Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 43 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабы 8 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметшілер болып табылатын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларындағы мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы №127 қаулысының (Нормтивтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 4 маусымдағы № 3266 тіркелген, 2015 жылғы 22 маусымдағы № 28 "Акжарские вести" және №28 "Нурлы Ел" газеттерінде жарияланған) күші жойылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Тұралинов