсімін бұзатын органдарды аккредиттеуді тоқтата тұру, кері қайтарып алу немесе қалпына келтіру рәсімдерін көздеуі тиіс;
3) қағидалар өтініштер беруді, сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруды, құрылыс өнімінің Қазақстан Республикасының нарығындағы айналымға жарамдылығын растау туралы қорытындылар беруді және оларға өтініш берушінің шағымдануын реттеуі, ресмилендірілген және жалпы танылған қағидаттар мен нормаларға негізделуі тиіс;
4) құрылыс өнімінің Қазақстан Республикасының нарығындағы айналымға жарамдылығын бағалаудың нәтижелері техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның сайтында жариялануы және уақтылы жаңартылуы тиіс;
5) аккредиттелген органдар техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның және басқа да аккредиттелген органдардың сұрауы бойынша өтінім берушіден алынған немесе сәйкестікті бағалау процесінде жүргізілген құжатты ресімделген толық ақпаратты уақтылы ұсынады;
6) құрылыс өнімінің жарамдылығын бағалау жөніндегі шығыстарды өтініш беруші көтереді;
7) құрылыс өнімінің Қазақстан Республикасының нарығындағы айналымға жарамдылығын растайтын рұқсаттың қолданылу мерзімі уақыты бойынша шектелуі тиіс, бірақ 6 айдан кем болмауы тиіс.
53. Сәйкестікті бағалау саласындағы қызметтер көрсету нарығында сау бәсекелестікті көтермелеу мақсатында Қазақстан Республикасының нарығындағы айналымға құрылыс өнімінің жарамдылығын бағалауды жүзеге асыру үшін аккредиттелуі мүмкін органдар саны жасанды түрде шектеле алмайды.
8. Қазақстан Республикасының нарығындағы өнімді айналым белгісімен таңбалау
54. Осы Техникалық регламентпен белгіленген және (немесе) осы Техникалық регламенттің 6-бөліміне сәйкес сәйкестікті растау рәсімінен өткен құрылыс өнімі және құрылыс объектілері белгіленген тәртіппен салынған Қазақстан Республикасының нарығындағы айналым белгісімен таңбалануға тиіс.
55. Сәйкестік белгісінің суретін, оған қойылатын техникалық талаптарды техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
56. Қазақстан Республикасы нарығындағы құрылыс объектілерінің және құрылыс өнімдерінің айналым белгісімен таңбалануы құрылыс объектілері пайдалануға берілгенге және жобалау құжаттамасы, құрылыс материалдары мен бұйымдары нарықта орналастырылғанға дейін жүзеге асырылады.
57. Қазақстан Республикасының нарығындағы өнімнің айналым белгісі құрылыс объектілеріне және құрылыс өнімдеріне, құрылыс объектісінің техникалық паспортына, жобалау құжаттамасының жалпы түсіндірме жазбасының титулдық бетіне, құрылыс материалдарына қосымша пайдалану құжаттарына (сапа туралы құжат), сондай-ақ құрылыс бұйымдарына немесе олардың қосымша пайдалану құжаттарына қолданылады. Қазақстан Республикасының нарығындағы өнімнің айналым белгісі құрылыстардың, жобалау құжаттамасының, құрылыс материалдары мен бұйымдарының бүкіл қызмет ету мерзіміне сақталынуын қамтамасыз ететін кез келген әдіспен қойылады.
58. Айналым белгісін Қазақстан Республикасының нарығындағы құрылыс материалдары мен өнімдерінің тек қана орамасына (бар болған жағдайда) және олардың қосымша пайдалану құжаттарына қоюға жол беріледі.
59. Ғимараттар мен құрылыстардың, жобалау құжаттамасының, құрылыс материалдары мен бұйымдарының Қазақстан Республикасы нарығындағы өнім айналымы белгісімен таңбалануы оларға қолданылатын және Қазақстан Республикасының нарығындағы айналым белгісін қоюды көздейтін техникалық регламенттің барлық талаптарына олардың сәйкестігін куәландырады.
9. Үйлестірілген стандарттар және құрылыс нормалары
60. Ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамамен сәйкес мемлекеттік нормалау объектілері ретінде олардың өмірлік циклінің барлық кезеңінде нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесінің міндетті түрде қолданылуымен реттеледі.
61. Үйлестірілген стандарттар мен құрылыс нормалары әмбебаптылықтың және икемділіктің жоғарғы дәрежесіне ие болуы тиіс.
62. Үйлестірілген стандарттармен құрылыс нормаларының тізбесіне халықаралық стандарттар мен үйлестіру қағидаттарында техникалық реттеудің мақсаттарына сәйкес келетін нормативтік құжаттар кіреді. Үйлестірілген нормативтік құжаттар ғимараттарды және (немесе) құрылыстарды жобалау, салу, пайдалану, кейіннен кәдеге жарату процестерін салаларалық реттеу негізінде қамтамасыз етуге арналған және осы Техникалық регламенттің 3-қосымшасына сәйкес құрылымдық бөлімдер мен кешендер құрамында қолданылатын өзара байланысты құжаттар болып табылады.
63. Осы Техникалық регламенттің үйлестірілген нормативтік құжаттары жөніндегі ақпаратты (бекітілуі, өзгертілуі және күшінің жойылуы) ресми басылым арқылы арнайы жыл сайынғы тізбе түрінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы жариялайды.
