Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) бекіту ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 341-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 30 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2656. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 235-НҚ Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлеу мен олардың сараптамаларын жүргiзудi қаржыландыру үшiн республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 11 тамыздағы N 796 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 035 "Республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және оның сараптамасы" республикалық бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлеу мен олардың сараптамаларын жүргiзудi қаржыландыру үшiн республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 20-1-жолмен толықтырылсын:
      "20-1  Астана қаласының жаңа iскерлiк орталығында
             Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң
             ғимаратын салу                              13,36".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі