"Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдарына сертификат беру қағидалары бекітілсін (қызмет бабында пайдалану үшін).
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Мемлекеттік құпияларды қорғаудың техникалық құралдарына сәйкестік сертификатын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 қазандағы № 1561 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 623-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |