Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 605 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағат қоры туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 7 қазандағы № 1538 қаулысы.
2. "Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік және ведомстволық архивтердің ақылы қызмет көрсету және түскен қаржыны пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 ақпандағы № 183 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 50-құжат).
3. "Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 578 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 15, 160-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 220-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 қазандағы № 978 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 41, 461-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 қазандағы № 1538 және 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 қарашадағы № 1863 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 55, 465-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 қаңтардағы № 35 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 14, 176-құжат).
8. "Электрондық құжат айналымы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1380 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1123-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 11-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 623-құжат).
10. "Электрондық құжат айналымы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 қазандағы № 640 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 44-45-46, 308-құжат).
11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 66 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2, 3, 4-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 8, 32-құжат).