Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Ескерту: Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 23 наурыздағы N 94-НҚ бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 14-1-бабының 1-тармақтың 5) тармақшасына және 15-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2010.07.27 N 240-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Табиғи газды магистралдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі бекітілсін.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 23 наурыздағы N 94-НҚ бұйрығымен.. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Құбырлар мен су канализациялары жүйесі саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департаменті (Дуплякова О.П.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (Токарева М.А.) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
5. Осы бұйрық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Төрағаның міндетін атқарушы |
Келісілді:
Қазақстан Республикасының Энергетика
және минералдық ресурстар министрі
2004 жылғы "____"" ________
Ескерту. Сол жақтағы төменгі бұрыштағы "Келiсiлдi: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы 2004 жылғы 1 сәуiр" деген белгі алып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2010.07.27 N 240-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 25 наурыздағы N 149-НҚ бұйрығымен бекітілген |
Табиғи газды магистралдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің
тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша
төмендету коэффициенттерін бекіту
Ережесі
Ескерту: Жоғарғы оң жақ бұрышындағы "төрағасының" деген сөзден кейін "міндетін атқарушының" деген сөздермен толықтырылды;
тақырыбында және барлық мәтін бойынша:
"белгілеу және алып тастау", "белгілеу", "ұсыну", "белгіленген" деген сөздер тиісінше "бекіту", "бекітілген" деген сөздермен ауыстырылды;
"қызметтер", "қызметтерін", "қызметтердің", "қызмет", "қызметті", "қызметтерді" деген сөздер тиісінше "реттеліп көрсетілетін қызметтер", "реттеліп көрсетілетін қызметтерін", "реттеліп көрсетілетін қызметтердің", "реттеліп көрсетілетін қызмет", "реттеліп көрсетілетін қызметті", "реттеліп көрсетілетін қызметтерді" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 23 наурыздағы N 94-НҚ бұйрығымен.
Ескерту. Ереженің бүкіл мәтіні бойынша ", Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiне және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі,", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі,", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiнің және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің," деген сөздер алып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2010.07.27 N 240-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Табиғи газды магистралдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2010.07.27 N 240-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.2. Ереже табиғи газды магистралдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін бекітудің тәртібін айқындайды.
3. Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
уақытша төмендету коэффициенті - Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына сәйкес мемлекеттік реттеуге жататын табиғи газды магистралдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифінің (бағасының, алым ставкасының) мөлшеріне уәкілетті орган белгілеген шама;
өтеу кестесі тұтынушының труба құбыры ұйымының алдындағы, тұтынушының және труба құбыры ұйымы басшысының қолдарымен расталған мерзімі өткен кредиторлық берешегін өтеу кестесі;
құзыретті орган салалық министрлік немесе ведомство, егер табиғи монополия субъектісі коммуналдық меншікте болған жағдайда - жергілікті атқарушы органдар;
тұтынушы – табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланатын немесе пайдалануға ниеті бар жеке немесе заңды тұлға;
мерзімі өткен кредиторлық берешек - тұтынушының труба құбыры ұйымның алдындағы қаржылық міндеттемелерінің, ақшалай борыштарының шартқа сәйкес бекітілген мерзімде атқарылмаған сомасы;
труба құбыры ұйымы - табиғи газды магистралдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау жөнінде реттеліп көрсетілетін қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі;
уәкілетті орган – табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005.03.23 N 94-НҚ, 2010.07.27 N 240-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрықтарымен. 2. Уақытша төмендету коэффициенттерін
бекітудің қағидаттары
4. Уақытша төмендету коэффициенті мемлекет, труба құбыры ұйымы және тұтынушы үшін осы шараның экономикалық тиімділігі мен мақсаттылығын есептеу негізінде белгіленеді.
Уақытша төмендету коэффициентін бекітудің экономикалық тиімділігі труба құбыры ұйымы мен тұтынушы көрсететін реттеліп көрсетілетін қызметтердің, алатын табыстар көлемінің артуымен, халықтың жұмыспен қамтылуының және мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің өсуімен айқындалады.
5. Уақытша төмендету коэффициенттерін қолданып реттеліп көрсетілетін қызмет көрсету кезінде труба құбыры ұйымы алатын табыстар табиғи газды магистралдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау жөнінде реттеліп көрсетілетін қызмет көрсетуге қажетті шығындарды жабуға тиіс.
6. Уақытша төмендету коэффициенттері белгілі бір кезеңге айдың бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, бірақ бұл бір күнтізбелік жылдан аспауға тиіс.
7. Уақытша төмендету коэффициентін бекітуді тұтынушының өтінімі, құзыретті орган мен труба құбыры ұйымының бастамасы бойынша уәкілетті орган жүргізеді.