64. Осы Техникалық регламент талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін үйлестірілген стандарттар тізбесін (дәлелдеу базасы) жыл сайын техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Құрылыс өніміне арналған ұлттық стандарттарда осы Техникалық регламентке сәйкес қауіпсіздік талаптары орындау үшін міндетті болып табылады.
Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.65. Осы Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары бойынша қолданылатын қолданыстағы стандарттарды үйлестіру техникалық реттеу туралы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
10. Өтпелі ережелер
66. Осы Техникалық регламент алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
67. Осы Техникалық регламентті қолданысқа енгізу күнінен бастап қауіпсіздікті қамтамасыз ету:
нарықта сатылатын құрылыс өніміне қатысты - онда белгіленген талаптарға сәйкес;
пайдалануға берілетін құрылыс объектілеріне қатысты - үйлестірілген құрылыс нормаларына сәйкес;
басқа объектілерге қатысты - өтпелі кезең аяқталғаннан кейін жүзеге асырылуға тиіс.
68. Осы Техникалық регламенттің талаптарын орындау үшін қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар мен мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде қалыптастырылатын өзге құжаттары, техникалық реттеу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен үйлестірілуге жатады.
"Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентіне 1-қосымша |
Қауіпсіздік талаптары белгіленетін құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының тізбесі
СЭҚ ТН коды | Атауы |
1 | 2 |
Құрама темір-бетон конструкциялары мен бөлшектерден басқа құрылыс материалдары | |
Кенішті емес материалдар, кеуекті толтырғыштар, қаптама мен табиғи тастардан жасалған жол материалдары және басқа материалдар | |
2515, 2516, 2517 | Кенішті емес материалдар |
2517 | Кеуекті толтырғыштар |
6801-6802 | Табиғи тастар мен табиғи тастар негізінде жасалған қаптама материалдар мен бұйымдар |
2517 | Табиғи тастардан жасалған жол материалдары |
6815 | Перлит тау жынысынан, кварц және доломиттен жасалған шикізаттар мен материалдар |
Кенішті емес металл материалдар | |
Цемент | |
2523 10 | Қоспасыз портландцемент |
2523 10 | Арнайы талаптары бар қоспасыз портландцемент |
2523 10 | Арнайы талаптары бар қоспасыз портландцемент |
2523 90 | Қожпортландцемент және арнайы талаптары бар портландцемент |
2523 90 | Пуццолан портландцементі мен арнайы талаптары бар портландцемент |
2523 30 | Балшықты-топырақты цемент және арнайы талаптары бар балшықты-топырақты цемент |
3816 | Отқа төзімді цементтер, құрылыс ерітінділері, бетондар мен ұқсас құрамдары |
2523 90 | Цементтің басқа түрлері |
2523 | Цемент өндірісінің материалдары |
2522, 2520 | Әк, гипс және басқа да жергілікті тұтқырғыштар |
Қабырғалар мен арақабырғалардың материалдары | |
6901 - 6904 | Қабырға материалдары (темір-бетон панельдерінсіз) |
6808 | Панельдер, тақтайшалар, тақтайлар, білеулер, блоктар және өсімдік талшықтарынан, сабаннан және сүректі, тұтқыр минерал заттары бар агломерирленген қалдықтардан жасалған ұқсас бұйымдар |
6809 | Арақабырғалардың материалдары |
3816, 3824 50 | Бетон қоспалар және құрылыс ерітінділері |
2520 20 | Құрғақ құрылыс қоспалары |
6810 | Арматураланбаған бетон бұйымдар |
Құрылысқа арналған қыш материалдар мен бұйымдар | |
6907 | Қаптамалау қыш бұйымдары, оның ішінде тақтайша |
6907 | Қышқылға төзімді қыш бұйымдар |
6908 | Төсеуге арналған тақтайшалар, еденге, пештерге, каминдерге немесе кіреукелі керамика қабырғаларына арналған қаптама тақтайшалар |
6905 | Жабын |
6905 90 | Басқа да керамикалық бұйымдар мен материалдар |
Жылу және дыбыс оқшаулағыш материалдар мен бұйымдар | |
6810 11 90 | Органикалық емес борпылдақ жылу оқшаулағыш материалдар |
6806 | Жылу және дыбыс оқшаулағыш минерал мақталы бұйымдар |
7019 | Шыны талшықты және шыны мақталы жылу және дыбыс оқшаулағыш бұйымдар |
6901 | Көбік диатомитті, диатомитті және трепелді бұйымдар |
6806 | Перлитті жылу және дыбыс оқшаулағыш бұйымдар |
6811 | Құрамында асбесты бар бұйымдар |
6806 | Басқа да органикалық жылу және дыбыс оқшаулағыш бұйымдар |
6806 | Органикалық материалдардан жасалған жылу оқшаулағыш бұйымдар |
6806 | Базальт талшығынан жасалған жылу және дыбыс оқшаулағыш бұйымдар |
Полимер, жабынды, гидрооқшаулағыш және қымтағыш әрлеу материалдары | |
5904 | Линолеум (орамдар мен тақтайшалар) |
5705 | Кілемдер және басқа тоқыма жер төсеніштері, дайын немесе дайын емес |
