Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде жауапты хатшыны тағайындаған күннен бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 26 және 27-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 қазандағы
N 943 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереже
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық" деген сөздер "реттелетін нарық" деген сөздермен ауыстырылды, "табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылды, "мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау" деген сөздер "мұнай өнімдері мен газ, мұнайды тасымалдау" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.03 N 237 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Үкіметтің құрамына кірмейтін, телекоммуникация және почта байланысы салаларын қоспағанда, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында реттеу және бақылау арқылы басшылықты, сондай-ақ «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың қызметін бақылау және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.10.10 N 1204 Қаулыcымен.
2. Агенттік өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоты болады.
4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Агенттіктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан іс-қимыл жасауға құқығы бар.
6. Агенттік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша Агенттік төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Агенттіктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Агенттіктің құрылымы мен штат санын Агенттіктің Жауапты хатшысы бекітеді.
8. Агенттіктің заңды мекен-жайы:
010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.01.30 № 48 Қаулысымен.
9. Толық атауы - "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Агенттікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Агенттіктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
13. Агенттіктің негізгі міндеттері:
1) Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аясындағы) мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде берілген өкілеттіктер шегінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
2) табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің қызметін реттеу және бақылау;
3) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдері мен газ, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды реттеу;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша өнімдерге, тауарларға және қызметтерге бағаларды реттеу;
5) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.10.10 N 1204 Қаулысымен;
6) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.10.10 N 1204 Қаулысымен;
7) табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
8) Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларында (аясында) тұтынушылар мен қызмет берушілер арасындағы мүдделердің теңгерімін қамтамасыз ету;
9) табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
10) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы нарықты қоспағанда, реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету;
11) берілген өкілеттіктер шегінде Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аясында) бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.03 N 237 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.10.10 N 1204 Қаулыларымен.
14. Агенттік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларында (аясындағы) мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде берілген өкілеттіктер шегінде ұсыныстар әзірлеуге қатысуды;
мемлекеттік органдардың ақылы қызметтер көрсету тәртібін бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде берілген өкілеттіктер шегінде ұсыныстар әзірлеуді;
өз құзыретінің шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруды;
ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысуды;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етуді;
2) өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді және бекітуді;
табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін, мемлекеттік органдар көрсететін ақылы қызметтердің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыруды және жүргізуді ;
табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар аясының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілері осы сала шеңберінде ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттеліп көрсетілетін қызметтер қатарына жатқызу мәніне талдау жүргізуді;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін қалыптастыруға қатысу;
табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен жасайтын үлгі шарттарын әзірлеуді;
табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін әзірлеуді, бекітуді және қолдануды;
табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуді;
табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметаларды бекітуді;
табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекітуге берген өтінімдерін қарау кезінде жария тыңдаулар өткізуді;
табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын бекітуді;
табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуді;
табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін бекітуді;
табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уақытша өтемдік тарифті бекітуді;
табиғи монополия және реттелетін нарықтар субъектісі персоналының нормативтік санын бекітуді;
мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерін бекітуді;
табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілері қызметінің қаржы және (немесе) техникалық сараптамасын жүргізуді;
Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын қолдану практикасын қорытуды және осы негізде әдістемелік ұсынымдар әзірлеуді;
жарғылық капиталына мемлекет қатысатын табиғи монополиялар субъектілері және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалармен аффилиирленген табиғи монополиялар субъектілерінің штаттық кестелерін келісуді;