8. Уақытша төмендету коэффициентін бекіту тұтынушы ағымдағы міндеттемелерін 100 пайыз орындаған, труба құбыры ұйымының алдында кредиторлық берешегі болмаған жағдайда немесе кредиторлық берешекті өтеу кестесіне сәйкес өтеген жағдайда жүргізіледі.
9. Табиғи газды магистралдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерге уақытша төмендету коэффициенттерін бекітудің мақсаттылығы мына төмендегі:
1) өтінімде белгілі бір кезеңге көрсетілген табиғи газды магистралдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметті тұтынудың жоспарланған көлемі алдыңғы жылдың осындай кезеңі ішінде реттеліп көрсетілетін қызметті тұтынудың іс жүзіндегі көлемінен асып түскен;
2) магистралдық және (немесе) бөлуші труба құбырларының іске қосылмаған және әлсіз іске қосылған учаскелерін пайдалану мүмкіндігі өлшемдерінің біреуіне сәйкес келген жағдайда айқындалады.
3. Табиғи газды магистралдық және (немесе) бөлуші труба
құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін
қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына)
уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту тәртібі
10. Уақытша төмендету коэффициенттерін бекітуді тұтынушы немесе труба құбыры ұйымы (бұдан әрі - өтініш беруші) өтінім немесе осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес негіздеуші құжаттар ұсынған жағдайда, мынадай талаптарды:
1) негіздеуші құжаттардың әрбір парағына бірінші басшы, ал қаржы құжаттарына бірінші басшы, бас бухгалтер қол қояды. Сонымен бірге, факсимильдік қол жарамсыз деп танылады. Бірінші басшы мен бас бухгалтер ұсынылған ақпараттың растығы үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауап беруін;
2) өткен жыл үшін қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері, сондай-ақ оларды бекітудің сұратылған кезеңіне уақытша төмендету коэффициенттерін қолданудан күтілетін нәтижелер бойынша нақты деректер ұсынылуын сақтай отырып, уәкілетті орган жүргізеді.
11. Уәкілетті орган уақытша төмендету коэффициенттерін бекітуге өтінім түскен күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде өтініш берушіні өтінімді қарауға қабылдағаны не қабылдаудан бас тартқаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге тиіс.
12. Осы Ережеге сәйкес талап етілетін негіздеуші құжаттарды ұсынбаған немесе толық көлемінде ұсынбаған, ұсынылған материалдардың осы Ереженің 10-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган өтінімді қарауға қабылдаудан бас тартады.
Мұндай бас тартылған жағдайда, өтініш беруші бір айдан кейін, одан ерте емес уәкілетті органға өтініммен жүгінуге құқылы.
13. Уәкілетті органның өтінімді қарауға қабылдағаны туралы хабарлама алғаннан кейін, өтінім беруші бес жұмыс күнінің ішінде осы өтінімді қарау үшін құзыретті органға хабарламаны тіркей отырып жолдайды. Тұтынушы, жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органнан басқа, труба құбыры ұйымына қорытынды бекіту үшін өтінім жолдайды.
Құзыретті орган, труба құбыры ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен коммерциялық және өзге заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапкершілік арқалайды.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2010.07.27 N 240-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.14. Қажет болған жағдайда, уәкілетті орган құзыретті органнан, труба құбыры ұйымынан қосымша ақпарат сұратуға құқылы.
Сонымен бірге, өтінімді қарау мерзімі сұратылған ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады, бірақ 10 жұмыс күнінен аспауға тиіс.
15. Құзыретті орган, труба құбыры ұйымы өтініш берушіден өтінім алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қорытынды ұсынады, онда уақытша төмендету коэффициентінің ұсынылып отырған деңгейін бекітудің мақсаттылық негізі не оны бекітудің мақсатсыздық негізі көрініс табады. Көрсетілген ұйымдар қорытындыларды бекітілген мерзімде ұсынбаған жағдайда, уәкілетті органда өтінімді қарау мерзімі тиісті қорытындылар алғанға дейін тоқтатыла тұрады, бірақ бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Құзыретті орган, труба құбыры ұйымы қорытындыларды, сондай-ақ сұратылған қосымша ақпаратты бекітілген мерзімде ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган уақытша төмендету коэффициентін жазбаша хабарламамен бекітуден бас тартуға не уақытша төмендету коэффициентін бекітудің экономикалық тиімділігін бағалау негізінде дербес шешім қабылдауға құқылы.
Уақытша төмендету коэффициентін бекітуден бас тартылған жағдайда, уәкілетті орган тиісті дәлелді қорытынды шығарады, ол құзыретті органға, тұтынушыға, труба құбыры ұйымына жіберіледі.