3920 | Басқа да полимер материалдар мен бұйымдар |
6807 | Орамды жабын және гидрооқшаулағыш материалдары (жұмсақ жабынды және оқшаулағыш материалдар) |
2715 | Мастикалық жабындар, жабынды және гидрооқшаулағыш құрылғыларға арналған мастикалар, қойыртпақтар, құрамдар |
Асбестцемент бұйымдар | |
6812 | Асбестцемент табақтар (шифер) |
6812 | Асбестцементті құбырлар мен жалғастырғыштар |
6812 | Асбестцементті басқа бұйымдар және асбестоцемент өндірісінің қалдықтары |
2524 00 | Асбест |
Темір-бетон құрамды конструкциялар мен бөлшектер | |
Іргетастардың конструкциялары мен бөлшектері | |
6810 | Іргетастардың конструкциялары мен бөлшектері |
6810 | Стақан типті іргетастар мен табандар |
6810 | Іргетастардың тақтайшалары |
6810 | Ростверк бөлшектері |
6810 | Қадалар |
Ғимараттар мен құрылыстардың конструкциялары мен бөлшектері | |
6810 | Бағандар |
6810 | Итарқалы және итарқы асты арқалықтар |
6810 | Кран асты арқалықтар |
6810 | Орау, іргетас және құрылыстарға арналған арқалықтар |
6810 | Беларқалар мен жүгіртпелер |
6810 | Фермалар |
6810 | Рамалар элементтері |
6810 | Маңдайшалар |
6810 | Кермелер |
Конструкциялар, қабырғалар мен арақабырғалардың бөлшектері | |
6810 | Сыртқы қабырға панельдері |
6810 | Ішкі қабырға панельдері |
6810 | Арақабырғалар |
6810 | Қабырға блоктары |
Арақабырғалар мен жабындардың тақтайшалары, панельдері және төсемдері | |
6810 | Жабындардың тақтайшалары |
6810 | Арақабырғалардың тақтайшалары |
6810 | Жол тақтайшалары |
Инженерлік құрылыстардың конструкциялары мен бөлшектері | |
6810 | Көпірлердің аралық құрылыстары конструкцияларының бөлшектері |
6810 | Су өткізу құбырларының бөлшектері |
6810 | Қарау құдықтарының бөлшектері |
6810 | Силостар мен градирнялардың конструкциялары мен бөлшектері |
6810 | Құбыржолдардың траверстерінің элементтері |
6810 | Инженерлік гидротехникалық құрылыстардың басқа конструкциялары мен бөлшектері |
Арнайы конструкциялар мен бөлшектер | |
6810 | Арынды құбырлар |
6810 | Арынсыз құбырлар |
6810 | ЛЭП тіреулері, жарықтандыру желілерінің электрлендірілген жолдарының байланыс желілерінің байланыстары мен элементтері |
6810 | Арнайы аэродромды тақтайшалар |
6810 | Жайылымдарды қоршауға арналған шпалерлі бағандар |
6810 | Ыстыққа төзімді және берік арнайы темір бетон |
Ғимараттар мен құрылыстардың конструкциялық және сәулет-құрылыс элементтері | |
6810 | Басқыштардың элементтері |
6810 | Коммуникация блоктары |
6810 | Ғимараттар мен құрылыстардың сәулет-құрылыс элементтері |
6810 | Ғимараттардың кіру және шұңқыршаларының элементтері |
6810 | Санитарлық-техникалық кабиналар |
6810 | Лоджиялар мен балкондардың элементтері |
6810 | Қоршаулардың элементтері |
Шыныдан жасалған бұйымдар | |
7003 | Илемді табақ шыны |
7004 | Құйылған және илемді, тартылған немесе үрленген, табақ немесе пішінделген, алайда басқа тәсілмен өңделмеген шыны |
7005 | Терезе шығысы (табақ) |
7008 | Сәулет-құрылыс шынысы |
7007 19 | Қауіпсіз, беріктендірілген (шынықтырылған) немесе көп қабатты шыны |
7016 | Шыныдан жасалған әрленген бұйымдар мен материалдар, көбікшыны |
7003 | Техникалық шыны |
7003 | Органикалық шыныны жасауға арналған термополирленген, силикат табақ шыны |
7014 00 | Арнайы шыны |
7014 00 | Арналуы әртүрлі шыны бөлшектер |
7014 00 | Техникалық шыны басқа бұйымдар |
7019 10 | Үздіксіз шыны талшық және одан жасалған бұйымдар |
7019 3-90 | Шыны талшықтар және одан жасалған басқа бұйымдар |
Ағаш дайындайтын және ағаш тілетін-ағаш өңдеу өндірісінің өнімі | |
4413 | Блоктар, тақтайшалар, білеулер немесе пішіндер түрінде нығыздалған сүректер |
4418 | Құрылыс бөлшектеріне арналған дайындамалар |
4418 | Құрылыс бөлшектеріне арналған дайындамалар |
4418 | Құрылыс ағаш бұйымдары мен стандартты үйлер |
4418 | Стандартты үйлер мен жергілікті құрылыс материалдары бар үйлерге арналған бөлшектердің жинақтары |
9406 | Құрылыс конструкциялары |
4418 | Желімделген тақтай тақтайшалары мен сәндік панельдер |
Фанера өндірісінің өнімі, тақтайшалар | |
4412 1 | Желімделген фанералар |
4408 | Қабыршақ |
4410 | Ағаш жаңқасынын тақтайшалары |
4411 | Ағаш талшықты тақтайшалар |
4814 | Тұсқағаздар мен қабырғаларға желімдеуге арналған ұқсас материалдар; терезеге арналған мөлдір қағаз |
Құрылыста қолданылатын полимерлер, пластикалық массалар, химиялық талшықтар мен каучуктер | |
3918-25 | Пластмассалар, материалдар мен жартылай фабрикаттар |
3917 | Пластмассадан жасалған құбырлар, түтіктер мен шлангтер және олардың жалғастырғыштары (мысалы қосылыстар, иіндер, шентемір) |
3921 | Пластмассадан жасалған пластиналар, табақтар, қабыршақ, фольга және жолақтар |
3916 | Көлденең қимасы 1 мм-ден жоғары өлшемі бар монониттер; пластмассадан жасалған шыбықтар, өзектер мен пішіндер |
3919 10 | Таспалар, тақтайшалар, жолақтар, табақшалар, қабыршақтар, |
3919 10 | орамдағы немесе ені <20 см, пластмассадан жасалған жалпақ пішінді фольга |
3919 90 | Таспалар, жолақтар, табақтар, қабыршақтар, фольга және пластмассадан жасалған өздігінен желімденетін басқа да жалпақ пішіндер, басқалар |
3925 20 | Есіктер мен оларға арналған табалдырықтар, терезелер мен олардың рамалары |
3925 30 | Терезе қақпақтары, перделер (венециан жалюздерін қоса алғанда) және ұқсас бұйымдар мен олардың бөліктері |
3925 90 | Басқа топтарға енбеген пластмассадан жасалған басқа құрылыс бұйымдары |
4002 | Алғашқы формалардағы синтетикалық каучук |
4008 | Вулкандалмаған каучук және одан жасалған бұйымдар; жіп, корд, пластина, табақтар, жолақтар, өзектер мен пішіндер түріндегі резеңке (эбониттен басқа) |
4010 | Конвейнерлік (транспортерлік) таспалар мен резеңкеден жасалған жетекті баулар |
4016 91 | Еден тесеніштері және вулкандалған резеңкеден жасалған төсеніштер, кеуектіден басқа |
Лак-бояу материалдары | |
3208, 3209 | Конденсациялық шайырлардың лактары |
3208, 3209 | Лактар, эмальдар, астарлар және полимеризациялық шайырлар тығыздағыштар |
3208, 3209 | Лактар, эмальдар, астарлар мен целлюлоза эфирлерінің тығыздағыштары |
3208, 3209 | Лактар мен спиртті палитралар |
3208, 3209 | Бояулар мен су-дисперсиялық тығыздағыштар |
3208, 3209 | Қолдануға дайын қою бояулар |
3208, 3209 | Олифалар |
3208, 3209 | Лак-бояу материалдарына арналған еріткіштер мен шайғыштар |
2914 11 | Ацетон |
3210, 3211, 3212 | Бояулар мен лактар, тығыздағыштар, дайын сиккативтер |
3213 90 | Бояулар мен басқа да лактар |
3214 | Сырлау жұмыстарына арналған фасадтардың беттерін, ғимараттың ішкі қабырғаларын, едендерді, төбені дайындауға арналған тығыздағыштар мен басқа мастикалар, еріткіштер мен сұйылтқыштар |
3501, 3505, 3506 | Казеин желімдері, фенол-поливинилацетаттылар және т.б. |
Пигменттер | |
2817 | Оксид және мырыштың пероксиді |
2819 | Оксидтер және хромның гидроксидтері |
2820 | Марганец оксидтері |
2821 | Оксидтер және темір гидроксидтері |
2822 | Оксидтер және кобальт гидроксидтері |
2823 | Титан оксидтері |
2824 | Қорғасын оксидтері; қорғасын жосасы (қызыл және қызғылт сары) |
2825 20 | Оксид және литий гидроксиді |
2825 30 | Оксидтер және ванадий гидроксидтері |
2825 40 | Оксидтер және никель гидроксидтері |
2825 60 | Германий оксидтері және цирконий диоксиді |
2825 70 | Оксидтер және молибден гидроксидтері |
2825 80 | Сүрме оксидтері |
2825 90 | Басқа оксидтер, гидроксидтер және металлдардың пероксидтері |
3204 | Анықталған немесе анықталмаған химиялық құрамның синтетикалық органикалық бояу заттары |
3206 | Басқа топқа енбеген, бояғыш заттар; люминофор ретінде қолданылатын, органикалық емес өнімдер |
3207 | Құрғақ ақ пигменттер |
3207 | Түсті пигменттер |
Қара металдардың илемі, дайын | |
7216 | Арқалықтар мен швеллерлер |
7208 | Қарапайым сапалы сортты илем |
7213 | Катанка (Созбасым) |
7208 | Құралымдық сортты илем |
Болат құбырлар | |
7303 | Илектелген тоттанбайтын құбырлар (тоттануға төзімді) |
7303 | Жалпыға арналған құбырлар |
7303-7306 | Жіксіз жұқа қабырғалы құбырлар (тоттанбайтынсыз) |
Болат құрылыс конструкциялары | |
9406 00 30-90 | Ғимараттардың қаңқаларының конструкциялары (жеңіл конструкцияларда шешілетіндерден басқа) |
7308 20 | Қара металлдардан жасалған тор мұнаралар мен діңгектер |
7308 30 | Ғимараттардың қоршау және ішіне салынатын конструкциялары |
7308 40 | Металл құрылыс ағаштарына, қалыптарға, тіреуіш қабырғаларға немесе шахта тіреуіштеріне арналған жабдықтар |
7308 90 | Ажыратушы толтырғыштармен гофрленген (қабырғалы) тақталардан жасалған, екі қабырғадан тұратын панельдер |
9406 | Өнеркәсіптік құрылыстардың конструкциялары |
9406 | Инженерлік құрылыстардың конструкциялары |
9406 | Арнайы құрылыстардың конструкциялары |
9406 | Ауыл шаруашылығы құрылыстарына арналған конструкциялар |
Алюминий қорытпаларынан және алюминийден жасалған құрылыс конструкциялары мен бұйымдары (элементтері) | |
7610 | Алюминий металл конструкциялары мен олардың бөліктері, терезелер, есіктер және олардың рамалары |
7604 | Алюминий шыбықтары мен пішіндері |
9406 | Ғимараттарды қоршайтын конструкциялар |
