Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 623 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 10 тамыздағы
№ 624 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасының радиоқызметтерi арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейiнгі жиiлiктер диапазонындағы жиiлiктер белдеулерiн бөлу кестесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1379 қаулысы.
      2. «Магистральдық темiр жол желiсiне кiретiн магистральдық жолдардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1211 қаулысы.
      3. «Темiр жол көлiгiнiң қауiптiлiгі жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлердi орналастыру, оларда жұмыс жүргізу, темiр жолдар арқылы жүру және өту ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1248 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 513-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1211 қаулысына өзгерістер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 қазандағы № 1015 қаулысы.
      5. «Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы
№ 1185 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж.,
№ 45, 562-құжат).
      6. «Кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 мамырдағы № 457 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 21, 251-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 104 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 3, 47-құжат).
      8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы
№ 1185 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 маусымдағы № 511 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 226-құжат).
      9. «Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 шілдедегі № 598 қаулысы.
      10. «Теңіз кемелерін жабдықтау жөніндегі ережені бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 687 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 28, 322-құжат).
      11. «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 411-құжат).
      12. «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 517-құжат).
      13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 мамырдағы № 414 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 23, 218-құжат).
      14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1379 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 454 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 154-құжат).
      15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 672 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 212-құжат).
      16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 1742 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 55, 449-құжат).
      17. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 15 және 18-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 54-құжат).
      18. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1169 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 59, 579-құжат).
      19. «Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1441 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 106-құжат).
      20. «Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 441 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 34, 413-құжат).
      21. «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 512 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 462-құжат).
      22. «Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 мамырдағы № 554 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 484-құжат).
      23. «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 674 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 543-құжат).
      24. «Кемелердегі қызмет жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 717 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 44, 576-құжат).
      25. «Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 726 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж.,  № 44, 582-құжат).
      26. «Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы
№ 1185 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 758 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 604-құжат).
      27. «Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 759 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 605-құжат).
      28. «Кеме тарихын үздіксіз тіркеу журналының нысаны мен оны жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 841 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 49, 657-құжат).
      29. «Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 886 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 688-құжат).
      30. «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 54, 766-құжат).
      31. «Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1641 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 12, 225-құжат).
      32. «Күзетілетін аймақтарды белгілеу тәртібі мен олардағы жұмыс режимін қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желілерін күзету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1689 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 16, 258-құжат).
      33. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 13 шілдедегі № 598 және «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы» 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 698 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 54, 722-құжат).
      34. «Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 759 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 767 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 56, 763-құжат).
      35. «Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 28 маусымдағы № 726 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 1002 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 64, 903-құжат).
      36. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 тамыздағы № 1021 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 65, 918-құжат).
      37. «Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1437 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 79, 1163-құжат).
      38. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 және «Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 1 тамыздағы № 886 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1560 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 3, 44-құжат).
      39. «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 1587 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 3, 60-құжат).
      40. «Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1592 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 3, 64-құжат).
      41. «Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1641 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1659 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 5, 97-құжат).
      42. «Мемлекеттік техникалық қызметтің кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы
№ 49 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 12, 226-құжат).
      43. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 507 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 15 және  18-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 34, 505-құжат).
      44. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 51-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 623-құжат).
      45. «Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 тамыздағы № 797 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 44, 656-құжат).
      46. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 845 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 690-құжат).
      47. «Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 991 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 56, 776-құжат).
      48. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қарашадағы № 1202 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1 және 3-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 63, 873-құжат).
      49. «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1310 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 70, 926-құжат).
      50. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 20 маусымдағы № 674 және «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1311 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 70, 927-құжат).
      51. «Теміржол вокзалдары қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 1320 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 70, 934-құжат).
      52. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1363 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 13-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 72, 951-құжат).
      53. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1380 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 73, 962-құжат).
      54. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 13 мамырдағы № 512 және «Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы» 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 441 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1433 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 76, 994-құжат).
      55. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 845 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1472 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 77, 1007-құжат).
      56. «Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1030-құжат).
      57. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ішкі су және теміржол көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 229 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 20, 152-құжат).
      58. «Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1441 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 264 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 23, 174-құжат).
      59. «Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 726 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 388 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 30, 257-құжат).
      60. «Қазақстан Республикасының күшіне енген, сондай-ақ уақытша қолданылатын халықаралық шарттарын жариялауға арналған интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 13 шілдедегі № 598 және «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы» 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1386 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 82, 716-құжат).