Тұтынушының бастамашылығы бойынша не мемлекеттік органдардың өтініші бойынша ұсынылған қосымша ақпаратты алған жағдайда, уәкілетті орган өтінімді қарауды бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
16. Уәкілетті орган құзыретті орган, труба құбыры ұйымы ұсынатын қорытындылардың негізінде труба құбыры ұйымының тұтынушысы ұсынатын негіздеуші құжаттардың сараптамасын ескере отырып, өтінім қарауға түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде шешім қабылдайды.
17. Уәкілетті орган құзыретті органның, труба құбыры ұйымы өкілдерінің, труба құбыры ұйымы тұтынушыларының және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен кеңестер өткізуге құқылы.
18. Өткізілген сараптаманың нәтижелері бойынша уәкілетті орган уақытша төмендету коэффициенттер бекіту туралы не оларды бекітуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту туралы шешім уәкілетті органның бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығы түрінде қабылданады.
Уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту туралы шешім уәкілетті органның бірінші басшысының не оның міндетін атқарушысының бұйрығы түрінде құзыретті органға, тұтынушыға, труба құбыры ұйымына бұйрық қолданысқа енгізілгенге дейін кем дегенде он күнтізбелік күн мерзімінде жіберіледі.
Егер труба құбыры ұйымы, құзыретті орган уақытша төмендету коэффициентін беруге келіспейтіні (келіспейтіні) туралы қорытынды шығарған жағдайда, түпкілікті шешімді уәкілетті орган қабылдайды.
19. Труба құбыры ұйымы уәкілетті органның бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітілген труба құбыры ұйымы мен тұтынушы арасында жасалған шарттың (шартқа берілген қосымшаның) негізінде уақытша төмендету коэффициенттерін қолданады. Осы шарт (шартқа берілген қосымша) бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерінің қолданылу кезеңін және тұтынушының, труба құбыры ұйымының реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынудың көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді уақытша төмендету коэффициенттерін қолданбастан тұтынудың нақты орындалған көлеміне тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қайта есептеу түрінде мәлімделген көлемдерін орындамағаны үшін жауапкершілікті көздейді.
Труба құбыры ұйымы мен тұтынушының арасындағы шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен бұйрық күшіне енген күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешітірілмей жасалуға тиіс.
Ескерту: 4-тараудың 19-тармағы 3-тараудың 19-тармағы деп есептелді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 23 наурыздағы N 94-НҚ бұйрығымен . 4. Табиғи газды магистралдық және (немесе) бөлуші труба
құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін
қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына)
бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерін қолдану
Ескерту: 4-тарау алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 23 наурыздағы N 94-НҚ бұйрығымен .
5. Табиғи газды магистралдық және (немесе) бөлуші труба
құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін
қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына)
бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастау тәртібі
21. Уақытша төмендету коэффициенттерінің қолданылу күші бекітілген мерзім аяқталған бойда, сондай-ақ уәкілетті труба құбыры ұйымының қызметіне жаңа тарифтер бекіткен сәттен бастап тоқтатылады.
22. Бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерін уәкілетті орган бекітілген мерзім аяқталғанға дейін мынадай талаптардың бірі:
1) уақытша төмендету коэффициентін одан әрі қолданудың экономикалық мақсатсыздығы;
2) тұтынушының труба құбыры ұйымының алдында кредиторлық берешегінің пайда болуы немесе өтеу кестесін орындамауы;
3) осы Ереженің 9-тармағында бекітілген өлшемдерге сәйкессіздігі;
4) осы Ереженің 19-тармағына сәйкес жасалған бұйрық пен шартта көзделген талаптарды орындамауы болған жағдайда алып тастауы мүмкін.
23. Осы Ереженің 22-тармағында көрсетілген талаптар пайда болған жағдайда, труба құбыры ұйымы бұл туралы ақпаратты уәкілетті органға дереу бекітуге міндетті.
24. Тұтынушы, құзыретті орган, труба құбыры ұйымы бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастау туралы ұсыныспен, сонымен бірге, осындай алып тастаудың қажеттігін негіздейтін материалдар ұсына отырып, уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
Бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастау туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.
25. Уақытша төмендету коэффициенттерді алып тастау туралы шешім қабылдау кезінде бекітілген мерзім аяқталғанға дейін, уәкілетті орган құзыретті органға, труба құбыры ұйымына қорытынды үшін өтініш жасауға, сондай-ақ тұтынушыдан ақпарат сұратуға құқылы.
Ұсынылатын қорытындыларды ескере отырып, уәкілетті орган уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастау жөніндегі негіздеуші материалдарға материалды алған сәттен бастап он жұмыс күнінің ішінде сараптама жүргізеді.