9406 | Көтерме және қоршау функцияларын біріктіретін, ғимараттардың конструкциялары |
9406 | Ғимараттар мен құрылыстардың күш түсетін конструкциялары |
9406 | Инженерлік құрылыстардың конструкциялары |
9406 | Безендіру-қаптама, погонажды және қорғаныш-безендіру бұйымдары |
9406 | Жинақтау-бөлшектеу және көлемдік-блокты конструкциялар |
"Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентіне 2-қосымша |
Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
№ р/с | Қауіпсіздіктердің түрі | Қауіптілік объектілері | Қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Механикалық қауіпсіздік (соққы әсері) | Қауіптілік субъектілеріне соққы әсерінің қауіптілігі шығуы мүмкін құрылыс бұйымдары мен конструкциялары (жинақ) механикалық қауіптілік нысандары болып табылады | Қолданысы құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларға қолданылатын техникалық регламенттерде белгіленген механикалық (соққы) әсерден қорғау талаптарының орындалуын бақылау мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесіне енеді |
2 | Өрт қауіпсіздігі және жарылыс қауіпсіздігі | Барлық жанғыш құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары, сондай-ақ қауіптілік субъектілеріне олардың бұзылуы мен соққы әсеріне әкеп соғатын от немесе жоғары температураның әсерінен өзінің төзімділік сипаттамаларын төмендететін құрылыс конструкциялары өрт қауіптілік объектілері болып табылады. Белгіленген шектік концентрацияларды немесе регламенттелген қауіпсіздік шараларын сақтамау жарылысқа әкеп соғатын химия өнеркәсібі өнімдеріне жататын құрылыс материалдары жарылыс қауіпті объектілер болып табылады | Қолданысы құрылыс материалдарына, бұйымдары мен конструкцияларына қолданылатын "Өрт қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында және техникалық регламенттерде белгіленген өрт қауіпсіздігі мен жарылыс қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылаудың өткізілуіне ТЖМ өрт қадағалау органдары жауапты болып табылатын мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесіне енеді |
3 | Химиялық қауіпсіздік | Негізінен адам, жануарлар ағзасына, сондай-ақ өсімдіктерге тікелей немесе жанама кері әсерін тигізетін мөлшерде қоршаған ортаға зиянды заттар бөлетін химия өнеркәсібінің өнімдеріне жататын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкциялары химиялық қауіптілік объектілері болып табылады | Қолданысы құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларына қолданылатын "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында және техникалық регламенттерде белгіленген химиялық қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылау мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесіне енеді, оның өткізілуіне уәкілетті мемлекеттік органдар жауапты болып табылады |
4 | Радиациялық қауіпсіздік | Радиоактивті ластануға ұшыраған немесе жоғары табиғи радиациялық фоны бар құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларының жекелеген түрлері радиациялық қауіптілік объектілері болып табылады. Бұлар табиғи материалдар мен бұйымдар олардың ішінде: тау жыныстары, қиыршық тас, құм, дайын метал бұйымдар мен конструкциялар және т.с.с. | "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" 1998 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында және осы Техникалық регламентте белгіленген радиациялық қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылау мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесіне енеді, оның өткізілуіне уәкілетті мемлекеттік органдар жауапты болып табылады |
5 | Биологиялық қауіпсіздік | Ішінде адам мен қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін микроағзалары болуы мүмкін органикалық құрамдауыштар бар құрылыс материалдары мен бұйымдары биологиялық қауіптілік объектілері болып табылады | Қолданысы құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларға қолданылатын "Халықтың санитарлык-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Заңымен техникалық регламенттерде белгіленген биологиялық қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылау мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесіне енеді, оның өткізілуіне уәкілетті мемлекеттік органдар жауапты болып табылады |
6 | Термиялық қауіпсіздік | Беттері жоғары немесе өте төмен температурасы бар және металмен, керамикамен, шынымен, таспен, пластмассамен, ағашпен берілген құрылыс материалдары мен бұйымдары термиялық қауіптілік объектілері болып табылады | Осы Техникалық регламентте белгіленген термиялық қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылау мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесіне енеді |