жарғылық капиталына мемлекет қатысатын табиғи монополиялар субъектілерінің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалармен аффилиирленген табиғи монополиялар субъектілері әкімшілік персоналының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шекті деңгейін келісуді;
табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің негізгі құралдары құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулер және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын келісуді;
темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы кемсітусіз қол жеткізудің техникалық шарттарын айқындауды;
Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды;
заңнамалық актілерде белгіленген жағдайларда табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілері қызметінің мәселелері бойынша рұқсат беруді;
реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есептеу құралдарын сатып алуға және орнатуға ақы алу мөлшері мен тетігін келісуді;
табиғи монополия және реттелетін нарықтар субъектісінің негізгі құралдарына қайта бағалау жүргізуді келісуді;
тағайындалатын оңалту басқарушысының кандидатурасын және табиғи монополия және реттелетін нарықтар субъектісінің оңалту жоспарын келісуді;
табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісуді;
табиғи монополия және реттелетін нарықтар субъектісінің есепке алу саясатын келісуді;
мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп, тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін, тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын және (немесе) инвестициялық жобаларын бекітуді;
табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары мен инвестициялық жобаларын іске асыру тиімділігінің мониторингін;
темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдері мен газ, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды реттеуді;
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша өнімдерге, тауарларға және қызметтерге бағаларды реттеуді;
энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтынатын көлеміне қарай саралау тәртібін бекітуді;
энергия өндіруші ұйымдармен инвестициялық шарт жасасуды;
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен энергия өндіруші ұйымдарға жеке тарифтер бекітуді;
энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімін ресми интернет-ресурста жүргізуді, орналастыруды және он күн сайын жаңартып отыруды;
біліктілік талаптарының және белгілі бір қызмет түрлерін лицензиялау ережелерінің жобаларын әзірлеуді;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарға сәйкес келуін анықтауды;
лицензиялардың тізілімін жүргізуді;
өз құзыретінің шегінде жұмылдыру жұмыстарын қамтамасыз етуді және мемлекеттік құпияларды қорғауды;
табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін бекіту кезінде шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін әзірлеуді, бекітуді және қолдануды;
табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнаманы бұзу және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жағдайлары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуді;
3) табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілері қызметінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін бақылауды;
табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің қызметіне тексерулер жүргізуді;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауды және қарауды, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдануды;
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда нұсқама шығаруды;
лицензиялық бақылауды;
мемлекеттік органдардың ақылы қызметтерді көрсету тәртібін бақылауды;
энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды сақтауын өз құзыреті шегінде бақылауды;
реттелетін нарықтар субъектілерінің баға белгілеуін, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді және мемлекеттік реттеу енгізілген белгіленген бағаларды сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.03.11 N 237, 2009.03.03 N 237 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2009.12.30 № 2305 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.10.10 N 1204, 2011.10.31 N 1244 Қаулыларымен.
15. Агенттік өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және міндеттерді орындау кезінде:
1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.10.10 N 1204 Қаулысымен;
1-1) тауар нарығын реттелетiн нарықтарға жатқызу жөнінде, оның iшiнде мемлекет реттейтiн бағаларды енгiзу орынды болатын өнiмдер, тауарлар мен қызметтер номенклатурасы бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысуға;
1-2) монополияға қарсы органға реттелетін нарықтарда қызметін жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерімен және нарық субъектілері анықтаған Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу белгілері туралы ақпаратты немесе материалдарды ұсынуға;
1-3) монополияға қарсы органмен бірлесіп, нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуының жолын кесу бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуге қатысуға;
2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.10.10 N 1204 Қаулысымен;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, Агенттікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен жеке тұлғалардан сұратуға және алуға;
4) реттелетін нарық субъектісіне:
бағаны көтеруге тыйым салу туралы;
баға белгілеу тәртібіне сәйкес негізделген бағаның деңгейіне дейін қолданыстағы немесе жобаланып отырған бағаны төмендету туралы уәжделген қорытынды шығаруға;
5) реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеу мониторингін жүзеге асыруға;
6) реттелетін нарық субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаларды реттеуге;
7) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы өтініш жасаған жеке немесе заңды тұлғаның біліктілік талаптарға сәйкес келуіне қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, өнеркәсіптік, өртке қарсы қауіпсіздік пен мемлекеттік энергетикалық қадағалау, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы мемлекеттік органдарға сауалнама жолдауға;
8) табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің қызметтеріне тұтынушылармен шарттар жасасу, жасалған шарттарға өзгерістер енгізу туралы орындауға міндетті түрде нұсқамалар енгізуге;
9) табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілеріне, мемлекеттік органдарға олар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзған жағдайда, орындауға міндетті, оның ішінде табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерін қайта ұйымдастыру туралы және (немесе) мүлікті иеліктен айыру туралы нұсқамалар енгізуге;
9-1) реттелетін нарық субъектілеріне орындау үшін міндеті "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттемелерді олардың орындауы туралы нұсқамаларды енгізуге;
10) табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейін және табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің тарифтік сметаларын оларға белгіленген тәртіппен өзгертуге бастамашылық етуге;
11) сотқа жүгінуге;
12) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополия және реттелетін нарықтар субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, қызметтеріне) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) қолданыс мерзімін белгілеуге;
12-1) табиғи монополиялар субъектілеріне нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету мерзімдерін және шамасын белгілеуге;
12-2) реттелетін коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларға реттелетін коммуналдық қызметтерге төлем мөлшерін бекітуге;
12-3) қалалардың, аудандардың және облыстардың жылу, электр, газ таратушы желілерін, сондай-ақ сумен жабдықтау және кәріз желілерін дамыту жоспарларын келісуге;
13) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасының қолданылуына талдау жүргізуге, оның негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеуге;
14) Агенттіктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
15) Агенттіктің жанынан сараптамалық кеңестер мен өзге де консультативтік-кеңесші органдар құруға;
16) тексерулер мен сараптамалар жүргізу үшін басқа да ұйымдардан мамандарды тартуға;
17) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын олар қабылдаған актілердің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге;
18) прокуратура органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін материалдар мен нормативтік құқықтық актілерді жолдауға;
19) өз құзыретiнiң шегiнде табиғи монополия саласындағы бұзушылықтардың жолын кесу және олардың салдарын болдырмау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық фактiлерi жөнiнде шешiмдер қабылдауға;
20) өзінің өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін аумақтық органдарға табыстауға құқығы бар.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.03 N 237 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.10.10 N 1204 Қаулыларымен.
3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
16. Агенттік және оның аумақтық органдары Агенттіктің бірыңғай жүйесін құрайды.
17. Агенттікке басшылық жасауды оған бағынатын Агенттіктің жұмысы үшін жеке жауап беретін Агенттіктің төрағасы және басқарманың алқалы органы - басқарма жүзеге асырады.
18. Қазақстан Республикасының Үкіметі Агенттіктің төрағасын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Агенттік төрағасының ұсынысы бойынша Агенттік төрағасының Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын үш орынбасары болады.
19. Агенттік басқармасының алқалы органы жеті адамнан тұратын басқарма болып табылады.
Агенттіктің басқармасын Агенттіктің төрағасы басқарады.
Агенттік басқармасының құрамына Агенттіктің төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Үкіметінен өкілдер кіреді.
Қазақстан Республикасының Үкіметінен Агенттік басқармасының мүшелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайды және босатады.
20. Агенттік басқармасының құзыретіне мынадай мәселелер кіреді:
1) мынандай шешімдер қабылдау:
табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітусіз әдістемелерін бекіту туралы;
Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын бекіту туралы;
Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту туралы;
Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту туралы;
Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту туралы;
Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уақытша өтемдік тарифтерді бекіту туралы;
Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту туралы;
уақытша төмендету коэффициентін белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
2) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдері мен газ, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне);
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаларды реттеу жөніндегі мәселелерді қарау;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге жіберілетін Агенттік туралы ережені қарау және мақұлдау.
Агенттік басқармасының отырыстарын өткізу тәртібін Агенттіктің регламенті айқындайды.
Агенттік басқармасының отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде айына бір рет өткізіледі.
Агенттіктің басқармасы Жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, Агенттіктің құзыретіне кіретін кез келген мәселе бойынша қарауға және шешім қабылдауға құқылы.
Басқарманың шешімдері, оның ішінде Агенттіктің төрағасы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға болуға тиісті басқарма мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда басқарма мүшелерінің көпшілік қарапайым дауысымен қабылданады.