Сұратылған сәттен бастап он жұмыс күнінің ішінде труба құбыры ұйымы мен мемлекеттік органдар қорытындылар ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту жөнінде негіздеуші материалдарға, қолда бар қорытындыларды ескере отырып, он жұмыс күнінің ішінде сараптау жүргізеді.
26. Жүргізілген сараптамалардың нәтижелері бойынша уәкілетті орган уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастау туралы бұйрық түрінде құзыретті органға, труба құбыры ұйымына, уәкілетті органның бұйрығы қолданысқа енгізілгенге дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлама жібере отырып шешім қабылдайды.
Уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастау туралы ақпаратты труба құбыры ұйымы уәкілетті орган бұйрығының қолданысқа енетін күніне дейін бес күнтізбелік күннен кешіктірмей тұтынушының назарына жеткізуге тиіс.
27. Уақытша төмендету коэффициенттерінің қолданысын алып тастау туралы ұсыныс қабылданбаған жағдайда, уәкілетті орган осы ұсыныспен жүгінген тұлғаға жіберілетін дәлелді қорытынды шығарады.
Ескерту: 1-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 23 наурыздағы N 94-НҚ бұйрығымен .
Ескерту. 1-қосымша бүкіл мәтін бойынша "Табиғи монополиялар туралы" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2010.07.27 N 240-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.
Табиғи газды магистралдық және (немесе) бөлуші
труба құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі
реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифіне
(бағасына, алымдар ставкасына)
уақытша төмендету коэффициентін бекіту үшін
өтініш беруші ұсынатын материалдар
1. Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес реттелетін труба құбыры ұйымының әрбір қызметіне уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін және оны бекітудің мерзімін көрсете отырып, уақытша төмендету коэффициентін (ерікті түрде) алуға берілген өтінім.
2. Өтініш берушінің (жеке немесе заңды тұлға) толық атауы, мемлекеттік тіркеу туралы (заңды тұлға) куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі, жеке кәсіпкерді (жеке тұлға) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі.
3. Уақытша төмендету коэффициентін бекітудің мақсаттылығы туралы (экономикалық және техникалық аспектілер), оның сұратылған деңгейін есептеуді қамтитын анықтама-негіздеме.
4. Өтініш берушінің қаржы-шаруашылық қызметін баланс көлемінде талдау және алдыңғы кезең (тоқсан, жарты жыл) үшін түсіндірме жазба.
5. Сұратылған кезеңге салықтық міндеттемелерді (салық түрлерінің бөлігінде), осындай алдыңғы кезеңмен (тоқсан, жарты жыл, тоғыз ай, жыл) және өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда уақытша төмендету коэффициентін қолдануды ескере отырып және ескерместен, арттыру (сақтау) серпінінің анықтама-негіздемесі.
6. Ағымдағы айдың бірі күніне тұтынушы мен труба құбыры ұйымының арасындағы өзара есеп айырысуды салыстыру актісі. Мерзімі өткен кредиторлық берешек болған жағдайда - тұтынушының труба құбыры ұйымының алдындағы мерзімі өткен кредиторлық берешегін өтеу кестесі.
7. Іс жүзіндегі (алдыңғы төрт тоқсан және алдыңғы күнтізбелік жыл үшін) және жоспарланған труба құбыры ұйымы реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынудың нақты және құндық көріністе тоқсан бойынша бөлінген мәлімделген көлемі. Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік реттеуге жататын труба құбыры ұйымының әрбір қызметі бөлігінде тұтыну көлемдерін көрсету қажет.
8. Егер өтініш беруші труба құбыры ұйымы болып табылған жағдайда - труба құбыры ұйымының тұтынушыларға сұратылған кезеңге арналған тоқсан бойынша бөлінген уақытша төмендету коэффициенттерін қолдана отырып және қолданбастан реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсету жөніндегі кірістер, шығыстар деңгейінің болжамдық көрсеткіштері.
Егер өтініш беруші тұтынушы болып табылған жағдайда - труба құбыры ұйымының реттеліп көрсетілетін қызметтерін жоспарланған кезеңге арналған тоқсан бойынша бөлінген уақытша төмендету коэффициенттерін қолдана отырып және қолданбастан тұтыну шарты кезінде, тұтынушының кірістер деңгейінің болжамдық көрсеткіштері.
Сонымен бірге, өтініш беруші мемлекеттік реттеуге жататын труба құбыры ұйымының әрбір қызметінің бөлігінде барлық есеп айырысуларды табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес келтіруі қажет.
Ескерту: 2-қосымша алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 23 наурыздағы N 94-НҚ бұйрығымен .