7 | Адам денсаулығы үшін санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік (химиялық, физикалық және биологиялық факторлар) | Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларының техникалық сипаттамаларына (қасиеттеріне) қойылатын сәйкес талаптарды белгілеумен қол жеткізілетін адамдар мен жануарларға санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиісті құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларының техникалық сипаттамаларына (қасиеттеріне) қойылатын сәйкес талаптарды белгілеумен қол жеткізілетін тұрғын және қоғамдық ғимараттардың қоршау конструкцияларында пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары санитарлық-эпидемиологиялық қауіптілік объектілері болып табылады санитарлық-эпидемиологиялық қауіптілік құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру сатысында да орын алады | Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды жобалаған кезде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптары қоршау құрылыс конструкцияларының тиісті конструкциялық орындалуы жолымен ескеріледі. Бұл талаптар "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Заңында және құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын жасауға арналған техникалық регламенттерде ескеріледі. Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылау мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесіне енеді |
"Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентіне 3-қосымша |
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың құрылымы
Актілер кешені | Стандарттау мен нормалаудың негізгі бағыттары |
1 | 2 |
1. Ұйымдастырушылық-әдістемелік нормативтік құжаттар | |
1.01. Стандарттау, нормалау, сертификаттау | Құрылыстағы стандарттау, нормалау және сертификаттау бойынша жұмыстардың мақсаттары, міндеттері, объектілері, әдіснамасы және ұйымдастырылуы. |
1.02. Құрылысқа арналған инженерлік іздестірулер және жобалау | Құрылыс, жобалау алдындағы және жобалау жұмыстарына арналған инженерлік іздестірулерді өткізудің құрамы, жалпы талаптары және тәртібі. Жобаларды келісу, сараптамадан өткізу және бекіту тәртібі. Қала құрылысы және жобалау-сметалық құжаттаманың түрлері, мазмұны және рәсімделуі. |
1.03. Өндіріс | Құрылысты ұйымдастыру, технологиялық әзірлеу және құрылыс өндірісінің жалпы ережелері, құрылысты механизациялау, құрылыс процесіндегі еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету. Сапасын бақылау және құрылысы аяқталған объектілерді қабылдап алу. Құрылыс бұйымдары және материалдарының өндірісін ұйымдастыру. Технологиялық және орындау құжаттамасының түрлері, мазмұны және рәсімделуі. |
1.04. Пайдалану | Ғимараттар мен құрылыстардың инженерлік жабдықтар жүйесіне және құрылыс конструкцияларына техникалық қызмет көрсетудің, тексерудің және жөндеудің жалпы ережелері. Жөндеу-пайдалану құжаттамасының түрлері, мазмұны және рәсімделуі. |
1.05. Қала құрылысы кадастры |
Қала құрылысы кадастрын құрудың және жүргізудің жалпы ережелері. |
1.06. Сәулет және қала құрылысы қызметі | Сәулет және кала құрылысы органдарының бірыңғай жүйесінің құрылымын және функцияларын анықтайтын ұйымдастырушылық-әдістемелік ережелер. Оған қатысушылардың сәулет қызметін жүзеге асыруының ережелері мен әдістері. |
2. Жалпы нормативтік-техникалық құжаттар | |
2.01. Құрылыс ғимараттарының сенімділігінің негізгі ережелері |
Құрылыс ғимараттарының, инженерлік жүйелердің, конструкциялардың және материалдардың қауіпсіздігін, пайдалануға жарамдылығын және ұзақтығын қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары. |
2.02. Өрт қауіпсіздігі | Қала құрылысы, көлемді-жоспарлау, сындарлы міндеттерді шешу кезіндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары, отқа төзімділігі және өрт қауіптілігі бойынша ғимараттарды, құрылыстарды және олардың элементтерін жіктеу, эвакуация жолдары және қауіпсіздік аймақтары. Құрылыс конструкциялары, материалдары мен бұйымдарының өрт-техникалық көрсеткіштері, есептеудің, бақылау әдістерінің және сынақтардың қағидаттары. |
2.03. Қауіпті геофизикалық әсерлерден қорғану |
Қауіпті геофизикалық әсерлердің (сейсмика, көшкіндер, опырылулар, қар көшкіні, сел, төзу, қазбалы, карстық, су басатын, су астында қалатын аумақтар және т.с.с.) негізгі сипаттамалары және олардан инженерлік қорғану қағидаттары. |
