Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 мамырдағы № 636 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 73 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 28.12.2012 № 283 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" № 836 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жәнібек ауданы әкімдігінің "Жәнібек ауданы бойынша 2012 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 62 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-6-137 тіркелген, 2012 жылдың 1 мамырында "Шұғыла" газетінде № 19 жарияланған) қаулысына өзгеріс енгізілсін:
      2 тармағы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Қарашинге жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Б. Есенғалиев