Басқарма отырысында қабылданған шешімдер Агенттік басқармасының қаулысымен ресімделеді және Агенттік төрағасының шешімдерін қабылдау үшін негіз болып табылады.
Дауыстар тең болған жағдайда Басқарма төрағасының, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушының дауысы шешуші болып табылады.
Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.03 N 237 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
21. Агенттіктің төрағасы:
1) Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аясындағы) реттеу мен бақылау жөніндегі басым мақсаттарды және міндеттерді айқындайды;
2) лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялар беру туралы шешім қабылдайды;
3) Агенттік туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
4-1) Агенттіктегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы әрекеттерге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
5) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді;
6) Агенттік құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдайды;
7) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Агенттікті білдіреді;
8) Агенттіктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітеді;
9) Агенттіктің ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастырады және Агенттікте ішкі аудит жүргізу туралы есепті бекітеді;
10) Агенттік өз құзыретінің мүддесіне қарай, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және оларға виза қояды;
11) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.01.30 № 48 Қаулысымен.
22. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Агенттіктің Жауапты хатшысын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
23. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Агенттік төрағасының орнынан түсуі Жауапты хатшының өкілеттігін тоқтатуға алып келмейді.
24. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне, Агенттіктің төрағасына есеп береді.
25. Жауапты хатшының қызметін бақылауды Мемлекет басшысы не оның уәкілеттік беруі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және Агенттіктің төрағасы жүзеге асырады.
26. Жауапты хатшы:
1) мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында (аясында) Агенттіктің төрағасы қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Агенттіктің аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Агенттіктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Үкімет бекіткен Агенттіктің штат санының лимиті шегінде Агенттіктің және оның аумақтық органдарының құрылымы мен штат санын бекітеді;
5) Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен оның аумақтық органдары туралы ережелерді бекітеді;
6) Агенттіктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;
7) Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
8) Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің департаменттері мен басқармаларының басшыларын, Агенттіктің аумақтық органдарының басшылары мен басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
9) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттіктің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
10) Агенттік төрағасымен келісім бойынша Агенттіктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
11) Агенттік төрағасымен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
12) Агенттіктің Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Агенттіктің төрағасы бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
13) Агенттіктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Агенттіктің төрағасына бекітуге ұсынады;
14) Агенттіктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Агенттіктің төрағасына ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
15) Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттікті қаржыландыру жоспарларын және Агенттіктің қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
16) Агенттік құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
17) Агенттікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
18) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Агенттікті білдіреді;
19) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен Жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.03.11 N 237 Қаулысымен.
27. Жауапты хатшының мыналарға құқығы бар:
1) Агенттік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
2) өзге де мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан Жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілер қабылдауға.
28. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жауапты болады.
29. Агенттіктің консультативтік-кеңесші органы болып табылатын алқасы болады. Алқаның саны мен дербес құрамын Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және аумақтық органдарының ішінен Агенттіктің төрағасы бекітеді.
30. Агенттік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелерін, оның қызметін қамтамасыз ететін лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін, құрылымдық бөлімшелерінің құзыреті мен өкілеттіктері Жауапты хатшы бекітетін - Агенттік жұмысының регламенті мен құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.
31. Жауапты хатшының өкілеттігін оны лауазымға тағайындағанға дейін Агенттіктің төрағасы не оған осыған өкілеттік берген жағдайда оның орынбасары жүзеге асырады.
4. Агенттіктің мүлкі
32. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Агенттіктің теңгерімінде көрініс табатын өзге де мүліктен қалыптасады.
33. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
34. Агенттіктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен айыруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге, егер заңда өзгеше белгіленбесе, құқығы жоқ.
5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
35. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 қазандағы
N 943 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.03.11 N 237 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті.
5. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
6. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.
7. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
8. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.
9. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті.
10. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.
11. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.
12. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті.
13. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
14. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
15. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті.
16. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 қазандағы
N 943 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 39, 520-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 ақпандағы N 175 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 9, 96-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 134 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 7, 58-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 4-тармағы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі N 276 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 900 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 35, 385-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.