2.04 Ішкі климат және зиянды әсерлерден қорғау | Үй-жайлардың жылу, әуе-ылғал, акустикалық және жарықтық режимін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары. Қоршаған орта әсерінің сипаттамалары (соның ішінде климаттық әсерлер, вибрация, шу, сәуле шығару, уытты бөліністер және басқалар). Осы әсерлерден адамдардың денсаулығын қорғаудың есептік әдістері және сындарлы қамтамасыз ету, бақылау және сынау әдістері. |
2.05. Біркелкі өзара алмасушылық және үйлесімдік | Құрылыстағы біркелкі өзара алмасушылықты және үйлесімдікті қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары, мөлшерді үйлестіру ережелері, геометриялық параметрлердің рұқсат етілуі. Өлшемдер және дәлдікті бақылау әдістері. |
3. Қала құрылысы, ғимараттар мен құрылыстар бойынша нормативтік-техникалық құжаттар | |
3.01. Қала құрылысы | Өндірістік күштерді таратып орналастыру, орналастырудың, аумақтардың ауыларалық, инженерлік және көліктік инфрақұрылымын дамытудың негізгі ережелері, аумақтарды, мекендерді және олардың жекелеген бөліктерін жоспарлау және ел қондыру. |
3.02. Тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттар мен құрылыстар | Тұрғын, қоғамдық, өндірістік және қоймалық ғимараттар, құрылыстар мен олардың бөліктерін жіктеу және оларға қойылатын техникалық талаптар. Жұмыстарды жүргізудің негізгі ережелері, қабылдап алу ережелері, бақылау мен сынау әдістері. |
3.03. Көлік құрылыстары | Автомобиль және темір жолдарының, метрополитен, теңіз, өзен, әуе, өндірістік және қала көлігінің құрылыстары мен элементтерін жіктеу, жүктемелер және әсер етулер, геометриялық параметрлер және оларға қойылатын техникалық талаптар. Есептеу, жобалау және жұмыстарды жүргізу бойынша негізгі ережелер, қабылдап алу ережелері, бақылау мен сынау әдістері. |
3.04. Гидротехникалық және мелиоративтік құрылыстар |
Тоғандарға, арналарға, бөгеттерге, жағаны бекіту және өзге құрылыстарды жіктеу, жүктемелер және әсер етулер, геометриялық параметрлер және оларға қойылатын негізгі талаптар. |
3.05. Магистральдық және кәсіпшілік құбырлар | Құбырлар мен газ, мұнай және мұнай өнімдеріне арналған қоймаларды жіктеу, жүктемелер және әсер етулер, геометриялық параметрлер және оларға қойылатын негізгі талаптар. Есептеу, жобалау және жұмыстарды жүргізу бойынша негізгі ережелер, қабылдап алу ережелері, бақылау мен сынау әдістері. |
3.06. Мүгедектер мен халықтың өзге де әлеуметтік қорғалатын топтарына қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету | Мүгедектер мен халықтың өзге де әлеуметтік қорғалатын топтарына қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету бойынша негізгі ережелер мен жалпы талаптар. |
4. Ғимараттар мен құрылыстарды, сыртқы желілерді инженерлік қамтамасыз етуге арналған нормаланған құжаттар | |
4.01. Сумен жабдықтау және кәріз |
Жүйелер мен тұтынушыларды жіктеу, сыртқы желілерге, құрылыстарға және олардың орналасуына, ішкі жүйелеріне қойылатын техникалық талаптар. |
4.02. Жылумен жабдықтау, жылыту, ауаны желдету және кондиционер орнату |
Жүйелер мен тұтынушыларды жіктеу, сыртқы желілерге, құрылыстарға және олардың орналасуына, торапты суға, ішкі жүйелері мен жабдықтарына қойылатын техникалық талаптар. Жылуды тұтыну нормалары, шығарындыларды тазалау, қосалқы жылу ресурстарын қолдану. Жобалау, және жұмыстарды жүргізу, пайдалану режимі бойынша негізгі ережелер. |
4.03. Газбен жабдықтау | Жүйелерді жіктеу, газ құбырларына, жабдықтарына және сөндіретін құрылғыларға техникалық талаптар. Газды тұтыну нормалары. Жұмыстарды жобалау және жүргізу, пайдалану режимі бойынша негізгі ережелер. |
4.04. Электрмен жабдықтау | Желілер және тұтынушыларды жіктеу. Жұмыстарды жобалау және жүргізу бойынша негізгі ережелер. Электр қондырғыларының ережелері. |
4.05 Қоқысты жою | Қоқысты жою жүйелеріне, жабдықтарға, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, жою және кәдеге жарату жүйелерін ұйымдастыруға техникалық талаптар. Жобалау, монтаждау және пайдалану бойынша негізгі ережелер. |
5. Құрылыс конструкцияларына және бұйымдарына арналған нормативтік-техникалық құжаттар | |
5.01. Ғимараттар мен құрылыстардың негіздері және іргетастары |
Жер қабаттарын жіктеу және олардың есептік сипаттамалары. Негіздер мен қадалық іргетастарды есептеу және жобалау әдістері. Жұмыстарды жүргізу, пайдалану режимі және жай-күйін болжау бойынша негізгі ережелер. |
5.02. Тас және арматураланған тас конструкциялары | Ғимараттар мен құрылыстардың тасқа және арматураланған тас конструкцияларына жалпы талаптар. Конструкциялар мен олардың қосындыларын есептеу және жобалау әдістері, конструкцияларды тұрғызу, пайдалану режимі және жай-күйін болжау бойынша негізгі ережелер. Қабылдап алу ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
5.03. Темірбетон және бетон конструкциялары |
Монолиттік, құрама және құрама-монолиттік бетон және темірбетондық конструкцияларға қойылатын жалпы талаптар. Конструкциялар мен олардың қосылыстарын есептеу және жобалау әдістері, конструкцияларды әзірлеу және тұрғызу, тоттанудан қорғау, пайдалану режимі және жай-күйін болжау бойынша негізгі ережелер. |
5.04. Металл конструкциялары |
Тиімді жылытқышы барды коса алғанда, болат және алюминий қоспаларынан жасалған салмақ салушы және қоршау конструкцияларына қойылатын жалпы талаптар. Конструкциялар мен олардың қосылыстарын есептеу және жобалау әдістері, конструкцияларды әзірлеу және тұрғызу, тоттанудан қорғау, пайдалану режимі және жай-күйін болжау бойынша негізгі ережелер. |
5.05. Ағаш конструкциялар |
Ғимараттар мен құрылыстардың ағаш конструкцияларына қойылатын жалпы талаптар. |
5.06. Басқа материалдардан жасалған конструкциялар |
Асбестцементті және басқа материалдардан жасалған конструкцияларға қойылатын жалпы талаптар. |
5.07. Терезелер, есіктер, қақпалар және олардың аспаптары |
Бұйымдарға қойылатын жалпы талаптар. Бұйымдар және жабдықтаушы детальдарға арналған техникалық шарттар. |
6. Құрылыс материалдары және бұйымдарына арналған нормативтік құжаттар | |
6.01. Қабырғалық қалау материалдары |
Кірпішке және түрлі материалдардан қабырғалық тастарға жалпы талаптар. Нақты түрлеріне, типтеріне, маркілеріне арналған техникалық шарттар. |
6.02. Минералды тұтқыр заттар |
Цементке және басқа тұтқыр заттарға қойылатын жалпы талаптар. |
6.03. Бетондар мен ерітінділер |
Әр түрлі бетондарға, бетон қоспаларына, құрылыс ерітінділеріне қойылатын жалпы талаптар. |
6.04. Қиыршықтас, малтатас және құрылыс жұмыстарына арналған құм |
Қиыршықтасқа, малтатасқа, құмға жасанды және табиғи кеуекті толтырғыштарға қойылатын жалпы талаптар. |
6. 05. Жылуды оқшаулайтын, дыбыс оқшаулайтын және дыбыс сіңіргіш материалдар |
Минералды мақта бұйымдарына ұяшықты бетоннан жасалған бұйымдарға, пенопласт негізіндегі тақталарға және өзге жылуды оқшаулайтын материалдарға қойылатын жалпы талаптар. |
6.06. Шатыр, гидрооқшаулағыш және герметикаландырғыш материалдар және бұйымдар |
Орама шатыр материалдарына, шатыр мастикаларына, оқшаулайтын және қымтайтын материалдарға қойылатын жалпы талаптар. |
6.07. Әрлеу және қаптау материалдары |
Полимерлік, керамикалық, ағаш және басқа да әрлеу және қаптау материалдар мен бұйымдарына қойылатын талаптар. |
6.08. Асбестцемент бұйымдары |
Асбестоцементті тегіс және толқынды табақтарға, құбырларға, экструзия бұйымдарына қойылатын талаптар. |
6.09. Жол материалдары |
Асфальтобетонға, асфальтобетонды қоспаларға және басқа да жол материалдарына қойылатын талаптар. |
6.10. Құрылыс шынысы |
Құрылысқа арналған табақ шынысына және шыныдан жасалынған бұйымдарына қойылатын талаптар. |
7. Құрылыс ұйымдарын жабдықтау құралдарына арналған нормативтік құжаттары | |
7.01. Жеделәрекетті ғимараттар мен құрылыстар |
Жіктеу және жалпы техникалық талаптар. |
7.02. Құрылыс ұйымдарының жабдығы |
Ағаш және төсеніштерге, бетон жұмыстарға арналған қалыптарға, жинақтау жабдықтарына және бекіткіштерге, қол аспаптарына, пакеттеу және контейнерлеу құралдарына қойылатын жалпы техникалық талаптар. |
7.03. Құрылыс индустриясы кәсіпорындарының мамандандырылған жабдығы |
Жабдыққа, жабдық және қалыптар үшін майлауға қойылатын жалпы техникалық талаптар. |
8. Баға белгілеу мен сметалар бойынша нормативтік құжаттар | |
8.01. Құрылыс экономикасы | Инвестициялық жобалардың, шарттық қатынастардың және инвестициялық қызметті реттеудің тиімділік мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік ережелер. |
8.02. Баға белгілеу мен сметалар |
Жоба алдындағы және жобалау құжаттамаларының құрамындағы құрылыс және жобалау іздестіру жұмыстарының құнын анықтаудың ережелері мен әдістері. |
8.03. Материалдық және отын-энергетикалық ресурстар | Құрылысқа арналған материалдық және отын-энергетикалық ресурстары шығынның нормативтік көрсеткіштерін өңдеу және қолдану ережелері мен әдістері. |
8.04. Еңбек ресурстары | Құрылыс өнімі элементтерінің еңбекті қажеттісін және жалақыға қаражаттың қажеттілігін айқындау ережелері мен әдістері. |